Қазақстан республикасы ауыл шаруашылық мəселелері

Главная » Рефераттар » Қазақстан республикасы ауыл шаруашылық мəселелері

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен жəне өнеркəсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан жəне мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық жəне омарта шаруашылығы да кіреді. Қазақ жерінде б.з.б. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой жəне ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дəлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дəндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тəуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін жəне бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан жəне Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен жəне балық аулау кəсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркəсіп кешенінде кең ауқымды əлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды. Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі жəне табиғат жағдайларына тікелей тəуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мəлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сəйкес елдер индустриялы, постиндустриялы жəне аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді. Экономикасы дамыған елдер тəжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мəселесін шешу жəне дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дəлелдеп отыр. Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған жəне осы негізде халықтың тұрмыс дəрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты. Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту жəне оның өзімдік құнын əлемдік бəсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркəсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстанның аграрлық секторы əлеуметтік — экономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды . Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі , меншіктің жаңа , мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен , соңғы он жыл ішінде елімізде азық-түлік өнімдері , олардың ең қажетті түрлері бойыша екі жəне оданда көп есе кеміп кетті , өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Рыноктың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мəселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркəсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мəселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр. Азық-түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын жəне онымен байланысты салаларды, аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық — əлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мəселелерді, əсіресе азық-түлік кешенінің маңыздылығын ескеру, дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан-жақты қолдау шараларын жəне ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалды мəселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту — елдің азық-түлік мəселесі мен əлеуметтік шиеленісті шешіп, Қазақстанның рыноктық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді . Тəуелсіз мемлекет тұрғысынан əсіресе оның даму негіздері мен тəсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа əдістерін меңгеру, өнім көлемін көтеру жəне оны өңдеу, сақтау, тасымалдау, əдістерін жетілдіру, осы негізде агроөнеркəсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мəселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Өйткені ауылға көңіл бөлу, ауылды көркейту- мемлекеттік дəрежедегі аса маңызды шаруа. Ауыл шаруашылығын қайта өркендету бұдан бұлай өзекті мəселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы бөлмекші. Ауыл — шаруашылығын өркендетуде қазіргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр: — бірінші, азық-түлік рыногын тұрақтандыру; — екінші, импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу; — үшінші, аграрлық жəне өнеркəсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету; — төртінші, ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.

.

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы — ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы — ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркəсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, əлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, əлем нарығында бəсекелестікке қабілетті агроөнеркəсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының əлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық — саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003- 2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сəйкес, агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың əлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер əкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан əлдеқайда үлкен нəрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, əлеуметтік əрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз — сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мəдениетіміздің, дəстүріміздің, əдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тəжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн — деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық- түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс жəне оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нəтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы жəне ауылдың əлеуметтік жағдайын көтеру мəселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркəсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі — жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мəні, сол заң арқылы ауылдың əлеуметтік экономикалық жағдайына əсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы — бұл өте күрделі əрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мəселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мəселе бойынша іс жүзінде əлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дəлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мəліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық жəне шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да əрі өзекті мəселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ететін оның даму мəселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең өзгерістерді тарихи ғылыми талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мəселелерді қамтиды.

.
.

— 1985-1990 жылдар аралығындағы республика ауыл шаруашылығының алдына тұрған проблемалар жəне оларды шешу жолдарын көрсету; Республикада осы жылдар аралығында жүргізілген Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының шынайы бағыт- бағдарын, мəні мен сипатын жəне қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу; — Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мəнін ашып, тəжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету; — Аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік экономикалық мазмұнын айқындау; — Орталықсыздандыру саясаты мен ауылдың аймақтарға жасаған ықпалын көрсету; — 1985-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың əлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері нақты статистикалық мəліметтер негізінде зерттеу; — Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі жəне оның нəтижелерін көрсету; — Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа əлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау; — Нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастарды жетілдіру бағыттарын қарастыру; — Қазақстанда «Ауыл жылдары» кезінде жүргізілген аграрлық реформаның проблемаларына талдау жасау; — Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігін қарастыру; — Ауылдың жағдайын, ондағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қарастыру; — Қазақстандағы аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған; — Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігі қарастырылған; — Проблеманы зерттеу барысында соңғы кезге дейін ғылыми айналымға енбеген мұрағат қорларының деректері негізінде ауыл шаруашылық жағдайының мəні мен принциптері жан-жақты зерттелген; — Ауылдың жағдайы, ондағы əлеуметтік мəселелері қарастырылған. Агроөнеркəсіп мемлекет иелігіне «алу» мен «жекешелендіру» колхоздар өміріндегі алғы шарттары мен қиыншылықтары, колхоз өндірісін басқарудағы орталықсыздандыру саясаты мен оның мазмұнының біртіндеп өзгеруі көрсетілген; — Аграрлық саладағы дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан əрі теориялық негізі талданған; — Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін, өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипаты жан-жақты сипатталған; — Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық жəне методологиялық тұжырымдама жасалған;

Қазақстандағы қазіргі кездегі аграрлық қатынастардың жағдайы мен ерекшеліктері негізінде, осы саланың нарыққа өтпелі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуы, ауылдың əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бүгінгі тарихи көзқараспен зерделеніп, дəйекті түрде терең талданды. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тəсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Əлі күнге дейін елімізде азық-түлік мəселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдың ішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мəліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы — 33%, ірі қара малы — 56%,қой жəне ешкі — 71%,) қысқаруы нəтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт — 1,7 есеге жəне жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дəрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дəнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары — 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан бастап, жалпы рентабельділік теріс баланс берді, өнім өндіруге кетекеншығын оны сатудан алынған табыстан 20,8% асып кетті, оның ішінде егіншілік — теріс 1,9 %, мал шаруашылығы — теріс 43,7 %. Бес жəне одан көп жыл пайдаланылып келе жатқан техника 1997 жылдың 1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларының пікірінше, аграрлық реформада 1992-1994 жылдары консервация жағдайы болды. 1994-1995 жылдары нарықтық өзгерістер аса асығыстықпен жүргізілді, 1996-2000 жылдары экономикалық қайта құрулардың қарқыны қайтадан бəсеңдеді. Бұны бақылаушылар реформа аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Еліміздің аграрлық саласындағы əлеуметтік-экономикалық жағдайға сүйене отырып, Қазақстандағы аграрлық дағдарыстың негізгі себептеріне: халықшаруашылығы көлемінде агроөнеркəсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің терең үйлеспеушілігі, яғни қоғамдық өндірістің жəне қоғамдық қажеттіліктің сəйкессіздігін, аграрлық экономиканың шығындылық сипаты мен экономикалық тиімділігінің төмендеуі; теңгермешіліктің жəне өсу резервін, өндірістің шығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудің орын алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтың болмауын айтуға болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.