Қазақстандағы экскурсиялық істің тарихы

Home » Рефераттар » Қазақстандағы экскурсиялық істің тарихы
Рефераттар Комментариев нет

Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Экскурсияның шығуына себепшілік танытқан өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі десе де болады. Бұл бірінші кезекте біркатар қалаларда музейлердің ашылуынан да байқалады, Қазақстан аумағында тұңғыш рет музейдің ашылуын 1831 жылдан бастаған жөн. Себебі осы жылы Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде Орынбор өлкесінің музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекетгік музейі) ашылған еді. Оның алдында, яғни 1827 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханнын «Қару-жарақ бөлмесі» ұйымдастырылған-ды. 1883 жылы Семейде музейдің ашылуы, еліміздің шығыс аумағындағы елеулі оқиғаға айналды. Сондай-ақ 1906 жылы ағайынды Белослюдовтар Семейде жекеменшік музей ашқан-ды. 1915 жылы Өскеменде де музей жұмыс істеп, халыкты қабылдай бастады. Негізінен алғанда, патшалық Ресей тұсында музейлердің ашылуына, қазақ тарихына қатысты көптеген көрмелердің ұйымдастырылуына Орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағат комиссиясының белсенді мүшелері (әскери шенеуніктер, орыс зиялылары, Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер, т.б.) атсалысты. Мұражайлардың ашылуы экскурсия жүргізу ісін біртіндеп жолға қоя бастады. Сонымен қатар өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу үдерісінің интерактивті түрі деп санаған. Сондықтан экскурсияға шығу алғашында мектептерде кең қанат жайды. Тарихи орындарға бару, табиғат аясына шығу, коршаған ортаны тану секілді іс-шаралардың маңызы зор екендігін озық ойлы мұғалімдер нақты білгендіктен, көпшілігі оқудың осындай белсенді түрін таңдап алып жатты. Оқушылар мен гимназистер музейлерге, тарихи орындарға және сәулет өнері ескерткіштеріне баруының нәтижесінде оқудан тыс экскурсиялар да пайда бола бастады. Десе де, патшалық Ресей тұсындағы Қазақстан мұражайларында экскурсиялық іс айтарлықтай дами қойған жоқ. Оған музейлерде экскурсия жүргізушінің арнайы штатының болмауы немесе аздығы, әдістеменің жетіле қоймауы, т.б. жайттар өзіндік әсерін тигізген еді. Бұл осы кездері бүкіл Ресейге тән құбылыс еді. Мұндай олқылықтардың орнын толтыру үшін мамандар 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрды. Оның негізгі мақсаты оқушылар мен оқытушыларға экскурсиялық қызмет көрсету тұғын. Комиссия мүшелері экскурсиялық істің кыр-сырына үңіліп, оның әдістемесін қалыптастыруға атсалыса бастады. Осы жылы «Мектеп экскурсиялары, олардың мәні мен ұйымдастырылуы» атты жинақ басылып шықты, кейіннен аталмыш жинақ 1921 жылы өзектілігіне орай кеңестік баспадан қайтадан жарық көрді.
Жалпы айтканда, экскурсиялар мемлекеттін түрлі кезеңдерінде өз миссиясын тиянақты түрде атқарып келген. Экскурсиятанудың пон ретінде дамуына Кеңес Одағы тұсында мамандар көп еңбек етті. Оның дамуы педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Республиканың нақты шекаралары межеленген 1925 жылдарға дейін Кеңес үкіметі Қазақстанда тағы бірнеше музейлер ұйымдастырып, музей ісін дамытуды жолға койды. Мысалы, 1919 жылы Костанайда, 1920 жылы Шымкентте, Оралда, Көкшетауда, 1923 жылы Ақмолада, Петропавлда музейлер ашылып, халыққа кызмет көрсете бастады. Сонымен қатар түрлі коғамдар, одақтар, мысалы, 1918 жылы Мәскеуде «Оқушылар экскурсиялық бюросының орталығы» кұрылды. Экскурсиялар туризмнің медени-танымдық түрі әрі кұрама бөлігі ретінде 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында өрлей бастады. Бұл кездері «саяси-ағарту жұмыстарына» көп көңіл бөлінді. 1926 жылғы Саяси-ағарту кеңесінің IV съезінің шешімі бойынша, музей экскурсиялары маркстік-лениндік методология шеңберінде жүргізілуі тиіс болды. Ендігі кезекте «бүқаралық саяси-ағарту жұмыстары» атты термин негізінде музей кызметі, соның ішінде экскурсиялық іс жандана түсті. 1928 жылы «Кеңес турисі» атты АҚ құрылды, ол 1930 жылы «Бүкілкеңестік пролетарлық туризм және экскурсияның еркін қоғамы» болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Халық ағарту комисариатының эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту ісі орталықтандырылды. Мамандардың (Ибраева, т.б.) есептеулеріне қарағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында музей қызметкерлерінің құрамы азайып кеткен. Соғыс кезінде майданға аттандыру, бюджеттің тапшылығына байланысты қысқарту сияқты себептер музейлердің онсыз да аз кадр әлеуетін күрт төмендетіп жіберді. Егер бұрын облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде 6-7 адам қызмет етсе, соғыс жылдарында 2-3 адам болып сиреп, музей жұмысы жүрмеді. 1942 жылғы қаңтардағы музей қызметкерлері туралы мәліметтер мынадай: республиканың 13 облысы бойынша барлық кызметкерлер саны — 49 адам, оның ішінде БК(б)П мүшесі — 9 адам, комсомол мүшесі — 3 адам, жоғарғы білімі барлар ~ 8 адам, орта білімі барлар — 19 адам, аяқталмаған орта білімі барлар — 6 адам, арнайы білімі барлар — 3 адам, төменгі білімі (2, 3 сыныптық) барлар — 7 адам. Ал облыстық музейлердің жағдайы мынадай; Алматы облысы бойынша 5 адамның жоғары білімі жоқ, 2-інде орта білім, 2-і партия мүшесі, 1-і комсомол мушесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 адамның
1-інде орта білімі, екіншісінде аякталмаған орта білімі болған. Ұлттық кұрамы: қазақ — 1 (Қостанай облысы бойынша), орыстар 28, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Міне, зерттеушілердің мағлұматы осындай. Бұл соғыс зардаптарынан туындаған жайт еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оку үдерісінде экскурсия кеңінен қолданылып, өлкетанушылық жұмыстар дамыды. Облыстарда музейлер ұйымдастырылды. Айта кететін бір жайт, 1950-1960 жылдары мұражай ісінде «ғылыми-ағартушылық жұмыс» термині кеңінен қолданыла бастады. Мұны музей қызметінің негізі болып табылатын музей пәніне және осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтың артуымен түсіндіруге болады. Алайда, музейлер негізгі идеологиялық мекемелердің бірі ретінде саналып келді. Бұған кеңес одағы коммунистік партиясының 1964 жылғы «Еңбекшілерді коммунистік тұрғыдан тәрбиелеудегі музейлердің рөлі туралы», 1982 жылғы «Музейлердің идеялық-тәрбиелік жұмыстарын жақсарту туралы» деген қаулылары да дәлел бола алады. Ендігі жерде келушілерге қызмет көрсету келушілер саны, оқылған дәрістер көлемі мен жүргізілген экскурсиялар бойынша бағаланды. Сөйтіп, экскурсиялық қызметке социалистік құрылысты дәріптеу сынды жұмыстар жүктелді. Дегенмен, 1960-1980 жылдары аудиториямен жұмыс істеу жаңа сапаға көтерілді. Музей жұмысында факультативтер, абонементтер, ауызша журналдар, түрлі фестивальдар, мейрамдар, т.б. ұйымдастырылып, экскурсиялық жұмыстың әдістемесі жетілдірілді. Экскурсия диалог ретінде қарастырылады, ал экскурсант оған белсенді түрде қатысушы болып табылды. Экскурсия барысындағы сұрақ-жауап, түрлі ойын әдістемелері енгізілді, сахналандырылған көріністері орын алды. Әрбір келушіге (оқушы, студент, ересек адам, шетелдік турист, т.б.) қатысты дифференциалды ұстаным қалыптасты. Кеңестік Мәдениет ғылыми-зерттеу институты осы кездері «Основы экскурсионного дела», «Музей и посетитель» секілді ғылыми жинактар шығарып тұрды. Олардың барлығы экскурсиялық істің дамуына, ғылыми түрғыдан кемелденуіне айтарлыктай үлес қосты. 1980-1990 жылдары коммуникация теориясы аркылы кеңестік мұражайларда адамның дамуына, оның шығармашылық әлеуетіне, құндылықтарының қалыптасуына, дүниетанымдық бағдарларына, қоғаммен әлеуметтік-мәдени байланыстарына азды-кемді назар аударыла бастады. Осы кездері Қазак КСР құрамында 19 облыс болды. Нәтижесінде әрбір облыста тарихи-өлкетану музейлері ашылды. Олардан басқа аудан орталыктарында, шағын қалаларда, кейбір университеттер мен ғылыми орталықтарда (Ғылым Академиясы, т.б.), ірі мектептерде сан алуан тақырыптағы музейлер жұмыс істеп, келушілерді қабылдады. Ендігі жерде экскурсия жүргізушілердің штат құрамы да азды-кемді ұлғайтылып, оның ғылыми әдістемесі де жетілдіріле түсті. Ал музейлер мекемелеріне мамандар даярлау ісі біршама кенже қалып келе жатты. Айта кету керек, 1970 жылы музей қызметкерлерінің саны 2 есеге артып, олардың жалпы саны 640 қызметкерге жеткен, Бұлардың 406-сы ғылыми кызметкер (68%) болған. Музейде жұмыс істейтін жергілікті ұлт құрамы да өсе түскен. Олардың жалпы көлемі 46% пайызға дейін өскен. Музей штаты құрамына да белгілі бір талаптар қойылды. Мәселен, облыстық музейлерде директор, бас қор сақтаушы, 2 аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкерден жабдықталған штаттық бірлік берілуі тиіс болды. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, 1990 жылдардың басында Қазақ КСР-нің музейлерінде 2770 мың қызметкер тіркелген. Оның ішінде 155 қызметкерде музей ісі мамандығы бойынша білімі, ал 1136 ғылыми қызметкер мен экскурсия жүргізушілерде жоғары білім болған.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.