Қазақ рухын асқақтатқан Шәмші Қалдыаяқов

Главная » Рефераттар » Қазақ рухын асқақтатқан Шәмші Қалдыаяқов

Бос сөйлеуді қаламайтын, не айтса да әрбір сөзін қашап, казып айтатын Ғабең (Ғ. Мүсірепов) «Қазақ өнерін білгісі келгендер Қастеевтің суреттерін, Қалдыаяқовтың әндерін зерттеулері керек» депті. Бұл Шәмші әндеріне талғамы биік Ғабеңдей тұлғаның аузымен айтылып берілген үлкен баға. Халықтың жүрегіне жол тауып, ұлылардың талғамынан шығу өнер адамына еш уақытта да оңай болмаған. Басын өнер бәйгесіне тіккен жанның өмір жолы әрқилы жағдайда қалыптасады. Бойында Құдай берген талант, өршіл де өміршең қуаты жоқтарға өнер ордасында орын жоқ. Барларының өзі жалғыз да жайдақ талант жалынан ұстап ұзаққа шаба алмауы мүмкін. Бұл жерде еңбек, ізденіс, ынтызарлық, айрықша құмарлық, тіпті құмырлық қабаттаса жүрмесе болмайтын сияқты.
Шамасы, талант дегеніңіз адам бойындағы құдайға сиынатын өзгеше қасиет: ол әдетте тұқым қуалайды дейді. Қазакта теқ, негіз деген киелі сөздер бар. Біреуге ренжігенде қазақ «бәтшағардың негізі жаман еді» деп күйзеледі немесе керісінше, «негізінде бар еді» деп жатады. Негізі деп отырғаны әлгі адамның арғы аталары мен ата-тегінің елге пайдасы тиген игі жаксыларын еске алып отырғаны. Азаматтың жақсы-жаман болуын әдетте арғы тектен көздеп, бері тартатын қазекең сондықтан сыншыл да міншіл келеді. Жалпы бұл саралаудың негізі бар деп білеміз. Шәмшінің өнерге келуі мен ән әлемінің ғаламат шайырына айналуында әріден жалғасып жатқан осындай бір сыр-шежіре бар демекпіз. Қараңыз, әкесі — Қалдыаяқ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шәуілдірге, жалпы Сыр бойына мәлім темір ұстасы болатын. Айтушылардың сөзіне қарағанда, оның қолынан шықкан дүниелер домбырада шертілетін күйлердің иіріміндей боп түрленеді екен. Атакты күйші болған, сырнай, қобызды да бір кісідей сарнатқан. Ал шешесі керемет әнші болыпты. Сонда Шәмшінің арғы аталарына терендемей-ақ өзінің әке-шешесінің өнері де өзгелерден асып түсіп жататынын байқаймыз. Сонда Шәмші ана құрсағында жатқан кезінен бастал-ақ (ата-анасы арқылы) қазақ әндері мен күйлерінің элдиіне бөленгенге ұқсайды. Дүниеге шыр етіп түскен сәтінен Сыр бойы мен Қаратаудың, жалпы эйгілі Отырар өңірінің сырлы да мұңлы, нәзік те сұлу әуен-ырғақтарың көкейіне қондыра, сіңіре елти, еліктей өседі.
Сөйтіп гармонь мен сырнайды сарнатып, қобыз бен домбыраны күңіренткен Қалдыаяқ ұстаның отбасында, 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасына жакын жердегі «Сарыкөл» маңьщда бір сәби дүниеге келеді. Сәбидің алгашқы іңгәсінің өзі баска балалардай емес, біртүрлі сазды, әуезді ырғақка бергісіз болғанға ұқсайды.
Баласыиың мына үнінен секем алса да, Қалдыаяқ оған бүрьшнан ойластырып жүрген атын, яғни Жәмшид деген есімді береді. Жэмшид көне қиссалардағы әйгілі патша-ның аты. Тагдырдың қиюластыруын қараңыз: ол әке ойла-гаддай Жәмшид атты елдің патшасы бола алмағанымен, Шәмші атты әннің патшасындай өмірден өтті емес пе?!
Оның қолына алғаш үстаған музыкалық аспабы мандо-лина болатын. Бір қызығы, сонау соғыс жылдары мен со-ғыстан кейінгі жылдары бүл өңір жастарының ойнайты-ны осы мандолина мен домбыра еді. Әйтеуір екінің бірі тыңқылдатып мандол тартатын. Шәмші де солай болды. Ол ауылдан (Шәуілдірден) ертерек кетті. Алдымен Капланбек техникумына барды. Содан соң әскери борышын өтеді. Қайда барса да өнерге деген, ән мен домбыраға деген қүштар-лығы бэсеңдеген емес. Қайта ән мен жырдың қал.ың ортасында жүріп мауқын басып, қазақ әуендерінің әлдиіне бөленеді. Қайда барса да, қайда жүрсе де Шәмшінің кеудесін әуен кеулеп эн қысқандай болды. Қазақтың халык әндеріне, халық композиторларының туындыларына мейлінше ын-тықтығы зорайып, тіпті ғашықтыгы үдей туседі. Өзін үнемі бір әи қанатында жүргендей, неше алуан әуен, ыргақ сарындар құшағында сезінетін. Ақыры ол Ташкентке барып музыка училищесіне түседі.
Ару астана Алматы өзіиің өнер қақпасын Шәмшіге 1956 жылы ашты. Кеудені қысқан өзгеше бір уыт, «мені қайтесің?» деп алып-ұшып тұрған асау жүрек кокке оранып кұбылып, тамылжып тұрған жұмаққа бергісіз эсем қалаға келді де, шалқыған шабыт қайнарына қойды да кетті. Көрік кеудеде бұлқынған сан алуан әуен-ырғақ жарық дүние тілеп жұлқынып тұрғандай. Содан іште тұнып жатқан сырлы бұлақ көзі ашылды да, адамның жан-жүйесін елжіретіп, тұла бойды жібіткен өзгеше бір сарын-саздардың бірінен соң бірі төгіле берді, төгіле берді…
Қалдыаяқтың отбасында иегізі салынган музыка «әлегі» оны біржола баурап билеп алды. Табиғат берген таланг сөйтіп Алматыға келіп, жақсы ортаға тап болды. А. Жұбанов, Л. Хамиди, С. Мұхаметжанов, Н. Тілендиев сынды өнер тарландарьшын тағылымын көріп, өзінің өмірдегі бағыт-бағдарын біржола туралап алды. Сөйтіп өмірін өнерге, оның ішінде эн жанрына бағыштады.
Сөйтіп, музыкаға деген құштарлық оны 50-жылдардың ортасында Алматьгға алып келеді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда өткізген жылдар, алынған теориялық дәрістер Шәмшіні өзгеше бір өнер арнасына салып жібереді. Алайда Шәуілдірдің қалқан құлақ сары баласына оқу оңайға түскен жоқ. Қинала жүріп, музыка әлемінің қиын да күрделі соқпақтарын ол өзінше басып өтті. Қайсыбір теориялық сабақтардың салмағын көтере ал-май, белі қайысқан, жүрегі шайлыққан сәттері де болды. Кон-серваториядан шығып та қалған кезі бар. Соған қарамастан, тұла бойын дуылдатқан әуен, ырғақтар Шәмшінің кеудесінен ән болып төгіле бастайды.
Шэмшіиің алғашқы әні «Қарагөз» еді. Шэмшінің Ал-матыға алғаш келген жылы 1956 жыл болатын. Ән дэл сол жылы шықты. Ән жас журектерді ә дегеннен жалын аттыра, елжірей, егілте келді. Астананың қыздары бірден ажарланып, жігіттері еымбаттанып, бІр-біріне деген назын, ықылас-пейілін, сезім-сырын осынау энмен үздіге айтатын еді. Жалпы Шәмшінің әндерін айта, тыңдай жүріп бір нәрсеге қайран қалып отырасыз. Ол — ән мен сөздің біріне-бірі кірігіп, біртұтас дүниеге айналатыны. Қай әнін алсаңыз да солай, әуеннен сөз туындал, сөз ән болып әрлене, нәрлене түседі. Сөйтіп бұл Шәмші әндерінің өзіндік заңдылығына айнала бастайды. Шамасы, талғам биіктігі дейтін нәрсенің бір көрінісі осы болар. Әрбір жақсы әннің қос қанаты болады десек, соның бір қанаты — композитор да, екінші қанаты — акын болса керек. Басқаша айтсақ, әннің өзі мен оның өлең сөзі. Ал жаңа туған әннің бағын ашатын эншіні ән-тұлпардың күйін келтірер бапкер десе де болғандай. Шәмші әндерінің бағының жанғаны екінші жағынан ақын мен әншіден аузының салуы болғандығынан ба деп те ойлайсың. Оның эндеріне Мұзафар Әлімбаев, Ғафу Қайырбеков, Қуандық Шаңғытбаев, Түманбай Молдагалиев, Ізтай Мәмбетов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әлімқұлов т.т. сөз жазган.
Алғашқы әні «Қаракөздің» өмірге сапары қызық бас-талған. Мұның сөзін ақын Ізтай Мәмбетов жазады. Әсем астана да, адамдары да ғажап, әсіресе қыздарын айтсаңшы. Осы бір көрініс Шәмшінің жүрегіне от салады да, ол ән болып, әуен болып тербеледі. Жас әуенші оны кімге айтарын, қалай жария етерін білмей толқып жүрген сияқты. Медет Ниязбеков деген әнші кезігеді де, оны тура ақындар ортасына алып барады. Бұл әуенге әсерленген Қуандық Шаңғытбаев қасында отырган Ізтай Мәмбетовке «сөзін сен жаз, жастарга жаның жақындау ғой!» дегендей ишара етеді. Сөйтіп ән тағдыры сол жерде шешіледі. Тек, Шәмшіні қа-ланың қыздарына деген ыстық ыкылас, ынтықтық байқалсын дегендей өтініш айтады. Ән сөзінен осы сезім орын тепкен.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.