Қазақстан Республикасында мүгедектер құқығын қорғау мəселелері

Home » Рефераттар » Қазақстан Республикасында мүгедектер құқығын қорғау мəселелері
Рефераттар Комментариев нет

Мүгедектерді қолдау – адамдық борышымыз, қазіргі кезде елімізде мемлекет тарапынан мүгедек балаларға барлық жағдай жасалу үстінде. Өткен жылдарды бүгінгімен салыстырсақ, айырмашылықтарды анық байқаймыз. Балалар мен аналарға төленетін жəрдемақы да біршама өсіп келеді. Алдағы уақытта да үкіметіміз балаларды қамқорлыққа алуды назардан тыс қалдырмасы сөзсіз. Десек те, балалар дегенде, мүмкіндігі шектеулі балалардың да бар екенін жадымыздан шығармаған жөн. Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында: «Жаңа кезеңдегі саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ана мен баланы қорғауды жариялаймын» — деген еді [1]. Бұл сөздің ішінде мұқтаждығы ерекше балаларға қоғамның тұрақты назарын аудару, дене мен ақыл-ес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің мүддесіне мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне жүзеге асыру барысында мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-орталықтарының, БАҚ жəне басқа да əлеуметтік топтардың күштерін біріктіре отырып қолдау, көмек көрсету деген де бар. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тəрбиелеп отырған отбасы мəселесіне алаңдаушылық білдіріп, бейжай қарамай қай-қайсысымыз болмасын, я бизнес өкілдері, кəсіпкерлері болмасын, қолұшын берсек, жəрдемдессек құба-құп. Олардың қал- жағдайын мүмкіндігінше жақсарту, мұқтаждықтан арылту, əрине, жалғыз адамның қолынан келмесі анық, бірақ, «көп түкірсе – көл» дегендей адами көзбен қарап, қолұшын берсек, олардың онсыз да күңгірттеу өміріне жарық нұрын сыйлаған болар едік.

Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мəжбүр қиындықтар туралы пікір-таластар жиі орын алып келеді. Алайда, ересектер мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл баланың адамзаттық ар-ұжданын кемсітетін оның дамуға жəне тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін əр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау жəне көтермелеу туралы жан-жақты бірыңғай халықаралық конвенциясында көрсетілген. Мүгедектерге жəрдемдесу жəне қолдау саласында ауқымды жұмыстарды мүгедектікті болдырмау, мүгедектерді тамақтандыру, гигиенасы, білім беру оларды кəсіби техникалық даярлау, еңбекке орналастыру бағдарламаларымен БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдар жүргізеді [2]. Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандардың құқығын қорғау жəне əлеуметтендіру, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімдеу, білім беру, қызметке орналастыру жүйесінің мəселелері əліде шешімін толық тапқан жоқ. Мүгедектердің құқықтарын қорғаудың оң тəжірибесі бар елдердің əлеуметтік саясатының инновациялық моделі, өздерін құқықтары бойынша əлеуметтік деп атайтын бірқатар мемлекеттерде мүгедектердің құқықтарын қорғау мəселелері басымды болып табылады. Бұл елдерде мүгедектердің проблемаларын бірінші болып, əдетте өз азаматтары туралы əлеуметтік қамқорлық саласында үлкен үлес қосқан мемлекет басшылары өзектендірді. Мүгедектерге көрсетілетін əлеуметтік көмек түрлері, мүгедектердің əлеуметтік қорғалуы оларға əлеуметтік-медициналық жəне əлеуметтік-кəсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен бірге жүзеге асырылу тиіс. Мүгедектерді əлеуметтік сауықтыру, мүгедектердің əлеуметтік статусын, олардың əлеуметтік-тұрмыс жəне əлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді əлеуметтік-техникалық көмек құралдарымен, көлік жəне рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін жəне материалдық, əлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді [3]. Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтарын жəне мүдделерін қорғау, қоғам назарын айрықша қажет ететін азаматтар жөнінде айтылса, мүмкіндігі шектеулі жандар алдымен ойға оралатыны рас. Бүгінде Қазақстанда мұндай азаматтардың саны 563 мыңнан асып жығылып отыр. Ал сол қамкөңіл жандарға мүсіркей қарағаннан гөрі, олардың қоғамдағы белсенділігін мейлінше арттыру мемлекетті мазалайтын маңызды мəселенің қатарында болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, отбасыға қолұшын беру, демеу, қолдау көрсету, қайырымдылық жасау əрқайсысымыздың адамдық борышымыз деп айтсақ, қателеспеген болармын. Мүгедек баласы бар отбасыға қай көмектің, қай қамқорлықтың болмасын, артығы жоқ.

Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын арнайы конвенцияның Қазақстан Республикасымен ратификациялағанына жеті жыл болды. Əлемдік қауымдастық мемлекеттерінің мүгедектерге көзқарасы бойынша міндеттеріне қатысты əрі жан-жақты құжаттармен жəне арнаулы сипаттағы құжаттармен қатар берілген негізгі нормативтік базасы əзірленді. Халықаралық стандарттардың артықшылығын жəне мүгедектердің қоғам өміріне кірігуі жөніндегі бастамаларды қолдау қажеттігін сезіну, мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы дамыған мемлекеттердің тəжірибесін пайдалану Қазақстанда да өтуі тиіс. Мемлекеттік саясаттағы мүгедектердің құқықтарына қазіргі заманғы көзқарас мемлекеттің қоғамда мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі мен қаржылық қолдауды қайта бөлу жағына қарай жаңғыруына əкеледі.

Мемелекет тарапынан мүгедектердің еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған. Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған əлсіздікті жою бағытында диагностикалық, емдеу жəне қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіп жатыр. Жорағыда көрсетілген іс-шаралардың нақты жүзеге асыруна көңіл аударсақ, қазіргі кезде бірқатар міселелер бар екені анық: біріншіден, мүгедектердің нақты саны анықталып оларды есепке алу тəртібінің күрделенуі (тіркелмеген, көмек алмайтын мүгедектер); екіншіден, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету мəселесі (кəсіпорындардың, заңға қарамастан, мүгедектерді жұмысқа алғысы келмейтіні); үшіншіден, қоғамдағы мүгедектерге көзқарасы (мүгедектердің қоғамға бейімделуі, теңқұқықты болуы); төртіншіден, адам өмірінің қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі (көшеде, көлікте, үйлер мен ғимараттарда мүгедектерге арналған жағдайлар жасалмаған) ж.т.б. Бұл мəселелерді шешу үшін біздің пікірімізше мынадай нормаларды заңнамаға енгізу қажет: 1. Мүгедектерді тіркеу (есепке алу) жəне мүгедектіктің санатын анықтау тəртібін жеңілдету, 2. Кəсіпорындарда міндетті түрде мүгедектерге жұмыс орының болуын қамтамасыз ету (аумақтағы (облыстағы, аудандағы) жалпы мүгедектердің санына қарай), 3. Мүгедектердің білім беру, еңбек ету жəне басқа да орындарда қоғамдық ортадан бөлмеуге байланысты жағдайлар жасау, 4. Жаңадан құрастырылып жатқан ғиамараттар мен үйлерде, көшелер мен парктерде, қоғамдық көліктерде міндетті түрде мүгедектерге арнайы жағдайлар жасау, жабдықтармен қамтамасыз ету, 5. Мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету шараларын дамыту жəне т.с.с.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.