Қазақстанда өсірілетін қойлардың негізгі тұқымдары

Главная » Рефераттар » Қазақстанда өсірілетін қойлардың негізгі тұқымдары

Қазақтың биязы жунді тұқымы — өнімділігі етті-жүнді бағыттағы тұқым. Бұдан бұрын (1928-1930 жж.) Қазақстанның қой шаруашылығында ірі қылшықты, негізінен қазақтың құйрықты қойлары болған еді. Ірі қылшықты қой шаруашылығын тез арада өзгерту үшін құйрықты аналықтарды биязы жүнді тұқымның қошқарларымен сіңіре будандастырудың өте зор мәні болды. Алайда, сіңіре будандастырумен қатар қой шаруашылығының сапасын жақсартуға ұдайы будандастыру (бірінші ұрпақтың буданын «өзімен»өсірген кезде) жақсартылатын тұқымның жақсы, бағалы қасиеттерін біріктіретін қойдың жаңа тұқымы мен типін шығаруға мүмкіндік беруде үлкен рөл атқаруы тиіс еді.
Қой шаруашылырын жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде малды көбінесе жайып бағатын аудандар үшін жергілікті жағдайға бейімделген және тек қана етті емес, сонымен бірге жоғары сапалы жүн беретін, өзіне тән жаңа қой тұқымының қажеттілігі ескерілді. Бұл көзқарасты кезінде академик И.Ф.Иванов айтакеліп, табиғи-климаттық, азықтық және шаруашылық жағдайына байланысты барлық аудандарда бірдей шетелдік мәдени қой тұқымдарын жергілікті ірі қылшықты қой тұқымдарымен сіңіре тұқымаралық будандастырудың мүмкін еместігін атап көрсеткен болатын.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары үшін (Ал-маты, Талдыңорған облыстары) жергілікті қазақтың үрғашы қойларын прекос типті биязы жүнді ңошқар-лармен шағылыстыру арңылы биязы жүнді ңойлардың жаңа түңымдарын шығару жөніндегі жүмыс 1931 жылы күзде, бүрынғы Қарғалы асыл түқымды зауытында бас-талды, соның негізінде 1937 жылы Қазаң ңой шаруашы-лыры ғылыми-зерттеу технологиялың институтының Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы үйымдас-тырылды.
Бүл түқым академик В.А.Бальмонттың басшылығымен шығарылған. Будандардың ішінде, әсіресе II үрпақ-та, біркелкі биязы және биязылау жүнді малдар көп болады. Қалаулы тип талаптарына жауап беретін, отарда малдардың жинақталуына байланысты «өзімен» өсіру ңолданылды. Қойларды сапасына орай іріктеп, таңдаулы аналыңтарды жеке отарларға бөліп, онда жеке-жеке іріктеу ңолданылды. Ұрықтандырушы қошқарларды түқымдың сапасына қарай тексеріп, жетекші селекциялық белгілері бойынша жоғары баға алғандары ғана шағылыстыруға жіберілді. Асыл түқымды жас төлдерді өсіруге және ересек малдарды азыңтандыру мен бағуға жақсы жағдай туғызуға баса назар аударылды. Көп жылғы жүйелі жүргізілген жүмыстың нәтижесінде 1946 жылы түңғыш рет етті-жүнді бағыттағы қой түқымы шығарылды. Қазақтың биязы жүнді түқымын шығарғаны үшін авторлар үжымына (В.А.Бальмонт, А.П.Пшеничный және басқаларына) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атағы берілді.
Қазіргі қазақтың биязы жүнді қойлары ірі, сүйектері шымыр және экстерьері жаңсы. Кеудесі кең, арңасы және белі жазық, тегіс, саны толық. Аяңтары түзу, түяқтары тығыз. Қойлардың көбісі мүйізсіз келеді, мойын терісінде шамалы ңатпар немесе әукесі болады. Қошңарлары орташа 90-100 кг, үрғашылары 58-60 кг тар-тады. Жас төлдерінің өсіп-жетілуі жаңсы, төрт айлың кезінде салмағы 32-36 кг жетеді, жалпы жүні түйық, штапельді ңүрылымды, талшыңтары иректі, жүнінің жуандығы 60-64 сапада, ңошңарларынікі — 58 сапа. Қошңарларының жүнінің үзындығы 9-10 см, үрғашы-ларынікі 8-9 см. Жүнінің жуандығы штапель талшы-ғындай, жалпы жүні қанағаттанарлың. Төлдегіштігі өте жаңсы, әр 100 саулыңтан 120-130 ңозы алынады.
Селекциялық отарлардағы қошңарлардың салмағы 110-120 кг, селекциялық топтары ең таңдаулы үрғашы қойлары 60-65 кг тартады. Қошқарларынан 12-14 кг, үрғашы қойларынан 5,0-6,0 кг жүн қырқылады, орта-ша отар бойынша 4,0-4,5 кг немесе жуылғанына шаққанда 2,0-2,2 кг жүн ңырқылады. Таза жүннің шығымы — 48-50% , 1 кластысы 60-62% .
Қазақтың арқармеринос тұқымы — өнімділігі жағы-нан етті-жүнді бағытта. Қазаңтың арңар мериносы -биязы жүнді үргашылары Тянь-Шань тауларында мекен-дейтін жабайы арңардың ңошңарларымен будандастыру арңылы (1934-1950) алынған дүние жүзіндегі түңғыш қой түңымы. Бүл түңымды алу жүмысы Қырғызстанның «Красный Октябрь» совхозында басталды, ол үшін әдейі атып өлтірілген арңар ңошңарының үрығымен жаңакав-каздың типтің биязы жүнді үрғашылары үрыңтандырыл-ды. Осындай жолмен үрықтандырылғаннан үрпаңтың буданынан бірнеше ңошңарлар іріктеліп, олар Қырғыз-станнан Қазақстанға жеткізілді.
1936 жылы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерт-теу институтында (ңазіргі ҚазНИТИО) буданды қошқарлармен прекос тұқымының 300-ден астам және рамбулье тұқымы ұрықтандырылды. Қазаңтың арқармеринос түңымын шығарғаны үшін Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, Е.В.Большаковаларға КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атағы берілді.
Бүл түңымды малдар Қазаңстанның таулы аудандарында өсіруге бейімділігімен ерекшеленеді. Сондыңтан да олар Алматы облысының таулы аудандарына аудан жүні құм мен шаңға толы болғандықтан құрғақ, үзілгіш келді.
Жүн ңырңымын молайту және жүннің технологиялық ңасиетін жаңсарту маңсатымен әр түрлі үрпақтың үрғашы будан қойларын кавказдың, ставропольдық және грозныйлық қошңарлармен шағылыстырды. Бүл түқымның ңошқарлары әр түрлі дәрежеде, жекелеген отарлардың ерекшеліктеріне және алынатын үрпақтың сапасына байланысты пайдаланылды.
Одан арғысында, ңалаулы типтің талаптарына жауап беретіндерді «өзімен» өсірді. Жетекші селекциялана-тындарды нығайту үшін біртекті іріктеуді қолданды.
Оңтүстік мериностарының еліміздің басқа ауданда-рында өсірілетін жүнді-етті бағыттағы биязы жүнді қой-лардан айырмашылыгы негізінен мынада:
1. Олар Қазаңстанның оңтүстігіне тән ерекшелікте-ріне сәйкес жайып багуға жақсы бейімделген. Қойлар өте ширақ, жаз айларында — тауда, қыста — құмдауытта бағуға жарамды, маусымдық жайылымға, сусыз жер-лермен айдауға төзімді.
2. Оңтүстік қазақ мериностарының кеудесінде қатпарлы «алжапқыш» тәріздес әукесі болады.
3. Олардың көптеген басқа жүнді және жүнді-етті бағыттағы меринос қойларға қарағанда жуғандағы жүнінің шығымы едәуір жоғары (50% -дан асады).
4. Оңтүстік қазаң мериностарының етінің сапасы кейбір жүнді-етті мериностарына қарағанда едәуір жаң-сы, кей жағдайларда ет өнімділігі жағынан олар биязы жүнді етті-жүнді ңой түңымына жаңындай түседі;
5. Үрғашы ңойлары жыл бойы жайып баңңанның өзінде төлдегіштігімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдары оңтүстік қазаң мериностарымен селекциялың-түңым асылдандыру жүмысы оларды ав-стралиялық меринос қошқарлары мен шағылыстыру арқылы жүнінің технологиялық қасиетін жақсарту, таза жүн қырқуды арттыру бағытында жүргізілді. Соның нәтижесінде жетекші асыл түңымды шаруашылықтарда таза жүн қырқымы 3,6-3,5 кг құрайтын селекциялық отарлар қүрылды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.