Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің конституциялық – құқықтық мəртебесі

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің конституциялық – құқықтық мəртебесі

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» — бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сөзі. Бұл тұжырым мемлекеттік мəртебеге ие болған қазақ тілінің ертеңгі келешегін айқындығын көрсетеді. Ежелгі қазақ жерінде тəуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7- бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн жəне тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды [1, 42 б.].

Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті. Қазақ тілі өркендей бастады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін əрқашан есте сақтауымыз керек. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мəселесі де болады. Қазақ тілінің мəселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мəселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі. Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген [2]. Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мəртебесін нақты белгілеу туралы əр түрлі талаптар мен өтініштер бар. Қазір республика көлемінде қызу талқыланып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы — осының кепілі. Оның үстіне, Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту жəне енгізу жөніндегі уəкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр [3].

.

2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау əрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет жəне қоғамдық-саяси, əлеуметтік кəсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру. Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсеткен. Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бəрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Мысалы, прокуратура саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нəтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс- қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.

.
.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Кез келген тілдің болашағы — балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы — ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең əуелі əрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Əр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін- өзі ақтамайды. Əр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің əрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мəніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -, дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тəуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дəл орыс тілінше қолданылуы үшін бəрін істеу қажет» — деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси- экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл — əр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мəртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тəнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі əлемдік мəдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мəртебені талап ете алады [4]. Тəуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тəңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті əрі оның өзіне тəн ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Бұл дүниеде күн шыққанда күліп оянған адамның бақытынан асқан ештеңе жоқ. Қазақстан жəне оның басшылығының жүргізіп отырған саясаты адамдарды жақсылыққа кенелтіп, келешекте бұдан да ғажап өмір сүретінімізге нық сендіреді. Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мəртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.