Қазақ композиторлары

Главная » Рефераттар » Қазақ композиторлары

Қазақ музыкасының болашағын ойлап, дәстүрін сақтап қалу үшін бірқатар қазақ композиторлар 1997 жылдың ақпан айында жаңа түрдегі ұйым — «Қазақстан композиторлар қауымдасытығы» қоғамдық бірлестігін құрды. Бұл ұйымның қатаң ережесіне сай, тек қана кәсіби композиторлық білімі бар кісі мүше бола алады. Ұйым бағыты: қазақ классикалық түрдегі музыксын дәріптеп, кең насихаттау. Бүгінгі күнде «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» одақ ішінен отау тіккен ұйым емес — одақтың жоғарғы органы функциясын орындап жүр. Соңғы жылдары Қазақстан композиторлар одағы қайта түлеп, қайта жаңғырған ұйым ретінде белгілі. Оған екі себеп бар. Біріншісі, қоғам өміріндегі өзінің нақтылы рөлін түсініп, сезінген  композиторлар шабыттана келе, қазақ кәсіби музыкасының дамуына тың серпін беріп жүрсе, екіншісі, Қазақстан Өкіметінің ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арқылы берген мемлекеттік қолдауы шығармашылық талпыныстың дағдарыстан біржола шығуына игі ықпалын тигізді. Енді Қазақстан композиторлары одағы ежелгі күрделілігімен, табандылығымен Қазақ өнерінің ту ұстаушы мәртебесін өзіне қайтаратын бағыт алды.

Айдос Роберт 

Роберт Айдос — дирижер, композитор, хор басқарушы, педагог, аранжирлеуші, халық оркестрі драматургиясын зерттеуші. Роберт Айдос 1938 жылдың 20 мамырында Шардарада туған. Глиэр атындағы, Хамза атындағы музыка мектептерін (Ташкент), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1963) хор дирижеры мамандығы бойынша, Ленинград консерваториясын (1967) оркестрлік дирижер мамандығы бойынша, Қазан консерваториясының аспирантурасын (1971) бітірген. Еңбек жолы: Жастар театры музыка бөлімінің меңгерушісі, симфониялық оркестрдің дирижеры (Орал қаласы), Қазақ ССР Мемлекеттік ән және би ансамблінің жетекшісі, Қазақ Мсмлекеттік Циркінің дирижеры, 1980 жылдан бері Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, доцент. Роберт Айдос бірқатар музыка танушы еңбектердің авторы. Оның «Ленинградтағы дирижер мектебінің тарихы» және «Дирижерлік орындау өнері» сынды кейбір еңбектері кең танымалдыққа ие болып, консерватория оқу бағдарламасында міндеттіге айналды. Роберт Айдостың солист, хор және симфониялық оркестр үшін жазылған «Отаным менің — Казақстан» поэмасы «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының гран-при иегері болды (2011). Негізгі шығармалары: «Отаным менің — Қазақстан» поэмасы, «Егемен Қазақстан», «Беймәлім солдат», «Менің әнім Қазақстан» кантаталары; симфониялық оркестрге арналған «Увертюра», «Вальс», «На земле дедов» сюитасы; хорға арналған «Вокализ», «На Памире» сюитасы, «Восточная сюита» хоралары, әндер, романстар, камералық шығармалар, театрға жазылған музыка.

.
.

Альберт Алмағанбетов

Альберт Алмағанбетұлы Алмағанбетов — композитор, педагог, Қазақстан композиторлар одағы Қызылорда облыстық бөлімшесінің Торағасы. 30 маусымда 1954 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кұрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын контрабас мамандығы бойынша (1980) бітірген. 1980 жылдан бері Қызылорда музика училищесінде (қазіргі Қазанғап атындағы колледж) кызмет істеп келеді. Шыгармашылықпен 1987 жылдан бері айналысады.Тырнақалды шығармалары камералық ансамбль және контрабас пен фортепианаға арналған шағын пьесалардан бастап, біраз әндер, хор мен фортепианоға арналған дүниелер жазды. Альберт Алмағанбетовтың «Досыма», «Үш бакытым», «Кут мені» сияқты әндері әйгілі әншілердің орындауында әртүрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүр. Оркестрге арналған «Ордабасы», «Самғау» күйлері халық аспаптар оркестрінің репертуарында нақтылы орнын алды. Биг-бэндге арналган туындыларында алыс шетел музикасына еліктеу баршылық болғанымен, автордың өзіндік ерекшеліктері де қызыктырады.

Әли Алпысбаев

Әли Демегенұлы Алпысбаев — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген кайраткері, композитор. 1956 жылы Талдықорған облысы, Ескелді ауданының казіргі Балпық би кенті, Елтай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтын (Шымкент), Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын бітірген. Әли Алпысбаевтың еңбек жолы: Талдықорған музикалық мектебінің мұғалімі, Қ.Байсейітов атындағы музика училищесінің окытушысы, І. Жансүгіров атындағы педагогика институтының профессоры, 1997 жылдан бері М.Төлебаев атындағы аймақтық филармониясының директоры және казақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, І.Жансугіров атындағы Мәдениет сарайының директоры. Әли Алпысбаев жүздеген әннің, жиырма шақты ірі күй-поэмалардың және домбыраға арналып жазылған 3 бөлімді концерттің авторы. Ол Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының, жылда өтетін «Елім менің» Республикалық композиторлар байқауының бірнеше мәрте лауреаты атанды. Болгарияда өткен «Софийская Весна-2008» байқауынан оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері ретінде «Алтын медаль» иегері болды. Еліміздегі халық аспаптар оркестрімен дирижер-композитор ретінде ірі концерттік залдарда өзінің өнерін жиі көрсетеді.

Бахтияр Аманжол

Бахтияр Тұтқабайұлы Аманжол — белгілі композитор, музика танушы, қазактың бірнеше халық аспаптарында орындаушы, мұғалім. «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдык бірлестігінің мүшесі. Алматы каласында дүниеге келді. Алматыдағы П. Чайковский атындағы музикалық колледжін арнайы фортепиано класы бойынша бітіріп (1969), Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының композиция класына оқуға түсті (проф. Ғ.Жұбанова). П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын (1977, проф. А. Леман), сонда ассистент — стажерлігін (1980, проф, А.Пирумов) бітірді. 1980 жылдан бері Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында музикалық теория пәнінен сабақ беріп келеді (Полифония, Қазақ музика тарихы, Аспаптарға лайықтап түсіру, Оркестр стилінің тарихы, Шығыс музикасы), 1998 жылдан бері композиция сабағын оқытып келеді. Бахтияр Аманжолдың ғылыми дәрежесі Доцент (1994). Оқушы балалардан ансамбль кұрды (1986). Өздерінің шығармаларымен композитор — орындаушы ретінде балалар музикасының Бүкілодақтык фестиваліне қатысты (Литва, Тожікстан, Қырғызстан). Бахтияр Аманжолда оқыған мектеп окушылары Мәскеу қаласында концерт беріп (1990), республикалық және бүкіләлемдік конкурстардың лауреаттары атағына ие болған.

Талғат Андосов

.

Талғат Оспанбекұлы Андосов — композитор. «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Талғат Андосов симфониялық, камералы-аспаптық, балаларға арналған шығармалардың авторы, 1973 жылы 22 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келді. А. Жұбанов атындағы Республикалық арнайы музика мектебін (1991), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1996, проф. Қ.Қожамияров, проф. Е.Рахмадиев класы), сонда ассистент-стажерлық курсын (1998) бітірген. Ол «Фрески Востока» симфониялық шығармасы үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері атанды (1997). Талғат Андосов шығармалары поэзияға толы, табиғатпен үндесіп жазылған. Олардан импрессионистік мәнер аңғарылады. Әуенінің тынысы кең, көркем бейнелер ерекше бояулы дыбыспен көрсетілген, оларға тән нәзіктік пен жұмақтык, әртүрлі композиторлық тәсілдер арқылы берілген. Негізгі шығармалары: фортепианоға арналған пьесалар циклі; Біржан салдың «Көкек» атты әніне жазылған фортепианоға арналған варияциялар; альт пен фортепианоға арналған «Соната»; үлкен симфониялық оркестрге арналған «Море» симфониялық поэмасы; фортепиано мен оркестрге арналған концерт (1-бөлімде); фортепиано мен оркестрге арналған кондерт «Диптих» (2-бөлімде); үлкен симфониялық оркестрге арналған сюита «Фрески Востока»; фортепианоның суймелдеуімен балалар хорына арналған әндер; фортепиано мен кларнетке арналған пьеса; «Есімдесің сен менің» атты баритон мен фортепианоға арналған ән.

Әліби Әбдінұров

Әліби Құттымбетұлы Әбдінұров — композитор. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Қазакстан композиторлар кауымдастығы» коғамдық бірлестігінің мүшесі. Құрманғазы атындағы Қазак Ұлттык консерваториясының түлегі, композиция мамандығы бойынша М.Сағатов, опера-симфониялық дирижеры мамандығы бойынша Т.Әбдірашев шәкірті. Ә.Әбдінұров бірнеше халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері. Ғ.Жүбанова атындағы байкауда «Махамбет батырдың соңғы сөзі» шығармасы үшін I орынды (1997), Құрманғазының 175 жылдығына арналған байқауда «Аман бол, шешем, аман бол» күйінің транскрипциясы үшін II жүлдені (1998) жеңіп алды. Халықаралық «Шабыт» шығармашылык жастар фестивалінің «Музикалық шығармашылык» байқауында лауреат атанды. Екі мәрте ҚР Президентінің стипендиаты (1998-99). Ә.Әбдінұров талай халықаралық фестивальдарға катысып жүр. Ол — көптеген камералық шығармалардың, талай әндер, «Мұқағали» операсының авторы. Негізі психологиялық драмаға кұрылған бір бөлімді опера «Мұқағали» казақтың атақты ақыны Мұқағали Мақатаевтың өміріндегі сүйініш-күйініші қабат келетін күрделі кезеңін жинақтала камтыған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.