Қазақстанның алғаш жоғары оқу орны

Главная » Рефераттар » Қазақстанның алғаш жоғары оқу орны

Қазақ мемлекеттік университеті Қазақстан республикасындағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. 1928 жылы шаңырақ көтерген бұл білім ордасында физика-математика, жаратылыстану және лингвистика-педагогикалық бөлімдерден құралған жалғыз ғана факультет бар еді. Алғашқы кезде мұнда үш факультет: педагогикалық, ауылшаруашылық және медициналық факультеттерін құру жобаланды, олар 1932-1933 оқу жылында жұмыс істеуге кірісуі тиіс болатын. Алайда халыққа білім беруді қарқынды түрде өркендету мақсатымен жаңадан ашылған жоғары оқу орнын дербес педагогикалық институт ретінде қалыптастырып, дамыту қажет бодды. Сондықтан 1930 жылы университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады да, 1935 жылы оған ұлы ақын Абайдың аты берілді.Бұл  бүгінде Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Алғаш құрылған кезеңінде ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының ғимаратында орналасты. Институт жанында оқуға түсушілерге арналған бес айлық дайындық курсы жұмыс істеді, сондай-ақ педагогикалық техникум, училище және жұмысшылар факультеті ашылды. Бұл оқу орындарына негізінен ата-аналарынан айырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері, кедейлердің балалары және аздаған орта шаруалардың балалары қабылданды. Институтқа алғашқы кабылдау екі кезеңде — 1928 жылдың қыркүйек және қазан айларында жүргізілді. Республика Халыққа білім беру комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы бөлу жұмыстарының негізінде 124 адам, соның ішінде 28 қыз бала оқуға қабылданды. Студенттер құрамы сан ұлттардың өкілдерінен тұрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс және басқа да ұлттардың өкілдері болды. Студенттердің 75 пайызы   стипендиямен   қамтамасыз   етілді.   Баспана   аса қажеттеріне жатақханадан орын бөлінді. Кейбір студенттердің дайындығы біршама төмен екендігі ескеріліп, орыс және қазақ тілдерінен, математика мен физикадан қосымша сабақтар өткізілді. Бірінші курста 9 оқытушы, оның ішінде 3 профессор, 5 доцент және 1 ассистент сабак берді. Сол бір жылдары институт қабырғасында негізінен білімге аса құштар жандар — жасы отыз-қырықтарға келген адамдар оқыды, студенттер арасынан жиырмаға дейінгі жастар сирек кездесетін. Институт сонымен қатар тұрғындар арасында ғылыми-ағартушылық жұмыстарын да жүргізді. ҚазПИ-дің жаньнан екі жүзге жуық тыңдарман қатысатын жексенбілік мектеп құрылды. Мұнда оқытушылар еңбеккерлерге дәріс оқып, ғылыми баяндамалар жасады. Институт жанынан сауатсыздықты жоюға артталған мектеп ашылып, тақырыптық кештер, пікірталастар, оқырмандар конференциялары, басқа да мәдени-ағартушылық шаралар тұрақты өткізіліп тұрды. Сол кезде ҚазПИ үшін оқытушылар құрамын кәсіби біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрлармен толықтыру аса маңызды мәселе болды. Бұл міндет екі жолмен шешілді біраз мамандар орталық жоғары оқу орындарынан шақырылса, қалғандары жергілікті кадрлардың арасынан даярланды. Институттың аяғынан қаз тұрып, қалыптасуына туысқан республикалардағы, әсіресе Мәскеу мен Ленинградтағы көптеген оқу орындары аса зор көмек көрсетті Олар өздерінің бай кітапхана қорымен, кабинеттерге арналған жабдықтарымен аянбай бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге әдебиеттанушы Н.Н. Фатов, математик Б.Л. Кругляк, физик   Б.Ф.   Литвинов,   биолог   СВ.   Логинов,   эмбриолог А.А.Захваткин тәрізді көптеген белгілі ғалымдар келді. Сол кездерде институтта Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов сынды қазақ халқының көрнекті өкілдері оқытушылық қызмет атқарды. 30-жылдары ҚазПИ-де белгілі тіл мамандары Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Жолдыбаев, математик А. Ермеков, т. б. еңбек етті. Қазақстанның алғашқы оқу орнын ұйымдастыруға оның тұңғыш ректоры, көрнекті мемлекет қайраткері, талантты ғалым және педагог, республикада жоғары мектеп пен ғылымның іргетасын қалаушы С.Ж.Асфендияров зор еңбек сіңірді. Ол 1928-1937 жылдар аралығында ҚазПИ-дің, Алматы медицина институтының ректоры, Қазақ АССР денсаулық сақтау халық комиссары және халық ағарту комиссары, Қазақтың ұлттық мәдеииеті ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Алғашқы жылдары Қазақ педагогикалық институты республикаға қажетті мамандар, ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, білікті мұғалім кадрларының бір шоғырын даярлап шығарды. Соғысқа дейінгі жылдар Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты үшін қалыптасу мен дамудың ең бір маңызды кезеңі болды. ҚазПИ-дің оқытушы-профессорлары мен студенттері жетілу, кемелдену сынағынан абыроймен өтті. Институт атағы бүкіл республикамен қатар одан тыс жерлерге де таралып, белгілі болды. Осы кезде ҚазПИ қабырғасынан түлеп ұшқан мұғалім мамандардың саны артып, кадрлар даярлау сапасы жақсарды, студент жастарды оқыту мен тәрбие беру дәстүрлері нығайып, бекінді. Институт республикадағы ғылыми ой орталықтарының біріне айналды. Мұнда Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиетінің даму мәселелері зерделеніп, жаратылыстану ғылымдары саласында іргелі зерттеулер жүргізіледі. Тәжірибе жинақтау, материалдық-техникалық базасының жақсаруы, білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар қатарының көбеюіне байланысты ҚазПИ-дің оқу-ғылыми орталық ретіндегі рөлі үнемі артып келеді. ҚазПИ-дің республикада жоғары оқу орындарың. Ғылым академиясын және басқа да білім, ғылым, мәдени мекемелер қатарын молайтып, оларды өркендетіп, дамытудағы үлесі мол. Ұлы Отан соғысы жылдары ұжым үшін ең бір ауыр, сындарлы кезең болды. Институтта оқыту мерзімі қысқартылып, үш жылдыққа көшірілді. Сабақтар 8-ден 23 сағатқа дейін жүргізілді. Көптеген оқу корпустары мен жатақханалар әскери қажеттіліктерге босатылып берілгендіктен, аудиториялар мен бөлмелер жетіспеді. Қыста отын болмай, сабақтар суық аудиторияларда өткізілді, көптеген студенттер әскери зауыттарда күндіз — түні жұмыс істеп, ұйқы — күлкіні ұмыттып ашқұрсақ жүрді. Соғыс уақытындағы осындай қиыншылықтарға қарамастан студенттер білім алуда белсене және табандылықпен еңбектенді. Жақсы оқу әркімнің патриоттық борышы болып саналды. Соғыс қарсаңында оқытушылар В.Е. Гордиенко,Ф. Турумов, А. А. Аветякин, С Қожахметов және т. б. Қызыл Армия қатарына шақырылды Педагогтер В.В. Синюков, Д.М. Загодский, А.А Савченко, А.И. Кузнецов, И.Г. Рыбин, Х.М. Әділгереев, С.А. Аманжолов. М.Д. Исаев, А. Тоқмағамбетов, В.М. Зимин, В.Ф. Боярчук, Т.П. Топчий, А. Закарин, III. Ахметов, И.М Шаукенов, Д.И. Ларин, П.В. Симонов, К. Игепов, П.А. Исаков, Д.Четвериков, К Мұсағалиев, т. б. Отан қорғауға алғашқылардың бірі боп аттанды. Соғыс басталысымен-ақ елу жеті студент майданға кетті. Соғыстың алғашқы жылдарында оқытушылар саны күрт азайып кеткендіктен, КСРО-ның әр түрлі қаласынан Алматыға қоныс аударған көрнекті ғалымдар педагогикалық қызметке тартылды. Олардың қатарында академиктер И.И. Мещанинов, В.И.Чернышев, Ф.Г. Фисенко, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.Н.Варанский, профессорлар АА. Глаголев, П.М. Рубинштейн, И.А. Палунск, Н.Ф. Бельчиков, Н.Ф, Черномордник, РА. Фридман, Д.И. Макеев, Г.А. Какиев, т. б. бар болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлік және еңбектегі ерлігі үшін ҚазПИ-дің көптеген оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері орден және медальдармен марапатталды. Мәлік Ғабдуллин. Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Қүдайберген Сұрағапов, Рақымжан Тоқатаев, Ахмедияр Хұсайынов, Сәду Шәкәрім Отанымыздың жоғары наградасы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде маман мұғалім кадрларына деген қажеттілік күрт өсті, сондықтан студенттер қабылдау, әсіресе сырттай оқуға қабылдау саны артты. Егер 1946 жылы күндізгі бөлімнің бірінші курсына 362 студент қабылданса, сол жылы институтты сырттай 60 адам ғана бітірді. Ал 1956 жылы күндізгі бөлімге 567 студент оқуға түссе, сырттай оқуды 594 адам тәмамдады. ҚазПИ өзінің 50 жылдық мерейтойын лайықты табыстармен қарсы алды. Бұл кезде институттың 39 кафедрасында 400 оқытушы, оның ішінде 16 ғылым докторы мен профессорлар, 200 ғылым кандидаты, доценттер жұмыс істеді. Бұлардың арасында КСРО Педагогика ғьлым академиясының екі корреспондент-мүшесі, Қазақстан Ғылым академиясының үш корреспондент-мүшесі, еңбек сіңірген төрт ғылым қайраткері, Қазақстан жоғары мектебінің үш еңбек сіңірген қайраткері бар болатын. Университет түлектері, республиканың ғылым мен мәдениетінің көрнекті өкілдері С. Аманжолов, X. Бекхожин, Қ. Жұмалиев. О. Жәутіков, Ғ. Қайырбеков, М. Қаратаев, А. Ысқақов, А. Калыбаева (Хасенова), С Қасқабасов, А. Нүсіпбекова, Г. Омарбекова, Г. Садуақасова, Ж. Саин, Ш. Сәтбаева, Р. Сыздықова, Ә.Тәжібаев, т. б. есімдерін мақтанышпен атауға болады. ҚазПИ-дің қабырғасында білім алған түлектердің ішінде еліміздің ғылым, білім және мәдениет салаларын дамытуға зор үлес қосқан М. Әбдіхалықов, Т. Тәжібаев, А. Закарин, К. Айманов, Л. Сембаев, Н. Жанділдин, Б. Бөлтірікова, Д. Бейсенов, Ә. Шәріпов, Е. Мәмбегқазиев, Ө. Жәнібеков, М. Ахметова, А. Тұмарбеков тәрізді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері де аз емес. 90-жылдардың басында елімізде болып өткен жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге байланысты Абай атындағы ҚазПИ-дің тарихында да жаңа кезең басталды. Қоғамның   әлеуметтік   құрылымының   өзгеруі,   рыноктық қатынастарға көшу жоғары білім беру және жаңа кадрлар даярлауды ұйымдастыру ісіне өзгеше талаптар жүктеді. Мамандар даярлаудың отандық жүйесінде білім берудің халықаралық стандарттарына жақындатылған жаңа үлгілері іздестіріліп, жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ҚазПИ-ді Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті етіп қайта құру жөніндегі 1992 жылғы 24 қарашадағы шешімі осыған байланысты қабылданған болатын. Соңғы жылдары университет өмірінде көп өзгерістер болды, факультеттер саны көбейді. Егер сонау 1928 жылы мұндағы бір ғана факультетте ондаған студенттер оқып, онға жуық оқытушылар жұмыс істесе, қазіргі АлМУ-дың он факультетінде 94 мамандық бойынша 15000-ға жуық студент, 800-ден аса аспирант, стажер, ізденушілер мен докторанттар білім алуда. 69 кафедрада 1000-ға тарта оқытушылар, оның ішінде 208 ғылым докторы, профессорлар, 500-ден аса ғылым кандидаты, доценттер еңбек етеді. 23 мамандық бойынша 6 докторлық және 8 кандидаттық диссертация қорғау кеңестері жұмыс істейді. Оқыту процесі де күрт өзгерістерге ұшырады. Үздіксіз білім беруге көшу және оны жетілдіру АлМУ-дағы мамандар даярлау үрдісін халықаралық стандарттарға жақындата түседі. Мұнда оқыту ісіндегі бәсекелестік, ғылым мен практиканың өзара үздіксіз байланысы, ең озық ақпараттық және есептеу техникасын пайдалану маңызды міндеттер болып саналады. Бүгінде университетте оқу процесін жетілдіруде көптеген істер тындырылуда іргелі ғылымдар бойынша білім беру және алған білімін шығармашылықпен пайдалана білуге дайындау тереңдетіліп, мамандар қажетті мекемелер мен университет арасындағы өзара байланыс кеңейтілуде. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы енгізіліп, қашықтан оқыту дамытылып отыр. Абай атындағы АлМУ-да ғылыми — зерттеу жұмыстары мен оқыту процесі әрқашанда біртұтас байланыста жүргізіліп келеді. Ғылыми жұмыс болашақ мамандар мен оқытушылардың шығармашылық күш-қуатының қайнар көзі. Университетте көкейкесті ғылыми проблемалармен, педагогикалық жоғары оқу орындары және мектептерге арналған оқулықтар, оқу құралдарын дайындаумен жемісті түрде айналысатын үлкен ғылыми күш шоғырланған. Тек ғылым, өндіріс, эксперименттік білім  беру салалары  арасында тығыз байланыс қана оқу процесінің және болашақ мамандардың практикалық дайындығының жоғары сапалылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан университет ұжымы оқу процесін академиялық ғылымның соңы жетістіктеріне орайластыра құруға тырысады. Университеттің алдағы міндеттері отандық жоғары мектептің болымды нәтижелерін сақтай және көбейте отырып, білім берудің әлемдік стандарттарын біртіндеп тәжірибеге енгізіп, жегілдіруге саяды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.