Қазақ өркениеті

Home » Рефераттар » Қазақ өркениеті
Рефераттар Комментариев нет

«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты — тарихи, рухани-мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениеттік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бүрынғы ба-тыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең-байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәде-ниетпен қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып, айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениеті де өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен зороастрлік діні, өзіндік тол жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған. Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зерттеуші ғалымдардың атасы Мирча Элиаденің пікірінше, ең алғашқы діни наным-дар да, алғашқы әулиелер де осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен еуропалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алда-рында елестеп тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, даланы көрсетіңдерші деп жалынады, олар үшін дала бір қол жетпес арман сияқты болады да тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере бермейміз; шынымен қолда бар алтынның қадірі жоқ. Қалың қазақ дала емес қалада тұратын заман болып барады, осы жерде не істеуіміз керек? Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі — өзіміздің рухани-мәдени дүниеміздің тарихи өткеніне қайта үңілу, оларды ой елегінен қайта-қайта өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта калыптастыруымыз керек. Әрине, келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырғы қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағ-даятынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан озінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатьш, кейін кең өріс пен үрпақтар жаятын жас буындар болады. Өркениет тарихында рухты халықтардың аты қалды, заты қалды. Рухты халықтың алды жарық, рухты халық — жасампаз алып, рухтың еңсесі биік, есесі мол екенін ертедегі гректер, римдіктер, византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, Шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар дәлелдеді. Ең алдымен біздің қазақ, Шоқан айтқандай, даланың рыцары — серісі, сайын даланың иесі. «Қазақ» деген — айбынды да айдынды ұлт есімі. Екіншіден, қазақ үш жүзден құралған құрама халық емес, тұтас халық. Біз бір атадан тараған үш баланың, үш атаның ұлымыз. Түбіміз бір, түбіріміз бір Азия сахарасындағы іргелі халықпыз. Ортақ тіл, Қасымхан салған қасқа жол, Есімхан салған ескі жол, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», бүкіл халықтық құрыл-тай, хан сайлау, жылдық миграция жолын бекіту — осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырады. Үш ғасыр бойы моңғол тектес тайпаларды бойына сіңіріп, енді өзінің ұлы шаңырағынан өзбекке, ноғайға, башқұртқа, т.б. түркі тектес халықтарға енші берген қазақ, ұлы Мағжан айтқандай, қара шаңыраққа ие болып, ұлт болып қалыптасты. Біз қазақ болғанымызды мақтан ете алатын бақытты жандармыз. Тарихымыз ертеден басталатын қазақ өркениетінің ұрпақтарының жаңа кезеңі орнықты. Сонымен рухты қалай түсінуіміз керек, жас ұрпақтың рухын қалай көтереміз. Бұл мәселенің маңызы өте зор, себебі Қазақстан жаңа мемлекет екенін сылтауратып, қазақтар бүған дейін мемлекет құрмаған деген сөздер оқта-текте айтылып қалып та жатыр. Рух, жан мен тән арақатынастары философияда адам мәселесімен сипатталатын негізгі іргелі тақырыптардың бірі болып табылады. Соңғы дәуірде адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан бүл мәселелердің арақатынасын, олардың шығу тегін түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығарылмайтындай айғақтар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар көзқарастар негізінен болжамдар мен үсыныстарға ғана сүйенеді. Бүған тандануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар осыдан 300—400 жыл бүрын ғана қалыптаса бастады, ал бүл адамзаттың көп ғасырлык тарихындағы аз ғана мезет. Алайда осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейге үлкен сенімге ие бола отырып, дүрыс бағыт сілтейді.

Адам мен оның рухы туралы идеялар ерте кезден-ақ пайда бола бастады. Мысалы, ежелгі үнді философиясында адам жанының көшуі туралы ілімге сәйкес рухтың субъективтілігі ретінде қарастырылса, ал қытайдың ертедегі бүкіл даналығы адамгершілікпен байланыстағы антропоцентристік сипатта болды. Космологиялық грек натурфилософиясында рух гилозоизм позициясына негізделді, яғни тірі мен өлі арасындағы шекара теріске шығарылып, универсумның жалпы жандылығы, әсіресе милет мектебі өкілдерінде мойындалды. Антикалық философияда антропологиялық проблематикаға өту софистердің ағартушылығымен және Сократтың этикалық рационализмінен басталады. Ортағасырлардағы діни философия рухқа басымдылық бере отырып, жан мен тәннің антропологиялық дуализмі арқылы түсіндірсе, ал Қайта өрлеу мен Жаңа заманның философиясы адамды аспаннан жерге түсіріп, оның мәселесін теоцентристік емес, антропоцентристік, гуманистік мағынада шешуге тырысты. Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы пікір қалыптасты. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын ешкім теріске шығара алмайды, алайда адамды түлға ретінде қалыптастыратын әлеуметтілік екені де сөзсіз. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық жағы әлеуметтік-мәдени факторлармен «адамданады» және ортаға түсіріледі. Ал осы адамзаттың ең кеңінен таралған әлеуметтік-мәдени қауымдастығы — этнос немесе үлт. Этнос немесе үлт тарихи-мәдени айғақ болғандықтан кез келген мәдениеттің түбірін қүрайды. Этнологияда қалыптасқан дәстүр бойынша мәдениет ұғымы берілген этносты құрайтын қауымның қоғамдық қатынастары түсінігімен өте ұқсас. Сондықтан да әлеуметтік антропология мен мәдени антропология арасындағы айырмашылық шартты. Осы жерде мен үлкен мәселе көтерейін деп отырмын, ол — ұлт өркениет субъектісі, өркениеттің қозғаушы күші. Ұлт жоқ жерде өркениет те жоқ. Ұлттық сана тек қана өркениетті елде қалыптасады. Бізге белгілі әдебиеттерде ұлт мәселесі өркениет субъектісі ретінде қарастырылмаған.

Публицистика мен көпшілік басылымдарда этнос және ұлт ұғымдары бір мағынада қолданылғанымен, арнаулы ғылыми әдебиеттерде бұл екі түсінік арасында елеулі айырмашылық бар. Көптеген зерттеушілердің пікірінше ұлт — бұл этностық емес, мемлекеттік саяси категория, этникалық емес, азаматтылық. Дегенмен ғылыми әлемде Э. Ренанның классикалық анықтамасы мойындалады: «Ұлт — бұл жан, рухани үстаным… Жанды қалыптастыратын екі нәрсе бар. Біріншісі — бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі — шынайы келісім, бірге тұруға ұмтылу және барынша өз үлесіңді қосуға ұмтылу». Демек, бүл жерде үлттық бірегейліктің белгісі тек тілдің, аумақтың, шаруашылық-мәдени өмірдің орталықтылығынан ғана емес, этникалық өзіндік сананың, үлттық рух пен мінез-құлықтың, этнопсихологиясы мен менталитетінің жалпылығынан көрінеді.

Рух ұғымы батыстың классикалык идеалистік философиясында абсолюттік тарихи идеямен байланыстырылса, XIX ғ. ортасына қарай әртүрлі халықтардың әдет-ғұрыптары, діни және көркем шығармашылық жүйесі туралы жинақталған мәліметтер мен білім мөлшерінен әрбір халыққа тән оның сапалық айырмашылығын табу мақсатында алынған бастапқы психикалық байланыстар — «халықтар рухы» ретінде түсіндіріле бастады. Философиялық, тарихи-филологиялық зерттеулерді психологиямен байланыстыра отырып, «халықтар психологиясы» не этнопсихология деп аталған арнайы ғылым саласы пайда болды. Бұл бағыттың жақтаушылары қатарына: Т. Вейц, Т. Штейнталь, А. Потебня, Э. Дюркгейм, Л. Леви-Брюль, П. Жане т.б. кіреді. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында адам мен қоғам, адам мен рух арақатынастарын зерттеуде екі бағыт бөлініп шықты: инстинктер концепциясы және құндылықтар концепциясы. Соңғы бағыттың өкілдері В. Дильтей, В. Виндельбант, Г. Риккерт және т.б. адамның рухани өмірін сипаттау барысында нақты ғылыми тәсілден ерекше идеографиялық тәсілді қолданды. Әрбір халықтың ұлттық рухын этностың маңызды сипаттамалары болып табылатын менталитеттен және ұлттық мінез-құлықтан аңғаруға болады. Соңғы уақытта кең қолданысқа түскен менталитет (тепз — латынша, ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы) жеке адамның ғана емес, әлеуметтік бірліктің озіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылықтық бағдары деген мәнде түсіндіріледі. Менталитет адамның рухани оміріндегі бүкіл құбылыстардың жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінен моралдық нормаларға дейінгі оте үлкен ауқымды қамтиды. Негізінен ойлау жүйесінің, тәртібінің, тәсілінің қайталанбас ерекшелігін белгілеу мақсатында пайдаланылады. Ұлттық мінез-құлық ұғымы да менталитет түсінігіне жатады. Ол әрбір халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, дауысы мен сөйлеу мәнерінде, жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде, талғамы мен таңдауында байқалатын өзгеше қасиеттері мен ерекшеліктерін білдіреді. М.М. Бахтиннің айтуынша, ұлттың құпиясы оның дас-тарқан мәзірінде де, киімінде де, биінде де, ұлттық Бахус пен ұлттық Эроста да кездеседі. Белгілі отандық зерттеуші Сәбетқазы Ақатай оз мақаласында ұлттық рухты казақша өмір сүру дәстүрімен байланыстыра отырып, қазіргі мәдениетіміздегі қос ағымды — қазақ немесе казах (ресми) және қазақы (этникалық) ағымдарды даралап көрсетеді. Осыған үқсас ой профессор А.Х. Қасымжановтың еңбегінде де ұшырасады. Ол — «нағыз қазақ» пен «шала» қазақ арасындағы өлшемдер көбіне ұмытылған, шіріген дәстүршілдік пен «Тамаша» деп аталатын театрландырылған шоудың тақырыбын қамтитын тра-гикомедиялық модерннің шекараларын сипаттайды», — деп жазады.

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.