Қазақстан Республикасының жер мониторингін құқықтық реттеу

Главная » Рефераттар » Қазақстан Республикасының жер мониторингін құқықтық реттеу

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды, алынатын өнімдердің және тұрғындардың өмір сүруінің экологиялық қауіпсіздігін жоспарлау мен басқару саласындағы бірқатар проблемаларды шешу үшін мемлекеттік басқару органдарында, жер иелері мен пайдаланушьшарда жерлер жағдайы туралы, оларда болып жатқан өзгерістер туралы, олардың әрі қарай дамуын болжау туралы толық және жан-жақты ақпараттар болуы қажет, басқаша айтқанда, нарықтық экономика талаптарын қанағаттандыратын жер мониторингі болуы керек. Жер мониторингінің мазмұнын топырақ, агрохимиялық және геоботаникалық зерттеулер, стационарлық пункттердегі жүйелі түрдегі бақылаулар (стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдар, полигондар, кескіндер), сызықтық және көлемдік түсірістер, іздестірулер басқа да материалдар құрайды. Сонымен қатар, облыс жерінің басым бөлігі сапалы жоспарлы-картографиялық, топырақ және басқа да зерттеу материалдарымен, мониторинг мәліметтерімен қамтамасыз етілмеген. Осы проблеманы жер үсті әдістерімен және осы жұмыстарды жүргізудің ескірген технологиялары бойынша шешу мүмкін болмай отыр.
Табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу, жер ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу; жер мониторингі желісін дамыту және оның деректері негізінде келеңсіз процестерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде ландшафтық-экологиялық тұрғыдағы тәсілдерді іске асыру; жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында ғылыми-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етуді қажет етуде. Жерге орналастыру — мемлекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады. Қазіргі кезде және алдағы жылдарда жерге орналастыруда «Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарында» белгіленген едәуір көлемді жұмыстарды орындау міндеті тұр.
Осыған байланысты қойылған міндеттердің айрықша маңыздылары келесідей: жер қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жерге орналастырудың және жерді аймақтарға бөлудің республикалық; облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) әзірлеу, мемлекеттік жер кадастрын жетілдіру, оны автоматтандырылған режимде құру және жүргізу; жерді тиімді пайдалану, топырақ қүнарлылығын сақтау мен жетілдіру, жер мониторингін енгізу, жер ресурстарын қорғау жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаны әзірлеу; зертгеу және іздестіру жүмыстарын жүргізу; жерді бағалау жұмыстарын жүргізу, егістік жерді есепке алуды жүргізу және өзге де шаралар. Республика аумағында жер мониторингін жүргізу үшін 732 стационарлық бақылау пунктері бар, олар республиканың барлық табиғи — ауыл шаруашылық аймақтарында орналастырылған.
Жер мониторингін жүргізу нәтижесінде белгілі болып отырғандай, шөлейттену процесстерімен Қазақстан аумағының 70 пайызы әр түрлі мөлшерлерде ұшырап отыр, ал жел және су эрозиясына ұшырап отырған жалпы жер көлемі 30 миллион гектар, оның ішінде егістік жерлер 1,6 миллион гектар.
Бұл ретте барлық егістік жерлердің (23,5 миллион гектар) сипаттамасына келетін болсақ, 15,8 миллион гектардың сапасы жақсы; 3,9 миллион гектар тұзды және сортаң жерлер, жел және су эрозиясына бейім жерлер 1,6 миллион гектар; 1,3 миллион гектар қиыршық тастақталған және 0,4 миллион гектар шамадан тыс ылғалданған жерлер болып отыр. Сондықтан да мемлекет алдында жер қатынастары саласында келешекте тұрған үлкен міндеттер қатарына ауыл шаруашылық жерлерінің қорғау мен тиімді пайдалану міндеттемелері тұр деп те айтуға болады.
Елбасы ағымдағы жылғы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндетгерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті — ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптан-дырудың басты бір сегменгі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі — 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі — елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі — экспорттық әлеуетті іске асыру. Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологаяларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану — бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылыгында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пай-далану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өңдірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады.
Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91,7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер — 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыс-тарыңда шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Дегенмен, суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған, оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді паидалануға кері әсерін тигізуде.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.