Қазақстан Республикасында мигранттар қылмысының мәселелері

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасында мигранттар қылмысының мәселелері

Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, жеке тәуелсіз мемлекет ретінде бөлініп шығып, өзінің заңнамалық базасын барлық жағынан қалыптастыруға керіскен болатын. Сонда бұл тек мемлекеттің ішкі құқықтық жағы емес, сонымен бірге мемлекеттің халықаралық аренада мемлекет ретінде танытып, өзінің мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық қарым-қатынасын кеңейтті. Қазақстан 1992 жылы БҰҰ мүшесі болды, содан бері бес негізгі құжатты ратификациядан өткізген болатын, олар: Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенциясы, Әйелдер кемсітушілікті жою туралы конвенциясы, Қинау және басқа қатыгездіктің, адамгершіліксіз немесе қадір-қасиетіне нұқсан келтіру түріндегі қатынасы мен жазалауға қарсы конвенциясы, Балалар құқығы туралы конвенциясы, «Босқындар мәртебесі туралы» БҰҰ-ның 1951ж. конвенциясы және соған қабылданған хаттамасы 1967 ж., Халықаралық Еңбек Ұйымының 15 конвенциясын қабылдады [1, 89].

Мемлекеттің миграциялық процестерге қатысты өзінің нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіруге байланысты, ҚР Конституцияның 12-бабының 4-тармағы негізінен, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы, «ҚР азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы заңы, «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 19 маусым 1995 жылғы №2337 ҚР Президентінің Жарлығы және т.б. халықтың көші-қонын реттеуіндегі құқықтық негізі қаланды. Демографиялық процестердің арасында халықтың миграциясы ерекше орын алады. Халықтың көші-қоны туралы заңында анықталғандай, миграция – бұл тұрақты немесе уақытша, еркін немесе мәжбүрлі түрде жеке тұлғаның бір мемлеккеттен екіншісіне, не іштей көшуді білдіреді. Ал еңбек миграциясын қарастырсақ, ол басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына не Қазақстан Республикасынан жеке тұлғаның уақытша көшуі, сонымен бірге мемлекет ішінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін көшу. Егерде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, оның территориясы арқылы транзитпен өту, көшу, кету, болу кезіндегі реттеу ережесін сақтамайтын шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды заңсыз мигранттар дейді [2, 2].

Ресей профессоры А.И.Долгова, миграцияның бірнеше түрлерін анықтап көрсетеді. Олар: а) стационарлық миграция (бұл адамдар басқа жаңа жерге қоныстанып, ол жердің тұрақты тіркеуінде болады, жұмыс істейді және т.б.); ә) маусымдық миграция, бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы уақытша көшіп жұмыс істеуді білдіреді. б) маятниктік миграция, бұл мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен күнделікті орын алмастырып жүруі. в) эпизодтық миграция, келу мақсатымен байланысты, тұрғылықты жерін уақытша ауыстыруы (іскерлік, туристік, жақын туысқандарына келу, демалу іссапары бойынша және т.б., мақсаттарымен байланысты) [3, 818]. Қазақстан Республикасына келген барлық мигранттардың контингенті, бірінші тәулік өткеннен бастап, қылмысқа деген белсенділігі арта түседі. Олар тарапынан террорлық не экстримистік қылмыстар жасалуы мүмкін, негізінен бұл – адам өлтіру, бұзақылық, алаяқтық, ұрлау, тонау, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату және т.б. сияқты түрлі қылмыстар жасалады. Қазақстанға келу кезінде тұрғылықты жерін мақсатты түрде таңдап, келген күнінде, мигранттардың қылмыстық жауапқа 73%-ы тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%-ы, 2%- дай төрт, не алты тәуліктен кейін жауапқа тартылған екен. Елордамызда жүргізілген анализге сәйкес, 30,6%-дай мигранттардың жасаған қылмыс көлемі мен сипатын құраған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстар- 18,7%-ы, ал 11,7%- ауыр қылмысқа, 11,2%- аса ауыр қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылған болатын [4, 18 ].

Қазақстан территориясы арқылы Орталық Азиядан Еуропаға өтетін транзиттік мигранттар, көбіне шетелдің валютасын не заңсыз есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту және улы заттарды тасымалдайды. Тәджікстан, Пәкістан, Иран және Ауғанстаннан Қазақстан территориясы арқылы Еуропа елдеріне таралып, ғасырлар бойы қалыптасқан созылып жатқан есірткі бизнесі құрайды. М.Б. Олкотт және Н. Удалова-Эварт анықтауынша, 1998 жылы Қырғызстанда Шу алқабында каннабис (жабайы өсетін сора) 400 мың га жерде өсіп жетілді және ол 500 тоннаға дейін өнім бере алады, ал алқап потенциалы жылына 6 мың тоннадай құраған. Бір ғана Иссык – Кульдің ауданында 1998 жылға Қырғызстан құқық қорғау органдарымен 1039 шаршы метр жердей заңсыз апиынның көкнәрінің егістігі анықталған және 246кг құрғақ апиыны тәркіленді. Өзбекстанның апиынның көкнәрі үлкен бөлігі Тәджікстан шекарасының қасында Самарканд, Кашкадарин және Сурхандаринның облыстарында өсіріледі. Тәджікстан территориясы Горно-Бадахшанның облысы ауған апиын көкнәрінің мекенінің негізгі буынына айналды. Файзабад (Ауғаныстан) бір килограмм апиын көкнәрінің бағасы 50 АҚШ доллар, Хорогте (Тәджікстанда) — 200 доллар, Оште (Қырғызстан) – 1000-нан 1500 долларға дейін, Алматыда (Казахстанда) 5 мың долларға дейін, ал Мәскеуде болса оның бағасы 10 мың долларға дейін жетті. Орталық Азиядан Ресейге есірткінің жеткізілуі жоғары деңгейде дамып жатыр. Ресей құқыққорғау органдардың мәліметінше, Орталық Азиядан өткен 1994 жылы 260 кг апиыны тәркіленіп, ал 1995 жылы — 1750 кг; 1996 жылы — 2 мың кг. 1997 және 1998 жылдары оның көлемі 20 есе өсіп және ол 40 мың кг дейін жетті [5, 18].

Біз, бірінші кезекте өз елімізде есірткі бизнесімен күресу үшін, оның дайындалу, жеткізу және таралу жолын анықтап алуып, күресу қажет. Транзиттік мигранттар есірткіні әртүрлі тәсілмен тасымалдайды. Көбінесе, бұл жануарлар не құстардың денесіне немесе әйелдер мен балалардың өз денесінің ішінде не заттарға тығу арқылы тасымалдап жеткізеді. Біздің елімізде есірткіні тарату жерлері болып оқу орындары, түнгі клубтар, вокзал және базарда сатылып белсенді түрде таратылады. Егер біз қазірден бастап есірткі бизнесімен күреспесек, бұл қоғамға әлеуметтік- экономикалық және әлеуметтік-психологиялық зардап әкеледі. Нашақор адам, өзіне қажетті есірткіні табу үшін, қаражаттың қажеттіліктері әсерінен қоғамдық қауіптілігі жағынан адам өлтіруден бастап ұрлыққа дейін барады, сонда әлеуметтік-экономикалық зардап әкеледі. Есірткі бизнесінің каналы прогрессивті түрде дамып отыр, оның ақша айналымының көлемі миллиард долларға дейін барады. Әлеуметтік-психологиялық зардап, бұл есірткі тәуелдігіне түскен адамның моральдық деградацияға ұшырауы және қоғамдағы тұрғын халықтың, өзінің болашақ ұрпақтарының қауіпсіздігі үшін пайда болған қорқыныш сезімін айтамыз.

Біз халықаралық деңгейде басқа мемлекеттермен ынтымақтастығымызды жетілдіруіміз қажет. Дамыған мемлекеттердің қолданып жатқан техникасын қарастырып, олармен есірткіге қарсы күресті жүргізетін тәжірибемізбен алмасып, біздің еліміздің шекарасында тұрған кеденге соңғы техника жаңалықтарын енгізуге тиіспіз. Есірткі бизнесінің айналымында жүрген адамдарды және соған қатысты көмектесуші не таратушы заңсыз әрекет жасап жүрген мигранттарды ұстап, қылмыстың алдын алу мен жолын кесу шарасын жүргізуге міндеттіміз. Қазіргі кезде, есірткі бизнесіне қарсы күресі ретінде, біз ұлттық заңнамамызды жетілдіріп және жазалау шарасын күшейтуіміз керек. Адамдарды саудаға салу адам құқықтарын бұзудың және бұл ЕҚЫҰ аймақтарында ғана емес, бүкіл дүние жүзінің қауіпсіздігіне қауіп төндіруді білдіреді. ҚР Бас Прокуратурасымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі 2009 жылы адам саудасы қылмыстарына байланысты қылмыстық істердің нәтижелеріне қатысты анализ жүргізген болатын. Жүргізілген анализге сәйкес, соңғы жылдары бұл қылмыстардың өсуі байқалады. БҰҰ және Халықаралық миграция ұйымының сарапшылардың анықтауынша, бүкіл дүниежүзінде адам саудасынан зардап шеккен құрбандардың саны жүз мыңдай тіпті миллионға дейін жетеді. Еуропа, Америка, Канада, Азия және жақын Шығысқа, Африка елдерінен жас әйелдерді жеткізеді. Пайда алушылары болып – трансұлттық ұйымның саудашылары және жеңгетайлары. Адам саудасының қылмыстық бизнесіне әйелдерді ғана емес, сонымен бірге экономикалық қылмыс секторының жарты бөлігін балалар саудасы алып жатар.

БҰҰ Жоғары Комиссарының адам құқықтары жайлы басқармасының мәліметінше, ТМД елдеріне 500мыңға жуық әйелдер сатылған болатын. Қазақстанның және басқа мемлекеттерінде әйелдер мен балаларды саудаға салу, бұл оның қауіпсіздігіне ғана емес, ұлттық генофондына дейін қауіп төніп жатыр. Адамдар саудасына ұлтқа және азаматтығына тәуелді емес, ұйымдасқан қылмыстық топтың желісі құрылған. Назар аударсақ, төмендегі белгілердің болуы, бұл мәселенің түсінуіне және объективті себептерін анықтайды. Біріншіден, Қазақстанның ТМД елдерімен шекараның ашықтығы; екіншіден, Қазақстанның ішкі және сыртқы мемлекеттер арасындағы миграциялық ағымының күшеюі, үшіншіден, бұрынғы кеңестік мемлекеттерге қарағанда экономиканың тұрақтығы және жоғары айлық жалақының төленуі; төртіншіден, ұйымдасқан қылмыстық топтың ғаламдануы, «тірі тауардың» жеткізілу жолының тұрақтығы мен мүмкіндіктерінің кеңеюі, біздің мемлекетті жеткізуші ғана емес, сонымен сатып алушы және транзиттік көпірі ретінде қарастырылады.

2006 жылы 2 наурызда ҚР Қылмыстық кодексіне адамды саудаға салу қылмыстардың (ҚР Қылмыстық кодесінің 113, 125, 128, 133 баптары.) бүкіл баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізген болатын. Қабылданған заңда сол санат бойынша қылмыс құрамын саралау белгілері кеңейтілді және жасағаны үшін жазалау санкциясы күшейтілді. Бұдан басқа Қылмыстық кодексте, біріншіден (275-1 бап) адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алғаны үшін жауаптылық көзделген. Адам құқықтары жайлы Комиссиясының ұсынысы бойынша үшінші тұлғалармен жезөкшелікпен айналасуға пайдалану және адамдарды саудаға салумен күресу туралы БҰҰ- ның Конвенциясы 2008 жылы ратификацияланып және де 1926 жылы құлшылық пен құлдарды сатудың алдын-алу туралы БҰҰ-ның Конвенциясы және оның 1953 жылғы Хаттамасы, 1956 жылы құлшылық пен құлдар сатуды жою және құлдыққа ұқсас институттар мен дәстүрдің қосымша Конвенциясы. Сонымен бірге, Адам құқықтары жайлы Комиссиясының ұсынысы бойынша 2008 жылы қатар ратификацияланды: адамдарды саудаға салудың жолын кесу және алдын алу туралы хаттамасы, негізінен әйелдер мен балаларды, оның жазалануы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясын толықтыру ретінде; бүкіл тұлғалардың күштеп жоғалудан қорғау Халықаралық конвенциясы.

Адам саудасын тергеуге қатысты әдістемелік ұсыныс құрастырылған болатын. Әдістемелікте қылмыстық құқықтық саралау көрсетілген, адам саудасын тергеу және ашу әдіс тәсілдерін, қарым- қатынас сұрақтары, тергеу әрекеттерінің бастапқы тактикалық негіздері, тергеудің реттілігі және қорытынды кезеңдері. Елімізде адам саудасының фактілерін анықтау мақсатында, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, адамды ұрлау және нәпсіқұмарлық немесе басқа түрде пайдалану үшін заңсыз бостандығынан айыру түрінде қылмыстарға қарсы құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде жедел іздестіру және алдын алу шаралары жүргізіледі. Адамдарды саудаға салу және құлдардың еңбегін пайдалану, заңсыз миграциясы саласында қылмыстарды тергеу және ашу, анықтау, алдын-алудың әдістемелік негізін орындауға қатысты, Қазақстан Республикасының ІІМ-де арнайы бөлім құрылған болатын. Адамдар трафигіне қатысты қылмыстар және адамды саудаға салу фактілерін анықтау мақсатында, Республика территориямызда ішкі істер органдарымен әрбір квартал сайын «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Мысалы, 2009 жылы наурыз айында ҚР ІІМ бастамасымен, «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы шегінде, ОО «Қазақстан дағдарыс орталығының одағы» және АҚШ елшілігімен бірге «Адам саудасының құрбаны болма» атты агитпоезді жіберумен республикалық акциясын өткізген болатын. 2009 жылы жедел профилактикалық іс-шарасын өткізудің қорытындысында адам саудасының 183 фактісі анықталды. Сонымен бірге, «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасының реті мен қорытындысының негізінде бұқара ақпарат құралдарында 56 видеосюжет және 316 материалдар жіберілген болатын.

Негізінен сол қылмыстар бойынша 465 қылмыстық істер қозғалды, бұл өткен 2008 жылынан 390 істерден артып жатыр. Бұл қылмыстар түрінің көбеюі негізінен ҚР ҚК 128б. Адамды саудаға салудың 29,4%, ҚР ҚК 133б. кәмелетке толмағандарды саудаға салудың 3 есе және ҚР ҚК 125б. 3б. «б» тармағы бойынша адамды ұрлаудың — 38,8%. Осыған орай, қозғалған қылмыстық істердің ҚР ҚК 270б. (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша 14,3% және ҚР ҚК 271б. (жеңгетайлық) бойынша 5,5%. 2009 жылы 8 қаңтар айында Атырау облысының ІІД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында, КГКП «Атырау облысының перзентхана үйі» өзінің қызмет кабинетінде бас дәрігер Ж. ұсталды, ол К. азаматқа жаңа туған баланы 5000 АҚШ долларға сатқан болатын. Сол күні анықталған фактісі бойынша ҚР ҚК 133б. 2б. «з» тармағы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) оған қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Атырау қ. Сот үкімінің 14.05.2009 жылдан бастап Ж. ҚР ҚК көрсетілген бабы бойынша кінәлі деп 7 жылға бас бостандығынан айырды. 2009 жылы 17 ақпанда Ақмола облысының Шортанды ауданында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында К. және Ш. кәмелетке толмаған қыз баланы нәпсіқұмарлық сипатында қызмет көрсету үшін саудаға салған болатын. Шортанды ауданының ІІБ жоғарыда көрсетілген азаматтарға қатысты ҚР ҚК 133б. 3б. «а, в, д, ж, к» бойынша қылмыстық іс қозғалды және 14.04.2009 жылы Үкімі Ш. 8 жылға және К. 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Жүргізілген анализ көрсетіп отырғандай, бұл қылмыстар екі түрге бөлінеді: нәпсіқұмарлық сипаттағы және заңсыз еңбекті пайдалану мақсатта жасалады. Бірінші топ бойынша қылмыстардың ҚР азаматы негізгі бөлігін 16 жастан 25 жасқа дейінгі әйелдер алып жатыр. Қылмыстар көбіне жасырын және оны ашуға өте қиын[6, 78]. Қазақстан Республикасының дүниежүзінде басқа мемлекеттерге және халықаралық ұйымдармен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және бейбітшілік саласында қарым- қатынасы тығыз байланысқан. Негізінен, Қазақстан жеріне келіп-кетушілер ішінен негізгі бөлігін ТМД елдерінің азаматтары құрайды. ТМД елдерімен визасыз режимінің енгізілуі көшіп- қону саласында белгілі бір жеңілдіктерді туғызды. Көрші мемлекеттерден әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. әлеуметтік өмір сүру жағдайы төмен елдерінің халыққа тартымды етеді. Жақында Қырғызстандағы болып өткен көтерілісі қырғыз халқының жағдайын күрт төмендетіп жіберді. Сондықтан Қазақстанның жері, негізінен Астана мен Алматы қалаларының әкімшілік-саяси және экономикалық-географиялық құрылымы ерекше маңызға ие қалалар. Шетел азаматтары Қазақстанның шекарасынан тіркелу пунктінен миграциялық карточкасын алып тіркелуден өткеннен кейін, мақсатына сай анықталған жеріне барып 5 тәуліктің ішінде миграциялық полицияда тіркеледі. Егерде осы мерзім ішінде тіркелмесе, оның кейінгі әрекеттері заңсыз болады. Ал тіркеліп үлгерсе онда бұл миграциялық карточканың мерзімі 3 ай, ал кейін оны тағыда 3 айға дейін ұзартуға болады. Сонда жалпы мерзімі 6 ай тіркеуде тұрады. Егерде оның мақсаты жұмысқа келу болса, онда оған жұмыс істеуге арнайы рұқсат қағазын беріп, оның жалпы әрекет ету мерзімі 1 жылға ғана берілуі мүмкін. Осы көрсетілген мерзім өткеннен соң, шетел азаматы қайтадан өз еліне барып, қайтадан сол әрекеттерді орындайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.