Қазақстандағы сақтандыру iсi

Главная » Рефераттар » Қазақстандағы сақтандыру iсi

       Революцияға дейiнгi Қазақстандағы сақтандырудың даму деңгейi мен танымалдылығы жайлы мәлiмет жоқ. Қазақ тар тұрғылықты халықтың көп бөлiгiн құрайды, ал ол уақытта экономиканың даму деңгейi төмен және өндiргiш күштер дамымағандықтан сақтандыру кең көлемде орын алмады деп қортуға болады. Егер сақтандыру келiсiм шарттары жасалған кезде де, Россиямен шекаралас қалалар да ғана кездесетiн.

       Қазақстан экономикасында сақтандыру революциядан кейiнгi периодта ғана iс жүзiнде маңызды тұрде енгiзiледi.

       Октябрь революциясынан кейiн Россияда сақтандыру iсi ұлттық сипат ала бастады. µлттық сипат беру РСФСР Совнаркомы 28/қараша 1918 жылы Россия республикасы сақтандыру iсiн ұйымдастыру декретiне сәйкес аяқталды.

.

      Сақтандырудың қайта өсуiне обьективтi факторлар әсер еттi. 1921 жылы РКП 10 сьезiнде жаңа экономикалық саясат қабылданды. Экономика мен шаруашылық өмiрiне нарықтық экономиканың жаңа элементтерi енгiзiлдi. Нарықтық экономика заңы — нарықтық iс-әрекеттерде үнемi кәсiпкерлiк тәуекел, сәйкесiнше сақтандыру болу керек екендiгi айтылады.

     Сақтандыру ұйымдастыру түрі алдын ала анықталады: себебi ЖЭС жағдайында эконономика, сонымен қатар қаржы несие жүйесi мемлекет қолында қолды, сондықтан сақтандыруда мемлекеттiк едi.

      Сақтандыруды ұйымдастырудың жаңа түрі Совнаркомның 6 қазан 1921 жылы ”мемлекеттiк мүлiктi сақтандыру” жайлы декретiмен өмiрге енгiзiле бастады.

    Сақтандыру жайларының тiзiмiнiң шектеулiгiне көңiл аудару керек. Ол тiзiмде нөсер жауын, жел, жер сiлкiну, ауыл шаруашылығы зиянкестерi, басқа да қауiптi жағдайлар көрсетiлген. Сақтандыру жауапкершiлiгiнiң көлемiнiң шектеулiгi сақтандыру тарифтерiн төмендетуге бағытталған iс-әрекет.

      Алғашқыда мүлiктi ерiктi сақтандыру енгiзiлдi, кейiн сақтандыру аппаратының жұмысшыларын қолдау мақсатында мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру енгiзiлу қолға алынды.

       Мемлекеттiк мiндеттi сақтандыру барлық жеке шаруашылықтар мен кәсiпорындарға — ауыл шаруашылығы, өндiрiс, коллективтi шаруашылықтарда орыналады.

        Мiндеттi сақтандыруға тек мемлекеттiк мүлiк ғана емес, жалға берiлген мүлiк те тиiстi едi. Мемлекет отандық сақтандыру нарығын қорғау мақсатында белгiлi протекционистiк iс-әрекеттер де жүргiзiлдi. Ол шет елдiк сақтандыру нарығына келуiне шектеу қою едi. Егер шетелдiк сақтандырушылар мүлiктерiн сақтандыру немесе қайта сақтандырғысы келсе, Совнаркомнан рұқсат алу тиiс едi.                  Наркомфинге мемлекеттiк мүлiктi сақтандыруды ұйымдастыру тәртiбi, ережесi және инструкцияларын дайындай және мiндетi жүктеледi.

    Орталық пен екi ай уақыт iшiнде ұйымдастыру сұрақтары шешiлдi және 16 желтоқсан 1921 жылы Наркомфин уақытша инструкцияны бекiттi.

     Іаржы бөлiмдерiнде губерниялық басқарудың мемлекеттiк сақтандырулары құрылды. Губерниялық басқарудың негiзгi ядросы ВСНХ сақтандыру бөлiмдерi болды.

      Губсақтандырушы басшыларына сақтандыру операцияларын жүргiзу бойынша жеке мiндеттер жүктелдi. Ол басқарудың iшкi ұйымдастыру құрылымын бекiтуге, iс жүргiзу ережесiн бекiтуге, жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығаруға құқық бердi.

       Губқаржыбөлiмiне басқару қызметi және бақылау құқықтары берiлдi. Іаржы бөлiмi  менгерушiсi сақтандыру актiлерiн, сақтандыру таоифтерiн, операциялық және жылдық есеп берулердi бекiттi.

      Сақтандыру сумма мөлшерi жеке тұлға мүлкi үшiн, сақтандырушымен келiсiлiп, бiрақ мүлiктiң нарықтық бағасының  құны мөлшерiнен аспауы тиiс.

       Сақтандыру тарифтерi уақытша бұрынғы схемамен қолданылды. Бiрақ сақтандыруда шаруашылықтық есеп бастамалары және сақтандыру операцияларының шығынсыздығы ескерiлдi. Сондықтан шығындық тарифтер қолданылмады, бiрақ халықтың төлем төлеу қабiлетiне, сақтандырудың даму мүмкiндiгiне сәйкес келуi тиiс едi.

      Қазақ  ССР аймағында сақтандыру iсiн ұйымдастыру тәртiбi мемлекеттiк мүлiктi сақтандыру Ережесiмен 1921 жылы 14 желтоқсанда Совнаркоммен бекiтiлдi. Мүлiктi сақтандыру, ұйымдастыру тәртiбi негiзiнен 6 қазан 1921 жылы Декреттен қайталанды.

      Қазақ  республикасындағы мемлекеттiк сақтандыруға алғашқы қадамдар анықталмаған кедергiлермен, елдегi экономикалық жағдайдың ауырлығымен байланысты едi.

      Бiрiнен кейiнгi сақтандыру iсiндегi қайта ұйымдастыру жұмыстары iске көмектеспедi. 1922 жыл ортасында республикада РСФСР мемлекеттiк сақтандыру Бас басқармасы тiкелей басшы болып есептелiндi.

      1926 жылы Қазақ АССР құрылғанан кейiн Росстрах Басқармасы құрылды,оның қарамағында — Қазақ  АССР-дағы Росстрахтың Бiрiккен Контор Басқармасы құрылды. Губерниялық конторлар жойылды.

      1928 жылы наурызда Басқарма және контор ұйымы қайта құрылып, Госстрахтың Аймақтық конторы болды.

        Бұл уақытта сақтандыру түрлерi қалыптасты. Бұл — ауылдық мәдени өсiрiмдер және малдарды сақтандыру транспортты ерiктi сақтандыру, кепiлдiк сақтандыруы.

        Сақтандырудың даму нәтижесiнiң қанағаттандырусыз деңгейi Мемсақтандыру органдарын таратуға әкелдi. 1931 жылы 3 ақпандағы “Мемлекеттiксақтандырудағы өзгерiстер” жайлы қаулысымен мүлiктi сақтандыру жұмысы Наркомфинге берiлдi және жергiлiктi органдар, жеке сақтандыру бойынша-мемлекеттiк еңбек сақтандыру кассасы.

    Бiрақ бұндай бiр шеттен екiншi шетке өзгерiстер СССР-де сақтандыру iсiнiң өшуiне әкелдi. Сондықтан 1933 жылы 8 наурыз “Ауылдағы сақтандыру iснiң жұмысындағы жаман iстер” жайлы қаулымен Мемсақтандыру органдары  қайта орнына келтiрiлдi.                                    

        Алматыда қазақ Мемсақтандыру басқармасы құрылып, облыстарда – басқарма, аудандарда – Мемсақтандыру инспекциясы құрылды.

       Атап өту керек, әсiресе 30-жылдары, Мемсақтандыру  органдары қызметiнде, класстық сызық анық байқалды. Тарифтiк ставкалар қулақтар үшiн, мемлекеттiк, колхозға қарағанда 2-4 есе жоғары болып бекiтiлдi. Сақтандыру аппаратында класификациясы жоғары мамандар сауатсыз мамандарға ауыстырылды. 1937-1939 жылдар, жүздеген мамандар жұмыстан босатылып, регрессияға Үшырағанда, Мемсақтандыру аппараты қатты жапа шектi.

   Кезектi сақтандыруды қайта ұйымдастыру 1948 жылы, 1958 жылы, 1968 жылы жүргiзiлдi. Соңында Мемсақтандыру одақтық-республикалық шаруашылықтық есеп жүйесi құрылып, оны СССР Мемсақтандырудың Бас басқармасы басқарды. Бұл жүйе СССР тарқап және Қазақстан Республикасының Мемсақтандыру жойылғанға дейiн сақталды.

      Осы уақытта сақтандыру түрлерi тiзiмi Қазақстанда да жүргiзiлдi:

       1968 жылы сәуiрде сақтандырудың барлық түрлерiн дамытудың күштi импульсы енгiзiлдi. Қазақстанда 1969 жылы өмiрдi сақтандыру төлемдерi екi есе өстi. 1991 жылы, инфляция алдындағы жылы, сақтандырудың барлық түрі бойынша 1447млн.р. жинақталды, оның iшiнде 658,2млн. ерiктi сақтандыру бойынша жүргiзiлдi.

       1991 жылы мамырда ІазССР минисртлер кабинетi қаулысымен республиканың Госстрах органдары тарихында алғаш рет Іаржы министрлiгiнен шығарылды. Мемлекеттiк сақтандыру жүйесiн қайта ұйымдастыру 17 сәуiр 1995 жылы аяқталды, Бұл уақытта Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетi қаулысымен коммерциялық сақтандыру компаниялары ”Сенiм” сақтандыру компаниясы ашық акционерлiк компаниясы болып қайта құрылды.

Қазіргі  таңдағы сақтандыруды ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен ерекшелiктерi.

      Сақтандыру iсiн ұйымдастыру принципi нарықтық экономика қызметiн реттеудiң жалпы экономикалық заңдылықтарымен, ІР өзiндiк өзгерiсiмен сипатталады.

.

         Нарықтық экономика еркiн кәсiпкерлiкпен, түрлерiнiң әртүрлiгiмен, кiрiстi көбейтуге өндiрiстi бағыттаумен сипатталады. Мемлекет тауар өндiрiсiне араласпайды, бiрақ нарықтық шаруашылықты реттеудiң негiзгi ережелерiн анықтайды.

      Осылайша, дамыған нарықтық экономика — жұмсақ реттеу жүйесi. Осы реттеудiң негiзгi элементi ретiнде сақтандыруды айтуға болады. Өз кезегiнде, сақтандыру реттеу обьектiсi болып есептеледi.                  Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасу процессiнiң өзгеше жағы. Госстрахтық монополиялық жүйеден қалған мұраның артықшылығы.

     Мемлекет жоспарлы мiндеттер бекiткенде оларды тәуекелдi деп есептемейтiн, себебi ол күдiктi жоспарға жататын. Сақтандыру тәуекелi деп тек табиғи құбылыстар ғана есептелетiн. Нарыққа дейiн сақтандыру  “сұраныстан ұсынысқа дейiн” дамитын.  Мемсақтандыру өз бетiнше сақтандыру ережелерiн қарастыратын, ал кәсiпорындар, халық оларды  қабылдамайтын. Атап өту керек, стихиялы құбылысты қорғау мемлекеттiк сақтандыру жеткiлiктi жүргiзiлдi.

      Осы уақытқа дейiн мемлекеттiк мүлiктi және жеке сақтандыру салық жүйесi саласы ретiнде қарастырылған. Басында экономикалық осы саласы қаржы министрлiгiне бағынатын, сондықтан ол цивилизациялы дамымады. Басында салық аппаратының бiр бөлiмi сияқты мемлекеттiк сақтандыру органдары мемлекеттiк бюджеттi толтыратын, ақша-несие ресурстарын нығайтуға бағытталған едi. Халыққа ақшаларын қайтару, сақтандыру төлемдерiн төлеу екiншi жоспарға жылжыды. Сол уақыттағы әртүрлi анықтамалар жинау механизмi, төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыра бердi.

       Бұндай қарама-қайшылықтар тауарлы  өндiрiс заңын алшақтау деп түсiндiрiлдi. Сақтандыруда коммерциялық бағыттың болмауы, сақтандыру мүмкiндiктерiне аз зиян әкелмедi. Бiрақ Госстрахтың қызметiнiң оң жақтарын да атап өту керек. Оларға тұрақтылық, резервтiк қордың құрылуы, оларды бөлу мүмкiндiктерiн жатқызуға болады. Еске түсiрсек, бұрынғы Совет одағы және Қазақстанда сақтандыру монополиясы жағдайында, мысалы ауылшаруашылығын сақтандыруда Мемлекеттiк сақтандыру бiрнеше рет колхоз және совхоздарға шығындарының орнын толтырды. 1991 жылы мемлекеттiк сақтандыру қорынан 1,7млрд.сом  Армения, Грузия, Тәжiкстан, Шығыс Қазақстан облысындағы апаттардан болған шығындарды толтыруға төлендi.

      Нарықтық экономика заңдары, сақтандыру саласында да монополизмдi терiске шығарады. Сондықтан сақтандыру iсiн ұйымдастырудағы принципиалды айырмашылық оны демонополизация жасау. Мемлекеттiк сақтандырумен қатар, жеке акционерлiк қоғамдар жүргiзетiн сақтандырулар да дамуда.

       Бүгiнде мемлекеттiк сақтандыру — сақтандырушы ретiнде мемлекеттiк мекеме шығатын сақтандырудың түрі. Бiрақ мемлекеттiк сақтандырушы барлық сақтандыру түрлерiне монополизация жасай алмайды. Оның қызметiнде жалпы мемлекеттiк көзқарасты қолдау бағыты болуы мүмкiн. Республикалық мемлекеттiк ауылшаруашылығы сақтандыру қызметiнде “Казагрополис” мекемесiнiң артықшылығы ол ауылшаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi тұрде сақтандырады, ал “казахинстрах” сақтандыру компаниясы—инвестицияны сақтандырады.

        Сақтандыру қызметiнiң алдыңғы қатарлы ұйымдастыру түрі акционерлiк сақтандыру, сақтандырушы ретiнде акционерлiк қоғамдар шығады. ІР Президентiнiң сақтандыру жайлы қаулысына сәйкес, Бұл мемлекеттiк емес сақтандырудың бiрақ түрі.

         Сақтандыру акционерлiк қоғамдарын құру тәртiбi мен қызметi ”Акционерлiк қоғам”  жайлы заңмен реттелiп  отырады  .

         Сақтандыру  арқылы  қорғаудың  бiр  түрі өзара сақтандыру, ол өзара көмектесу арқылы сақтандырушыларды бiрiктiру, яғни әрбiр сақтандырушы өзара сақтандыру қорының мүшесi болып есептеледi. Өзара сақтандырудың бiр түрі кооперативтi сақтадыру .

          Отандық сақтандыру нарығын дамытуда негiзгi сұрақ шетелдiк сақтандыру ұйымдары қызметiне қатысты.

          ІР  Президентiнiң “сақтандыру жайлы ”  қаулысына сәйкес шет елдiк сақтадырушылар қызметiне шектеулер қойылуда . Шет елдiк қатысушысы бар ұйымдардың тiркеуден өткен жарғылық капиталы барлық сақтандыру ұйымдарының жиынтық  жарғылық капиталының жиырма бес пайызынан астауы тиiс Шет елдiк қатысушымен деген сақтандыру ұйымының акцияның үштен бiр бөлiгiн алу арқылы деген мағынаны бередi.

        Шет елдiк сақтандыру ұйымдары қызметi Қазақстан Республикасы териториясында олардың тiкелей сақтандырушы ретiнде шығуна тиiм салады .

        Іаулымен шетелдiк азаматтарға немесе өз қызметiн Қазақстан Республикасы аймағында жүргiзетiн, шет елдiк заңды тұлға өкiлетiлiгi ,тәуекелдiлiктi сақтандыруы тиiс .

        Нарықтық экономиканың  дамуы үшiн барлық қызмет саласында бәсекелестiк болуы қалыпты жағдай. Осы жағдай сақтандыру нарығына да қатысты. Әртүрлi сақтандырушылар клиенттердi тарту мақсатында оларға тиiмдi жағдаилар жасауға ұсыныс жасап, келiсiм шарт жасағысы келедi.  Денi  сау бәсекелестiк  сақтандыру қызметi ассортиментiн кеңейтуге жағдай жасайды .

       Бәсекелестiк тарифтiк ставкаларды төмендету, сақтандыру төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру, шығынды оптималды анықтау,  сақтандыруды толтыру оперативтi жүргiзумен өрнектеледi .

       Сақтандыру – заңды және жеке тұлғалардың өмiрлiк қызығушылығы бар, сақтандыру келiсiм шарты жасалған  сақтандлыру қорғауын қамтамасыз ететiн арнайы қызмет саласы .

        Мысалы, бәсекелестiк күресте сақтандыру тарифтерiн қаржы тұрақсыздығына қауiп төнiп тұрғанда төмендетуге жол беруге болмайды .

       Сақтандыру нарығында алып сатарлық болмас үшiн, сақтандыру қызметiн реттейтiн заңдылықтар жүйесi қажет.

       Сақтандыру қызметiнiң нарығы қалыптасуы үшiн әрбiр сақтандырушы қызметi жайлы ақпараттар жинақтау,  ұйымдастыру iс-шарасының құрамдас бөлiгi.  Тек осындай жағдайда ғана потенциалды сақтандырушы аяғынан тiк тұратын сақтандыру ұйымын таңтап және оған өз тағдырын сенiп тапсырады.

        Сақтандыру ұйымдары арасындағы бәсекелестiк жан-жақты қарым-қатынасты жоққа шығармайды. Сақтандыру iрi қауiптi жағдайларсыз болмайды.

         Сақтандыру ұйымдары арасындағы қарым-қатынас түрі сақтандырушылар одағы мен ассоциациясын құру. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының негiзгi мақсаты сақтандырушыларға көмек ұйымдастыру,сақтандыру бойынша заң және нормативтi актiлер жобасын дайындауға қатысу, семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы бойынша рекомендациялар шығару.

Құқық жүйесiндегi сақтандыру.

               Сақтандыру қатынасында, бiрiншiден, сақтандыру келiсiмшартының жақтары — сақтанушы мен сақтандырушы, екiншiден, жеке және заңды тұлғалар — сақтандырылған сақтандыру агенттерi мен брокерлер, банк мекемелерi, қаржы, салық, құқық қорғау органдары, мемлекеттiк үкiмет ұйымдары қатысады.

        Сақтандыру обьектiлерi ретiнде материалдық құндылықтар, өмiр, денсаулық, еңбек қабiлеттiлiгi, кiрiстi жоғалту шығады.

      Осылайша, сақтандыру қайта бөлу орбитасына бiрқатар, анықталған құқықтар мен мiндеттердi алып жүрушi субьектiлер де қатыстырылды. Сақтандыру қызметiнде олардың өзара қатынасын реттеу тек заңның көмегiмен ғана мүмкiн. Басқаша айтқанда, экономикалық сақтандыру қатынастары заңды тұрде ену керек.

      Барлық,сақтандыруға қатысты, құқықтық қатынастар екi топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзiне қатысты, реттеушi құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру резервтерiн пайдалану және құру процесiне қатысты, екiншi, сақтандыру iсiн ұйымдастыруға байланысты құқықтық қатынастар, олардың банк мекемесiмен байланысы, бюджет, мемлекеттiк басқару, бақылау және реттеу қарым-қатынасы.

        Айта кету керек, құқықтық реттеудiң алғашқы тобы  азаматтық құқық нормаларын реттейдi, ал екiншi – әкiмшiлiк, қаржылық, қылмыстық, процессуалды тағы басқа құқық салаларына байланысты.

    Азаматтық құқыққа құқықты реттеудiң әкiмшiлiк әдiсi тән. Әкiмшiлiк, қаржылық құқыққа құқықтық реттеудiң әкiмшiлiк әдiсi тән.

       Өз кезегiнде азаматтық құқөықтық қатынастар меншiктiк құқықты қамтиды. Себебi сақтандыру құқықтық қатынастар, сақтандыру категориясының мәнiн сипаттайды, мiндеттi жақтар қарама-қатынасы формасы мiндеттi құқықтық қатынасының түріне жатады.

      Сақтандыруға қатысушы екi жақтың бiрi — сақтандырушы сақтандыру жағдайында өзiне сақтандырушыға төлем төлеу мiндетiн жұктейдi.

      Ал екiншi жақ — сақтандырушы келiсiлген  сақтандыру төлемдерiн төлеуге, сақтандырушыға болған жағдайды хабарлауға, басқа да сақтандыруға қатысты iс-әрекеттердi орындауға мiндеттенедi. Сондықтан, сақтандыру мiндеттерi толтырылуы тиiс: сақтандыру қызметiне сақтандырушы сақтандыру жарнасын төлеуi тиiс.

        Мiндеттi құқықтық қатынастар тек сақтанушы мен сақтандырушыны ғана емес, басқа да субьектiлер — медицина, банк, құқық қорғау мекемелерiнiң қызығушылығын қозғайды.

        Айта кету керек сақтандыру келiсiм шарт мiндеттерiнiң маңызды ерекшелiгi бар. Егер жай келiсiм шарт мiндеттемелерi екi жақтың қалтқысыз келiсiмшарт жағдайын орындау керек екенiн және әрқашан сақтанушы сақтану жарнасын төлеу керек, ал екiншi жақ—сақтандырушы сақтандыру жағдайында сақтандыру төлемдерiн төлеу керек екендiгiн мiндеттейдi.

       Сақтандыру келiсiм шартының негiзгi шарты мыналар:

  • Сақтанушы мен сақтандырушының аты
  • Сақтандыру обьектiсi
  • Сақтандыру жауапкершiлiгi көлемi
  • Сақтандыруды қамтамасыз ету
  • Сақтандыру мерзiмi
  • Сақтандыру төлемдерiнiң тарифтiк ставкасы
  • Сақтандыру қосындысы

       Сақтандыру құқықтық қатынастар арнайы сақтандыру заңдылықтарымен бөлшектенiп, бекiтiледi. Бұрынғы СССР-де сақтандыру жайлы заңның қажетi жоқ едi, себебi сақтандыру iсiне мемлекеттiк монополия бар едi. Совет республикасының Азаматтық кодексiнiң кейбiр стадияларында ғана құқықытық реттеуге қатысы бар едi. Тек дамыған сақтандыру нарығы жағдайында, көп сақтандырушылар – сақтандыру тауары сататын бар кезде ғана, сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу қажет болды.

        Дамыған сақтандыру нарығы қалыптасуы үшiн арнайы сақтандыру заңдылығы қажет, бiрiншi кезекте сақтандырушылардың құқығын қорғап, авантюризмге жол бермеу керек. Сақтандыру заңдылығы тек клиенттердiң ғана емес, сақтандыру ұйымдарының көзқарастарын қорғау тиiс.

        Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесiн реттейтiн заңдылықтар жүйесiн құру созылып кеттi. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру” жайлы алғашқы заң 1992 жылы 3 шiлдеде қабылданып, 1 қыркүйектен күшiне ендi. Тұтастай заң сәттi болмады. Кемшiлiктерiмен қатар, онда негiзгi – сақтандыру ұйымдарын тiркеу, сақтандыру қызметiн лицензиялау және мемлекеттiк бақылау болмады. Осы себептi заңды жұмыс жасалмады. Ол әдiл бәсекелестiк күрес жүргiзбедi. Бiр-бiрiмен жарыса отырып, шектен шығып жатты.

        Сақтандырудың құқықтық базасының берiк фундаментiн қалаған алғашқы құқықтық акт, Қазақстан Республикасының Президентiнiң заң күшi бар “Сақтандыру жайлы” жарлығы, ол 1995 жылы 3 қазанда қабылданды. Ол ерiктi бәсекелестiкке мемлекеттiк жағдай жасап, шет елдiк инвестицияға iшкi сақтандыру нарығын ашты.

        Қазіргі  таңда Қазақстан Республикасының Сақтандыру жайлы заңдылығы Азаматтық кодексiне сәйкес статьяларынан тұрады.

       “Сақтандыру жайлы” қаулы негiзгi сақтандыру қатынастарын реттейтiн заңдылық актiсi, осыған тоқталайық. Іаулы тұтастай құқықтық бiлiмдер жиынтығы, ол азаматтық құқық нормаларынан тұрады, ол екiншi жағынан сақтандыру iсiн ұйымдастыратын әкiмшiлiк, қаржылық,құқықтық нормалар жиынтығы.

       Азаматтық құқық нормалары жұмсақ жалпы сауықтыру тәртiптiк құқықтық реттеудi сипаттайды, ол сақтандыру қарым-қатынас қатысушылары — сақтандырушы, сақтанушы, сақтандыру брокерi, әрi сақтандыру келiсiмшартының мазмұнын бекiтедi. Сақтанушының мiндеттерi жан-жақты материалдық құндылықтарды сақтандыруға қабылдау кезiнде сақтандырушы тексеру жүргiзiп, бағалайды, сақтанушыға сақтандыру полисiн бередi. Сақтандыру жағдайы болғанда — сақтандыру актiсiн құрып, шығын мөлшерiн және оның төлеу мөлшерiн анықтайды.

         Сақтандырушы, өз кезегiнде сақтандыру төлемiн төлейдi, немесе уақытысынан бұрын келiсiмшартты бұзуға құқығы бар.

        Іаулыда сақтандыру қатынастарында сақтандыру брокерлерi сақтанушы мен сақтандырушы арсындағы делдалдық орын ретiнде анықталған. Брокер болып, өз қызметiн арнайы лицензиямен жүргiзетiн заңды немесе жеке тұлға .

        Іаулымен сақтандыру келiсiмшартының мазмұны мен түріне анықталған талаптар қойылады. Келiсiмшартта сақтандыру қатынастар жүйесiнде орын берiлген.

         Сақтандыру келiсiмшарты жазбаша тұрде мынандай жолмен жасалынады:

  • Екi жақтың бiр келiсiмшарт жасауы
  • Сақтандырушының типтiк үлгiге бiрiгуi
  • Сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлiгiн беру (полис,сертификат)
  • Келiсiмшарт жасауға екi жақтың келiсiмi бар екенi дәлелдейтiн құжат

Сақтандыру келiсiмшартында мыналар болу керек :

  • Заңды тұлғаның аты, оның орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi
  • Сақтандырушының фамилиясы, аты, мекен жайы
  • Сақтандыру обьектiсiн көрсету
  • Сақтану жағдайын көрсету
  • Сақтандыру суммасының мөлшерi және сақтандыру төлем, тәртiбi және төлеу мерзiмi
  • Сақтандыру төлем мөлшерi, тәртiбi, мерзiмi
  • Келiсiмшарттың iске қосу мерзiмi
  • Пайда иеленушiмен сақтандырылған адамның көрсетiлуi

       Келiсiмшарт өз күшiне сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн төлеген уақыттан енедi, және алғашқы сақтану жағдайы болған уақытта сақтандыру төлемi төленсе өз қызметiн тоқтатады.

       Сақтандыру қорғауы периоды келiсiмшарт мерзiмiмен сәйкес келедi. Сақтандыру аймағы Қазақстан республикасы аймағымен сәйкес келедi, егер басқа жағдай келiсiмшартта көрсетiлмесе. Іаулымен келiсiмшартты тоқтату немесе жарамсыз деп есептеу тәртiбi бекiтiледi.

        Жалпы мiндеттерден басқа, Азаматтық кодексте көрсетiлген, сақтандыру келiсiмшарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  • Егер сақтандыру обьектiсi жоқ деп есептелсе
  • Сақтандырушы өлiмi,оған ауысу болмаса
  • Сақтандырушымен сақтандыру мүлкi обьектiсi алынып, оның ауысуына сақтанушы қарсы болса
  • Сақтанушы кезектi сақтандыру жарналарын уақтылы төлемесе
  • Сақтанушымен сақтандырушы талаптарымен

Егер келiсiмшарт уақытысынан бұрын тоқтатылса, екi жақ бiр-бiрiне отыз күн бұрын хабарлау керек .

   Сақтандырушы талабымен келiсiмшарт уақысынан бұрын бұзылса, сақтанушыға сақтандыру төлемдерi толық төленедi, егер келiсiмшартты сақтандырушы бұзса, келтiрiлген шығындарымен бiрге өтпеген уақыт үшiн төлемдерiн қайтару тиiс.

     Азаматтық кодекске сәйкес, сақтандыру келiсiмшарты  жасалған уақыттан бастап мынадай жағдайларда жарамсыз деп есептелiнедi:

  • Келiсiмшарт жасалған уақытта сақтандыру обьектiсi жоқ болса
  • Сақтандыру обьектiсi ретiнде қарама-қарсы көзқарас болса
  • Сақтандыру обьектiсi ретiнде конфискацияланған мүлiк есептелсе
  • Егер сақтандырушы келiсiмшарт жасауда пайдаланып кету мақсатын көздесе

  Іаулымен сақтандырушыға сақтандыру төлемдерiн толық төлемеуге мынандай жағдайларда құқық бередi:

  • өз пайдасына шешу мақсатында, сақтандырушының iс-әрекетi
  • арнайы ережемен әкiмшiлiк құқық бұзушылық болса, сақтандырушы өз пайдасына шешу мақсатында, сақтандыру жағдайына байланысты деп есептелсе
  • әскери iс-әрекеттер, әскери шараларға қатысты болса

Сақтандырудың орнын төлемеуге сақтандырушыға мыналар негiз болады:

  • Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру обьектiсi жайлы, сақтандыру жағдайы және олардың зардаптары жайлы өтiрiк ақпарат берсе
  • Сақтандырушы сақтандыру жағдайында мүлiктi сақтап қалу мақсатында шара қолданбаса
  • Шығын алып келуге себепкер тұлғадан, шығынның орнын жабатын төлем алса
  • Заң актiлерiнде көрсетiлген, басқада жағдайлар

     Сақтандыру төлемдерiн төлемеуге шешiм сақтандырушыға жазбаша тұрде, оның себептерiн негiздеп хабарланады.

     Төлем төлемеу сақтанушымен өтiнiшiмен сотта қайта қаралуы мүмкiн.

Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу.

            Атақты экономист В.Лионтьеваның анықтамасы бойынша нарықтық экономика дегенiмiз жеке кәсiпкерлiк пен мемлекеттiк реттеудi бiрiктiру, осы екi қанатта қазiргi экономика қозғалады. Бұл айтылған анықтама сақтандыруға да қатысты әдiл айтылған.

       Мемлекеттiк реттеудiң мiндетi сақтандыру қызметi нарығын дамыту және қалыптасуы қамтамасыз ету.

        Мемлекеттiк реттеу отандық сақтандыру бизнесiнде шетелдiк капиталдың көлемiне,түріне қатысты саясат жүргiзуде маңызды. Сақтандыру нарығында мемлекеттiк реттеудiң соңғы мақсаты сақтандыру қызметiн тұтынушы құқығын қорғау.

        Қазақстан Республикасының сақтандыру қатынасын мемлекеттiк реттеу органы Қазақстан Республикасының µлттық Банкiсi. Іаулыға сәйкес, ұлттық банк сақтандыру қызметiн реттеуде келесi қызметтердi орындайды:

  • Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығын функционалды қызметпен қамтамасыз етедi
  • өз компетенциясына сәйкес номативтi актiлер қабылдайды
  • сақтандыру ұйымдарында жарғылық капиталдың төменгi мөлшерiн бекiтедi
  • сақтандыру ұйымдарын лицензиялайды
  • сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат бередi
  • сақтандыру ұйымдарының басшыларын,бас бухгалтерiн сайлауда келiсiм беру немесе бермеу құқылы
  • сақтандыру қызметiмен айналысатын мекемелердi тексередi
  • сақтандыру нарығы субьектiлерiнен бақылау жасауға қажеттi ақпарат алады
  • бухгалтерлiк, статистикалық есеп беру түрлерiн, тiзiмiн, уақтысын бекiтедi
  • қызмет лицензиясын тоқтату, сотпен, заң негiзiнде сақтандыру мекемелерiнiң қызметiн тоқтатуға шешiм қабылдайды

    Сақтандыру нарығын реттеудiң басты әдiсi сақтандыру қызметiн лицензиялау. Лицензиялаудың мақсаты сақтандыру ұйымдары қызметiне дайындығын тексеру. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркеген заңды тұлға, сақтандырушы статусына ие болып, лицензия алған уақыттан бастап сақтандыру қызметi мен айналысуға құқылы болады. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының ,сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң шартымен лицензиялау қызметiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының µлттық Банк нормативтi құқықтық актiлерiмен аяқталады.

      Лицензияны µлттық Банк тоқтатады. Іаржылық тұрақтылықтың төменгi шарты: өз капиталының болуы, нормативтердi қадағалау, жеке келiсiмшартпен ең төменгi мiндеттемелердiң болуы.

 Сақтандырудағы маркетинг.

           Сақтандыру тәжiрибесiндегi маркетинг – сақтандыру ұйымдары қызметiнiң маңызды қызметiнiң бiрi. Сақтандыру ұйымдары өз маркетингтiк қызметтерiн құрады немесе арнайы қызметтерге хабарласады.

       Сақтандыру маркетингiнiң мiндетi сақтандыру нарығын зерттеу және сақтандыру қызметiне сұраныстың перспективаларын анықтау, сақтандыру қызметтерiнiң жаңа түрлерiн шығару.

        Ол үшiн сұранысқа әсер ететiн анықталған белгiлi зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы :

  • потенциалды сақтандырушылардың сұранысын зерттеу
  • берiлген уақыттағы сақтандыру қызметi нарығында талдау жасау
  • аймақтың немесе елдiң экономикалық дамуы зерттеу
  • бәсекелестiк қабiлетi жоғары сақтандырушылардың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн бiрiктiру
  • жарнамалық iс-шаралардың әсерiн талдау
  • потенциалды сақтандырушыларға сақтандыру қызметiнiң түрлерiн жасап шығару

   Жоғарыда атап өткен әдiстермен тәсiлдер жиынтығынан өмiрге енуi сақтандырушы маркетингiнiң стратегиясы мен iскерлiк тактикасын құрайды.

       Маркетингтiң негiзгi бағыты қайталанбас фирмалық стилдi жасап шығару. Фирмалық белгi фирмалық стилдiң құрамдас бөлiгi яғни сақтандыру полисi бөлек, арнайы тәртiппен тiркеуден өткен. Логотип  сақтандыру ұйымының қысқаша аты. Фирмалық белгi және логотип фирмалық блокқа бiрiктiрiледi.

        Ғылыми жасап шығарылған фирмалық белгi сақтандыру ұйымына потенциалды клиенттер арасында сақтандыру полистерiн активтi сатуға мүмкiндiк бередi.

.

       Маркетингтiк iс-шаралар жүйесi жарнама және жаппай сауықтық жұмыстарынан тұрады. Жарнама және жаппай сауықтық жұмыстарды ұйымдастыруда сақтандырушылар түрлерi, табиғи жағдай, аймақтағы экономикалық даму тағы басқа факторлар ескерiледi. Жарнама жеке және коллективтi болып бөлiнедi.

     lске асыру түріне қарай жарнаманың мынандай түрлерi бар : баспасөз, киножарнама, радиожарнама, ақпарат құралдарын пайдалану арқылы және телевизиондық.

     Маркетинг — Бұл барлық қызметтерге қалыптасқан сұранысты ұсыныспен есепке алу қызметi ғана емес. Бұл сұраныстың қалыптасуы қызметiн белгiлi бағытқа бұру.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.