Қазақ хандығының негізін қалағандар

Home » Рефераттар » Қазақ хандығының негізін қалағандар
Рефераттар Комментариев нет

Естеріңізге сала кетейін, Қазақ хандығының негізін салған қос сұлтан — Керей мен Жәнібек. Бұған ешқандай таңырқауға болмайды. Екі немесе әлденеше туысқандардың күш біріктіруімен мемлекет құру мысалдары Азияның ортағасырлық тарихында жетіп артылады. VI ғасырдағы Түрік империясын да, XI ғасырдағы Селжұқтар мемлекетін де ағайынды екі адам құрған. XVI ғасырдағы Хиуа хандығы да Елбарыс пен Белбарыс сынды ағайынды екеуінің бірлескен қарекетімен құрылған болатын. Ағайынды екеуі жайында Әбілғазының «Түркілердің ата-бобалары туралы» аталатын шығармасында толық әңгімеленеді. Ол әңгіменің жан-жақты әсері болғандықтан, қыскаша мазмұнын бере кеткім келеді.
Шыңғыс хан ұлы Жошы, Жошы ұлы Шибан ұрпағы Буреке сұлтанның (XV ғасыр) соңында екі ұл: үлкені Елбарыс, ел ішінде Биликич (бұл арада — Таңбалы) аталып кеткен кішісі Белбарыс қалады. Күндер жылжып, айлар өтіп, жылдар кұрайды, екі бала да ержетіп, соқталдай ержүрек жігіт болады. Содан олар өздеріне ерген адамдарымен Шығыс Дешті Қыпшақтан жорыкка аттанып, 1511 жылы Үргенішті, Хиуаны, Хазараспыны жаулап алып, сол Әмударияның төменгі саласында өздерінің тәуелсіз хандығын орнатады. Елбарс Уәзір қаласында тұрады да, Белбарыс одан сәл батысқа карай орналасқан Жаңа-шаһерда орналасады.

kazakh-handygin-kalagandar

Әрине, жаңа хандық әдеттегідей қанды жорықтар арқылы құрылып нығайған болатын. Ағайынды екеуі де жауынгерлерін шайқасқа өздері бастап шығып, қауіп-қатер, киындықтың бәрін солармен бірге көреді. Бірак қызығы басқа еді. Емшектегі кезінде ауырып, мүгедек болып қалған Белбарыстың (Биликич) екі аяғы да қара санға дейін семіп, жамбастап қалған еді де, сондықтан атқа салт міне алмай, арбаға отыратын. Бір кісілік ыңғайлы арба жасатып, оның доңғалақтарын темірмен құрсаулатты. Арбасына ең үшқыр арғымақтарды жектіріп, темір білек жігіттерді қасына ерткен ол, Абулхан мен Маңғыстау арасын үдайы кезіп, талан-таражға қатысатын. Өзі де қүралайды кезге атқан мерген, ержүрек жауынгер болатын. Екі доңғалакты арба үстінде тізерлеп түрып алып — сырт көзге жатқан сияқты корінетін, — жан-жақтан қарша жауған садақ оғына қарамай ілгері тарта беретін. Көзсіз батырлар бастаған не бір кызу шайқас кезінде ол үнемі алда жүретін. Арбасының алдына қарай еңкейіп алып, өз жігіттеріне: «Солай! Солға! Алға! Кейін!» — деп бүйрық беретін. Арба үстінде салт аттылардан қалыспай шайқасатын. Оның жорыққа арналған, ең жақсы арғымактар жегілген жеп-жеңіл арбасы салт атты жауынгерлерден калыспаушы еді.

Міне, осылай салт атпен де, арбамен де құйғыта жүріп, ортағасырлық Азия көшпенділері өз империясын құрған болатын. Енді Ұлы Далаға қайта оралып, Керей мен Жәнібек жайлы әңгімемізді жалғастырайық. Белгісіз автордың «Шейбани-намасында» Қазақ хандығын құрған сұлтандардың екеуі де 1428 жылы өлген Барақ ханның балалары делінген, В. В. Вельяминов-Зернов та (1864 жылғы жарияланымы), одан кейінгі XIX — XX ғасырлар зерттеушілері де бұл екеуін бірге туған адамдар деп келді. Әйтсе де, «Муизз әл-ансаб» (XV ғасыр) және «Нусрат-нама» (XVI ғасыр) сияқты Жошы әулетінің ата-тегі толық көрсетілген еңбектерге сүйенсек, бүлар Орыс ханнан тарайтын біршама алыс ағайындар ғана екен. Керейдің ата-тегі: Орыс хан, Тоқтақия, Әнеке-Болат, Керей. Жәнібектің ата-тегі: Орыс хан, Құйыршақ, Барақ, Жәнібек. Сөйтіп, Казақ хандығы Жошы нәсілінің Керей мен Жәнібек секілді екі сұлтанының бірлескен қаракетімен құрылды, Бірақ, делінген Махмуд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрарында» — «алдымен падишах атанғаны Керей», яғни қазақтардың аға хан көтерген адамы сол. Бұл жерде подишох (подшах) сөзінің парсының көне сөзі екенін, пал (сөзбе-сөз — сақшы, сақтаушы) жене шах {сөзбе-сөз — асыл текті, ұлы) сөздерінің бірігуінен жасалғанын айта кетуге тиіспін. «Падишах» сөзі Алдыңғы жене Орта Азия елдерінде монархтарының қай-кайсысына да қарата айтыла беретін үйреншікті лауазым болған. Махмуд ибн Уәлидің сөздері «Тарихи Рошиаи» деректерімен де, Мұхаммед Шейбани хан тұсындағы ортаазиялық тарихи шығармалар мәліметімен де толық қуатталады. Бұл баян деректер беттерінде Керей қазақтардың жасы үлкен ханы ретінде аталады. Керейдің хандық құруының жай-жапсары бізге белгісіз. Оның есімі соңғы рет хижраның 878 жылына (1473—1474) қатысты деректерде айтылады. Сірә, ол сол жылдары өлсе керек.
Керей ханның ұлдары көп болған, деп жазады Мырза Хайдар Дулат, бірақ олардың атын атамайдьь Ал «Муизв өл-ансаб» пен «Нусрат-намада» келтірілген Жошы әулетінің шежіресі бойынша Керейдің Бұрындық, Қожа Мұхаммед, Сүлтан Әли аталған үш ұлы, бірнеше қызы болған. Женібек жайындағы қолда бар деректер де өте аз. Барлық жазба нұсқаларда оның есімі ылғи не ылғи дерлік Керей хан есімімен бірге аталады. Оның шын аты Әбу Саид екені белгілі, Жәнібек лақап аты, бірақ ол Жәнібек атымен көбірек белгілі. Оның тоғыз ұлы, бірнеше қызы болды. Жәнібектің қай жылы өлгені, Қазақ хандығын қүрысқан осы бір адам жеке-дара ел биледі ме, жоқ па деген сауалдарға біз жанама ғана деректер келтіре аламыз, дәл айтылған сілтеме жоқтың касы. Мәселен, «Тарихи Рашидида» мынадай сөздер бар: «Жоғарыда аты аталған Қасым хан Жәнібек ханның баласы еді. Ол өз екесі сияқты барлық жағынан Бүрындық ханға бой үсынып, бағынатын».
Осы сөздердің өзінен-ақ Жәнібектің Бұрындык ханның екесі Керей ханнан кейін де өмір сүргенін, хан деп атала түрғанымен, жеке дара билік қүрмағандығын аңғарамыз. Соңғы жағдайға қымсынудың қажеті жоқ. Бір мемлекетте бір уақыт ішінде бірнеше сүлтан хан деп аталған жағдайлар аз емес. Мәселен, шибандықтар мемлекеті Мәуереннахрда, оның іргесін қалаған Мүхаммед Шейбани хан 1510 жылы елгеннен соңғы жағдайға байла-нысты хан атағын бір мезгілде Сүйіндік Қожа, Көшкінші, Мұхаммед-Темір және убайдулла сияқты төрт сүлтан иемденген болатын. Бірақ аға хан Көшкінші (Көшім) болып қала берген. Сөйтіп, Керей хан мен Жәнібек ханның нақ қашан өлгені де, жерленген жері де белгісіз. Бірақ аттары қалды. Ұрпағы қалды. Олар құрған, ұзақ ғұмыр бұйырған хандық қалды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.