Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы (XV-XVIII ғғ.)

Главная » Рефераттар » Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы (XV-XVIII ғғ.)

XVI-XVII ғғ. көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамында, мал шаруашылығымен шұғылданатын, патриархал­дықтың қалдықтары көптен кездесетін. Ол шаруашылық, әлеуметтік өмір және тұрмыстың барлық саласын қамтыды. Жерге феодалдық иелік (әсіресе жайылымға) өзгешеліктері бүркемелі (завуалированный) формада болды: қауымдық-рулық жер пайдалануы деп аталғанымен, шын мағнасында жайылым­дарға иелік феодалдық негізде қалыптасты теңсіздікті көрсетпеу үшін рулық-тайпалық ұйым ерекшелігі пайдаланылды. Мал жеке меншік болғанымен оның басым көпшілігі феодалдар қолында еді, сондықтан олар жайылымдарды пайдалану құқығын толы­ғынан пайдаланған өз мақсатында. Сол сияқты жалпы ереже болатын, ол бойынша барлық жер хан иелігі деп есептелетін, ал оны реттеуші Шыңғысхан тұқымы­нан шыққан аға хан саналатын, ол өзіне жақын сыбайластарынан ұлыстарды билейтін сұлтандарды тағайындайтын.

Сұлтандар мен билер өздеріне қарасты көшпелі қауымның жайылымын анықтайтын, яғни бұл феодалдардың саяси және экономикалық үстемдігін қамтамасыз етудің құралы болды: олар ең жақсы деген жайылымды пайдаланып қана қойған жоқ, сонымен қоса өз қарамағындағы халықты да эксплуатациялады. Қатардағы малшылар еңбегінен пайда болатын қосымша продуктыны феодалдық ақсүйектер иеленді, ол үшін түрлі түсім­дерді, салықтарды (міндетті болатын) пайдаланды. Бұлардың бар­лығы салт-дәстүр мен құқық нормаларында анықталған болатын. Жердің (жайылымның) белгілі бір нақтылы иесіне бекітіліп берілмеуі қолайлы жайылым үшін күрес туғызатын, феодалдық таластарға апаратын, ал осы әрекеттерді реттеуші (арбитры) сұлтандар мен хандар болатын. Әлсіз көшпелі коллектив және шаруашылық ауылдары белгілі сұлтан, би мен батырлардан қорғаныш іздейтін. Жер өңдеуші аудандарда жерге феодалдық меншік тұрақты анықталған болатын. Хандар Сырдария қалалары мен жермен шұғылданатын округтарды өздерінің туысқандарына және көші-қонды ақсүйектерге бөліп беретін. XV-XVII ғғ. Қазақ хандығында жерді феодалдық сыйға беру орын алған, оны сойурғал деп атаған. Кейіннен сойурғал мұрагерлік жолымен берілетін. Сойурғал көшпелі феодалдардың отырықшыларды қанауының және үстемдік етуінің формасына айналды.

Оңтүстік Қазақстанда жоғарғы дін басшылары вакуфтік мешіт жерін иеленді, бұл феодалдық жер иелену формасының бір түрі болатын. Мұсылман дін басшыларында вакуфтік жерден басқа жыртылған жерге және жайылымға жеке меншігі де болатын. Көшпелілердің, жартылай көшпелілердің малы олардың же­ке меншігі болып саналатын. XVI-XVII ғғ. қазақ қоғамының таптық құрамы мынадай болған. Құқықтық жағынан қоғам екі топтан тұрды: 1) төрелер (хандар, сұлтандар – жошы тұқымынан және қожалар). Осы сословиялық-касталық бөлу қоғамның таптық мазмұнын ашпайды, бірақ сұлтандар мұны өздерін көтермелеу, мадақтау үшін пайдаланды; 2) қаралар (бұқара халық).

Қазақ қоғамы екі тапқа бөлінді: феодалдар табы (хандар, сұлтандар, билер, байлар, кейбір ірі батырлар); екінші тап эксплуатацияланушы, феодалдарға тәуелді – малшылар, жер өңдеушілер, қолөнершілер, сұлтандарға бағынатың төлеңгіттер болды. Аз да болса құл еңбегі пайдаланылатын. Хандар мен сұлтандар ең жоғарғы феодалдық аристократия тобын құрды, бұларды төре тұқымы деп атаған. Олардан хан мен сұлтандар сайланатын, жоғары айып, құн ала алатын, өз ішінде ғана қыз беріп, қыз алысатын. Билер Қазақстандағы ең көп санды сословие болатын. Билер рулық жайылымды белгілейтін, олардың көп отарлы малы болатын, сот ісін жүргізетін.

Үстем таптың қазақ қоғамындағы ең ықпалды бөлігін байлар құрайтын. Мыңдаған малдардың иесі байлар билердің, сұлтан­дардың, хандардың ішкі және сыртқы саясатына барынша әсер жасайтын. Біразы құрметті би атағын алатын. Қазақ феодалдарының ерекше тобын батырлар құрайтын. Батырлар аристократтардан да, жай халықтан да шыға алатын. Батырлар хандар мен сұлтандарға, билерге қызмет ететін, кейде олар жүргізетін саясатқа әсері де болатын.

Феодалдық үстем тап ішінде қожалардың, ишандардың, моллалардың алатын орны бөлек еді. Қожа-моллалар үстем тап – қазақ феодалдарымен тығыз байланыста болып, олардың қол шоқпарына айналды, реакция­лық саясатын іске асырушылар қатарын толықтырды. Қазақстанның негізгі халқы – еңбекші шаруа аталды. Шаруа мал өсірді, үй қол өнерімен шұғылданды, жер өңдеп егін өсірді (Жетісу, Сырдария, Жайық бойында). Шаруа өңдіруші тап болды. Шаруаның жағдайы оның әртүрлі ру-тайпалық қауым­дастыққа жататындығына байланысты анықталатын. Басқа руда ол кірме болғандықтан өмір сүруі қиынға түсетін. Шаруа ру қауымдастығына туған күнінен бастап бекіген, жайылымды, қыстауды, су көздерін бірлесіп пайдаланады, ру мүшесінің өшін алуға қатысады, рулық өзара көмекпен пайдаланады, рулық идеология тұрғысында тәрбиеленеді, тұрмыстық салтын, дәстүрін қабылдайды т.б.

Шаруа өз феодалдарының малын бағатын, ауыл мен руға қарасты малды күзетіп-қорғайтын; құдықтар қазатын, су көздерін ашатын, қыстауды дайындайтын. Ханға жыл сайын «зекет» салығын төлейтін (малының жиырмадан бір бөлігі); ал жер өңдеуші аудандарға – «ұшыр» төлейтін (өз жерінен алынған өнімнің оннан бір бөлігі); әртүрлі сыйлар беретін: малдай, немесе «сыбағасын» еттей. Жер өңдеуші аудандарда баж салығы, жер салығы төлейтін. Әскерді қамтамасыз етуге (азық-түлікпен) шаруа мен қала тұрғындарынан «тағар» натуралды (заттай) салығы алынатын. Қазақ қоғамында шаруа бірынғай болмаған малшы, қатарда­ғы шаруадан басқа қонсы-шаруа, егінші-кедей, төленғұттар, құлдар да болған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.