Қазақстандағы саяси жер аударылғандар

Главная » Рефераттар » Қазақстандағы саяси жер аударылғандар

1825 жылғы көтеріліске дейін де бірқатар болашақ декабристер Қазақстанда қызмет бабымен болып, немесе жер аударылған еді. Мәселен, Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич жергілікті ресми мекемелерде қызмет істеді. Орынбордағы декабристердін жасырын ұйымға мүше болған прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньковтар көрнекті мемлекет қайраткері М.Сперанскийге Сібір қазақтарының Жарғысын дайындауға көмектесті. Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақтар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, сонын ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды. 1826 -1828 жылдары Ертіс бекіністерінде П.Коновницин, М.Лаппа сияқты декабристер айдауда болды. Орынборда А.Горжанский, А.Жемчужников, А.Салтанов, И.Лушников, т.б. декабристер айдауда болды. Солтүстік Қазақстан қалаларына да декабристер жер ауып келді. Олар патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясаты салдарын, әкімшілік қыспағында отырған жоқ жітік, ауыр тұрмыста өмір сүру жағдайының қиындықтарын өз көздерімен көрді. М.И.Муравьев Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алды. Өз естеліктерінде ол «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім», -деп жазады.

Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.Семенов болды. Мәскеу университетін бітірген, этикалық-саяси ғылымдар магистрі айдауда жүріп, Омбы облыстық басқарма шешімімен Өскеменде қызмет атқарды, кейіннен дәрігер болдып С.Семенов немістің атақты саяхатшы-ғалымдары Гумбольдт, Эрен-берг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазак елін, жерін аралады, тұрғылықты халықтың өмірімен танысты. Патша үкіметі қанша кудаласа да жасырын революциялық үйірме құрылды. Бұл құпия үйірмеге П.Величко. майор А.Кучевский. Х.Старков, Г.Карелин, т.б. мүше болды. Олар Польша азаттық козғалысынын белгілі өкілдерімен байланыс орнатты. 1827 жылы үйірменің кұпиясы ашылып, оның мүшелері Сібірге айдалды.

Г.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған, В.Вольховский Бұхарға ұйымдастырылған экспедидияларға катысты. Вольховскийдің сол кезде жасаған «Кіші жүз руларының картасы» әлі күнге манызды дерек болып саналады. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен тығыз байланысты. 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған бұл мұражай осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға арналған. Мұражайды әр түрлі экспонаттармен жабдыктау ісіне қатысушылардың бірі Бөкей ханы Жәңгір болды.

Мұндай мұражай Орал қаласында да ұйымдастырылды. Онда Г.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Декабристер ішінде қазақ халкы тарихымен айналыскан зерттеушілер де болды. И.Завалишиннің Мәскеуде 1867 жылы жарык көрген «Батыс Сібірді сипаттау» атты енбегінің бір бөлімі казақтарға арналды. Көптеген деректерге сүйеніп жазылған бұл еңбек әлі күнге дейін құндылығын жойған жок. А.Коровковтың «Іле бекінісіне бару” деген очеркінде қазак жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтылған. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский «Белинскийдің идеясын» таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Омбыда каторгалык жұмыстың төрт жылдық мерзімі біткеннен кейін солдат болып Семейге ауыстырылды. Ф.М.Достоевскийдің Семейде болуы — оның жергілікті тұрғындармен карым-катынасы кейінгі жазушылық қызметінде белгілі із қалдырды. Жазушының археологиялык ескерткіштер жинаумен айналысуы жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі еді. Семейде Достоевский Шокан Уәлихановпен кездесті. Омбыда басталған таныстык одан әрі жалғасты. Ұлы орыс жазушысы сол кездегі Шоқан секілді кайраткерлердің Қазақстан тарихындағы рөлін дұрыс ұғынды. Достоевский қазак ғалымының максатының орындалуына жөн сілтеді.

Қазакстанда болған петрашевшілердің бірқатары шығыстанумен айналысты. Ақындар А.Баласогло, Д.Ахшарумов Қазақстан тақырыбымен шұғылданды. Белгілі шығыс зерттеушісі А.Макшеев пен петрашевшіл Н.Момбеллидің хаттарынан қазақ елі туралы көптеген мәлімет алуға болады. Зерттеуші А.Макшеев А.Бутаковтың басшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған еді. Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхаттын мән-жайын түсіндіре келе, А.Макшеев көшпелі казактардын ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшілдер казақ халқының озык ойлы ұлдарының орыс демократиялық козғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.