Қазақ ұлттық киімінің дизайны

Главная » Рефераттар » Қазақ ұлттық киімінің дизайны

Еліміздің тəуелсіздік даңғылындағы дəстүрлі қазақ мəдениетіндегі киімдердің мəн- мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мəдениетінде туындап жатқан объективті-əлеуметтік жəне субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Өркениет жағдайында ұлттық киімнің дизайны көркемдік, мəдени-рухани, əлеуметтік тарихи заңдылығы, ерекшілігі өзіндік маңыздылығы мен өзектілігі қазіргі жаһандау дəуірінде арттыра түсуде. Демек, халықтың рухы мен мəдени дəстүрінде жинақталған ұлттық ерекшеліктер əр ұлттың бейнесіне қарай, оның бейнелі тұрақты нақыштарының дара қасиеттері рəміздік белгі категорияларының ұлттық ойлау жүйесімен игеріледі. Киімнің өң бойындағы ұлттық нақыштың бейнелі кесінін біртұтастық жəне пəнаралық тəсілдеріне қарай талдау жəне жіктеу, қазақ мəдениетіндегі қазақ киімінің өмір сүру кезеңдеріндегі тарихи ерекшелігін, əлеуметтік жағдайын қазіргі өзекті мəселелерде айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, киімнің тарихын оқыту, бағалау жəне ұғыну кезеңдері де жеке тұрғыдан алғанда маңызды үрдісті құрайды. Киімнің пайда болуы мен дамуы дəуір тарихымен өзара байланысты екендігі зерделеп, сол уақыттың өзіндік феномені – адам мен мəдениет феномендері тарихи принцип тұрғысынан талдау. Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дəрежеде олардың жас айырмашылығы, əлеуметтік жағдайы мен эстетикалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномəдени белгі екендігін дəстүрлі мəдениеттегі ұлттық үлгілерінің дүниетанымдық белгі қырларын семиотикалық тұрғыдан ажырату арқылы құндылықтық маңызын анықтау. Киім – адамның сыртқы келбетін оның бөлшектерінде анықтап, жасанды өзгерте алатын немесе дененің сəйкестік бірлігін құрайтын жалғыз жүйе.

Мысалы: өрнек, матаның суреті, оның түсі, фактурасы, шілтері, бүрмесі, сəнді моншақтары, кестесі, аппликациялары, жапсырмалы гүлдер жəне т.б. қызмет атқармайтын көптеген бөлшектер бір қарағанда киім бөліктерін өрнектейтін бөлшектер болып табылады. Ұлттық ою-өрнек пен таңба тас дəуірінен бері қалыптасып, дамып келе жатқан негізгі көркемдік жүйе, ол екеуі тұтас қабылдаудың, түйсіктің нəтижесінде пайда болған белгі [3, 11-12бет]. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектің өзіндік ерекшелігі белгілі бір тəртіппен орналасқан заңдылық жүйесі ежелгі нұсқаларында құстың, гүлдің, жануардың түрін тұспалдайтын бөлшектерде сақталғандығын аңғардық. Көне түркілердің түсінігінде құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің тіршілік нышаны болып көрініс табады. Ол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нəубет аты, ғарыш аты, тік сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын сөзсіз кеңейте түсті. Біз ұлттық киімдердің көркемдік безендірілу мəнерін қарастыруда өнер зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, ою-өрнектердің сипаттық ерекшеліктеріне байланысты негізінен төрт түрге бөлуге болады. Себебі ою-өрнектердің бояу түсі, ырғақ, таңба, сызық белгілері табиғат жаратылысымен жəне кеңістіктегі бейнелерімен рəміздік байланыста екенін аңғаруға болады.

Қазақтың дəстүрлі киім мəдениетінің құндылық қасиетін тану, материалдық жəне рухани дүниесінің мəдени ақпаратты мүмкіндіктер ашатындығына көз жеткіземіз. Сондықтан да, дəстүрлі өнерде əр түрлі киімнің эстетикалық қырлары түрлі өлшемдерде сипатталады, өйткені күнделікті киім мен тойға арналған сəнді киімдер əртүрлі құндылық мəнге ие. Киімнің негізгі дизайны өзінің эстетикалық қызметімен ерекшеленбей, бүкіл құрылымдық қасиетімен айқындалады, өйткені қоғамның əлеуметтік құрылымы бір жақты емес, неғұрлым күрделі бола түскен сайын жеке тұлға денесін костюмнің рəміздік мəнімен айқындау мəселесін туындатады. Ұлттық киім — көне мұралардың құндылығын ұлттық сипатта дəріптейтін дəстүрлі қазақ мəдениетінің көрсеткіші. Қазіргі заманауи кезінде ұлттық киім үлгілерінің дизайнын жаңа үлгіде – материалды мəдениеттің құрамдас бөлшектері ретінде айқындап, этномəдениетінің тұрақтылығын сақтау. Қазақ киім үлгілерінің конструкциясын, бейнелі ұлттық нақышын, рухани-əлеуметтік болмысын, ерекшеліктерін, көркем эстетикалық құндылығын мəдени-өнертанулық тұрғыдан талдап, жүйелендіру қазіргі болашақ ұрпақ тəрбиесінде дəстүрлі тұрғыдан паш ету. Қазақ елі киім жасауда да тарих бетінде өзіндік дара із қалдыра білген. Киімдеріндегі ою-өрнектер, қолданылған материалдардың композициясы, олардың арасындағы керемет үйлесім, түр-түстің ерекше нəзік сəйкестігі – бəрі де қазақтың шоқтығы биік шеберлігін, шалқар шабытын, табиғатты терең меңгерген даналығын бірден байқатып тұрады.Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқы-мыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған əшекейлерден, таңдалған түр-түстен аңғарылады десек əсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болған.

Əдебиет:

1. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері. Ə. Марғұлан. 2. Шаңырақ Алматы, 1990 ж. 3. К.Жанибеков «Казахский костюм» Алматы, «Онер» 2005 г.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.