Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу

Главная » Рефераттар » Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы, косметика, азық-түлік өндіру салаларын өз өнімдерінің негізгі компоненттері – эфир майларымен қамтамасыз ету де басты мәселе. Мұндай салаларды құру және дамыту қазіргі нарық экономикасының жағдайларының талаптарына сәйкес келеді. Мақсаты. Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерінің компоненттік құрамы мен биологиялық белсенділігін зерттеу. Зерттеу объектісі. Зерттелінетін объект Artemisia serotina – күзгі жусан болып табылады. Artemisia serotina

.
efirmai

Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу

Зерттеу әдістері. Су буымен айдау, хромато-массспектрометрия,индуктивті байланысқан плазмалық спектрометрия, клевенджер аппараты және т.б. Практикалық маңызда пайдалы заттардың негізгі көзі эфирмайлы өсімдіктер болып табылады. Мұндай, яғни ароматты өсімдіктерден көптеген пайдалы, маңызды компоненттер бөлініп алынады. Солардың бірі эфир майлары. Эфир майлары-өсімдік шикизатынан алынатын иістенгіш сұйық ұшқыш заттардың қоспасы. Эфир майы өсімдіктер әлемінде кең таралған, олардың ролі үлкен. Мемлекеттік Фармакопея эфир майларына былайша анықтама береді: эфир майлары органикалық қосылыстардың әртүрлі кластары, көбінесе терпеноидтар, аз мөлшерде ароматты немесе алифатты қосылыстар болып табылатын иістендіргіш заттардың қоспасы болып табылады. Аталуының себебі физикалық қасиеттерімен байланысты: бұл майлы сұйықтарды қағазға енгізгенде майлы дақтар пайда болады, олар ұшқыш. Қазіргі уақытта эфир- майлы өсімдіктерден алынатын эфир майлары терпендер, спирттер, альдегидтер, кетондар және т.б. көмірсүтектердің көпкомпонентті органикалық қосылыстары болып табылады. Органикалық қосылыстар қатарында майлы қатар қосылыстары, ароматты, гетероциклді және ациклді қосылыстарды ажыратады. Эфир майларының химиялық құрамында негізгі орынды терпендер мен олардың өттекті туындылары алады. Эфир майларынан 5000-нан аса компоненттер бөлініп алынған және идентификацияланған. Олардың құрамы өсімдік түріне, олардың хемотипіне, жинау кезіндегі ауа райына, шикизатты сақтау шарттарына, оларды бөліп алу әдісіне, сондай-ақ сақтау ұзақтығы мен жағдайларына тәуелді. Эфир майлары көбінесе азық-түліктерді, сусындарды, тұрмыстық химия тауарларын ароматтауда, фармацевтикалық өндірісте, медицина және ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер ретінде қолданылады. Эфир майларының сапасының көрсеткіштері қолданылу аймағына тәуелді және олардың табиғилығымен, парфюмериялық, фармакологиялық және дәмдік-ароматтылық қасиеттерімен анықталынады. Қазақстан флорасында кең таралған эфирмайлы өсімдіктер теориялық және практикалық қызығушылыққа ие. Қазақстанның өңтустік, орталық, өңтустік-шығыс, шығыс бөліктерінде осындай өсімдіктердің ареалдары кеңінен таралған.Эфир майларының фармацевтика, тамақ және парфюмерия өндірісіндегі практикалық маңыздылығымен қатар олардың құрамына кіретін терпеноидтар фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие. Қазақстан флорасы климаттық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты эндемикалық өсімдіктердің түрлілігмен айрықшаланады. Өсімдіктердің химиялық қосылыстары жан- жақты биологиялық белсенділік көрсетеді, осыған байланысты өсімдіктер фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие.Қазақстанның көптеген жабайы өсетін және дәрілік өсімдіктері 363 эфирмайлы өсімдіктер болып табылады. Эфир майларының компоненттік құрамының әртурлілігіне байланысты олар биологиялық белсенділіктің кең спектріне ие: фунгицидтық, антисептикалық, антибиотикалық, антивирустық, антимикробты, бактерицидтік. Сондай-ақ эфир майларының компоненттері биологиялық белсенділік көрсететін қосылыстардың жаңа түрлерін алуда бастапқы шикизат болып табылады. Фитохимия институты Қазақстан табиғы флорасының көптеген өсімдіктерінің эфир майларының химиялық құрамын зерттеген. Осындай зерттеулердің нәтижесінде зерттелінген объектілердің эфир майларынан 200 терпеноидтар бөлініп алынған және сипатталған. Бөлініп алынған терпеноидтар қазіргі хромотографиялық, спектралді әдістер, соның ішінде рентгенспектралді әдістерімен зерттелінген. Қазақстан флорасының өсімдіктерінен зертелінген 30 эфир майларының 12-сі алғаш рет зерттелді.Қазақстан флорасы 6000 түрден аса дәрілік өсімдіктерге ие, олардың көбі ежелден медицинада, ауыл шаруалығында, өндірісте қолданылады, алайда көп болігі әлі төлық зерттелінбеген, Мемлекетік Фармакопеяға 100-і ғана енген. Табиғи өсімдік ресурстарын, соның ішінде дәрілік, азықтық, ароматты және т.б. өсімдікті шикизаттарды табу, жан-жақты зерттеу және рационалды қолдану жолдарын анықтау – табиғи қосылыстар химиясы және онымен тығыз байланысты ғылым мен практикалық қызмет салаларының негізгі міндеттері мен бағыттары болып табылады. Өсімдіктердің эфир майлары өздеріның басты қасиеті жағымды иіске ие болуы оларды парфюмерия – косметикалық және тамақ өндірісінде қолданылыун қамтамасыз етеді. Бұдан басқа олардың көбі биологиялық белсенді компоненттерге ие, ал бұл компоненттер антимикробты, антибиотикалық, анальгетикалық, антисклероздық және т.б. емдік қасиеттер көрсетеді осыған байланысты эфир майлары медицина өндірісінде және фармакологияда кеңінен қолданыс тапты. Дәрілік заттардың реестерінде Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген 32 препарат енгізілген, ал олардың құрамында эфир майлары және олардың жеке компоненттері ментол, тимол, камфора бар. Қазақстанда өсетін эфирмайлы өсімдіктердің ішінде полынь тұқымдастығы өсімдіктері маңызды. Полынь тұқымдастығы өсімдіктері барлық географиялық және экологиялық зоналарда кеңінен таралған және 500-ден көп түрлері бар.Әдебиет мәліметтеріне сүенсек ТМД елдерінің аймағында европалық, кавказдық және орталықазиялық түрлері кеңінен таралған. Қазақстанда өсетін 82 полынь турінен бағалы эфирмайлы түрлері бар. Бұлар негізінен Artemisia less-17 түр, dracunculus bess-9 және өте кеңінен таралған, химиялық қурамы әртүрлі seriphidium rouy-28 түрі. Полындегі биологиялық белсенді заттардың әртүрлілігі олардың практикалық маңыздылығын арттырады. Эксперименттік зерттеулер олардың сесквитерпеноидты лактондарға, флаваноидтарға, кумарин және эфир майларына бай екендігін көрсетті.Эфир майларының фармацевтика, тамақ және парфюмерия өндірісінде практикалық маңыздылығы бірінші кезекте олардың құрамына кіретін жоғары және түрлі биологиялық белсенділікке ие терпеноиттардың болуымен анықталынады. Полыннің эфир майларына бай екендігі көптеген зерттеулермен дәлелденген.Бұл эфир майлары халық және дәстүрлі медицинада антибиотиктер, қабынуға,жараға қарсы және антивирусты кұралдар ретінде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері Полыннің бір түрі күзгі полынь(Artemisia serotina) болып табылады.Artemisia serotina эфир майының құрамы бұдан алдын зерттелінбеген.Сондықтан Қазақстанда өсетін бұл полыннің эфир майының құрамын зерттеуді бастадық.Өсімдік шикизаты Жезқазған ботаникалық бақшасынан алынды.Анализдердің методикасы Мемлекеттік Фармакопея СССР кітабында сипатталған. Полыннің диагностикалық белгілерін микроскопиялық зерттеу мақсатында шикизаттың 1 г өлшендісін Жезказған ботаникалық бақшасына зерттеуге жібердік.Мұнда A. Serotina өсімдігінің анатомиялық құрылысы зерттелініп, өсімдіктің қай бөлігінде эфир майларының жинақталатындығы анықталынды. 364 Микроэлементтік аналізді жүргізу үшін алдымен шикизаттың құрғақ күлденуін жасадық.Мұнда 17г шиказат өлшендісін муфель пешінде мемлекеттік фармакопеядағы методика бойынша күлдендірдік. Микроэлементтік анализ Азимут Энерджи Сервисез ‘лабораториясында индуктивті байланысқан плазмалық спектрометрия әдісімен жүргізілді(Караганда қ.). Зерттеу нәтижелері бойынша A. Serotina күлінің құрамында 43 элемент (Hf, In, U, Ta, Ga, Sc, P, Sb, Ti, Zr, As, W, Cr, Ni, Ge, Bi, Ba, Be, Nb, Mo, Sn, V, Ce, Li, La, Cd, Cu, Yb, Y, Zn, Ag, Co, Sr, Au, Tl, Fe, Pt, Te, Th, B, Al) анықталынды.

Қорытынды. Эфирмайлы өсімдіктерді және олардың компоненттік құрамын,биологиялық белсенділігін зерттеу өте өзекті, әсіресе Қазақстанның эфир майлы өсімдіктерін зерттеу маңызды, себебі Қазақстан флорасы эфирмайлы өсімдіктерге бай. Ал біз білеміз бұл өсімдіктерден бөлінетін маңызды биологиялық белсенді заттар, эфирмайлары үлкен практикалық маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, олар тамақ, косметика, фармацевтика өндірісінде, сондай-ақ медицинада, ароматерапияда кеңінен қолданылады.Қазақстанның денсаулық сақтау саласы және фармацевтика өндірісі өсімдіктектес жаңа және эффективті дәрілік заттарға сұранысы өте үлкен, өйткені дәрілердің 70-80 % импорт арқылы келеді.Өсімдіктектес дәрілерді яғни фитопрепараттарды қолдану өте ұтымды, себебі олар аз уыттылықа ие, комплексті әсер етеді, қосымша әсерлерді бермейді, сондай-ақ олар арзан және оңай қолжетімді шикизат көзінен алынады. Халықтың да осындай препараттарға деген сұранысы үлкен. Эфирмайлы яғни ароматты және дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу, олардан қажетті негізгі компонентерді бөліп алу және модификациялау өте өзекті. Мұндай зерттеулерді жургізе өтырып біз Қазақстан Республикасының тамақ, косметика, фармацевтика, медицина салалары үшін арзан және қолжетімді шикизат көзімен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ өсы салалардың өндірістік процесіне елеулі үлес қосып қазіргі нарықтық экономикалық жағдайлардағы негізгі талаптарға сайкес болуын қамтамасыз етеміз.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.