Қазақстанның инновациялық потенциалы

Главная » Рефераттар » Қазақстанның инновациялық потенциалы

ХХ-ғасырдың орта шенінен бастап бірқатар ғалым экономистердің зерттеу нәтижелері негізінде жаңа инновациялық даму теориясы қалыптаса бастады. Аталған теория немесе инновациялық даму теориясы мемлекеттік және корпаративтік басқару, сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да салаларында аса маңыздылыққа ие болды. Ұлттық экономиканы дамыту стратегиясының түрлі тәжірбиелері бізге мәлім. Қазақстанда негізгі күш табиғи қазба байлықтарын интенсивті игеруге негізделген. Мұндай бағыттың Қазақстан үшін келешекте тек қана пайдалы қазбалардан, яғни шикізаттардан ғана пайда табу қауіпті. Себебі, ертелі-кеш табиғи ресурстар сарқылады. Қазіргі жағдайда экономикасы ғылыми- техникалық прогрестен тұсетін пайдаға негізделген немесе бағытталған елдердің мүмкіндіктері мен болашағы зор. Сондықтан-да, шикізатты дамыту стратегиясы біртіндеп ұлттық экономиканың инновациялық типіне өту стратегиясымен толықтырылуы қажеттілік. Ол үшін Қазақстанда мүмкіндіктер жеткілікті дәрежеде. Атап айтқанда: ірі өндірістік және инновациялық әлеует; жоғары білімді тұрғындар қабаты; сыртқы ақпараттар мен капитал көздеріне қол жеткіліктілігі.

Инновациялар ғылыммен, конструкторлық-технологиялық базалармен, нақты сектордағы мекемелермен және т.б. институттар мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясатпен өзара қарым-қатынаста технологиялық өрлеудің негізіне айналады. Бұл ғылыми орталықтардың, венчурлық фирмалардың, өндірістердің әлеуетіне де, сонымен бірге Қазақстанның инновациялық жүйесі саясатын құруды жүзеге асыру механизміне де байланысты [1]. Инновация кез келген қоғамның мәдени процесс көрсеткіші статусына ие болып отыр. Инновациялық әлеуеттің өлшемі, қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері оның әлеуметтік кеңістікте адамның шығармашылық қызметі, өнімінің тиісті бағасы және осы қызметтің нәтижелерін қабылдау болып табылады.

Мұндай жағдайда инновациялық ақиқат пен әлеуметтік жағдайлар мен механизмдерді, қоғамның инновациялық дамуы мен адамды қалыптастыруды реттеуді әлеуметтанулық зерттеу айрықша маңыздылыққа ие болып отыр. Әлеуметтік прогресті талдаудың базалық құрамы болып инновациялық жүйелер, инновациялық процестер, инновациялық қатынастар, сонымен қатар қоғамдық, топтық және жеке инновациялық сана мен қызмет саналады. Инновацияға қарай бетбұрыс – республикамыздың 2020 жылға дейінгі кезеңдегі даму стратегиясының орталық элементі. Мұндай негіз қалаушы принципті Елбасы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген болатын. Нақты осы инновациялық индустрияландыру мен инновациялық адам капиталын дамыту еліміздің болашақта жетістіктерге жетуді қамтамасыз ететін шешуші факторға айналуы керек. Президент жаңа онжылдықта инновацияларды жылжытуда нақты міндеттерді қойды. Ол өз кезегінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оны жаңа әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне жеткізеді. Жалпы алғанда еліміз 2003 жылдан бастап-ақ инновациялық жолға түскен болатын. 2015 жылғы кезеңге дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде инновацияларды ендіру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ұлттық инновациялық қор, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы, ғылым қоры, ғылым жөніндегі комитет, қаржылық даму институттары сияқты институционалды жүйелер қалыптастырылды. «Инновациялық қызметті қолдау туралы» Заң қабылданды.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес 6 отандық венчурлық қорлар мен Еуропа, Орталық Азия, АҚШ-тың шығыс жағалаулары, АСЕАН елдері, Израиль, Германия сияқты 6 халықаралық жағрапиялық инвестициялау жобалары ашылды. Осыған қоса, инновацияларды ендіруді жылдамдату мақсатында технопарктер, индустриалды аймақтар, бизнес-инкубаторлар, еркін экономикалық аймақтар құрылуда. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында инженерлік профильде жұмыс жүргізетін бес зертхана іске қосылды. Республика бойынша экономиканы әртараптандыру бағытындағы инвестициялық жобалар белсенді түрде жүргізілуде. Бірақта бүгін Қазақстан түбегейлі шешімін табуы керек келесідей сұрақтарға немесе мәселелерге тап болып отыр. Олар: компаниялар мен мекемелердің инновациялық белсенділіктерінің төмендігі; ғылыми- техникалық әлеуеттің жетіспеушілігі; қауқарсыз еңбек өнімділігі. Осыған байланысты биылғы жылы 2010-2014 жылдарға арналған қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама шеңберінде Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мақсат етілді. Бағдарламаның негізгі міндеттері қандай десек?

Біріншіден, ол технологиялық даму мен ғылыми өндірістерді құруға тербеліс беру. Осы мақсатта еліміздің технологиялық даму жоспарын дайындау көзделіп отыр. Эксперттердің пікірінше, әсіресе нанотехнология, биотехнология, гендік инженерия, ғарыштық техника, жұқа химия, жаңа материалдар, дәстүрлі емес энергетика, робот жасау сияқты инновациялар жоғары қолдауға ие болады. Екіншіден, Ұлттық инновациялық жүйе отандық кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін айтарлықтай дәрежеге көтеруі керек. Бүгінгі таңда Қазақстандағы инновациялық жобалар аз масштабты болса, ал стимулдар инновациялық қызметке деген мықты серпін беру жеткіліксіз деңгейде қалуда. Соған байланысты Қазақстанда инновацияны тұтастай және кешенді жүйесін құрып, тиісінше инновациялық орта қалыптастыру қажет. Айта кету керек, инновациялар саласында тек қаржылық мәселелер тұрған жоқ. Халықаралық тәжірбие көрсеткеніндей инновациялық қызметтің белсенділігін арттырудағы басты аспект адекватты инновациялық мәдениет пен ортаны қалыптастыруда жатыр. Үшіншіден – еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту. Бұл мәселеде Елбасымен еліміздің ғылыми кешендерін модернизациялау міндеті нақты қойылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, қазіргі халықаралық тәжірбиеге сай келетін ғылым туралы заң жобасы әзірленді. Құжаттың ерекшелігі ретінде, ғылым қауымдастыққа барынша еркіндік беріліп, ғылыми-техникалық қызметтерді баламалы қаржыландыру көздерін ендіру, ғылыми зерттеу жұмыстары жолында кездесетін кедергілер мен кеңсешілдік әрекеттер барынша төмендетілген. Мұнан басқа, еліміздің ғылыми-техникалық дамуын экономикалық басымдықтарға сәйкестендіру бағытында, ғылыми жүйені халықаралық принциптер мен жанасуларға алмастыру жоспарланып отыр. Тұтас алғанда, ғылыми-техникалық дамудың негізгі бағыты бюджеттік-салықтық, сыртқы сауда, инвестициялық, өндірістік, монополияға қарсы саясатты анықтаушыға айналуы керек. Төртіншіден, елімізде инновациялық қызметтің бұқаралығы мен тұрақтылығын көтеру. Жоғары, ғылыми-техникалық әлеует елдің тұрақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Бірақта, бұл бәсекеге қабілеттіліктің жалғыз факторы емес. Егерде ғылым жаңа білімдерді едәуір дамытуға бағытталса, ал инновация бұл білімдерді өнімдер мен қызметтерге айналдыруға негізделеді. Яғни білім мен идеяны материзациялайды [2].

Жалпы алғанда аймақтардың инновациялық әлеуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық- өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономика институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.

I топ — жоғары технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. II топ — стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобындағы халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады. ІІІ топ – еліміздегі сауда әлеуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады. IV топ — рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарт- тарымен сипатталатын облыстар және дағдарыс аудандары жатады.

Жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетті аймақтарға – Солтүстік және Орталық Қазақстан, орташа – Батыс және Шығыс Қазақстан және ең төмен – Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады. Бірінші топ облыстарының ерекше рөлі елдің индустриалды- инновациялық даму стратегиясын іске асыруда рөлі өте зор. Мұнда ең маңыздыларына жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнімдер мен өндірістерді ұйымдастыруды жатқызуға болады. Әрбір аймақ өзінің ерекшеліктеріне байланысты жаңа ғылыми-техникалық стратегияны қалыптастыруы керек. Ал ол өз уақытында, Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық жүйенің жоғары дәрежеде орындалуы төмендегі іс- әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктерді береді: • аймақтың ғылыми-техникалық сферасының жағдайын анықтау; • индустриалды-инновациялық қызметтің басымдылықтарын анықтау; • аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму модельінің бір бөлігі ретінде ғылыми-техникалық сфераны құру; • индустриалды-инновациялық қызметтің ресурстарын бағалау; • ғылыми-инновациялық сфераны реттеудің тетіктерін анықтау; • жүргізілген шаралардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау [3].

Сонымен қорыта келе, Елбасы Жолдауындағы белгіленген инновацияларды белсенді түрде ендіруге көшу және экономиканың инновациялық типін қалыптастыру қазіргі жағдайда болашақтың бағдары болмақ. Оның маңызы мен рөлін бағаламай, инновациялық қызмет Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының алдағы жоспарларының негізіне айналуы тиіс.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.