Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне оның халықаралық құқықтығы ерекшелігі

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне оның халықаралық құқықтығы ерекшелігі

Конституция мемлекеттің негізгі заңы жəне ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет жəне құқықтың əлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мəнін анықтайтын базалық идеяларды білдіреді.Конституцияда мемлекеттік реттеудің мəні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық жəне халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген [1]. Халықаралық шарттардың маңыздылығының өзі еліміщдің Конституциямызда ерекше орын алған. Оны біз Конституциямыздың 4 бабына сілтеме жасай отырып куə боламыз. 1.Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. 2.Республика бекіткен халықаралық шарттың Республика заңдарынан басымдылығы болады, жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады. 3.Барлық заңдар Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Конституцияның ерекше белгілері белгілеріне тоқталатын болсақ, қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын мінездейтін əлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады [2]. 1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, əдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) жəне саяси құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мəні жағынан əлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мəлімдеген. ХХ ғасырдағы əлеуметтік шиеленістердің нəтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, əлеуметтік-мəдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дəстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға «социалистік» деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары көп əсерлерін тигізді. Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда болды. 2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең жəне төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мəжілісінің, Сенатының жəне мəслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі — əкімшілік пен конституциялық əділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б. [3]. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі əрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мəселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге пактілер, конвенциялар, жəне т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі əрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз əсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» жəне «барлық заңдар, Республика қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», делінген тұжырымдар осының куəсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмəн жоқ..

Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сəйкес заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың жəне өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4 бап). Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Нормативтік-құқықтық актілер – құқықтың ең басты қайнар көзі, негізі ретінде танылады. Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Қазақстан Рес-публикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау жəне олардың күшін жою туралы» 1995 жыпғы 12 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығы Республиканың халықаралық шарттарына байланысты мəселелерді реттейді [4]. Қазақстан Респубпикасының халықаралық шарттары — ол Қазақстан Республикасының шет мемлекет пен (немесе мемпекеттермен) не халықаралық үйымдармен жазбаша түрде жасалған жəне мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше қүжатта бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның, нақты атауына тəуелсіз халықаралық қүқық пен реттелетін келісім. Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік маңызы бар жəне мемлекеттің егемендік кұқығына дейінгі көкейкесті мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттары бекітуге жатады. Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сəйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мəжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сəйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді жəне қолданысқа енгізілмейді.

Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі- Конституция. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші жəне қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші жəне ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді.Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет.

Əдебиет: 1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.- Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,- 26-32б. 2. Жакупова А. Конституция – основа развития государства // Заң жəне заман.-2005ж. №9-17б. 3. Ынтымақов С. Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мəселелері // Заңгер.-2005ж.- №12.-42-44б. 4. Мустафаев Қ.А. Құқықтық тəлім — тəрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары // Заң.-2005ж.- №5.-31-33б. 5. Ағдарбеков Т. Мемлекет жəне құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.