Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар

Главная » Рефераттар » Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар

Алғашқы қауымдық құрылыс 

Көптеген жылдар бойында Қазақстан территориясын, оның далаларын мал өсіретін тайпалар мекендеген. Бірақ мал өсіруші тайпалардың басқа тайпалардан қай уақытта бөлінгені ғылымға белгісіз. Қазақстан далаларында алғашқы мал өсіретін тайпалар көшіп-қонып жүргенде Сібір мен Алтайдың көптеген тайпалары аң аулаушылықтан, жеміс теруден, алғашқы огородпен шұғыл­данудан мал өсіруге көше бастады. Азияның көптеген елдерінде мал өсірумен шұғылданатын тайпалар орман-тоғайлы жерлердегі халықтармен байланыста болған. Мысалы, монголдар тоғайлық және далалық болып бөлінеді. Далалық қазақтардың арғы тегінің оңтүстік сібірдің орманды жерлерінің тұрғындарымен тарихи байланысы болғаны белгілі. Бұл халықтардың тілінде, діни ғұрыптары мен түсінік­терінде жалпы ұқсастық көп.

Екінші жағынан қарағанда, мал өсірумен шұғылданатын тайпалар Азияның жермен кәсіптенетін тайпаларымен тығыз байланыс жасағаны мәлім. Мал өсірушілер ремесла (қол өнері) мен жерден алынатын өнімдерді қажет ететіні белгілі. Уақыт өте келе мұндай байланыстар өмірлік қажет болды. Көшпелі халықтарға металл заттары, астық (бидай, тары), маталар, әртүрлі үйге керекті инвентарлар, әшекей заттары керек болатын. Осы тағы басқа заттарды көшпенділер Орта Азия, Индия, Қытай, Россия сияқты елдердің отырықшы халықтарынан малға айырбастап алатын. Көшпенділер жорықтар кезінде Орта Азия­ның жер өңдеуші аудандары мен қалаларына тек табыстың көзі деп қана қараған жоқ, олардан мал шаруашылығына қажетті шаруашылық құралдарын және тұтыну құралдарын айырбастап алудық көзі деп есептеді. Қысқасы, мал өсіретін халықтардың жермен шұғылданатын халықтар цивилизациясымен байланысы еңбек бөлісін жедел­детті, мұның барынша үлкен тарихи маңызы болды. Қазақстан территориясында алғашқы қауымдық құрылыстан бастап оның ыдырауынан таптардың және мемлекеттің пайда болуы аралығын байқауға болады. Археологиялық қазбалардың көрсетіп отырғанындай б. э. д. ІІ мыңыншы жылдың басына дейін тас құралдарын пайдаланған. Тек б. э. д. XVI ғ. ғана мыс және қола қаруларына көшу болған. Андронов типтес мекендерде (Ачинск қаласына жақын жердегі Андроново деревнясы, 1914 ж.) табылған еңбек құралдары Қазақстанның 30-дан астам жерінде кездеседі. Бұлар тас құрал­дары (неолит) және қоладан жасалғандар еді. Осы археологиялық олжаларға қарағанда олар, яғни сол заманның адамдары аң аулау, балық аулаумен шұғылданғаны байқалады. Сонымен қоса олардың шаруашылығында мал өсіру, огород, жер өңдеудің бастамасы болғанын көреміз.

.

Бірақта, б. э. д. II мыңыншы жылдың аяғы мен I мың жыл­дықтың басында шаруашылықтың  жаңа түрі-көшпелі мал шаруа­шылығы дами бастайды. Қазақстанның далалық аудандарын игерген мал өсіруші тайпалар әліде алғашқы қауымдық құрылыста болған. Жер, мал толығынан рудың, тайпаның меншігінде болатын. Рулардың басшылары (старейшиналары – ақсақалдары), тайпа көсемдері халық жиналысында сайланатын, олар қоғамдық функциялар атқара­тын: ең қолайлы деген өрісті іздеп табатын, қыстауды іздейтін, жауынгерлер бөлімін басқаратын, қоғамдық сот ісімен шұғылданатын, т. б. Мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айналуына байла­нысты жеке меншіктің пайда болуына себеп болды. Еңбек құрал­дарына және қаруларға (мотыга, тас немесе металл балға, пышақ, найза, садақ пен оның оғы) жеке меншік ешкімге де артшылық берген емес, бірақ малдарға, табынға (малдың) жеке меншік пайда болды. Малдың қолдағы санына қарай қоғамда антаго­нистік таптар қалыптасады, қоғам байларға, кедейлерге бөлінді.

Ең бастысы – малдың көп санына ие болу оған күш әкелді, ол күшпен қауымның санасуына тура келді, сөйтіп адамдарды қанаудың материалдық көзі пайда болды, мұның әсіресе малы жоқтарға қатысы үлкен еді. Табынның, малдың жекелеген семьялардың қолына көшкен­дігі, жеке меншіктің пайда болуы туралы, оның қай кезде болған­дығы туралы бізде мағлұматтар жоқтың қасы. Қазақстан жерін­дегі өмір сүрген барлық тайпалар малға байланысты жеке меншіктің формаларын білген, осыдан бара-бара таптар пайда болады. Алайда, көптеген ғасырлар бойында таптар рулық ұйымның көлемінде өмір сүрді. Бірте-бірте бай мал иелері рудағы, тайпадағы, тайпалар одағындағы жоғарғы қызметтерді өздері иеленді, қоғамдық байлықты өз мақсаттарына жұмсады. Жекелеген семьялардың байлығының өсіуне қарай қоғамда семья басшыларының билігі арта түсті, екінші жағынан қатар­дағы қауымдастық мүшелерінің басшыларға бағынышты­лығы артты. Бірақ рулық ұйым енді таптық қарама-қайшылықтарды тоқтата алмады. Сөйтіп, мемлекеттіктің алғашқы бастамасы пайда болады, дамый түседі, осымен қатар қоғамда тайпалық ұйымда өмір сүрді. Қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне байланысты, яғни бай мал иелері мен сіңірі шыққан кедейлердің, одан әрі құлдардың пайда болуы, даланы басқа тайпалардың игеруі – міне осының барлығы мал өрістерін табу, іздеу, бағу функциясының маңыздылығын көрсетеді. Ру мен тайпа басшылары бұл жұмысты халықтың үстінен қарайтын билікке айналдырды.

Хандар, бектер, тархандар және рудың басқа да ақсүйектері көшпелі өмірдің артықшылығын пайдаланып (әскери жағынан), өздерінің әскери бөлімдерін жаңа жерлерді жаулап алуға, пайда табуға пайдаланды, Қытайға, Орта Азияға, Руське жорықтар ұйымдастыратын. Көшпелі халықтарда мемлекеттің қалыптасуы жүздеген мыңдаған жылдарға созылды және қүрделі формада қалыптасты. Көптеген ғасырлар бойында мал иеленуші аристократияның мақ­саттарын қорғау, олардың халықтың үстінен таптық үстемдігін қамтамасыз ету, барлық көшпелі қауымның жайылымдыққа деген мұқтажын орындау және маусымдық жайлымды дұрыс бөлу, жермен шұғылданатын халықтармен тұрақты және өмірлік маңы­зы бар қатынастарды қамтамасыз ету, сыртқы жаулардан қорғану т. б. мәселелер мемлекетке дейінгі мекемелер мен институттар тарапынан атқарылып келді.

Қазақстанның кең даласын мекендеген көшпелі тайпалар біздің эрамыздың басында осындай мемлекетке дейінгі құрылым­дарды ұйымдастырған. Бұлар таптық және қоғамдық функция­ларды орындады. Мұнда ірі мал иелері-байлардың, ру аристо­краттарының мақсаттары шешуші роль атқарды. Алғашқы қауымдастық-рулық құрылыстың ыдырауының дәуірін әскери демократияның заманы деп атайды. Сак тайпа­ларының тұсында-ақ көшпелі халықтарда қоғамдық құрылыстың классикалық формасы қалыптасқан, олар әскери демократияның және таптар қалыптасуының стадиясында болатын. Мұны мынадай схеманы негізде көрсетуге болады: туысқан семьялар тобы-көшпелі қоғам-тайпа-тайпалар одағы. Көшпелі қауым патрономиялық семьядан тұрды, ол өндірістік, территориялық белгілерге негізделген, сонымен қоса біріккен семьялар рулық институттардың жерінің негізінде құрылады. Алғашқы қауымдық құрылыстың Қазақстан жерінде ыдырауы біркелкі болмады, бұл процесс сақ дәуіріне дейін басталып, сак дәуірінде толық аяқталды. Ең алғашқы үлкен еңбек бөлісінен кейін семьяның шектелуі басталады (алғашқысында үлкен патриархалды, кейінен-кіші моногамды). Тайпа – бұл адамдарды ұйымдастыратын шаруашылық формасы ғана емес, сонымен қоса ол қоғамдық билік жүргізудің де ұйымы; мұнда өкімет билігінің ерекше органдары пайда болды – олар: тайпалық совет, жоғарғы көсем және әскери бастық.

Тайпалық одақтар алғашқы қауымдық құрылыс тарауы кезіндегі әлеуметтік бірліктің ең жоғарғы типі болды. Қазақстан тайпаларының басым көпшілігі сак тайпалары одағына кіргендік­тен және савромат тайпалық конфедерациясына мүше болған­дықтан, осы әлеуметтік өзгерістер оларды толық қамтыды. Б. э. д. VII-IV ғғ. Евразияның этникалық және саяси картасы біркелкі болмады. Саяси одақтардың жақындасу, консолидация­лану процессі жүріп жатты, ол процесстер әскери қақтығыстар­мен қабаттасты. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Орта Азия, Тува, Поволжье халықтарымен тығыз байланыста болды, ертедегі әлемнің цивилизациясымен араласып байланыс жасаған. Сак тайпалары мен одақтары сол дәуірдің көптеген тарихи оқиға­ларына қатысқан. Сактар Қазақстан мен Орта Азия территориясында мекендеген халықтардың ішіндегі ең көбі болды б. э. д. VII ғ. Арал теңізі бойындағы кең далада көптеген массагет тайпалары болған. Ертедегі грек географы Страбон былай деп жазған: олар аралдарда тұратындар жеміс жинау немесе жағада тұратындар – балық аулаумен немесе мал өсірумен шұғылданатын. Сактар, массагеттер және сарматтар, басқа тайпалар рулық құрылыста болатын. Сактар мен сарматтарда әйелдер еңбек процессінде, соғыста, халық жиналысында ер адамдармен тең дәрежеде болатын. Бірақ тайпа көсемдерінің ішінде тек еркектер ғана орын алатын. Осы тайпалардың барлығы VI-III ғғ. б. э. д. тарихи оқиғалар­ға кеңінен қатысқан: VI-V ғғ. Дарий мен Ксеркстің жорықтарына қарсы тұрды, IV ғ. Александр Македонскийдің шабуылына тойтарыс берді, ІІІ ғ. А. Македонскийдің мұрагерлеріне қарсы көтеріліске қатысты.

Үйсіндердің, қаңғылардың және ғұнндардың әскери демократиясы (б. э. III-IV ғғ.)

 

Ертедегі Қазақстанның тарихында сактарды ауыстырған, орнын басқан – үйсіндер, қаңғылар, хунндар үлкен із қалдырды. Олар 600 жылдың ішінде б. э. д. ІІІ ғ. б. э. санауымыздың ІІІ ғ. аралығында алғашқы қауымдық құрылыстың үстемдігінен оның күйреп тарауына дейінгі аралықтан өтті. Үйсіндер жетісуды мекендеді, яғни олардың шекарасы солтүстік Балхашпен, оң­түстік Иссык көлмен; шығысында Іле, батысында Шу өзені және Тянь-Шан тауларымен шектелген. Үйсіндерден солтүстік-батысқа қарай қаңғылар (кангюй) тайпалары орналасқан. Қаратау мен Сырдарьяның орта ағысына дейінгі аралықты жайлаған Қазақстан территориясында; Хорезм мен Ташкент оазистерін мекендеген Орта Азияда. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысын ертедегі қыпшақ тайпалары алып жатты. Осы тайпалардың барлығының шаруашылығының басты түрі көшпелі мал шаруашылығы болған. Үйсіндердің ең бай семьясында бірнеше жүз немесе мыңдаған малы болатын. Тіпті ең қуатты үйсін семьясында төрт мыңға дейін жылқы ұсталған. Сөйтіп, үйсін, қаңғлы рулары мен тайпаларында нағыз мүлік теңсіздігінің қалыптасқанын байқаймыз.

Үйсіндер мен қаңғылар тұрақты тайпалық одақ құрды, оның басында гуньмо (патша) отыратын.Үйсін одағы 120 мың үйді (600 мың адам) біріктірді, 150 мың жауынгерді қатарға қоя алатын. Б. э. д. ІІ-І ғғ. Қазақстан территориясына Монголия жерінен түрік тектес көшпелі хунн (гунн) тайпалары батысқа қарай жылжиды. Үйсіндермен қаңғылылар сияқты ертетаптық бірлестік стадиясында болатын. Керек уақытында көп санды ополчение (халық жасағын) шығара алатын. Хунн одағының ыдырауы б. э. д. 119 ж. Қытаймен болған соғыстан кейін басталады, өйткені бұл соғыста олар жеңіліске ұшырады. Жаңа эраның І ғ. ортасында гунндар батысқа жылжып, бір шама Арал теңізі бойында көшіп-қонып жүрген қаңғылы тайпасын ығыстырады. Қаңғылар, үйсіндер, хунндар көрші тұрған өзіндік жеке дара тайпалар болды.

Модэ атты көсемнің әскери-саяси қуатталыққа жеткен тұсында олардың саяси құрылысы тым күрделі еді. Одақ 24 бөлікке бөлінген (рулық), оларды ру көсемдері басқарған. Осы бөліктің әрқайсы рулық әскерді-ополчениені шығара алатын. Бүкіл одақтың әскері 10 мыңға, мыңға, жүзге, онға бөлінетін. Жоғарғы билік көсемдер кеңесінің және патша кеңесінің қолында болатын. IV ғ. хунндардың көшпелі одағының көпшілік бөлігі Қазақстан арқылы Орталық Европаның жеріне қарай қозғалды. Олар жаулан алған жерлерде тек қираған, ойрандалған қалдықтар қалды, халықтарға теңдесі жоқ қайғы әкелді. Хунн одағының көпшілік халқы өздері жаулан алған тайпалар мен халықтар ортасында ассимиляциаланды. Б. э. д. VІ-V ғғ. Қазақстанның Батыс және Орталық бөлігіне көшпелі жужан тайпалары (мүмкін тунгус тегі болар) кіре бас­тайды. Бұлар көптеген жергілікті тайпаларды бағындырады, сөй­тіп, тұрақты болмаған саяси одақ құрады. Жужандар үйсіндерді, хунн руларының қалдықтарын және ертедегі ұйғырларды ығыстырады. Бірінші рет жужандарда хан (каган, хакан) титулы пайда болған. V ғ. жужандарды алтай түріктері күйрете жеңген.

Қысқасы, Жетісу жерінде, Сыр-Дарияның алқабында, Арал бойында жеті ғасыр бойы (б. э. д. III-IV ғғ.) әртүрлі көшпелі түрік тайпалары басым еді, олардың әлеуметтік- эк-лық қатынастары және қоғамдық құрылысы ұқсас болған. Бұл кеңбайтақ жерді мекендеген, көптеген халқы бар тайпа­лар одағы Азия халықтарының өмірінде елеулі роль атқарды. үйсіндер Қытаймен эк-лық және саяси қатынастар жасады. Орта Азия, әсіресе Хорезммен тығыз байланыс орнатқан. Бұл тайпалар Азия мен Европаның көптеген халықтары мен мемлекеттеріне мәлім болған. Осы тайпалардың қоғамдық құрылысы алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға өткінші кезең аралығы жағдайында болған еді. Ру аристократиясы (рулық көсемдер мен старейши­налар, әскери басшылар) халықтан алыстаған, олардың қолында орасан зор табындар болды, қауымның жайылымдық жерін басқарды, жоғарғы қоғамдық қызметті иеленді. Оның басында патша отыратын: үйсіндерде – гуньмо, хунндарда – шанью (величайший), жужандарда – хан деп аталған. Үйсіндерде алғашқыда гуньмо сайланып қойылатын көсем еді, кейіннен ол билікті мұрагерлік құқығына жеткізді де, күшпен қаратып ала алатын. Үйсін тайпалары одағын басқара отыра гуньмо басты эк-лық және саяси функция атқарды, тайпаларға жайылым жерді және ірі мал иелері – аристократтарға да жайылымды бөліп беретін.

Үйсіндер басқа халықтармен бірге хунндардың көшпелі одағымен ылғиынша тұрақты күрес жүргізіп келді. 74 жылы ж.э. үйсіндер одағы екіге бөлінді, олардың әр қайсын өзінің гуньмосы басқарды. Тарихи деректерде былай жазылған: «Аға гуньмоға 60 мыңға жақын, ал кіші гуньмода 40 мың семья, немесе кибитка болған» (Н. Я. Бичурин).

Тарихи деректерде ру старейшиналары мен тайпа көсем­деріне (бек) гуньмо тәуелді болған, өйткені олар оны таққа отырғызатын, олардың көмегімен басты мәселелерді шешетін. Ішкі және сыртқы саясатқа халық ополчениесі, яғни қарулы жасақ үлкен әсер ететін.Соғыстар кезінде осы жиналыс шақыры­латын, әскерге басшылықты гуньмоның өзі атқаратын. Үйсіндердің жекелеген тайпаларына бектер, тархандар (княздер), старейшиналар басшылық жасайтын, олардың біразы гуньмоның туысқандары болатын. Хунндар сияқты үйсіндерде армияны басқарудың ондық жүйесінің бастамасы болғанымен әрі қарай дамыған жоқ. Осын­дай даму сатысында қаңғылар тайпасы да болған. Арал теңізінің солтүстігі мен Еділ (Волга) аралығындағы көшпелі тайпалардың көсемі сайланып қойылмайтын. Қаңғылар ұзақ уақыт бойы сыртқы тәуелсіздігін сақтап тұрды. Ескі деректер қаңғыларды «такаппар және өжет» халық деп атаған. Б. э. д. ІІ ғ. көшпелі Азия халықтарының тілінде бірінші болып жазылған заңдардың кодексі жасалынған.

Үйсіндер мен қаңғыларда мемлекеттік пен құқықтың бастамасы болған, бірақта қоғамдық ұйымдасудың негізі болып ру, тайпа, тайпалар одағы есептелген, халықтан тыс мал иелері аристократтарына бағындыратын күш болған емес; бұл тайпалардың әскери күшін қаруланған халық құрайтын. Осы құрылысты Ф. Энгельс «әскери демократия» деп атаған, бұл ерекшелік ру тайпалық ұйымнан мемлекеттік құрылысқа өтпелі кезеңге тән. Үйсіндер мен қаңғылар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында белгілі із қалдырды. Қазақтар, өзбек­тер, түрікмендер үйсіндердің, қаңғылардың және түрік тілдес басқа халықтардың ұрпағы болып саналады.

Батыс түрік қағанаты (VI-VIII ғғ.)

Жаңа жыл санауының VI ғ. көптеген түрік тайпалары Қазақстан жерінде көшіп-қонып жүрген, бірігуді қажет етті. Бірынғай басшылықтың болмауы көшпелі рулар мен тайпалар арасында ылғиынша қақтығыстарға апаратын, бұл оларды әлсірететін, жермен кәсіп ететін халықтармен экономикалық байланысты қиындататын. VI ғ. ортасында осындай бірігу іске асты – бұл Түрік қағанаты еді. 546 ж. Тумын (Бумын) – түріктердің дұлға тайпасының әскери көсемі, өзін қаған деп жариялады, осыдан Түрік қағанаты аты пайда болған. Түріктер бұл кезеңде Алтай мен Монголиядан Амударьяның төменгі ағысына дейінгі аралықты иеленген. Кейіннен түрік қағанатының жері кеңейді, оған Байқалдан Қара теңізге  дейінгі және Орта Азияның жер өңдейтін аудандары қосылды.

Көшпелі тайпалардың осы ұлы бірлестігі Қазақстан мен Орта Азияның, Қытай, Иран, Византия мемлекеттерімен халықаралық экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтті. Түрік қағанаты жерімен «Ұлы жібек жолы» өтетін. Түрік қағанаты үшін Жетісу мен Орта Азияның жер өңдейтін аудандарында бекініп алу, феодалдық Қытаймен байланыс жасау басты мәселе еді. VI ғ. аяғында көптеген тайпалардан және тайпалар одақтарынан тұратын Түрік қағанаты екіге бөлінді (603 ж.) – Батыс және Шығыс түрік қағанаты болып. Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісу болды. Қазақстан тарихы үшін Батыс Түрік қағанатының орны бөлек. Бұл территорияда карлук, ягма, үйсін, қаңғылы тайпалары басты роль атқарды.

Батыс Түрік қағанатының қуатты болып тұрған кезінде екі бөліктен тұрды-алғашқысы Шу мен Іле өзендерінің аралығын, екіншісі – Шу мен Талас өзендерінің аралығына орналасқан. Елдің осы бөліктері 10 тайпаға бөлінді. Шығыс бөліктің (ел) бес тайпасы дулу (дулға) кейінірікте қазақтың дулат тайпасының негізін қалады, бұған үйсін, қаңғылы (кангюй) тайпалары қосылды. Батыс Түрік қағанаты экологиялық, таптық және саяси тұрғыда күрделі бірлестік болды. Шығыста Алтай тауларында түріктер және оларға бағынышты тайпалар ерте заманнан бері, темір және алтын өндіретін, оны Қытай мен Жетісудің ауыл шаруашылығы товарларына айырбастайтын, немесе салық есебінде төлейтін. Батыс Түрік қағанатының оңтүстік бөлігінде Жетісудің жер шаруашылықты аудандары болды, мұнда алғашқы қалалық орталықтар пайда болған. VII ғ. отырықшы түріктердің Жетісуда пайда болғаны белгілі. Дегенмен Қазақстанның шексіз даласын мекендеген түрік тайпалары, негізінен көшпелілер болып қала берді.

Түрік қағанаты жерінде еңбек бөлісі пайда болды: Алтай металл; Жетісу – азық-түлік пен қала ремеслосының заттарын; далалық аудандар мал шаруашылығы өнімдерін берді. Осы облыстар арасында айырбас натуралды түрде өткізілді. Түріктер Қытайға ондаған мың жылқы сатып, жүз мың кесек жібек мата алатын. Еңбектің осындай бөлісі жеке меншіктің нығаюына және қоғамның дифференциациялауына жеткізді. Түрік қағанатының көшпелі халқы Жетісу, Орта Азия, Қытаймен тұрақты экономикалық, саяси, мәдени байланыстар жасады. Көшпелі халықтың негізін эксплуатацияланушы бұқара – ұсақ малшылар қауымдастығы, «қара будуннен» (яғни «чернь», «жәй халық») құратын. Жәй халықтың ішінен тәуелді болып қалған қоғам мүшелері бөлінді, оларды «тат» деп атаған. Бұларда өз шаруашылығы болмаған, тәуелділер еді. Сондықтан ірі мал иелерінде жалшы болып жұмыс атқаратын. Кейбір деректерге қарағанда «тат» шет елдіктер болатын.

Барлық жер иесі мен бектерде «тат» болған. Қағанатта соғыста қолға түскен тұтқындардан тұратын құлдар да болды. Олар байлардың үй шаруашылығында жұмыс істеді. Жәй халықтан тайпалық ақсүйектер бөлінді, олар рулық ақсүйектер – тархандар, буруктер (соттар), бектер (старейшина, тайпа көсемдері еді). Осы жоғарғы топқа «оғландарды» да жатқызуға болады, бұлар қаған мен ірі бектердің әскери дружинасында қызмет ететіндер еді. Меншіктің негізі түрі малға жеке меншік болды. Семьяның мүшелері – оның басшысы (қан), әйелдері (қатын); ұлдар, қыздар, келін; құлдар (құл, күң) сонымен бірге наложницалар балаларымен бірге.

Кең қағанат жерінде, әртүрлі этникалық топтарды біріктіріп отырған көшпелі және отырықшы халықтарда толық құқықтық теңдік болуы мүмкін емес еді. Үстем көшпелі тайпалар өздерін әлем деп атады, ал билікке қатыспайтындар тобы қара деп аталды, немесе қара будундар. Қара будун деп мүмкін отырықшы жер өңдеумен шұғыл­данатындарды, немесе отырықшылыққа көшіп, руымен байланы­сын үзгендерді айтуы ғажап емес. Кейінірікте қазақтарда бұл бөліс ақ сүйек және қара сүйек болып екі формаға ие болады. Батыс Түрік қағанатының саяси құрылысы әлі толық зерттелмеген. Деректердің айтуынша қаған өкіметі тайпа көсемі­нің өкімет билігінен өскен. Оларды (қағандарды) үйсіндер сияқты «аспаннан берілген», «аспаннан туған» деген титулмен анық­таған.

.

Қаған жанында тайпа, ру ақсүйектерінен, тархандардан, оғландардан тұратын кеңесті шақыратын. Қаған кеңестің шешімін мойындауға тиісті болатын, кеңестің қағанды орнынан алуға дейін құқығы бар еді. Шын мағнасында қағандар билікті күшпен қолына алатын, кеңестің шешімімен есептеспей өзінің мұрагерлерін тағайындай­тын. Қағанның билігінің артуына байланысты «ел» түсінігі пайда болды, қаған елдің көсемі деп танылды, «ел» түсінігі бір халықты ғана көрсетіп қоймайтын, сонымен қоса бұл түсінік белгілі территорияның халқын, қағанға бағыныштылығын түсіндіретін болды. Ел – енді әртүрлі халықтар және тайпалар мекендеген белгілі территорияның түсінігіне айналды. Бағынышты тайпаларды басқару (ал жер шаруашылығы аудандарында – территорияны) рулық принцип негізінде ұйымда­стырылатын. Қаған руы түрік қағандарына бағынатын тайпаларға басшылар жіберетін. Жаулап алынған тайпаларды басқаруға қағанның ең жақын туыстары тағайындалатын, олар, ябгу, шады, эльтебелер деп аталатын.

Әуел баста ябгу және шады жоғары титулына ие болғандар әскердің сол қанатын, оң қанатын басқаратын, ал қағанның өзі орталық әскерді басқаратын. Кейінде шады мен ябгу жаулап алынған территориялардың наместінігі болып орналасатын. Ябгу отырықшы аудандардың билеушісі болып тағайындалатын, ал көшпелі руларды бектер басқаратын.

Қағанат құқығы. Түріктердегі негізгі құқық көзі – әдет-ғұрып, салт-дәстүр болған. Ал, қылмыстық әдет-ғұрып кодификацияланған.

Меншікке ие болу құқығы. Көшпелі түрік елі жағдайында құлдарға, малға, еңбек құралдарына, тұтыну заттарына, әшекей заттарына ғана жеке меншік болды. Жер қоғамдық меншік болып саналатын. Отырықшы аудандарда жерге жеке меншік қалып­тасты.

Отбасы-неке құқығы. Бұл кезеңде түріктер әкелік құқық­та болған. Неке сословиялық сыйпаттама алды. Әйелдер еркектерге бағынышты болатын. Семьяның әкесі мен шешесі үй мүлкімен толық пайдаланатын, соның нәтижесінде қалыңдықтың жасауы­мен де. Әке қызын қарызын өтеуге беретін, тіпті сатыпта жіберетін.

Қылмыстық құқық. өлім жазасына қағанды, басқа билеушілерді өлтірсе кесілетін, байлаулы жылқыны ұрлағаны үшін, біреудің әйелін азғырып басын айналдырғаны үшін де өлім жазады берілетін. Атты ұрласа он есе құн төлейтін. Біреудің көзін шығарса қызын төлемге беретін, егер қызы болмаса әйелінің заттарын, денеге дақ түсірсе атпен құн төлейтін. Сот ісін қаған, ақсүйек өкілдері (буруктар мен тархандар) өткізетін.

Қимақтар мен қыпшақтар (IX-XII ғғ.)

Ертіс өзенінің бойында 7 тайпалы қимақтар қоңыстанды. IX ғ. тұрақты әскери одақты басқару институттары, финансы, сот, әскери ұйымдары болған. Қала-қамалдар салған. IX ғ. аяғында батыста көшпелі қыпшақтар, огуздарды ығыстырады, сөйтіп қимақ мемлекеттігінің орнын басады.

Шаруашылығы, тұрмысы, тілі, мәдениеті, этникалық құра­мы қимақ-қыпшақ бірлестігінде бірдей болатын, яғни әлеуметтік – саяси құрылысында айырмашылық аз еді. Қимақтарда X ғ. басында басшысын хакан (хан) деп атаған, оның билігі мұрагерлікпен берілетін хаканның әскери жорықтар­ды басқару, әкімшілік-соттық жұмыспен шұғылдана­тын вассал­дарын басқаратын. Олар салық жинайтын, әскери дружинасы болатын.

Қыпшақтар конфедерациясы XI ғ. басында қалыптасты. Ғасырдың аяғында қыпшақ территориясы кеңістігі солтүстікте Русь жерінің оңтүстігімен шектеседі. Осы кезеңде шығыс қыпшақ­тарының жері Дешті-Қыпшақ деп атала бастайды.

XI-XШ ғғ. Дешті-Қыпшақ жерінде тайпа топтарының көшіп-қонуы, қозғалыстары көп болған. Қыпшақ конфедерациясы көптеген тайпаларды, руларды біріктірді. Сөйтіп, қыпшақ қауымдастығының мәдени – тілдік ерекшелігі қалыптасты. Тайпалар қоғамының басында хакан отырды, тайпаларды бектер басқарды, руларды – старейшиналар басқарды.

Қыпшақтарда негізінен көшпелі мал шаруашылығы, жарты­лай көшпелі мал шаруашылығы, жер өңдеу де болған. Малға, суармалы жерге жеке меншік қалыптасты. Ірі мал иелерінің жайылымындарды басқарып иеленуі мүлік теңсіздігінің бастама­сы болды. Жайылым юристік негізде жеке меншікке бекітіліп берілмеген. Хандар мен бектер тек жерді пайдалануды бөлу құқығына ие еді. Көшпенділердің негізін басы бос қауымдастық мүшелері құрайтын, олар соғыстарға, жорықтарға қатысуға міндетті болатын. Әскери тұтқындарды құлдыққа сататын.

Қыпшақтардың әскери-саяси одағың ерте феодалдық мемле­кеттердегідей басқарушы династия басқарды. Оның басында хан отырды. Ханның, бектің, ру старейшиналарының функциясы басқа көшпелі түрік тайпаларының қоғамдық құрылысындай болатын. Батыс қыпшақтары (половцылар) Киев Русімен іргелес болған, өзара шайқастарда княздер оларға жазалаушы отрядтар жіберетін. Монголдар шапқыншылығынан кейін қыпшақтар Венгрияға, Кіші Азияға, Египетке (Мавлюк) көшкен. Басқа бір бөлігі этна саяси бірлестіктерге қосылады. Қазақтардың этногенезінде шығыс қыпшақтарының ролі үлкен болды.

Қараханидтер (X-XII ғғ.)

Х ғ. ортасында Жетісуда және Шығыс Түркістанда (Каш­гария) Караханидтер мемлекеті пайда болды. Мұның негізін түрік тайпасына жататын карлуктар құраған. ХІ ғ. Шығыс және Батыс қағанат болып екіге бөлінеді. Қазақстанның осы күнгі оңтүстік және оңтүстік-шығыс территориясында олар көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған.

ХІ-ХІІ ғғ. жекелеген семьялар емес, біртұтас тайпалар жер шаруашылығымен шұғылдана бастайды, қалалық мәдениетке үйренеді. Хандар өздерінің жақындарына қалалардың, поселения­лардың, аудандардың тұрғын халықтарынан салық жинауға рұқсат беретін. Оны ихта, ал жинаушыларды мукта деп атаған. Жер феодалдардың, шаруалардың, қауымдастықтық қарама­ғында болды. Отырықшы аудандарда издольщина (cыбаға­лыстық) қолданылды, яғни жер шаруаларға арендаға берілетін.

Қараханидтер мемлекетінде жоғарғы басшылықты хакан атқаратын. Олар чигил және ягма руларының көсемдерінен болуы тиісті еді. Ханның жанында визирлері, яғни кеңесшилері мен көмекшілері болды. Бірақ мемлекет басшысы хаканның билігі удельді билеушілермен шектелетін.

Жер өңдеумен шұғылданатын аудандарда селолық және қалалық басшылар болған (мехтар, хаким, раис), почта бастығы, финансы-салық басшысы. Көшпелі облыстарда старейшиналар басқарды, олар ильгибаштарына (ел басшысы), немесе бектерге бағынатын. Олар өз кезегінде әкімшілік, сот, әскери істерді басқара отырып өз елдерінде илектерге (илек-хан) бағынатын, яғни бұлар удельдер басшысы болатын. Караханидтер мемлекетінде сот ісін бектер басқарды. Әдеттегі құқықпен қатар шариғат құқығы да қолданылды. 969 ж. бастап ислам мемлекеттік дін болып есептелінді. Дін иелерінің жері светтік (ақсүйек) өкіметке барған сайын бағыныштылығы арта түсті. Қараханидтер қағанатында мемлекеттік жүйе феодалдық негізде ұйымдасқан.

Монголдар билігі (XII-XIV ғғ.)

ХІІ ғ. басында Қазақстан территориясы Қытай, Орта Азия, Закавказье, Русь жерлері сияқты монголдардың шапқыншылы­ғына душар болды. Жаулап алған жерлерін Шыңғысхан ұлыстарға (үлкен удельдер) бөліп, басқаруды ұлдарына тапсырады: 1) Жошы ұлысы; 2) Шағатай ұлысы; 3) Угедей ұлысы; 4) Хулагу ұлысы.

ХІІІ ғ. аяғында негізгі Монголия мен ұлыстар арасындағы байланыстар әуелде әлсіреп, бара-бара тоқтатылады. Әр ұлыс өз алдына жеке дербес мемлекет болған. Қазақстанның оңтүстік шығысы Шағатай ұлысына, ал солтүстігі мен солтүстік-батысы Жошы ұлысына берілген.

ХІV ғ. басында Жошы ұлысы екіге бөлінеді – Алтын Орда және Ақ Ордаға. Жошы ұлысының (мемлекетінің) қожалары болып көшпелі халықтың ақ сүйектері – эмирлер, найондар, бектер есептелінеді.

Жошы ұлысында монголдардың әскери ұйымдасуы өзгеріс­сіз сақталып, бірақ енді олардың құрамына көптеген түрік тайпалары қосылды, ал монголдар болса олардың арасында сіңіп кетті. Алтын Ордның күйреуін ақсақ Темір жорықтары жеделдетті. ХV ғ. басында осы Алтын Ордадан Астрахан және Қазан ханды­ғы, Орта Азияда Тимуридтер мемлекеті, Дешті Қыпшақ даласында Ноғай Ордасы мен ¤збек хандығы құрылады. Шағатай ұлысы да күйреді, оның орнында Могулистан мем­лекеті пайда болды.

Ноғай ордасы (XIV-XV ғғ.)

Күйреген Алтын Орданың орнында Қазақстан жерінде пайда болған мемлекеттер ішінде Ногай Ордасы мен ¤збек хандығын айтуға болады яғни Әбілхаир хан иелігі.

Саяси өкімет жүйесі. Ноғай Ордасында билікті Шыңғыс тұқымдары емес Едіге тұқымының өкілдері жүргізді. XV-XVI ғғ. Ногай Ордасы алғашқы феодалдық әскери-аристократиялық мемлекет болды. Тек алғашқы кезеңде ғана орталықтанған билік болды. Кейінен өз алдына жартылай дербес кіші-кірім ордаларды мырзалар, билер басқарды. Ноғай Ордасы үш бөлікке бөлінеді:Үлкен Орда (Орал мен Волга аралығы), Кіші Орда (Предкавказье), Алтыаул (Эмбі өзені бойында).

Орданы Едіге руы Маңғыттан шыққан билер басқарды, олар осы рудың билеушілерінен сайланатын. Мырзалар – Едігенің көптеген ұлдарының тегінен шыққанлар. Бұлар ірі жер және мал иелері болған. Бұлардан төменгі сәкіде қарашалар мен имельдешилер тұрды, одан әрі қызмет бабындағылар – ұландар, нөкерлер болған. Бұлардың барлығы ру аристократиясының мүшелері еді.

Ордадағы халықтың негізгі бөлігі – қатардағы малшы – қауым мүшелері болатын. Тумақтар (отырықшы кедей көшпе­лілері) билерге бағынатын, ортастақтырылған рента жинаудың көзі болды. Көшпеділерден оқшауланған қазақтар болды, өз ұлыстарынан қол үзген, әскери олжалармен айналысатын. Бұдан басқа ұсақ саудагерлер, құлдар да болған – негізгі таптың прослойкалары.

Совет, би, жоғарғы басқарушылар орталық өкімет болып саналды да мынандай функция атқарды: жайылымдарды бөлу, феодалдардың ұлыстарды билеу құқығын реттеу, кірістер мен салықтарды феодалдарға бөлу, жоғарғы сот функциясын атқару.

Ұлыстарда сот және атқарушы өкімет билігін мырзалар атқарды, жергілікті жиналыс- думан шақырылатын. Третейский (аралық) маслихат соты болған, дінге байланысты шариғат соты болатын.

Могулистан мен Әбілхаир хандығы (XIV-XV ғғ.)

.

1347 ж. құрылған Могулистан мен Әбілхаирдың мемлекеті өзінің саяси құрылымында өте ұқсас болатын. Мемлекет басшысы – хан басқарушы династиядан сайланатын. Эмирлердің, бектердің ырқына байланысты болатын кімнің хан болып сайланатыны. Хан басқару функциясын удельді билеушілер арқылы ұйымдастыратын. Хан советі феодалдық басшылардан-ханның туысқандарынан, ақ сүйектерден, тайпалар көсемдерінен және дін басшыларынан, жоғарғы чиновниктерден тұратын. Ханға жақын тұратындар ерекше орынды-ұлысбек алатын (ол армияға басшылық жасайды, дипломатиялық қатынастармен шұғылданатын, мұнан басқа атабек, инаки және т. б. чиновниктер болатын. XIV-XV ғғ. Могулистан Тимур билігіндегі Орта Азия хандары тарапынан тұрақты шабуылға душар болды. Бірақ XV ғ. екінші жартысында Жетісу жері қазақ хандарының қолына көшті.

 

 

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.