Қазақстан жеріндегі ұлттық автономиялар

Home » Рефераттар » Қазақстан жеріндегі ұлттық автономиялар
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан жеріндегі ұлттық автономиялар

Большевиктердің радикалды әрекеттері, орталықтағы және шет аймақтағы, ұлттық элитаның өкілдерін, Құрылтай жинлысы­ның шешіміне қарамастан, автономияны жариялауға итермеледі.

Қоқанд Автономиясы. Советтердің ІІІ өлкелік съезінің шовинистік шешіміне байланысты ұлттық лидерлер өлкені басқа­рудан босатылады, сондықтан олар қарсы шаралар қолдануға мәжбүр болған. 1917 ж. 26 қарашада Қоқанд қаласын­да мұсылмандардың IV төтенше съезі өтті, онда Россияның құрамында Түркістан Автономиялы – Мұхтариаты құрылғаны жарияланады. Оңтүстік Қазақстанның – Жетісу мен Сырдария облыстары осы Автономияға кірген.

¤кілеттік орган болып Ұлттық Конгресс есептелді. Конгресстің председателі болып Алаш партиясының мүшесі Мұстафа Шоқай (Чокаев) сайланған. Атқарушы өкімет Конгресс тағайындаған Уақытша халық Советі болды, председателі С. Лапин. Уақытша халық советі Уақытша Үкіметті бекітеді. Орын алған мұхтариаттығы алауыздықтарға байланысты ол Қоқандтан кетіп қалады, сондықтан премьер-министр мен Конгресс председателі қызметін атқару беріктіріледі.

1918 ж. 20 наурызына Түркістан Құрылтай съезін шақыру белгіленеді, антибольшевиктік «Оңтүстік-Шығыс Одаққа» қосы­лу туралы, үкіметті құру, Қарулы күштерді ұйымдастыру (халық милициясы), финансы, салық жинау мәселелері бойынша консультациялар өткізіледі. Премьер-министрдің орынбасары И. Шагиахметов, сыртқы істер министрі – М. Шоқай, халық азарту министрі – Н. Тюряев, азық-түлік министрі – А. Махмудов, жерге орналыстыру және су көзін пайдалану министрі болып – Х. Юргули-Агаев тағайын­далған.

Автономияның өкіметін Түркістанның көптеген үкіметтік мекемелері – Бақылау Палатасы, Сот палатасы, Мемлекеттік банктің бөлімшесі таниды. Қысқа мерзімді 30 миллиондық заем да шығарылады. Салық заңын дайындау, халық мектебін ұйымдастыру, вакуфтық мүлікті пайдалану және жер заңын дайындау қолға алынады. 1917 ж. желтоқсанында «Сот ісін жүргізу туралы» заң қабылданады.

Алайда, осы мемлекеттік құрылымның тағдыры трагедиялы болды. Түркістан советі өлкеде альтернативті өкіметтің болуына көне алмады. Мұхтариаттың мемлекеттік құрылыстағы жетістік­тері және қару-жарақ сатып алудағы жұмыстарына қарай большевиктер Қоқандқа шабуыл ұйымдастырды. 1918 ж. 20-22 ақпанында Қоқанды совет әскерлері штурммен алады. Тауға тығылған ферганалықтар партизандық соғысқа көшеді (бас­мачылар қозғалысы).

Алаш автономиясы. 1917 ж. жазында Алаш партиясы өзінің программасын жариялады. Онда Россияның болашақ конститу­циялық құрылысы және Қазақстан статусының негізгі принцип­тері айтылған. Россия федеративті Республика болып жарияланады. Елдегі жоғарғы билік Құрылтай жиналысына беріледі. Заң шығару құқығымен тек Мемлекеттік Дума пайдала­нады, Дума төте, тең, жалпыға бірдей дауыс беру негізінде сай­ланады. Атқарушы үкімет президент және ол басқарған кабинет­ке жүктелді. Онын Дума мен Құрылтай жиналысының  алдында жауапты болуы көзделген.

Алаш партиясының программасында Қазақстан Россияның құрамындағы автономия болып есептелінеді. Программаның «Негізгі құқықтар» бөлімінде азаматтар дініне, ұлтына, жынысына қарамастан тең құқықпен пайдаланады. Программада жиналыс өткізу, сөз, баспасөз, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, құқығы, тұрғын үй дербестігі жарияланган.

Сөйтіп, Алаш либералдық-демократиялық партия есебінде Қазақстанда зайырлы демократиялық мемлекетті құруды қолда­ған. Орынборда 1917 ж. 5-13 желтоқсанында Жалпықазақтық ІІІ съезд өтіп, онда қазақ халқы орналасқан аудандарда Алаш автономиясын құру туралы шешім қабылдады. Орталығы болып Семей қаласы жарияланды. Ұлттық құрылтай жиналысын шақы­рып, онда автономияны жариялау көзделді. Бірақта басталған азамат соғысы бұл мәселелерге көптеген өзгерістер енгізді. 1918 ж. 24 шелденде Алаш Автономиясының барлық жерінде совет өкіметінің декреттері күшін жойды, Уақытша Үкіметтің заңдары мен декларациясы енгізілді.

Жоғарғы билік Уақытша халықтық Советке (Алаш Орда) беріледі, оның председателі А. Бөкейханов. өз армиясын құру үшін әскери совет құрылды, ол әскери министрлік функциясын атқарды. Жергілікті жерлердегі билік Алаш Орданың облыстық және земский управтардың қолына берілді. Оның құрамы сайланып қойылатын, ал азамат соғысына байланысты үкімет бекітетін болған.

Совет мынандай функцияны атқаратын болды:

  1. Алаш армиясына (халық милициясы) шақыру;
  2. Салық жинау;
  3. Алаш Құрылтай жиналысын шақыруға материалдар дайындау;
  4. Қоғамдық тыныштық пен мемлекеттік тәртіпті қорғау;
  5. Аграрлық мәселе бойынша материал дайындау;
  6. Жерді пайдалану туралы уақытша ереженің орында­лысын бақылау.

Советтер мен земствалар арасындағы өзара қатынас заңмен реттелмеген. Көп жағдайда бұлардың арасында конкуренция болды, бұл басқаруға қиыншылық келтіргені сөзсіз.

1918 ж. 24 маусымында Алаш Орда жерді пайдланудың уақытша ережелерін бекітті, ол бойынша жерге жеке меншік жойылды, жердің табиғи байлығы, су көздері мемлекет меншігінде деп жарияланды, оны пайдалану Алаш Орда арқылы іске аырылатын. Қазақтар арасындағы жер дауын третей соты, қазақтар мен ұлттар арасындағы дауды – земства соты шешетін.

Байланыс құралдарының және транспорттық коммуникация­ның нашар дамуы Алаш Орданы Батыс және Шығыс деп екіге бөлуге апарып соқты. 1918 ж. 18 мамырында Жымпитыда Орал облысы қазақтарының IV съезі болды, облыс көлемінде Ойыл Ұлаятын құрады, Алаш автономиясының құрамында. Жеті адамнан тұратын Уақытша Үкімет құрылады да оны Ж. Досмұхаме­дов басқарды.

Алаш Орданың басшылығы санкциясыз пайда болған аймақ­тық үкіметтерді танымады, сондықтан 1918 ж. 11 қыркүйегінде Ұлаяттың үкіметі таратылады, оның орнына Алаш Орданың Батыс бөлігі құрылады, оның құрамына Бөкей Ордасы, Ойыл Ұлаяты, Манғышлақ, Ақтөбе, Ырғыз уездері беріледі, орталығы Жымпиты қаласы болып белгіленеді.

1918-1919 жж. бойында Алаш полктары құрылған. Әртүрлі аймақтарда бұл құрама бөлімдердің әрқилы әскери киімдері болған, қаруы өте нашар, дайындығы да төменгі дәрежеде еді. Командлық құрамы орыс офицерлерінен тұрды, қазақ офицер­лерін дайындайтын юнкер мектептері жұмыс істеді. Шығыс бөлімнің полктары Анненков дивизиясы құрамында, Алаштық атты әскер бригадасы Колчак армиясы құрамында ұрыстарға белсенді қатысты. Алаш Орданың тарапынан Қазақстанды пәрменді басқаруға шаралар қолданылғанымен, Алаш автономиясының тағдыры Қоқанд автономиясы сияқты трагедиялы аяқталды.

Сібірдің уақытша үкіметі қазақтардың ұлттық автономиясы болуын жалпы мойындағысы келмеді. 1918 ж. қыркүйегінде Уфа қаласында Бүкілроссиялық Уақытша Үкімет – Директория мен Министрлер Советі ұйымдастырылды, орталығы Омбы қаласы. Министрлік қызметтің көпшілігіне Сібірдің Уақытша Үкіметінің мүшелері тағайындалды. Директория жанындағы юристік жиналыс 1918 ж. 4 қараша­да Алаш автономиясын таратылды деп жариялаған айрықша Указ қабылдайды және Алаш жерін басқаратын Главуполномоченный қызметі тағайындалады. Оған кең көлемді өкілеттік берілген. Алаш Орданың Орталық және жергілікті органдары бұл шешіммен келіспейді де өз жұмыстарын атқара береді. Бірақ, ситуация әр күн сайын қиындай түседі.

1918 ж. 18 қарашада Омбыда мемлекеттік төңкеріс болған, соның нәтижесінде барлық өкімет билігі Жоғарғы Правитель – адмирал А. В. Колчактың қолына беріледі. Антибольшевиктік коалицияның жаңа басшылары қазақ автономиясына барынша қарсы болды, ақпанға дейінгі тәртіпті қалпына келтіруді мақсат етті. Өзгеріп отырған жағдайға байланысты Алаш Орда лидерлері Москвамен келіссөздер жүргізіп совет өкіметін мойындайды, бірақ қазақ ұлттық-территориялық автономиясын жариялау сұралады.

1919 ж. наурызында Алаш Орданың Торғай тобының жерекшісі А. Байтұрсынов большевиктер жағына шығады да, өзінің жақтастарымен консультациялар жүргізеді. 1919 ж. күзі мен қысында Алаш орданың барлық ұйымдары совет өкіметін танитындығын жариялайды. 1919 ж. 9 наурызында Казревком­ның жарлығы бойынша Алаш Орда мен оның жергілікті советтері таратылады. Осының нәтижесінде, объетивті себептерге байланысты 1917 ж. аяғында пайда болған Қазақстанның ұлттық-демократия­лық үкіметі жойылады, ол қалпына келтірілмеді, конституциялық реставрацияланбады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.