Қазақстан-Ресей катынастарының негізгі кезеңдері

Главная » Рефераттар » Қазақстан-Ресей катынастарының негізгі кезеңдері

1991 жылы тамыз айынан басталған КСРО-ның ыдырау үрдісі оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен аяқталғаны белгілі. Кеңестік Орта Азияда (Орталық Азия) бес мемлекет — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан құрылды. Бұл мемлекеттердің құрылуының тарихи алғы шарттарына келетін болсақ, олар өз бастауын б.з.д. бірінші мыңжылдықта, яғни Орталық Азиядағы Бактрия, Согдина, Парфия, Хорезм және т.б. ежелгі мемлекеттерден алады. Бұл жерлер сыртқы жаулардың, Александр Македонскийдің, парсылардың, арабтардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Ал ҮІ-ХПғ.ғ. Орталық Азия түркі қағанатының қол астына өтті. Одан кейінгі дәуірде түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қараханидтер және т.б. мемлекеттер құрьлып үстемдік құрды. ХІ-ХҮІғ.ғ. Орта Азия селжүктер мен қидандардың, монғол-татарлардың шапқыншылығына тап болды. XVІІІ ғасырда Орта Азияға Цин империясы ішкерлеп ісірген болатын. XV ғ. аяғында қазақ хандығы құрыдды. Бұл үрдістерге баға бере келіп, атақты этнограф, тарихшы, ғалым Л.Н.Гумилев былай деп атап өтеді: «…Бір мезгілде ойраттар батысқа қарай сүрапыл жортуылдар жасады. 1452 және 1455 жылдар арасында олардың әскерлері Моғолстан, Шағатай хандығының солтүстік жиегі арқылы көктей өтіп, Қыпшақ даласына сүғынды, күнгейге бүрылып, Сырдария аңғарымен Ташкентке дейін жетті де, еліне олжамен оралды. Осынау талқандаудан кейін Азия картасынан Ақ Орда жойылып, оның орнында қазақтардың тайпалық одақтары (жүздер) қалыптасты. Ойраттар сияқты, қазақтар Ордадан біраз бұрын 1425—1428 жылдары іргесін аулақ сала бастап, сол кездің өзінде-ақ хан билігін сұлтандар кеңесімен алмастырды. Ойраттар өз билеушілерін Қытайдың «тайгжи» (ханзада) сөзімен, ал қазақтар арабтың «сұлтан» деген сөзімен атайтын. Екі жағдайда да көшпенділерге тән этностық нормалар сақтала отырып, Шыңғыс ханға дейінгі әлеуметтік пайымдар қалпына келтірілді. Пассионарлық серпіннің төмендеуі ойраттар мен қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал етті де, олар пассионарлық кешерінен асып төгілген кезде құрылған әлемдік империя тұсында, яғни XІІІ ғ. айырылып қалған идиллияға қайтып оралды. Енді келіп күш тек өзара қырқысулар мен жортуылдарға ғана жетті де, сыртқы жерлерді жаулап алу қаншалықты көз қызықтырса да, оған қуат жетпеді.

XV ғ. ойраттар, қазақтар, ноғайлар және Қара теңіз бойының татарлары осындай жағдайға келді. Бұл жағдайға тек өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған қырымшақтар мен көшпенді дүниенің дұшпандары Темір ұрпақтарын 1507 жылы еңсерген өзбектер ғана оралған жоқ» /17/.

Қазақ хандығының дүниеге келуі Қазақстанның бүкіл аумағында бүрын өткен әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды қорытындысы. Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керей, ал 148 жылдан бастап Бұрындық ханның есімімен байланысты. XV ғ. ортасында қазақ хандығының территориясы кеңи түсті. Моғолстан мемлекеті қазақ хандығының тегеуірінен және ішкі себептерге байланысты ыдырап, шамамен 1514 жылға қарай моғол билеушілері Шығыс Түркістанға ығыстырылып тасталды. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қазақ хандығы геостратегиялық маңызы бар саяси күшке айнала бастады. Қазақ хандығы Орта Азиямен, Астрахан, Сібір хандықтарымен және Орыс мемлекетімен байланыс жасап отырды.

Академик М.Қ.Қозыбаевтың пікірінше «Ресей дипломаттары қазақ хандары мен сұлтандарының арасындағы бәсекені шебер пайдаланып, оларды Ресей бодандығын алуға үгіттеді. Қазақ жүздерін Ресей құрамына қосу бір мезгіддік процесс болған жоқ, ол жүз елу жылға созылды. Бұл процесс императрица Анна Иоановна Ресей бодандығына Кіші жүз ханы Әбілхайырды қабылдау туралы грамотаға қол қойған 1731 ж. басталды. Әбілхайыр хан болса, Ресейдің көмегімен барлық қазақ жерлері мен руларын бауырына басқысы келді. Орта жүз бен Ұлы жүз Ресейге көп кейін қосылса да Әбілхайыр патша үкіметіне өтініш жасағанда өзін барлық қазақтардың атынан сөйлегендей етіп көрсетті, ал мұның өзі оны мазасыз көршілерінің дұшпандық әрекеттерінен қорғайтын еді» /18/.

Қазақтардың Ресей құрамында болған кезеңін тарихи үрдістің бүкіл күрделілігі мен қарама-қайшылығын ескере отырып, бағалау керек дейді. Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Т.Мансүров: «Ресейдегі гуманизм жақтастарымен қаупі, оның демократиялық мәдениетінің ықпалы қазақ қоғамының рухани дамуының факторына айналды. Қазақтардың Ресей құрамында болу процесі қаншалықты сан қырлы болғанымен, бұл процесс экономикадағы, әлеуметтік және мәдени дамудағы өзгерістерге жол ашты. Бірақ, сонымен қатар ол қоғамның мүліктік жіктелуін күшейтті, қазақтардың өз мемлекеттігінің дамуын кері кетірді. Іс жүзінде осы кезенде қазақтар өзінің мемлекеттік құрылымдары жойылғаннан кейін тек жергілікті өзін-өзі басқару пайымдарынан жиындар ғана сақталып, онда әрбір елу үйден бір сайлаушы, яғни ел басы сайланып отырды. Сайлауыштар болыс сайлауына кандидатты, халық биін сайлауға қатысты, ал оларды бекітетін губернатор болатын. Қазақтың халық билерінің қарауынан қылмыстық істер бөліп алынып, оларды қарау империялық сотқа берілді» /19/.

Қазақстанның Ресейге қосылуына қазақ қоғамының әр түрлі әлеуметтік және саяси күштері әр түрлі қарады. Мәселен, өмірдің патриархтық түрінің бұзылуы батырлар халықты соңынан ерте алатын хан билігі заманын аңсау сарындарын туғызды. Қазақ даласына тауар-ақша қатынастарының енуі ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа қайшы келді. Патша үкіметінің қазақтарға жүргізген ашық саясаты да наразылық тудырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін 50 жылдан соң Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс басталды. С.Датов бастаған көтерілістің сипаты патша үкіметімен ауыз жаласқан хандық билікті жайып, ел басқарудың жаңа құрылымын орнату болған.

Жалпы Қазақ даласын Ресей мен Қытай ең алдымен өздерін сырт жаудан қалқалайтын «Аралық аймақ» деп қараған. Кейін Ресейдің империялық пиғылы басым түсіп XVІІІ ғ. ортасынан ол отарлық саясатқа көшті. Қазақстандық тарихшы мамандар қазақ жеріндегі орыс отаршылдық саясатын екі кезеңге бөліп қарастырады. Император Анна Иоановна тұсындағы бірінші кезеңде Кіші жүз бен Орта жүз бейбіт жолмен Ресейдің қол астына қарады. XІX ғ. 60-80 ж.ж. Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметі білектің күші, найзаның ұшымен бағындырды. Қазақ жерін отарлау арқылы Ресей өзінің шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Орта Азиямен, Үндістанмен сауда-саттықты нығайтуды ойлаған.

Патша үкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты- қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше реформалар жүргізіп, хандық билікті жойып, этникалық бірлігімізден, одан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке-жеке губернияларға бөліп, жер тұтастығымыздан айырды. Бұл саясатта патша әкімшілігі қазақ даласын алғашқы кезде хандар, сұлтандар, старшындар арқылы басқарған. Одан кейін Қазақ Мемлекеттік ұйымы жойылды. 1867—1868 ж.ж. реформалар барысында Қазақстандағы әкімшілік басқаруда, жер мәселесінде, сот құруда және салық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Реформалар орыс әкімшілігінің билігін нығайтты. Қазақстан-Ресей қатынастарына баға бере келіп ел басы былай деп атап көрсетті: «…Орыс халқымен қатынастарды отарлау кезеңінің өлшемдеріне қарап құруға тиіс емеспіз. Тарихтың небір аумалы-төкпелі кезеңдеріне қарамастан, қазақтардың ол халықпен шынайы туысқандық, сенім қатынастары қалыптасқан болатын. Осы қатынастарда қазіргі заманның ақиқат, шындықтарын ескере отырып нығайту екі халықтың түбегейлі мүдделеріне сай келеді» /20/.

Екі мемлекеттің өзара қатынасының кеңестік кезеңінде нақты мемлекет аралық қатынасы болды деп атай алмаймыз. Дегенменде бұл кезеңнің оң жетістіктерін де теріске шығаруға болмайды. Мәселен, 1920 жылғы 17 тамызда Ресей Кеңестік Республикалар Социалистік Федерациясының (РКРСФ) Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) Қазақ Республикасы туралы декреттің жобасын қарап, мақұлдады. 1920 жылғы 21 тамызда Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКРСФ, ХКК-і М.И.Калинин мен К.И.Ленин қол қойған «Қырғыз-Қазақ Кеңестік Автономиялы Социалистік Республикасын (РКРСФ құрамыңда, астанасы Орынбор) құру туралы» Декретті қабылдады, 1921 жылдың жазында Қазақ КАСР-ның құрамына Семей жөне Ақмола губерниялары енді. Алайда қазақтар тұратын едәуір аймақ Түркістан КАСР-ның Сырдария облысы құрамында қала берді; ондағы халықтың оннан тоғызы қазақтар еді. Барлық қазақ жерлерінің қайта қосылуы 1924 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік бөлектену нәтижесінде жүзеге асты. Сол кезде Қазақтар республика халқының 61,3% құрды /21/.

Тарихтан белгілі 1925 ж. Республика астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, ол Қызылорда деп аталды да, астана 1929 ж.-ға дейін сонда болды. 1929 ж. Алматы Қазақ КАСР астанасына айналды. 1936 ж. Қазақ КАСР Қазақ КСРО деп қайта құрылды. Қазақстан халқы оны автономиялы республикадан Одақты республикаға айналдыру туралы орталықтың ұсынысын шаттана қарсы алды. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық және геосаяси ахуалды паш етті. КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы заманға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мүның ұстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттер — Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды /22/.

Екі жақты Қазақстан—Ресей 1991 жылдан бергі эволюциясын негізгі екі кезеңге бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның ыдырауын біржолата айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2001 жылдары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына «қайта оралу» кезеңі. Т.Мансұровтың пікірінше, Қазақстан—Ресей қатынастары өрбуінің бірінші кезеңінде төмендегідей негізгі үш белесін бөліп көрсетуге болады: — екі елдің мемлекетаралық қатынастарының құқықтық негіздерін айқындау (1991 жылғы желтоқсан — 1992 жылғы мамыр); — мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық үлгілерін іздестіру (1992 жылғы мамырдан 1994 жылғы наурыз); — Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және басқа салалардағы (1994 жылғы наурыз — 1995 жыл) бірігуінің кеңейіп тереңдеуі /23/.

Қазақстанның жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым мақсаттарды дұрыс айқындауда ел басының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: «Өзіміздің басым саясаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға талдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз… Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды тандап алу мүмкіндігіміз де бар».

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 1991-1995 ж.ж. қарым-қатынастар осы принциптер негізінде өрбіді. Қазақстан-Ресей қатынастары ең алдымен 148 млн. ресейліктер және 17 млн. қазақстандықтар. КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық мүддесін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру, саяси коррупцияга тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.

Ресей сарапшьшарының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта «үстемдік» үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері /24/.

Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин «РФ сыртқы саясатының концепциясын» бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген. В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық және ұлттық мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде. В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады. В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм түбірінен бөлек болатындыгы алғашқы айлардан анық көрінді. В.Путин өзінің сыртқы саясатын азиялық азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.

В.Путин «Шанхай бестігі» мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО «тікелей сөйлесуі» әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті. XXІ ғасырға аяқ басқан уақытта Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдайды қайта қарауға, Ресейдің халықаралық беделінің өсуіне көп еңбек сіңіріп үлгерді деп атай аламыз. XXІ ғасыр әлемдік саясатта жаңа күрделі үрдістерді туғызғаны белгілі. Біздің ойымызша Ресей сыртқы саясаты өтпелі кезеңде тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық моноцентризм бағытының күшеюі тенденцияларымен анықталуда. «Таймс» газетінің анықтамасы /25/ бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз. Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн. Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда. Көптеген Ресей сарапшьшары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту деген пікірді айтуда. XXІ гасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов «сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД» және «біз ТМД нығайтамыз» деп атап көрсетті.

Ресей мен Қазақстан Достастық мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету бағытын дәйекті ұстап келеді. «Бұл саясат бір екі деңгейде іске асырылады: біріншіден, екі жақты негізге сүйенген байланыстар дамыса, екіншіден, ТМД-ны оған кіретін елдердің экономикалық және басқа салалардағы ықпалдастығының дәрменсізділігін арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді шеше алатындай тегеурінді ұйымға айналдыру жолындағы белсенділік төмендемейді».

Ресей сыртқы саясатындағы жаңа үрдіс, оның халықаралық қауымдастықтағы орнын анықтайтын ұлттық мүдде болып отыр. 1995 жылы Е.М.Примаков СІМ болып тағайындалған кезден бастап, ол сыртқы саясаттағы басым бағыттарды анықтаудан бастады. «Кең көлемде Ресейдің мемлекеттік-ұлттық мүдделерін белсенді сыртқы саясат арқылы қорғау» болуы тиіс деп мәлімделген болатын. 1996-1998 ж.ж. Ресей сыртқы саясаты өзгерістерінің әлемдік қауымдастық үшін де маңызы болды. Себебі сыртқы саясатты болжау серіктесті қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндік берді. Ресей зерттеушілері А.Талкин және Ю.Красин: «Ұлттық мүдде — белгілі социо-мәдениетке тән ортақ мүдделерді анықтау, оны қорғау тарихи субъекті ретінде өз орнын табу деген сөз»,- деп атап көрсетті.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.