Қазақстанның еңбек ресурстары

Home » Рефераттар » Қазақстанның еңбек ресурстары
Рефераттар Комментариев нет

Еңбек ресурстары Қазақстанда маңызды рөл атқарады. XX ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес Одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Халық алдында не күтіп тұрғанынан беймәлім еді. Бұл Қазақстанда миграцияны туғызды. Адамдар өздерінің тарихи мекендеріне : немістер — Германияға, орыстар — Ресейге қоныс аударды. Миграция нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айрылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары біліктілікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы уақытта Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90 жылдың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды. Бұл еліміздегі миграцияның күшеюіне әкеліп соқты. Кәсіпкерлік күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге келді. 1992 — 1993 ж.ж. 40%-дан астам шағын кәсіпкерліктер құрылды. Шағын кәсіпорындардың 38%-ы 1994 — 1995 ж.ж. жұмысын бастады.

Еңбек дегеніміз не? Еңбек — тауарлар мен қызметтерді шығаруда қолданылатын адамның дене және ақыл-ой күшіне негізделген өндіріс факторы. Барлық өндіріс факторлары ішіндегі ең негізгісі — еңбек, өйткені адам еңбегінсіз капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе өндіре алмайды. Нарықтық экономикада еңбек тауар болып табылады және еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс заңы әсер етеді. Адамдар уақытын және денсаулығын сарп ете отырып, өзінің білімін, тәжірибесін, біліктілігін пайдаланып өмір сүру үшін еңбек етеді, жалақы табады.

Еңбек ресурстары. Еліміздің барлық еңбек ресурстарын екі топқа бөлуге болады: 1) Экономикалық белсенді тұрғындар, яғни, жұмыс іздейтін және жұмыс істейтін адамдардан тұрады. 2) Экономикалық енжар тұрғындар, яғни көмелеттік жасқа жеткен, бірақ белгісіз себептерге байланысты жұмыс жасамайтын және жұмыс іздемейтін адамдар.

Еңбек ресурстары — бұл жұмыс істейтін немесе жұмыс іздейтін еңбекке жарамды жас шамасындағы тұрғындар. Қазақстанда заң бойынша ерлер үшін еңбекке жарамды жас — 16-63 жасқа дейін, ал әйелдер үшін — 16-53 жасқа дейін есептелінеді. Бөлек категорияға жұмыс жасамайтындар, бірақ жастары 16-ға толған, жоғары сыныптағылар және студенттер жатады. Жұмыс жасайтын жас өспірімдер мен зейнеткерлер де еңбек ресурстарына жатады.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығында, сондай-ақ тауар мен қызмет нарығында сұраныс пен ұсыныс заңы жүреді. Сұраныс заңы бойынша өз еңбегіне қарай неғұрлым жұмысшы көп ақша алатын болса, жұмыс беруші аз мөлшерде жұмыс орнын ұсынады. Ұсыным заңында жұмыс беруші жұмысшыға неғұрлым аз жалақы ұсынса, жұмысшы соғұрлым оған аз жұмыс жасағысы келеді. Нәтижесінде еңбек бағасының тепе-теңдігі, өз еңбегін ұсынған жұмысшы саны жұмыс орны санымен сәйкес келеді. Бұл сұраным мен ұсыным арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Жұмыс беруші жұмыссыз, жұмысшы жұмыс берушісіз өмір сүре алмайды. Жұмысшысыз жұмыс беруші өз тауары мен қызметін өткізе алмайды, демек пайда түспейді деген сөз. Бір жағынан егер де жұмысшылар ешкім жалақы төлемесе, өмір сүру үшін ақша таба алмайды. Жұмыс беруші осы уақытта шығынды азайтып және кірісті көбейткісі келеді. Кез-келген кәсіпорын жалақыны негізгі шығыс көзі деп есептейді және жалақы мен еңбек өнімділігінің өзара деңгейін бақылайды. Жұмысшылар, керісінше өз өмірлерін жақсарту мақсатында неғұрлым көп жұмыс жасағысы келеді.

Өндіріс факторына сұраныс тауарға деген сұранысқа байланысты. Еңбекке, капитал мен жерге сұраныс — бұл өндірістік сұраныс. Еңбекке сұраныс өндірілетін тауар құнына және оның өнімділігіне байланысты өлшенеді. Қолданылған еңбектің пайдасы еңбек өнімділігі мен жалақымен анықталады. Еңбек бағасының рөлі ретінде жалақы есептеледі. Бұл сағатына, айына, жылына теңгемен өлшенеді. Жалақы екі формада берілуі мүмкін: кесімді немесе сыйақы түрінде. Мұндай еңбекақылар негізінен жеке еңбек шартында көрсетілгендей немесе еңбек жағдайына байланысты беріледі.

Нарықтың емес факторлар жалақы өлшеміне өз әсерін тигізбей қоймайды. Жалақы өлшеміне көптеген факторлар әсер етеді: Жұмыс күшін жұмылдыру. Еңбек нарығының дамуы жұмыс таңдауда еркіндік береді, азаматтар өз өмірінің жағдайын жақсарту үшін неғұрлым жоғары жалақылы жұмысты іздейді. Бір аймақтың еңбек ақысы екіншісінен ерекшеленеді. Біздің елімізде азаматтарды жұмылдыруға азаматтардың тіркеу жүйесі кедергі болады, үлкен айырмашылық аймақ бойынша тұрғын үй-дің бағасы, тұрғындардың көшуіне қиындық туғызады. Мысалы, батыс ауданда тұратын, мұнайлы өлкенің отба-сылары басқа аудандардағы отбасыларға қарағанда жа-лақыны көп табады. Егер сұраным мен ұсыным заңы тәжірибеде де теориядағыдай болса, басқа аудандағы адамдар неғұрлым жоғары жалақы алатын аудандарға көшкен болар еді. Бұл кейбір аудандарда еңбек ресур-сына ұсынымды төмендетеді. Бұл гіроцес жалақы көлемі жақсармайынша жалғаса береді. Кейбіреулер алыста тұрғанымен, жоғары жалақы төлейтіндіктен тұратын мекен-жайын өзгертуі мүмкін. Ал кейбіреулер жоғары жалақы төлейтін жерді білмеуі себепті қалып қоюы мүмкін. Енді кейбіреулер жалақыны жоғары төлейтінін біле тұра,тәуекел етпейді, олар көшуге көп шығын төлеуден қашады немесе достарынан, отбасынан қалғысы келмейтіндер. Бір сөзбен айтқанда, белгілі бір себеп болма-са, көптеген жұмысшылар өздерінің тұрғылықты жерлерінде жұмыс жасайды.

— Еңбек дискриминациясы. Бұл жұмысқа қабылдауда бір тұлғаны екіншісінен артық көру тәжірибесі. Мұн-дай дискриминация әлі де болса көптеген елде негізінен жыныстық немесе жас ерекшеліктеріне, ұлтына, дін немесе саяси көзқарасына қарап қолданылады. Қазіргі кезде біздің елімізде дискриминация жас ерекшелігіне қарай орын алған. Жұмыс берушілер, қазіргі тақда біздің елімізде — зейнеткерлікке ер адамдар — 63 жастан, әйелдер — 58 жастан шығатынына қарамастан, жұмысқа алуға 30-40 жастағы үміткерлердіұсынады. Жыныстық дискриминацияға байланысты әйелдерді жұмыс орнында бірінші қысқартатындықтан жұмыссыздар деңгейі жоғары. — Кәсіподақ қызметі. Кәсіподақ — бір мамандықтағы жұмысшылардың, яғни олардың еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде бірлестігі. Кәсіподақтар еңбек нарығында күшті әсер етеді, олар барлық кәсіподақ мүшелері үшін жалақыны көбейту жөнінде, әр түрлі мәселелерді шешу жайлы әкімшілікпен келіседі. Еңбек заңы. Еңбек нарығында жалақыны белгілеуде сондай-ақ, үкіметтің заңдық қызметі де өз әсерін тигізеді. Үкімет ең төменгі жалақыны, жұмыс апталарын белгілейді.

Жалақы. Еңбек нарығы басқа өндірістік ресурстар нарығына қарағанда тиімді, себебі мүнда адамдардың қабілеттілігі тауар болып саналады. Егер де кез келген тауар белгісіз себептерге байланысты өтпей қалса, тауар иесі құнын біреу сатып алғанша түсіреді. Бірақ, басқа тауарлармен салыстырғанда еңбек бағасының ең төменгі деңгейі бар. Басқа сөзбен айтқанда жүмысшы өзінің еңбек ақысын еңбегіне қарай алуы тиіс.

Еңбекацы — кәсіпорындар мен мекемелерге жалдамалы жұмысқа келетін қызметкерлерге еңбегі үшін материалдық сыйақы (жасалған және өткізілген өнімнің, қызмет құнының бөлігі) түрі. Кәсіподақтар — кәсіптік мүдделері ортақ аза- маттар ерікті түрде құратын еңбек заңын қорғау мақсатындағы қоғамдық бірлестіктер. Жұмысқа жалға алу тура- л ы келісімшарт бойынша ол адам келісілген уақыт бойы кәсіпорында (мекемеде) жұмыс істеуі тиіс, ал кәсіпкер оның еңбегінің орнына белгіленген ақша сомасын төлейді. Осыған байланысты жалаңы еңбек үшін тауар түріндегі баға ретінде түсіндіріледі.

Жалақының мөлшері әлеуметтік-өндірістік факторларға байланысты. Біріншіден, жалақы жұмыс күшін — адамның еңбекке деген қабілетін қалыпты түрде молайту үшін ңажетті тіршілік ету құралдарының (игіліктер) қүнын есепке ала отырып, белгіленеді. Мемлекет заңнамада белгіленген тәртіппен ең төменгі білікті қызметкерлерге күнкөріс деңгейіне (адамның тіршілік етуінің ең төменгі қажеттіліктерін ңанағаттандыру үшін талап етілетін тауарлар мен қызметтер жиынтығы) сәйкес еңбекақы төлеу мөлшерін белгілейді. Екіншіден, жалақының мөлшері қызметкерлердің біліктілігіне байла-нысты болады. Кәсіпорындарда жалақы мөлшері мен ңызметкердің біліктілігі, орындайтын жұмысының күрделілігі арасында тікелей байланыс белгіленеді.

Үшіншіден, жалақының мөлшері халықтың өмір сүруінің экономикалық және әлеуметтік жағдайлары дамуы деңгейіндегі ұлттың ерекшеліктерді бейнелейді. Мәселен, 1992 жылы сағат бойынша жалақы АҚШ-тағы сағат бойынша жалақы мөлшеріне қатысты (қабылданған 100% үшін) Мексикада — 22%, Грекияда — 43, Испанияда — 57% құрады. Төртіншіден, еңбек үшін сыйақы мөлшеріне еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс елеулі ықпал етеді. Соңғы он жыл ішінде еңбек нарығында орта және жоғары кәсіби білімдері, компьютерлік техниканы пайдалану дағдылары бар жөне ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлерге сүраныс өсіп отыр. Ал біліктілігі төмен қызметкерлерге сүраныс төмендеуде. Жалақының екі түрі бар: уақыт бойынша, еңбек үшін сыйаңы істелген жұмыс уақытына (бір сағат, күн, апта, ай) байланысты болады, кесімді, мұнда жалаңы дайындаған бүйымдар санының ұлғаюына қарай өсетін болады.

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.