Қазақстан Республикасындағы діндік жағдай

Home » Рефераттар » Қазақстан Республикасындағы діндік жағдай
Рефераттар Комментариев нет
Қазақстан Республикасындағы заманауи діндік жағдай және онымен күрес бойынша іс-шаралар. Әлемдегі болып жатқан оқиғалар үнемі терроризм және діни экстремизм жөнінде ойлануға мәжбүр етеді. Алайда «діни экстремизмнің» нақты түсіндірмесі әлі күнге дейін анық емес. Жай діни сипаттағы үндеу мен экстремистік бағыттағы үндеу арасындағы шек аралығын қалай анықтауға болады? Дұрыс жауапты қайдан табуға болады және оны кім береді? Қазіргі уақытта түсіндірме сөздіктерде экстремизмге бір ғана анықтама беріледі — бұл шекті көзқарасқа және шамаға жол ұстаушы (әсіресе саяси). Ал діни экстремизм жөнінде мүлдем айтылмайды. Бұл өмірге және билікке наразы болған көптеген адамдарды экстремистерге жатқызуға болады дегенді меңзейді. Ойланып қарасақ, егер де діни экстремизм терминінің нақты және кең анықтамасы мүлдем болмаса, онда қалайша экстремистік бағыттарға теологиялық сараптамалар жүргізуге болады? Және егер нақты анықтама болмаса, қалайша діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Осы жағдайда теологиялық сараптаманың рөлі мен жауапкершілігі өте маңызды. Теологиялық сараптама — жоғары зейінді, біліктілік пен уақытты талап ететін, еңбекті көп қажет ететін іс. Адамдарды немесе әдебиеттерді терроризм немесе экстремизм үшін айыптауға асығуға болмайды.

Жалпыға мәлім, заманауи жағдайда жаппай дүниежүзілік қоғамдастық үшін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен басқа да мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына төнген шынайы қауіп-қатер оның әртүрлі нысандарында көрініс табады. Әсіресе, конфессияаралық қақтығыстардың пайда болуына және ушығуына әкеп соғатын діни ұранды қалқалайтын экстремизм өте қауіпті.

Діни экстремизмнің негізгі мақсаты — өздерінің діндерін жетекші ретінде тану және басқадай діни конфессияларды өздерінің діни наным жүйесіне еріксіз көндіру арқылы оларды басу. Экстремистердің алға қойылған міндеті ретінде құқықтық нормаларын жалпы халыққа тән діни нормамен ауыстыру жолымен жекелеген мемлекет құру. Діни экстремизм көп жағдайда өздерінің өркениетінің іргетасын жаңғыртуға ұмтылудан тұратын, оны жат жаңашылдықтан шеттету арқылы, оған шын келбет қайтаратын діни фундаментализмді жақтайды. Көптеген елдер осындай діни пайда табуды көздейтін экстремистік ұйымдардың әрекеттерімен бетпе-бет келуде, бұл аралықта Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Қазақстанда және басқа да мемлекеттерде белсенді әрекет етіп келе жатқан экстремистік ұйымдардың бірі — «Хизбут-Тахрир» болып табылады[ii]. Діни-экстремистік ұйымдар жақтастары біздің еліміздің азаматтарын өздерінің қатарына көптеп тарта бастады. Экстремистік мазмұндағы әдебиеттердің таралу фактілері жиі байқалады. Діни-экстремистік ұйымдардың жетекшілері бостандыққа шыққаннан кейін осы ұйымдардың жақтастарының қатарын толықтыратын еліміздің пенитенциарлық мекемелердегі жазасын өтеуші адамдардың ортасында таза дінді жоққа шығаратын уағыздар айту әрекеттері байқалуда. 2005 жылдың 28 наурыз күні Бас прокурордың ұсынысы бойынша Астана қаласының соты «Хизбут-Тахрир» ұйымын экстремистік ұйым деп танып, оның Қазақстан аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарды.

Аса қауіпті және белсенді әрекет ететін экстремистік ұйым «Такфир» ұйымы. «Такфир ва-ль Хиджра ва-ль Джихад» сектасының идеологиясы — басқаларды дінге сенбеушілер ретінде айыптау, қоғамнан оқшаулау және осы қоғамға қарсы қарулы қақтығыс ұйымдастыру. Мұндай қақтығыстарға өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарында Египет мемлекетіне қарсы қастандық үшін айыптау бойынша қамауға алынған «Мұсылмен бауырлар» атты ұйымның белсенділерімен жасалған әрекеттерді айтуға болады. «Мұсылмен бауырлар» ұйымының ұсталған мүшелерінің көпшілігі азап шектіріліп және өлім жазасына кесілген. Психологиялық қысымшылдықты бастан кешірген, тірі қалған «бауырлар» және олардың өш алуға деген ынтызар болуы арықарайғы осындай ұйымдардың идеологиялық батылдықтарына елеулі әсер етті. Өкінішке орай, бүгінде «такфир» идеологиясы белгілі бір деңгейде еліміздің мұсылман жастары ортасында да кең таралғаны көңілді қынжылтады. Төзімсіздік және сектанттық қазақстанның мұсылман қауымын жегідей жеп, бауырларымызды теріс нанымға икемдеп және азаматтарымызды бір-біріне қарсы қоюда. Қарапайым көрініс, кейде мешітте діни нанымдарының қайшылығынан бір қатарда тұрып ғибадат етуден бас тартатын және осының салдарынан бір-бірін сенбеушілікке айыптайтын жөнсіз келеңсіздіктерді байқауға болады. Отбасында балалар сенбеушіліктен бір үстелде ата-аналарымен тамақтанбайды. Кейбіреулері мешітке, имамға барудан бас тартады, олардың пікірі бойынша олар дінге сенбейтін билікпен тағайындалған деп санайды.

Осының барлығы Қазақстандағы жастар ортасындағы өркен жайып келе жатқан таза діни сенім белгілерінің берекесін қашырады. Бұл мәселенің дұрыс жолға қойылуына тек «такфир», «хиджра» және «джихад» ұғымдарын қоса отырып барлық адамдарға діни сұрақтары бойынша құранның шынайы ұстанымдарын түсіндіру жолымен ғана қол жеткізуге болады деп санаймыз.

Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұсылман елдері бір бағытта күш жұмылдыра «мейірімділік, ізгілік, шыдамдылық және әділеттілік діні ретінде исламның оң бейнесін» қалыптастыруы тиіс деп санайды. Астана қаласында өткен Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумында айтылғандай, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, «Ислам елдерінің ұлы ілімнің беделін түсіруге жаһандық және аймақтық деңгейде қарсы тұра алатын ортақ медиалық жобалар жөнінде ойланатын кез келді»[iv].

Діни экстремизмнің пайда болуына себепкер болатын басты себептері ретінде шетелдік дінге үндеушілердің қызметін, Қазақстандағы дінаралық шиеленістерді реттеудің құқықтық аспектілері жоқ екендігін көрсетеді. Азаматтардың айтарлықтай деңгейде экстремистік нысандағы діни ілімге қатысулары халықтың көпшілігінің діни сауатсыздығының көрінісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаев ислам «күрделі саяси күйзелісті» бастан өткізгенін, ал «көптеген жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары исламды ұлттық қауіпсіздікке, мәдени және діни қаймағына іріткі салушы қауіп-қатер ретінде түсіндіретінін» атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «исламның өзі дін ретінде ешқандай дағдарысты сезбейді», оның көзқарасы бойынша қазіргі таңда 1,5 миллиардтай адамға жететін және бірегей монолит болып табылмайтын исламдық қоғам жаңғырту қажеттілігін мәлімдеді.

Ерекше зұлымдықтың үштігі ретінде терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес жүргізуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) да көп көңіл бөлуде. Бұл ұйым құрамына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдері кіретін «Шанхай бестігі» негізінде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы діни экстремизмді насихаттауға, сондай-ақ саяси мақсатта конфессияаралық өзгешіліктерді пайдалануға бағытталған әрекеттерді жасауға тыйым салады.

«Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңында адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, Қазақстан Республикасының егемендігін, тұтастығын, және оның қол сұғылмаушылығы мен өңірлік, ұлттық қауіпсіздігіне қатысты бөлінбеушілігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері анықталады. Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл келесідей басым бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: экстремизмді ескертуге бағытталған профилактикалық шаралар, оның ішінде оның жүзеге асырылуына себепші болатын себептері мен шарттарын анықтау және жою; экстремизмді анықтау және жолын кесу; экстремизмге қарсы іс-қимылдың халықаралық ынтымақтастығы және т. б. Мұсылмандар және православтар бүлдіргіш күштер мен экстремистік ұйымдармен күрес жүргізуде билік үшін тірек болуы тиіс деп санайды Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясындағы сөйлеген сөзінде «Мен, біздің еліміздегі діни істер жөнінде ерекше атап өткім келеді — бұл жерде бізге мынаны ұғынып алуымыз керек және біздің мұсылман және православ христиандары ұйымдары біздің діни қатынастарымызға Қазақстанға ой-қиялдары бізге қажеттіден мүлдем басқа әртүрлі секталар мен ұйымдардың кірігу қаупінен сақтауда көшбасшы болуы тиіс» — деді.

Нақ осындай бір жүйеге келіп экстремизммен күрес жүргізу қажет, шындығында олардың біздің қоғамымызға кірігуі үшін жол бермеуіміз керек, діни экстремистік көзқарастарымен біздің халықтың ақыл-ойын еліктіріп әкетуге жол бермеуіміз керек. Ең бастысы, бүгін ерте, ал ертең кеш болып қалатынын есте шығармауымыз абзал. Исламның болмысын бейбітшілік пен мейірімділіктің, төзімділік пен әділеттіліктің діні ретінде қалыптастыруға баршамыз бірге күш салуға тиіспіз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.