Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны

Главная » Рефераттар » Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы елдерімен ынтымақтастығы артып келеді. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттарда ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады: 1) Экономикалық қызмет; 2) Үкіметтің тиімділігі; 3) Бизнестің тиімділігі; 4) Инфрақұрылым. Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. Қазақстан барлық факторлар бойынша рейтингісі жақсарды деп көрсетіледі. Мысалға, экономика саласында – 28-ші орында, 7 сатыға көтерілген, үкіметтің тиімділігі – 3 сатыға жоғарылап, 18-ші орынға, бизнестің тиімділігі — 34-ші орынға орналасып, 2 сатыға, ал инфрақұрылым бойынша – 43-ші орынға жайғасқан. Қазақстанның осы рейтингтегі бәсекелестік басымдылығы мемлекеттік қаржылар (5-ші орын), еңбек нарығы (5-ші орын), фискалдық саясат (9-шы орын) және жұмысбастылық арқылы (14-ші орын) байқалады. Мамандардың пікірінше, IMD рейтингісі нәтижесі бойынша 2012 жылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қабылданған шараларының өзектілігін атап өткен.

.

Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсіп келеді. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі «Шеврон» мұнай – газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін заңы қабылданды. Ол: Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 373 Заңы. Шетелдік инвестицияларды тарту және нәтижелі түрде қолдану – Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзаратиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда шетелдік инвестицияларға ұлттық мәртебе беріледі, яғни шетелдік және отандық компанияларға инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасалған. Осы «Инвестициялар туралы» заңы негізінде инвесторлардың Қазақстандағы инвестициялық қызметін атқару барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін түрлі кепілдіктер беруді көздейді: қығының қорғалуына кепілдік; · Кірістердіпайдаланукепілдіктері; · Инвесторларғақатыстымемлекеттікоргандарықызметініңжариялы лығы; · Мемлекеттікменшіктеужәнереквизициялаубарысындаинвесторла рдың құқықтарынакепілдік. Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. Сонымен бірге, Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.Алматыда Азиядағы өзара байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20- ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда қарқынды жүргізілуде және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге, нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке кеңестік көмек көрсетуге бағытталған. Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген басымдық салаларында ЕЭК- ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізілуде.

ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себепті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда. Экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде Қазақстанның достастық елдермен сыртқы сауда айналымы 34,7 млрд. долларды құраған. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдері– мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы.

Қазақ елі даму қарқыны жөнінен әлемдегі көшбасшылардың «үштігіне» кіріп отыр. Ernst&Young аудиторлық компаниясы Қазақстанның алдағы уақыта — 2011-2015 жылдар аралығында да экономикалық өсімі бойынша дүниежүзіндегі алғашқы үш мемлекеттің қатарында болатындығын жариялады. Ernst&Young Қарқынды дамушы нарықтар орталығы өздерінің елімізді «әлемдік нарықтағы маңызды ойыншыға айналып келе жатқан» мемлекет санайтындарын жеткізді. Ұлыбритания сынды алпауыт елдер «0,27 пайыздық» өсім көрсеткішін қанағат тұтып отырғанда, Қазақстан Көшбасшысы ел Үкіметі алдына алдағы бес жыл бойы ең кем дегенде 7 пайыздық өсімді сақтауды міндеттеді. Осындай қарқынмен ілгерілесек, Елбасының«әлемнің жоғары табысты елдері қатарына өту» бастамасы іске аспақ. Президент Н.Назарбаевтың бұл мұраты шетелдік сарапшыларды тамсандырады, бірақ қайран қалдырмайды. Қатысушыларға Қазақстанда жағымды макроэкономикалық орта қалыптасқан. Бұған даму көрсеткіштері дәлел. Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 6,5%-ды құрап, былтырғы жылдың сәйкес көрсеткішінен сәл асты. Инфляция жылдық шамада 8% деңгейінде және жоспарланған дәлізде болады.

.
.

Елбасымыз француздық «Valeurs actuelles» журналында биылғы 2012 жылдың қазан айында берген сұхбатында:«Қазақстанның ендігі 5 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі 12,5 пайызды құрайтын болады. Шикізаттық емес сектор үлесі 10-нан 40 пайызға дейін ұлғаймақ. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі қазіргіден 1,5 есе, ал агроөнеркәсіп кешенінде 2 есе көбейеді. Біз өзімізді құрылыс материалдарымен 80 пайыз қамтамасыз ететін боламыз. Отынның әр түріне деген қажеттілікті отандық мұнай өңдеу зауыттары қанағаттандыратын болады. Басқаша айтқанда, алдағы жылдарда Қазақстан алға қарай өте үлкен қадам жасауға тиіс». Әлемдік экономикалық кеңістікте Қазақстанның өз жолы бар. Сонымен 50 елдің қатарына қарай адымдап келеміз. Сол қиын уақытқа қарамай жетістіктерге қол жеткізген 10 елдің қатарындамыз. Мұны «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры айтып отыр. Олар жүргізген сауалнама осыны растаған. Ал, оған емес әлемнің 57 елінің 247 жетекші экономистері, қаржы талдаушылары, ғалымдары, компаниялардың топ-менеджерлері, журналистері мен саясаткерлері қатысқан. Осы жылдың үш тоқсанында бізде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және байланыс салалары жедел дамыған. Тұрақты да қарқынды өсуді экономиканың барлық салалары көрсетіпті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар.

Сонымен қатар бизнестің белсенділігі артты. Бұл өз кезегінде нақты жалақының 6,8 пайызға өсуіне ықпал етіп, бөлшек сауда айналымының 13 пайызға артуына септігін тигізді. Осының арқасында ішкі сұраныс өсіп, ІЖӨ деңгейі көтерілді. Қазіргі жағымды жаңалық энергия тасығыштар, металдар, астық бағалары қалпына келуде. Жан басына шаққандағы инвестициялар бойынша Қазақстан ТМД-да көшбастаушы болып табылады. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетел инвестициялары былайғы Орталық Азия мемлекеттерін бүтіндей алғандағы шетел капиталы салымдарынан айтарлықтай асып түседі. Қазақстандағы инвестициялық ахуалға берілетін басты баға да осы. Инвестициялардағы бизнестің жеке қаражатының үлес салмағы өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы 32,9 пайыздан 46,0 пайызға өскен. Бұл бизнестің инвестициялық әлеуетінің қалпына келуінен хабар беретін жақсы көрсеткіш. Негізгі капиталға салынатын жалпы инвестиция көлемінде дәстүрлі түрде көшбасшы орын алатын шетел капиталының көлемі керісінше қысқарған. Олардың үлесі 40,9% -дан 25,3% – ға азайған. Соған қарамастан негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі өзгермеген.

Биылдан бастап іске асырыла бастаған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның өзіндік даму жолы. Оның негізгі мақсатының өзі экономиканы әртараптандыру және еліміздің ұзақ мерзімде бәсекелестік қабілеттілігін арттыру. Мұнда жеке бизнес пен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіруге баса назар аударылған. Мемлекет күш-жігерін шикізаттық емес бағытты дамытуға жұмсайтын болады. Бизнес болса әртараптандыру мақсаттарына жауап беретін салаларды көтеруге атсалысады. Осы бағдарламаны іске асыру арқылы экономика 46 млрд. АҚШ долларынан асатын жылдық қосымша құн құруға мүмкіндік алады. Қазақстанның әлемдік қауымдастықта өзінің беделін көтерудің жолында кең көлемде жұмыс атқаруда. Бұл өз кезегінде, өзге де дамушы және дамыған мемлекеттермен тығыз сауда-саттық және экономикалық жағынан қарым-қатынас жасауда тиімділігін көрсетеді деп біледі.Себебі беделі артқан мемлекеттерге аса сенімділік білдіріледі. Әлемдік нарықта өзінің орнын орнықтырып, тұрақтанған мемлекетіміз келешекте ірі келісімдер мен шетел инвестицияларға ие бола алады. Мемлекеттің ІЖӨ-ң деңгейін жоғарылатып, әлемнің түрлі рейтингтерінде орнын біршама жақсартады. Халықтың жағдайы көтеріліп, орташа жалақы көлемі артып, жұмысқа деген құлшынысын жақсартады. Бұл тиісінше, мемлекеттің дамуында айрықша маңызды рөл атқарады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.