Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің проблемалары

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің проблемалары

Қазақстан Республикада кәсіпкерліктің даму тарихы не бары 15 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерліктің проблемаларын шешу жолдарын қолдаудың алты мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл, 2005-2006 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.
Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңінің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасты. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі жасады. Прблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджмент пен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды. Социологиялық сұрақ-жауапқа сай АҚШ-та бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ-5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.
Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90-% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80-% дұрыс заң жоқтығын, 67-% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66-% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55-% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.
Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары соңғы орында мемлекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.[35.56б.]
Кәсіпкерлік қызметінің табыс критерийіне болып, кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тура келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы төрт жыл ішінде – 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде – 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар: — Экономикалық факторлар – 47,4%; — Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%; — Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы – 7,1%; — Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4%; — Басқалар – 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен өндіріс технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Кәсіпорынды банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады: — Стратегиялық сипаттағы қателіктер; — Жалпы менеджмент проблемалары; — Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігуі,басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқталуын да қосады.
Егер кәсіпорын тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз кәсіпорын қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқталуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастырады: — Банкротқа ұшыраумен байланысты; — Алдағы залалдардың алдын алу мақсатымен; — Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты.
Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылу сипатына ие болды. Бірақ бүгін сол құрылған кәсіпорындардың азы ғана пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғаның айта кету керек.
Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі: — әлеуметтік-экономикалық; — саяси; — құқықтық; — психологиялық; — кадрлық; — ұйымдастырушылық;
Әлеуметтік-экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері, коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады. Саяси факторларға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігін, бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға болады. Әлеуметтік сауалнама бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны республикалық министрліктер мен жергілікті билік органдары ұстап отыр деп есептейді. Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші кезекте салық жүйесінің жетілмегендігі және нормативті құқықтық базадағы қарама-қайшылықтар жатады. Заң базасында жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге деген сенімсіздікті тудырады, осыдан барып ұзақ мерзімді болашақ емес, бір күндік пайдаға бағдарланушылық орын алады. Өткір бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпкерлік құрылымдардың құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл болып отыр.
Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттілігін көрсетеді.
Қажетті нарықтың құрылымдарымен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.
Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезінде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңес беру фирмалары мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.
Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.
Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенін байқаймыз. Себебі, ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады, кәсіпкерліктің дамуы ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бір қатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектілерінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айналдыруға мәжбүр.
Кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өнімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.
Осы сабаптенде біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болып қалуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.
Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.
Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезінде сыртқы және ішк ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы – бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-несие ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметінің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерге қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.
Көптеген өнірлерде кәсіпкерлердің биліктігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда, кәсіпкерлік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікте туындаған осындай проблемаларды шешу үшін,және кәсіпкерлікті одан әрі дамып жетілуі үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
1. Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру;
2. Кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімділігін арттыру;
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңайландыру;
4. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;
5. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
6. Кәсіпорындарға арнайы кадрлар дайындау.
Қазақстан кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрылудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайында дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Кәсіпкерліктің қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметтері туралы» заңы алғаш рет ресмиленді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды бір шама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсеңділікке жағдай жасады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.