Қазақстандағы туристік аймақтар

Home » Рефераттар » Қазақстандағы туристік аймақтар
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстандағы туристік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері  тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жан-жағыңызды ылғи да бау-бақша мен терек, қайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз.Шатқалға кіргеннен сізді жақпар-жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр-қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз, «тамыры тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз.44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлтілдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол-ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз.Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздарды, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз. Тасты тіліп, тауды үңгіп жатқан Бозкөл сарқырамасы да сіздің қиялыңызға қанат бітіреді.Толқындары тастан тасқа секіріп барып омақаса құлап, қайта көкке шапши аққан Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қорғандарды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. Бәрінен де Асының ақбалығын аулап, дәмін татып қайпасаңыз, «Түрген шатқалында болдым» дегеніңіз бекер. Алматыға қайтар жолда Есік қорғанына тоқтайтыныңыз сөзсіз.Өйткені мұнда дүниежүзін аралап шыққан «Алтын адам» табылған қорған бар. «Алтын адам» ол-алтын әшекейлермен тігілген сауытымен жерленген сақ көсемінің мәйіті. «Есік» қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі 5-4 ғасырлардағы  сақтар заманына жатады.

Колорадо штатындағы Гранд Каньонмен салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын Іле жағалауын тамашалау да сондай бір тамаша құбылыс. Шарынға жетпей онға бұрылсаңыз тақтақ жол сізді әйгілі Көлсайға бірақ апарады. Ал Шарыннан өтіп, Қулық тауын ары ассаңыз, алдыңыздан менмұндалап атақты Қарқара жайлауы қол бұлғайды.Бұл жайлаудан шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кілем төсеп Шәлкөде шақырады. Одан әрі Хан-Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз. Сонымен қатар Еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі – солтүстіктегі, астана мен көкшетау қалаларының арсында Бурабай алабы бар. Міне осы Бурабай аймағы әрқашанда өзекті және туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады.  Көкшетау Бурабай аймағы – Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт-сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір-түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда. Бурабай қымыз, балшық емдеулер және арасан су тоғандарымен әйгілі. Дауалы жердің бір ерекшелігі оның таза ауасымен  татырауындардың және қылқанды ормандардың қанық жұпар исінде. Бурабай – халық аралық мәннің дауалы жері. Бір тұтас дәрігерлер мен демалушылардың айтуы бойынша Бурабайдың басты емшісі – табиғат. Оның негізгі «бес кабинеті» бар: орман, су, тау, ауа және күн. Өсімдік және жануарлар әлемінің киелі орны, әсемдік пен көл молдығы Көкшетау-Бурабай аймағының тағы бір әсем аты – ол «Қазақстанның інжу-маржаны».

Еліміздің келесі «інжу-маржаны» болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескерткіштері атап өтпеуге болмайды. Еліміздегі саусақпен санарлық туризм саласының мамандарының сөзіне құлақ түрсек, оңтүстік өңір туризімді қолға алу үшін таптырмайтын орын санатында. Тек, әттегенайы әлемге әйгілі орталықтардың қатарында қарастыруға болатын мұраны елеп-екшейтін жанның жоқтығы ғана. Айталық, Түлкібас ауданы мен Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігі арқылы жайылып жатқан шекарасын Өгем жотасының солтүстігіне дейін жалғайтын Ақсу Жабағылы қорығы кез-келген туристі тамсандыратын деңгейде екені анық. Аталмыш қорық өтен ғасырдың бастапқы ширегінде, атап айтсақ, 1926 жылдардың еншісінде құрылған Батыс Тянь-Шань табиғи қойнауын қалайда сақтап қалу мақсатында қорық ретінде бекітілген бұл өңір еліміздегі тұңғыш қорық болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Түлкібас аудандарының жерінде жатқан теңіз деңгейінен 1500-5000 метр биіктікте жатқан қорықтың көріктілігін бір сыры Жетісудың жеті өзені аталатын бастауын Тянь-Шаньнан алатын Ақсу Жабағылы, Майдантал өзендерінің кесіп өтерінде жатыр. Аталмыш қорықты туристер келетін орын деп айырықша атауымыздың себебі, бұл қорық  ЮНЕСКО-ның  әлемдік таңдаулы қорықтар қатарына кірген. Жерінің аумағы сексен мың гектар көлеміндегі жер жанатында таулы өңірінде сирек кездесетін шөптер болса, беткейінің қалың шырша мен арша екені көзге шалынады. Шыңдары шағылысып көз қаритын мұз басқан қорықты қақ жарып Ақсу өзені ағып өтеді. Тағы бір айта кетекерлік жайт дәрі жасау өндірісі мен алға шыққан елдерді мұндағы өсімдіктер әлемі де қызықтырады екен. Қорықтың жануарлар әлемі де таңдай қақтырарлық, мұнда жоғалып кеткен динозаврлар мен ыстық өңірге ғана тән піл болмаса да қызыл қітапқа енген көптеген жануарларды кездіктіруге болады. Сүтқоректілердің 42 түрі: арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, құстардың 238 түрі: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақ құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі секілді; бауырмен жорғалаушылардың тоғыз түрі: алай жалаң көзі, сары бауыр кесіртке, қалқан тұмсықты қара шұбар жылын, т.б; қос мекенділердің екі түрі: жасыл құрбақа және көл бақа; сонымен қатар өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді.  Осы тәрізді жер санаты саналатын Оңтүстіктегі тағы бірі –  Қазығұрт. Кәдімгі сіз бен біз білетін «Қазығұрттың маңында кеме қалған» деп басталатын Қазығұрт осы. Талас Алатауының оңтүстік батысындағы мекен талайларды тамсандырғаны мен өзіміз үшін әншейін «дем алатын орын» санатында ғана. Шымекенттің маңындағы көлемі 55 шақырымға созылатын өңір діни әпсаналардың бірінде су басқан ғаламға азғындарды қалдырып, жақсыларды алып шығатын Нұқтың кемесі осы Қазықұртта тоқталған делінеді. Кей деректерде кеме Арабияның Жудда тауында, кей мәліметтерде Арарат тауында қалған делінгенімен, түркілік танымда жер бетіндегі топан судан соңғытіршілік осы таудың баурайынан қайта басталған деген сенім бар. Таудан құлап ағатын  Қаражансау  өзені тау баурайының көркіне көрік қосуда.

Қазақ атаулының туристі тарта алуынынң бір көзі – бал қымыз екен. Осы Төле би  ауданының Диханкөл ауылында туристер үшін қымыз тартылатын арнайы орын жасақталып, оған мемлекет тарапынан 1милион қаржы бөлінген. Себебі, шет елден келген ғалымдардың көбі осы өңірдің қымызының денсаулыққа тигізген пайдасы барлығын зерттегені мен жариялағаны туристердің қызығушылығын оятқан. Сонымен қатар, қазақ жерінде тек табиғи орталықтар ғана емес, тарихи жаухарларымыз да бар. Өңірдегі алқалы ғймараттардың бірі Яссауидың кесенесі. 16 ғасырдың еншісіне жататын ғимараттардың тарихының өзі тыңдаған жанның таңдайын бір қақтырады. Кеңес одағы кезінде бұл кесенеге еш назар аударылмағанымен де, 1978 жылдан бастап Республикалық деңгейде мұражай санатына енді. Ал, 1989 жылы Қазақстан Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» деп аталынды  (Жергілікті халық Яссауиды Әзірет Сұлтан деп атаған. Мұнан соң аз уақыт өткен соң ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына еніп, 1997-2000 жылдар аралығында Түркия елінің қолдауымен толық қалпына келтірілді. Келіп кететін зиялы қауымның барлығы кесенені туризм аймағына айналдыру идеясын айтқанымен, оны тыңдайтын құлақ болмау салдарынан үнемі сөз жерде қалып келеді.

Келесі ретте ұялмай айтатын ауылымыздың аты – Ақ сүмбе. Бұл көне қаланың орны. Қаратаудың қойнына кіріп жатқан Ақ сүмбе ауылы Ақ сүмбе өзенінің  жағасында орналасқан. Көлденеңі 75, ені 60 метірге созылатын қала орны ықылым замандардан сыр шертеді. Қыш ыдыстарының сынығы 10-15-ші ғасырдағы қала екеніні дәлелдесе,  кей ғалымдардың пікірі бұл Дешті  Қыпшақтардың мұнарасы дегенге жуықтайды. Мұның қатарында Баба Түкті Шашты Әзіздің мазараты орын тепкен. Мұның барылығы туристер үшін аса ғажап құндылықтар санатында. Дегенімен де құм басқан өңірдегі көне мекендерге қарай бастайтын тастақ жол да жоқ. Оның басында қонатын жері мен су болмаса алыстағы шағыл құмның ортасына жанын қинап қай турист барсын?!  Жалпы мұндағы жәдігерлерге қарап, туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндік бар екені дәлелденген нәрсе. Ресми деректерге жүгінсек, Кеңес заманы тұсында тұсында Қазақстанның Алакөл аймағы мен айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі туристерді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақтанышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір жартас күйінде қалып отыр. Алакөлмен жалғасын табатын Жоңғар Алатауы қойнауындағы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ойжайлау секілді орындарының күтіп жатқаны қаншама уақыт. Сасықкөл, Ұялы және  Жалаңашкөл өзендерінің қосылып Алалкөл болып жалғасын табатын өзен Алматы облысының шекарасында. Осылайша отанымыздың екі-үш облысының ең көрікті де, көрнекті өңірлеріне ғана қысқа шолу жасау мақсатымыз – таныстыру ғана емес, осыншама көркем жерлеріміз қазіргі заманымызға сай отандық экономикамызбен мәдениетімізге пайдасын тигізе алама деген сұрақтарға жауап іздеу. Біз бұл жерде жер асты қазба байлықтары туралы айтқалы отырған жоқпыз, біз бұл жерде жер бетіндегі табиғи сұлулықты қайткенде ел назарына салуға болатыны туралы аз кем ойымызды ортаға салмақпыз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.