Қазақстан дипломатиясы

Главная » Рефераттар » Қазақстан дипломатиясы

Тәуелсіз Қазақстан өз дипломатиясының алғашқы он жылдығын атап өтті де. Алайда, әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін жасайтыны белгілі. Біздер және біздің ұрпақтарымыз өткенге баға бергенде бүгінгі жетістіктерімізбен салыстыра қарасақ қателескеніміз. Мүмкін бұл дәстүр жібін үзіп алған кемшілігімізден де шығар. Ал өзге мемлекеттер болса, аса ұқыптылықпен қарайды. Мысалы, Француз Республикасының елшілері жыл сайын тамыздың аяқ шенінде Парижге семинарға жиналып, басшыларынан сыртқы саясаттың негізгі міндеттерін естіп — біледі. Классикалық дипломатия отаны — Ұлыбританияда шетел мемлекеттері елшілерінің арнаулы балда жаңадан келген дипломаттарды ұлы мәртебелі Коралеваға таныстыру рәсімі дәстүрге айалған. АҚШ пен Ресейде дипломатиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Қытайда сыртқы саясат ведомствосының басшылығы толық бел жыл тұрақты қызмет атқарады.

.

diplomat660В. Дальдің түсіндірме сөздігі бойынша дипломатия — ежелгі грамоталарды, құжаттарды талқылау ғылымы; тақсырлардың немесе жалпы мемлекеттердің өзара қарым-қатынас жасау ғылымы. «Дипломатия» кітабының авторы Г. Никольсон оны келіссөздер арқылы халықаралық қарым-қатынастар жүргізу деп сипаттайды. Ғылым-дипломат Э. Сатоу «Дипломатия дегеніміз тәуелсіз мемлкеттер үкіметтері арасында ресми қарым-қатынастар жүргізу үшін ақыл мен өнегелілікті қолдана білу…» деп анықтама береді. АҚШ-тың саясаттану әдебиетінде бұл қызмет азаматтарды, ел ауумағын және американдық өмір салты қорғау үшін мемлекеттің сайланған немесе тағайындалған ресми адамдарының жұмысы деп түсіндіреді. Өткен ғасырдың соңғы отыз жылында бұрын қолданылып келген ұғымға «сауда дипломатиясы», «құпия дипломатия», «электрондық дипломатия» ж.б. қосылады, ал АҚШ басшылығының Саддам Хусейнге талап қоюына орай 1998 жылы «бейнедипломатия» термині тілімізге енді.

Ал, қазақстандық дипломатия қалай пайда болды ? Оны шартты түрде мына кезендерге бөлуге болады: олар — қазақ хандығы кезіндегі; отарлық басыбайлылық (кіріптарлык) кезеңіндегі; Алаш Орда кезіндегі; кеңестік кезендегі, тәуелсіздік төріндегі дипломатиялар. Осынау кезеңге бөлулерден XV ғасырдың орта шеніне дейін қазақ хандығы дәуірлеп тұрған аумақта мемлекеттік бірлестіктермен сыртқы байланыс пен дипломатиялық түйісулер болды деп нақты айта қою қиындық келтіреді. Қазақстанның XV ғасырдан хронологиялық түрде басталған сыртқы саясаты тарихын жан-жақты және арнайы зерттеу тарихи деректерсіз мүмкін емес. Орта ғасырдан КСРО ыдырағанға дейінгі құжаттар мен қолжазбалар Қазақстаннан тыс жерлерде — шетелдердің ғылыми кітапханалары мен мұрағаттарында сақталуда. Мәселен, Ресей империясының Сыртқы саясат мұрағатындағы (1720-1917 ж,ж.) жалпы ұзындығы 12 шақырымдық сөреде 550 мыңнан астам іс қағаздары бар көрінеді, ал Ресей Федерациясының Сыртқы саясат мұрағатында (1917 жылдан қазіргі уақытқа дейін) тиісінше 26 шақырымдық сөреге 1,3 миллион жинақталған. Осы екі мұрағатта Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Тарихи-құжатнама департаменті құрамына енеді. Қазақстан тарихы туралы республикадан тыс жерлерде сақталған құжаттарды табу жөнінде нақты жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Кездескен деректерді зерттеушілер өз монографияларына, мақалаларына, диссертацияларына енгізіп, құжаттар мен материалдар енгізілген тақырыптық жинақтарға толып, жұртшылыққа таныстыруда. Осы кітапты жазу устінде автордың Қазақстан мұрағаттарындағы жарық көре қоймаған материалдары пайдаланғанын айтуға тиіспіз. Ішінара бұл құжаттарды алуға Қазакстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы, Қазакстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазулар мұрағатындағы, Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатындағы және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұрағатындағы әріптестер шын пейілдерімен көмектесті.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының тұңғыш бастығы Төлеген Тәжібаев 1944 жылы «Қазақстан дипломатиясы тарихының очерктері» деген кітап жазу міндетін алға қойған көрінеді, алайда белгілі себептермен кітап жазылмаған. Дей тұрғанмен «Қазақстанның өз дипломатиясы болды, ал оның дипломатиясының өз тарихы бар» деп сенімді түрде айта аламыз. Олай болса, ендігі әңгіме Қазақстан дипломатиясы тарихы жайында. Адамдар ежелден өз көршілерімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылыс жасағаны белгілі. Рудың, тайпаның және жоғары мемлекеттік құрылымдардың береке-бірлігі өзара түсіністік пен сенім дәрежесіне байланысты болған. Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазіргі республика жерінде халықтар мен рулар арасында алуан түрлі ауыс-түйістер, алмасулар болып жататын. Кең байтак, жерімізге, асқар тауларымыз бен күміс көлдерімізге сырттан көз тігушілік те аз болмады. Көрші елдердің бір назар аударғаны: осы шетсіз де шексіз дала арқылы Византия мен Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек жолы өтетіні еді. Қазақстан тұрғындарының этногенетикалық әр түрлілІгі жазбаларда көрініс тауып, сақ, массагет, сармат, алан, үйсін, сұнақ, түркі тайпаларының аттары аталғаны тарихтан аян. Ғылыми әдебиеттерде атап көрсетілгендей, бұлар туралы деректер ежелгі Согда мен Қытайдың дипломатиялық хат алысуларында сақталған.

.
.

Ежелгі Грецияда елшілік иммунитетті құрметтеу, ауызша келіссөздер жүргізу, меймандостық, шарттар мен келісімдер жасасу, әскери-саяси одақтар құру, алым-салық жинау, көпті көріп ысылған тәжірибелі тайпалас, руластардан елшілер тағайындау дипломатиялық этикеттің бастамасы еді. Хундар көсемі Моде, түркештер қағаны Сулук өздерін білгір дипломат екендіктерін көрсете білді. Сол кездің өзінде елшілер алмасу дәстүрі нығайды. Ежелгі түркілердің сенімдеріне сәйкес Әлем үлгісіне алып бәйтерек алынып, тамыры тамұқпен ұқсастырылып, діні әлем, ал ұшар басы аспан әлемі ретінде бейнеленген. Ерте замандағы ынтызар да прагматик тұрғындардың көкжиектің ар жағында не болып жатқанын танып-білуге кұмартып қоршаған дүниемен байланыс орнатуға талпынғаны, сөйтіп, әлемнің түрлі тұсына керуен атандырғаны ақиқат жай. Шығыста керуен ұғымы негізгі және дәстүрлі көлік түрін ғана білдірмейді, бұл дегеніңіз — сауда жасау, қолөнерді дамыту, ақпарат жинау, мәдени-гуманитарлық құндылықтарды алмасу, яғни шын мәнінде елдер мен өркениеттер арасындағы көпір іспеттес. Керуен жолында қауіп-қатер көп болды, ал экспедицияға қатысушылар кәпес, барлаушы, географ, этнограф, жорналшы, дипломат агенті қызметтерін атқарды. Батыс пен Шығысқа керуен арқылы діни ілімдер, ғылыми білімдер, келісіммен өмір сүруді қалаған халық тілектері еніп жатты. XV ғасырдың екінші жартысында тарихи авансценаға қазақтың феодальдық-патриархалдык мемлекеті шықты. Әрине, бұған дейін көп ғасыр бұрын бүл кеңістік және оны мекендеген халықтар жайлы әлем елдері кұлаққағыс болуы ғажап емес. Енді мұндағылар «қазақ», ел аты «Қазақия» деп аталатынын білді. Қазақ жүздері арнаулы органы болмаса да, халықаралық құқыктық субъекті ретінде сыртқы саясатты жүзеге асыра бастады. Хандар сыртқы саясатты қолға аларлық жеткілікті өкілдікпен пайдаланды, ал анағұрлым күрделі мәселелерді белгілі ақсүйек өкілдері жэне старшиндермен ақылдаса отырып шешті. Халықаралық құқық жөніндегі жетекші маман, профессор М.Сәрсебаев тұңғыш рет жариялаған хрестоматиялық деректерге сүйенсек, XV ғасырда Қазақ хандығын қоса, Орта Азия аймағындағы мемлекеттер кемінде жүз елшіні қабылдаған және аттандырған; XVI ғасырда Ресейден, Персиядан, Үндістаннан, Бадахшаннан кемінде елу елшіні қабылдаған және осы мемлекеттерге сексендей елші жіберген; XVII ғасырда тиісінше 115 жэне 95; XVIII ғасырда-110 және 120; XIX ғасырда — 160 және кемінде 200 арнаулы миссия. Қазақ дипломатиясы өзінің қалыптасу кезіңде түрлі сыртқы саясат мектептерінің, ең бастысы, көрші мемлекеттердің көмектерін, ыкпалын бастан кешірді. Атап айтканда, кытайлық дипломатия мектебінен шешім қабылдауда асып-саспауды үйренді. Қытай дипламатиясының белгілі білгірі профессор К.Хафизова «Діттеген мақсатқа … асықпай, бірнеше қайтара, тіпті көп жылдык келісушіліктер арқылы жетуге болады. Конфуцияның сөзімен айтканда, «орайлы шешім тез оралмайды, ал жағымсызын қаншама жақсартам десең де түзете алмайсын» деп атап көрсеткен-ді. Қазақтар қытай мен орыс тәжірибесіне орай арнаулы киіз үйлерде жайғасқан жат елдік елшіліктерге кіруді азайтқан. Шығыстағы елшіліктердің ажырағысыз жоралғысының бірі тарту-таралғы дер едік. Осындай бір эпизодты 1757 жылы салынған суреттен көреміз. Онда қазақ елшісінің одақ пен достыктың белгісі ретінде Қытай императорына ат мінгізіп жатқаны бейнеленген. Бүгінде бұл полотно Парижде азиялықтар өнері мұражайында сақтаулы. Монғолдардың жат жұрттық елшілерді қазына есебінен ұстауын (тағаммен, көлікпен, үй-жаймен қамтамасыз етуін) кейініректе қытайлықтар, орыстар мен қазақтар қолдана бастады. Әрине, бұл дәстүр екі жаққа бірдей. Ресейдің император әйелі Анна Иоанновнаның таққа отыру құрметіне жоңғар елшілігі 1740 жылы Санкт-Петербургке үйретілмеген екі асау түйе, сауылмайтын бұзаулы сиыр, маймыл, құндыз, жегілмеген егіз жіберген. Қазақ хандарының Ресеймен, Қытаймен, Жоңғариямен, Орта Азиямен өзара қарым-қатынасында кеңінен қолданған дәстүр аманатқа ұлын қалдыруды монғолдардың дипломатиялық мектебі де пайдаланған. Орталық Азиядағы дипломатиялық салтанатта тақсыр қабылдауына қарумен кіруге тыйым салынған. Екінші жағынан алғанда, Еуропа мен Ресейде аудиенция кезінде бас киіммен отыруға рұқсат етілмейді. К. Хафизова жазғанындай, Абылай хан Петербургке жіберген сұлтан орыс, қытай, қашғар сарайларында бас киімсіз сөз сөйлеу әдепсіздік болып есептеледі, демек, патша алдында бас киімсіз болу екібастан ұят іс деп, қарсылық керсеткенге ұқсайды. Қазақ хандығының сыртқы саясаты сыртқы экспансиямен күрес және өз жерін қорғау, аумағын кеңейту міндетіне бағындырылғаны белгілі. Халықаралық дау-дамайлар бейбіт немесе соғыс жолымен, шарт жасасу, одақ құру арқылы шешілді. Профессор М.Әбусейітованың еңбегінде атап көрсетілгеніндей, келісім-шарттар сөзсіз сакталған. Оларды бекіту Алла алдында ант беру жолымен жүргізілген. Шартты бұзу антты аттау болып саналып, аяусыз айыпталған. Шартты бұзған жағы өз елінің тәуелсіздігінен айрылып, бұрынғыға қарағанда алым салықты көп төлейтін болған. Шартты сақтау кепілдігіне аманат пайдаланылған. Сыртқы саясат тақырыбы халықтың ауызша шығармашылығында дәріптелгенін де білеміз. Бұл жөнінде сөз зергері, көркем аударма шебері Герольд Бельгердің көшпенділердің сөзге ерекше мән бергенін атап жазғаны бар. Қазақ мәдени, әдеби сөйлеуге тәрбиеленген, бұл қанмен сіңген қасиет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.