Қазақстандағы корей диаспорасының өзекті мəселелері

Home » Рефераттар » Қазақстандағы корей диаспорасының өзекті мəселелері
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан қазіргі таңдағы даму сатысында жаңа кезеңге аяқ басқан. Осы баспалдақтан орын алған Қазақ елінің қай салада болсын даму қарқыны көтерілуде. Ғылым саласындағы өзгерістер жаңа белестерді бағындыруға жетелеуде. Жаратылыстану ғылымдарымен қоса, гуманитарлық ғылымдарда жаңалықтарға толы бетбұрысқа көшкен. Дегенмен, бүгінгі таңда да жан жақты зерттеуді қажет ететін проблемалар саясаттанудың тарихи бағыттарында көрінеді. Сондықтан, бұл ғылыми мақаламның негізгі өзектілігі саясатқа қатысы бар тарихи шындықты орнатуға өз септігін тигізуінде. Нақты айтсақ, Қазақстанда орын алған көші-қон үрдістерін шындық бетіне шығарып, зерделеп, əрі миграцияланудың арқасында пайда болған корей диаспорасының саяси-əлеуметтік жақтарын қарастыру. Бұл еңбектің өзектілігі тек бұдан ғана көрінбейді, сонымен қатар, əлемдік миграция айдарына Қазақстанға байланысты көші-қон үрдісінің басты белгілерін енгізуінде де байқалады.

Зертеудің тақырыбы Қазақстандағы корей диаспорасының өзекті мəселелері жəне оны шешу жолдары болғандықтан Қазақстан мен Корей арасындағы экономикалық, мəдени жəне тағы да басқа қатынастарды қалыптастыруға да бұл мəселені зерттеу өзекті болып табылады. Өз кезеңінде «жат елдердің түрмесі», содан кейін əр түрлі сынақтар жасалатын «алаңға» айналған Қазақстан талай миграциялық үрдістерді басынан кешірді жəне өзінің бойына көптеген этностардың бірігіп өмір сүру, бір- бірімен жақсы қарым-қатынаста болуының мол тəжірибиесін сіңірді [1]. Сондықтан да бұл тəжірибиені зерттеу, қоғамдық ғылымдар сахнасында өзекті мəселелердің бірі. Қазақ мемлекеті көпэтносты болып табылады. Бұл елде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүруде [2]. Алайда Қазақстандағы көпэтностықтың жақсы жақтары болғанымен де, Қытай, Ресей сияқты елдерде болып жатқан көпұлттылық мəселелері біздің елге теріс жақтарын тигізуі мүмкін. Осыны болдырмас үшін елімізде тұрып жатқан халықтар арасындағы бейбітшілікті қалыпты ұстау керек. Сондықтан, Қазақстанға көшіп келген халықтардың қазақ халқымен қарым-қатынасын зерттеу татулықты қамтамасыз етеді. Біз Қазақстандағы корейлердің еліміздегі Қазақ халқымен қатынас жасауын түбегейлі зерттесек екі мемлекет арасындағы достық жандана түсіп, басқа халықтарға үлгі болады. Міне, Қазақстандағы корей миграциясы көпэтностық мəселелерді шешуге де таптырмас олжа.

Қазақстандағы корей диаспорасы Шығыс Азияда орналасқан корейлердің КСРО- ның Қиыр Шығысына, одан қазақ жеріне миграциялану əсерінен пайда болды [3]. Олар қазақ жеріне Кеңес көсемдерінің бұйрығымен күштеп көшіп келген болатын. Көші-қон үрдісі орын алғаннан кейін кəріс жұрты жаңа ортаға бейімделе бастады. Бұл процесс алғашында корей халқына қиын тигенімен, уақыт өте келе олар Қазақстанды туған еліне балаған ұлттардың бір бөлігіне айналды. Қазақ елі тəуелсіздігін алғаннан соң корей халқаның мəртебесі жоғарылап, жағдайы біршама жақсарды. Қазіргі бейбітшіл заманда корейлер сан ғасырлық ерліктің нəтижесінеде елімізде тату-тəтті өмір сүруде. Алайда бұл ұлы диаспораның əлі де толық түйіні таппаған мəселелері бар.

Бұл кестеден кəріс халқының саны Қазақстан жерінде көбінесе облыс бойынша тұрақты екендігі көрініп, тіпті кейбіреулерінде өсушілік байқалады. 1997 жылдың 10 қазанында Алматы қаласында Республика сарайында кəрістердің Қазақстанға қоныс аударуларына 60 жыл толуына орай жиналыс өтті, бұл жиналыста Президент Н.Ə. Назарбаев баяндама жасады. Н.Ə. Назарбаевтың «Біз кəріс халқының қайта өрлеуі феноменінің куəгеріміз» деген сөздері өте бір қызу жылулықпен қабылданып, тыңдалды, бір-бірін құтықтап жатты, олардың алдарынан жаңа мүмкіндіктер ашылғанына қуанышты болатын [5]. Бұл жиында республикадағы кəріс ұлысының атынан Қазақстандағы кəрістер Ассоциациясының президенті Ю.А. Цхай сөз сөйледі. Ол алпыс жылдық оқиғаларды — тұтас халыққа жасалған қастандық туралы атап өтті. Ю.А. Цхай барлық кəріс диаспорасының жалпы пікірін айтты: «Қазақстан жаппай қоныс аударту жылдарындағы көптеген депортацияланған кəрістер үшін тұрақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар біз мұнда өз ұрпақтарымыз үшін отан таптық. Қазақстандықтардың осы бір жылы қабылдауын кəрістер ешқашан да ұмытпайды» деп атап көрсетті. 2005 жылы желтоқсанда Корей мемлекетінің билік иелері ТМД жерінде тұратын этникалық кəрістерді қолдау туралы жаңа бағдарлама ұсынған болатын. Корей Республикасының жоғарыда отарған адамдар шетелдегі отандастарын көмектері тигенше қолдауға өздерінің парыздары деп санап, Қазақстанда жасалып жатқан барлық жағдайларды жоғары бағалады [2]. Қазіргі кезде, Қазақстанның жас мемлекет ретінде орнығып жəне нарықтық экономика жүйесіне көшу үрдісі жүріп жатқан уақытта, осы үрдістің қиыншылықтары əрбір Қазақстанда тұрып жатқан халықты соқтығып өтуде. Қазақстандағы корейлердің мəселелерін мемлекеттік проблемалардан бөліп қарастыруға болмайды. Себебі барлық Қазақстанның тұрғындары осы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді бірдей сезінуде. Кеңес одағы құлағаннан кейін пайда болған, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңа өмірдің ауыртпалықтары, ел ішінде орын алған дүрбелең жəне бала болашағына деген қорқыныш, ұлттық дамудың бұлыңғырлығы қазақ кəрістерін айналып өтпеді. Осы қиыншылықтар Қазақ кəрістерін біршама мəселелерге соқтырған болатын [6]. Сол мəселелерге – корей халқының əдет-ғұрыптары, салт-дəстүрлері мен тілінің ұмытылуы, ұлттық мəдениетті дамыту үшін қаржының жетіспеуі жатады. Бұл мəселелер қазіргі қазақ кəрістер ортасында негізгі орын алатын проблемалар болып табалады. Көші-қон кезінде кəрістер талай мəдени өзгерістерге ұшыраған болатын. Сол мəдени өзгерістер кəрістердің əдеп-ғұрыптарының ұмытылуы, салт-дəстүрлерінің басқа кейіпке енуіне дейін барған [7]. Тіпті кəрістердің арасында өз тарихи тілін ұмытқан адамдарда кездесіп жатты.

Қазіргі кезде қазақ кəрістерінің көпшілігі өз тілін, салт-дəстүрін жетік білмейді. Сондықтанда қазақ кəрістерінің бойына тарихи тілін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрлерін бойларына дарыту қажет [6]. Тағы бір, Қазақстандағы кəрістердің қазақ тілін яғни тұрып жатқан отанының мемлекеттік тілің білмеуінде. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы жас кəріс ұрпақтары қазақ тілін білмейді. Көбісі орыс тілін жетік меңгерген. Алайда мемлекеттік тілді меңгеруге беттерін бұрмауда. Сондықтанда қазақ тілін бұл диаспораға меңгеруіне жағдай жасау мемлекет құзырында. Міне, бұл диаспораның өте өзекті мəселелері жеткілікті. Осы мəселелерді шешіп, туысқан атанған кəрістерге көмектесу əр бір қазақ азаматының міндеті. Қазақ елі өз тəуелсіздігін алғаннан кейін де кəріс халқымен байланысын үзбеді керсінше достық қатынасын одан сайын жандантқан болатын. Екі халық арасына мəнгі үзілмес бауырмашылдық орнады. Бұл сөзге Елбасымыздың мына сөзі арқау бола алады: «…Қазақстанда тұрған 60 жыл уақыт ішінде кəрістер, бір кездері айтқандай, жүздеген ұлттар мен ұлыстардың арасында, тарих тозаңына айналып та кеткен жоқ, ассимиляцияланған да жоқ, қайта өздерінің ұлттық салттарын, дəстүрлерін сақтай, одан əрі байыта түсіп, республиканың əлеуметтік-экономикалық жəне рухани дамуына қомақты үлестерін қосып келді жəне қоса береді. Міне, осындай кез келген тағдыр ауыртпалығына төтеп берген күш -қайрат, ерік пен батылдық, əрине, қазіргіні оптимистік тұрғыдан бағалауға жəне келешектеріңізге нық сенім артуға негіз береді» [5].

Бүгінгі танда бұл екі халық бейбіт өмірді бірге кешіп жатқан туысқан адамдай. Репресиялық жылдарда қиыншылық пен қуаншылықты бірге тартқан екі халық қазіргі кезде достықтың нышанына айналған. Осындай бір күннің астында татулықта өмір сүріп жатқан бұл екі халықтың болашақта көреріде бір, тартарыда бір. Сондықтанда Қазақстандағы кəрістердің мəселелері қазақ халқынында проблемалары деп айтуға болады. Cол мəселелерді шешуге тек кəріс азаматтары ғана емес қазақ адамдары да ат салысуы керек. Соған байланысты мен осы қазіргі таңдағы корей диаспорасының өзекті мəселелерін талдап, шешімін табуға өз септігімді тигізуге зертеудің нəтежиесінде төмендегі ұсыныстарды жасауға болады деген ойдамын: 1) Қазақстандағы кəріс диаспорасының тарихи тілін, дəстүрін қалыптастыру үшін жоғары оқу орындарына «корейтану» кафедраларын ашу. 2) Кəріс жастарына тарихи корей тілін меңгерулеріне жəне сол корей тілін үйрететін мұғалімдерге жағдай жасау. Корей мектептерін ашып, корей балалары көп оқитын мектептерде қосымша сабақ ретінде «Корей тілі» атты пəн енгізу. 3) Қазақстандағы кəрістердің бойына тарихи əдет-ғұрпын, дəстүрлерін бойларына дарыту үшін əр-түрлі кештер өткізу. 4) Мəдени құндылықтарды дарытудың көзі болып табылатын театр, кино салаларына көмек қолын созу. 5) Қазақстандағы кəріс азаматтарына қазақ тілін үйрету үшін кəріс мектептеріне қазақ тілі факультативтерін өткізу. 6) Қазіргі кезде корейлердің миграциялану тарихы жайлы қазақша кітаптар аз. Сол кітаптардың санын көбейту үшін бұл тақырыпты тереңірек зерттеп мемлекеттік тілде кітаптар шығару. 7) Қазақстандағы кəрістердің тарихи отаны Оңтүстік Корея Республикасы мен ҚХДР мемлекеттері болғандықтан, осы екі елмен экономикалық, мəдени қатынастарды нығайту.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.