Қазақстанда текстиль өнеркəсібінің даму тарихы

Home » Рефераттар » Қазақстанда текстиль өнеркəсібінің даму тарихы
Рефераттар Комментариев нет

Текстиль өнеркəсібі халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Көз салып байыптап қараған адамға ерте заманғы текстиль бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, əсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.

Қазақтың халықтық өнерінің аса маңызды жəне ажырамас бөлігі – көркем тоқыма өнері болып табылады. Алайда, əлі күнге дейін осы тақырыптың мəні өнертанушылық тұрғыда толық зерттелген жоқ [1]. Ежелгі заманнан бастауын алған бұл өнер көп ғасырлар бойы тек тұрмыста маңызды рөл ойнап қана қоймай, сонымен бірге маңызды мəдени ақпарат қорының да рөлін атқарды. Тоқылған бұйымдарда халықтың бай шығармашылық беделі қалыптасып, олардың өрнектің күрделі өрімінде қоршаған ортаның əдемілігі мен молшылығына таңдану қасиетін керемет шеберлікпен көрсетеді. Алайда соңғы ғасырда халықтық тоқыма бұйымдарын дайындау, өкінішке орай, ХХ ғасырдың жетістігі болып қала берді. Қазіргі уақытта тоқыма өнерінің халыққа танымал тəсілдерін жетік білетін, оны тəжірибеде қолданып жəне осы іскерлігін келер жас ұрпаққа қалдыратын шебер табу өте қиын. Бүгінгі таңда біз халық шығармашылығының аса маңызды жəне ғажап өнер түрін жоғалтуға жол бермеуіміз керек. Қазіргі уақытта зерттеушілер өткен ғасырдың барлық материалдарын жүйелеп жəне меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар осы мəселеге шығармашылық қабілетті, тоқыма өнерінің дəстүрлерін жаңғыртуға икемді адамдарды осы салаға тарту қажет.

Халық тоқыма өнерінің пайда болу тарихы айтарлықтай көне. Тоқыма станоктарын б.з.д. 2-мың жылдықта қола дəуірінің андронов тайпалары қолданған [2]. 1949 жылы Алтай тауларында ғалымдар С. И. Руденко жəне М. Грязнованың басқаруы бойынша кеңестік археологтардың табысты қазба жұмыстарының нəтижесінде, тек сазды жəне металл заттар ғана емес, сонымен қатар қазба жұмыстары жүргізілген мекеннің аты бойынша – Пазырық деп аталған кілем табылған. Ол екі мың жыл бойы танымал абыздың бейітінде, суық жерде сақталған. Радиактивті көміртегі сараптамасы кілемнің б.э.д. 5 ғасыр шамасында пайда болғанын анықтады. Кілем жұқа тоқыманің үлгісі болып табылады жəне оның қалыңдығы бір шаршы дециметрді 3600 торлы өрімдерден тұрады. Кілемнен басқа тас жəне сүйектен жасалған тоқу құралының бірі ұршықтың бөлшегі, басты бұйымды созуға арналған тоқыма станогының жүктері жəне біздері табылған.

Шығыс Түкістан Лоп Нур өзені бойынан б.э. ІІ-ІІІ ғасырына жататын осындай мəнердегі кілемнің фрагменттері табылған. Тоқыма өнері 1271-1292 жж. жасаған ұлы саяхаты жəне моңғолдар иелігіндегі Азия аралығы туралы Марко Поло (1254-1324) жазбаларында жəне өзге де əдебиет көздерінде қамтылған. Венециандық саяхатшы өзі тамашалаған кейбір кілемдері таңғаралық сезіммен суреттейді. Бұл дəлелдемелер қолданбалы тоқыма өнерінің көп ғасырлар бойы Орта Азияда айтарлықтай жоғары дəрежеде кең таралғанына көз жеткізді. Тоқыма өнерінің орындалған өңіріне байланысты айрықша ерекшеліктері, олардың тоқылу тəсілінде, бұйымның композициясында, колоритінде жəне ою-өрнектің мəнерінде көрініс тапты. Түксіз тоқыма өнері Қазақстанның барлық аймағында кеңінен дамыған, ал түкті тоқыма оңтүстік өңірдің басты жетістігі болды. Халық арасында тоқудың: терме, кежим теру немесе бұхар теру, бескесте, орама деген тəсілдері бар. Кілемдерді көлденең жəне тік тоқыма станоктарында, ал кішігірім алаша, басқұр, бау, тұнғыш секілді бұйымдарды көлденең жіңішке келген өрмек те тоқыған. Тоқыма бұйымдарының басты ерекшеліктерінің бірі бояу түстері мен суреттің үйлесімді арақатынасы, оның функционалды маңыздылығымен, пішіні жəне икемділігі болып табылады. Бұйымның бай, көп түсті палитрасы шеберлердің бояу үрдісіне аса жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді. Бояудың нақты құрамды бөлігі болған емес, əр шебер жүнді немесе жіпті бояу барысында өз тəжірибесімен, ішкі сезіміне сай пайдаланған. Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктерді көп жағдайда бояу ретінде қолданған. Химиялық бояу заттарының пайда болуы, бояу үрдісінің қарапайымдылығы, сонымен қатар алынған түстердің қанықтығы нəтижесінде өсімдік бояулары бірте-бірте қолданыстан шығып қалды. Соған қарамастан табиғи бояғыш заттарды қолданған бұйымдар құндылығы осы күнге дейін көкейкесті болып қала бермек. Бұйымның колориті жəне оның композициялық шешімі, олардың мағынасы мен маңыздылығын ашуды қажет ететін тұтас бір ғылым болып табылады. Халық шеберлері күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдардың 20-дан астам түрін жасаған. Əрбір бұйымға өзінің ғасырлық тарихы тəн. Халық тоқыма өнерінің өзіндік ерекше төсеніш бұйым түріне тақыр кілемнің түрі – алашаны жатқызуға болады. Бұйымның бұл түрі Қазақстан аумағының барлық аймақтарында болғанына қарамастан, осы бұйымның барлық түрлеріне тəн ортақ дəстүрлі заңдылықтармен қатар айрықша аймақтық өзгешеліктері де бар. Ə. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы коллекциясында ХІХ-ХХ ғғ. 478-ден аса тоқыма бұйымдары сақтаулы, оның 60-ы алаша. Тоқыма бұйымдары үшін оңтүстік аймақтың алашасы: Алматы жəне Талдықорған аймағына терме тəсілі тəн. Бұл ою-өрнекті шығарудың əдемді де керемет тəсілдерінің бірі болып табылады. Аталмыш өңірдің композицияны құрастыруда, алуан түрлі аралықпен мəнерінің өрнектік жолдың біртүсті қатардың үйлесіміне байланысты батыл қадам бекітілген. Терме тəсілінде орындалған Алматы облысының бұйымдары түстік гаммасы бойынша өрнектің бөлінуі біркелкі жəне полотнаның барлық жазықтығындағы түстерінде аңғарылады. Жылы түстердің басымдылығында, жұмсақ колориттің өзгеруінде олар аса ұстамды келеді. Талдықорғандық шеберлердің жұмыстарын алматылық бұйымдардымен салыстырғанда ұқсастықтары бола тұра, өзгешеліктері де бар. Экспрессиялық қозғалыс жəне фундаменталдылықты беретін қоңыр түсті тік жолақтар, ашық аңғарылған жіңішке ақ жолақтармен қарама-қайшы келеді. Композициялық шешімі бір түсті реңнен тұратын жолақтардын құралған төсеніш бұйымның тақта алаша деп аталатын бұл түрі Семей облысында жəне көршілес аймақтарда кең таралған. Бұл бұйымдардағы айқындылық, түстердің ұтымды таңдалуы туыстық жəне контрастық міндеттері бойынша байланысады [3]. Сыртқы бейнелік көрінісінен түстік үйлесімдер қуанышты сезімді тудырып, тақта алашаны кемпірқосақпен, əуенмен теңестіреді. Шығыс Қазақстандық халық шебері Жимиаспаева Рахиманың терме алашасы өте сəнді жəне қарапайым болып келеді. Бұйымның барлық жазықтығы бір ғана мəнердегі, мөлшердегі ромб пішінді элементтермен толтырылғанына қарамастан, ашық жəне қанық түстердің таңдалуы нəтижесінде бұл бұйым ұтымды келеді. Мұны халық арасында бауырсақ деп атайды.

Батыс Қазақстанның тоқыма бұйымдары басқа аймақтардың бұйымдарынан өзгеше келеді. Жоғарыда облыстарда тоқыма өнері тəсілдерінің бірі терме қолданылып, түстік жəне өрнектік шешімге мүлде өзге жол қарастырылады. Орал қаласынан Сариева Анзинаның алашасы ақ басқұрдың жолақтарынан жасалған. Аралас тəсілде орындалған, үшбұрыш жəне бес бұрыштан тұратын қобыз тіл өрнегі кішкене нүктелерді байланыстыратын ауқымды элементтерімен ерекшелінеді. Жаңғыртылған əсер көгілдір ақық түсін береді, тұтас колориттік шешімде айтарлықтай мөлшерде қолданылған бұл түс маңызды рөл атқарып, бұйымның екі жағын сол түсті барқыт жиектері ұстап тұрады. Жұмыста қаз мойын, тұмарша, тарақ, өрмекші секілді өрнектер кездеседі. Батыс Қазақстанға тəн əйел адамның кеуделік сəндік бұйымы — өңір жиек өрнек ретінде қолданылған. Мұндай мотивтер жұмыста көптеп кездеседі жəне де олар бірі екіншісін қайталамайды. Жұмыс тұтастай бір құпиялы мəтін ретінде көрінеді, оның шешімі болашақтың еншісінде. Шебер Базарбаева Бибажардың жұмысы алашаның түгелдей бетінде өрнектерге толы. Мұнда қызыл фондағы ашық көк түсті жəне керісінше қызыл өрнекті көк фоннан өрнекті көруге болады. Бұйымның суретін жəне түстің тең бөлінуінің нəтижесінде күлгін реңге ие болып, колориттік үлгідегі өрнекті жолақтармен көмкерілген жоғарғы жəне төменгі жиектері бұл бұйымға жинақылықты береді. Жұмыста ашық жəне қою жолақтар қайталанып отырады жəне де осы тектес түстік ауысу осы өңірдің басқа жұмыстарында көлемді кездеседі. Мысалы, шебер Давлетова Гунил өзінің асқан шеберлігімен өрнектің түсін жəне фонын өзгерту нəтижесінде, алашаның жазық бетінде үнемі қайталанып отыратын элемент, жылы жəне суық түстердің қайталануы орасан зор көлемді көрініске қол жеткізеді. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма бұйымы алашаға қолөнер тəсілдерінің бір түрі кежим теру тəн. Композиция бір түсті əртүрлі мөлшердегі жəне кескін үйлесімі оюлы жолдардың қайталануы арқылы құралған. Бірер үлгілердің ішіндегі басыңқы түс қызыл жəне оның əр түрлі реңдері болып табылады. Ақ пен қараның қарама- қайшылығында, жіңішке графикалық жолақтар аса қанық емес, бірақ мазмұны жағынан өте əсерлі. Бұйым өзінің тығыздығымен ерекшеленеді. Жұмыстың фриздік бөлігінің безендірілуіне қарағанда, көбіне қазақ үйдің керегесіне арналған болуы тиіс. Қызылордалық шеберлердің бұйымдары əр түрі болып келді, тоқыманың тəсілі көбіне кежим теру, сонымен қатар терме тəсіліндегі тоқыма бұйымдары көп таралған. Павлодарлық шебер өзінің жұмысында тоқыма жолағының үш түрін қолданған, олардың екеуі ромбқа негізделген қос мүйіз өрнегімен толтырылып, тоқыманың терме тəсілінде орындалған. Бірақ, түстік қатынаста олар мүлде өзгеше, бұл жерде Батыс Қазақстан бұйымдарына тəн түстік өзгеру қолданылғанымен, олардан ерекшелігі түстердің жұмсақ əрі жатық ауысуы нəтижесінде жылтырау əсерін береді. Тұтастай алғанда жұмыс ашық, сəнді жəне бейнелік мəні ерекше. Орталық Қазақстанның бұйымдары терме тəсілінде орындалған. Халық шебері Тегжанова Бибижар өз жұмысында хроматикалық жəне ахроматикалық өрнекті жолақтарды үйлесімді байланыстырған. Графикалық сызықтар бейне бір алдынға планға шығып, жұмысқа үш өлшемдік бақылауды береді. Қосымша өрнектік элемент ретінде, барлық колориттік мазмұнға қозғалысты қоса түсетін тістік біріктіру тəн. Өрнекті алашаның басым бөлігі орындалған аймағына қарамастан, ромбқа салынған сырға, қос мүйіз, тұмарша, тарақ, қырық мүйіз сияқты элементтер қатары дəстүрлі болып табылады. Бұл Қазақстанның барлық территориясында алаша үшін ортақ мөлшер болып келеді.

Салыстырмалы талдау жасау үрдісінде, тоқыма бұйымдары алаша өрнегінің нақты ережелер қатарын жасап шықты: ол мүлде өсімдік тектес мəнерді қолданбайды. Белгілі ерекше стилистикалық мəнерлері пайда болады: жазықтықтағы мотивтердің бір-бірімен шиленісуі, өмірлік жəне көңілге жағымды əсерлерді туғызатын ашық локальді түс, жоғарғы жəне төменгі ұғымдарды жоққа шығаратын өрнектердің тұтас тегістігін нақты етіп бекітеді. ҚР Мемлекеттік Ə. Қастеев атындағы өнер мұражайы коллекциясындағы əр жұмыс құнды материалдан орындалып, өткен жылдардың бай мұрасын бойына сіңірген бұйымдар ретінде тарихи уақыт аралығын байланыстыратын түйін болып табылады. Өкінішке орай, жыл өткен сайын Қазақстанның көптеген сəндік-қолданбалы өнер түрлері, тоқыма бұйымдары тек мұражай дүниесі болып қалуда. Бүгінгі таңда осы саладағы зерттеушілердің міндеті тек оларды сақтауда ғана емес, сонымен қатар жаңғырту. Халық шеберлерінің шығармашылығы халықтың бет бейнесі, оның мінез- құлқын жəне бастамасының негізі болып табылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.