Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы

Тəуелсіз Қазақстан Республикасы конституциясының тарихы. Қазақ ерте кезден ел болып қалыптасқаннан бері заң аясында тіршілік етіп келеді. Тарихымызға көз жіберсек, ұлт болып қалыптасқаннан бастап ханның маңайында «Хан кеңесі» болды. Ол кеңестің заң шығару, сот билігін жүргізу құқы болғаны белгілі. Бертін келе хатқа түскен «Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Əз Тəукенің «Жеті жарғысы» жасалынып, Күлтөбенің басында кеңес өткізіп отырған. Бұл қазақ хандығының тарихи əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайының туындысы болды. Қазақ хандығының заңдары «Жарғы» деп аталады. Бұл – «əділ жару», «əділ айыру», «əділ айту» деген мағынаны білдіретін болу керек. Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні қазақ халқында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген əдет- ғұрыптың ережелерінен шыққан. Конституция ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Европаның кейбір елдерінде 18- ғасырдың аяғында өмірге келген. Ал Қазақстанда Кеңестер Одағы кезінде 3, ал тəуелсіздік алғалы бері 2 Конституция қабылданды. Яғни, Қазақстанның конституциялық құрылысының тарихында бес Конституция болған, соның ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Қазақстанда Конституциялар 1926, 1937, 1978 жəне 1993 жылдары қабылданды. 1925 жылы 18 ақпандағы ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциясымен жəне 1925 жылғы РСФСР Конституциясының есебімен 1926 жылы Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

Конституцияға сəйкес Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды. 1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім жəне 125 баптан құралды. Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кəрілікте еңбекке жарамсыздық жəне ауруға шалдығу, жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері жəне демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың хат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы. 1978 жылғы 20 ақпанда республиканың Жоғарғы Кеңесі шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Қазақ ССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сəйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар жəне еңбек интелегенцияларының кластарына бөлінген. Билік жəне басқару органдарының үстінен Қазақ ССР Коммунистік партиясы қойылды (6 бап). 1990 жылдардың басында Қазақ ССР–нде, содан кейін Қазақстанда бірнеше заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылдың 28 қаңтарда қабылдаған алғашқы Ата Заңынның мəні мен маңызына келетін болсақ, бұл Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мəселеге жауап беруі жəне соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі — мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден — экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден — жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден — ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабында жазуына қарағанда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар əуелгі Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Президент бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы əуелден-ақ еліміздегі саяси, əлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын жазады. Сөйтіп, уақыт өте келе заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сəйкес болмай шыққаны байқалды. Осыған орай мемлекетімізде жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туды. Қазіргі кездегі қолданыстағы Ата Заң жан жақты талқылаудан өтіп, бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Референдумға барлық сайлаушылардың 90 пайыздан астамы қатысып, Ата Заң бірауыздан қабылданды. Жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды. Президенттің бастамасымен құрылған сарапшылар көптеген əлем елдерінің Конституцияларын, əсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандарын мұқият сараптаудан өткізді.

«Біз үшін дамудың əртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан əлеуметтік-мəдени, ұлттық жəне басқа да ерекшеліктері, əр түрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Конституциясы басты мəселені — тұрақтылықты нығайтудағы, халықтың əл-ауқатын жақсартудағы жəне демократияны дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауқымды болатын — ол Еуропаны, Азияны, Солтүстік жəне Латын Америкасын қамтыды. Мен өз басым тікелей əлемдегі жиырма елдің конституциясын талдап, олардан конспекті жасап алдым. Нəтижесінде, жаңа Конституцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын бізде бес жылдық жинақталған тəжірибе болды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсаттарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті жəне субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді. Иə, кейде біздің шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да болды. Кез келген жаңа істе болатыны сияқты, қателіктер де жіберілетін. Осының бəрі сол кездерде анық өтпелі сипатта болған мемлекеттік институттар мен заңнамалық қызметтерден көрініс тауып отырды. Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда, елімізді күрделі əлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман сақтап, əлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретіндегі осы заманғы мемлекет құру үшін не керектің бəрін істегеніме, мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін», — деп жазады Елбасы кітабында. Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің өзі ынталылық жасап, сол кездері Еуропа мен Азияның, Солтүстік Латын Америкасының барлығы 20-дан астам дамыған жəне дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, саралап шықты. Сосын 1994 жылы өз қолымен Əділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын тапсырған болатын. Нақ осы үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыздың негізін қалаған еді. Ендеше 1995 жылы қабылданған Конституцияның да басты авторы — Тұңғыш Президент — Елбасы Н. Назарбаев деп толық сеніммен айтуға да болады. Шындығында, 1995 жылғы Конституцияны талқылау кезеңінде еліміздегі беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысты. Айта кетейік, тəуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі заң да осы — 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріліп жүрген ресми мəліметтерге қарасақ, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тəжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сəйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тəжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», — деген болатын. Барлық заңдар тек қана Ата заңға сүйеніп қабылданады. Бұл заңға болашақта жетілдірудер еңгізілуі мүмкін, бірақ бүгінгі күні Конституция – қоғамда туындайтын талаптарға сай жəне болашаққа бағдарланған Ата заң болып табылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.