Қазақстанның Россия империясының құрамындағы кезеңде

Home » Рефераттар » Қазақстанның Россия империясының құрамындағы кезеңде
Рефераттар Комментариев нет

Кіші жүздің және Орта жүздің біраз бөлігінің Россия протектораттығын қабылдауы

XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. басында Россия мемелекеті модернизациялануына байланысты патша үкіметінің шығыс саясаты белсенді жүргізілді. Петр І Қазақстанды өзіне қаратуға үлкен назар аударған. Ол Қазақстанды «барлық азиялық елдер мен жерлерге апаратын кілт пен алғы жол; сондықтан ол орда Россияның протекциясында болуы керек» деген XVIII ғ.  басында  Орталық Азияның біраз аймақтарына кіру талпыныстары болған. 1714 ж. полковник Бухгольцтің әскери экспидициясы шығыс Қазақстанға жіберілген, оның басты мақса­ты Ертіс бойында қамалдар салу еді. Осы кезеңде Бекович-Черкасский экспедициясы Каспийдің шығыс жағалауын зертте­ген.

Осының барлығы Орталық Азиямен араласу және оған кіру үшін Қазақстанды игерусіз мүмкін болмайтындығына Петрдің І  көзін жеткізді. Ол осы туралы маңайындағыларға тиісті ңұсқау берген. Бірақ оның өлімі жоспарын орындауды кейінге қал­дырды. Алайда, XVIII ғ. басындағы алғашқы екі он жыл ішіндегі оқиғалар Қазақстанды Россия протекторатын қабылдауға душар етті.

XVIII ғ. басындағы саяси дағдырыс. 1715 ж. Тәуке хан қайтыс болады. Бұл кезде қазақ-жоңғар соғысының ең қызған кезі еді. Сыртқы ситуацияның шиеленісі батырлар мен сұлтан­дар ролінің өсіуне (артуына) әкеп соқты, өйткені олар соғыс мәселесіне маманданған. Сонымен қоса, қазақ қоғамында басты ролді билер атқара бастайды. Тәуке ханның өмірінің өзінде-ақ шеқаралас аудандарда сұлтандардың беделі нығая түскен. Сөйтіп ұлыстық жиені қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болады.

Солтүстік-батыс аудандарға жас сұлтан Әбілхайырдың беделі арта түседі, ол 1709-1710 жж. Башқұрттардың Россияға қарсы көтерілісін басуға, орал қазақтары мен Еділ қалмақтарына қарсы жорықтарға қатысқан. Орта жүз бен Кіші жүздің ескі әскери бірлестіктері Қайып сұлтанға қарайтып болған. Ташкентте сұлтандар Рустем мен Қарабақтың беделі арта түседі. Осылардың барлығы Тәуке ханның жоғарғы өкіметін таныған, бірақ олардың кейбірі өздерін ханбыздеп атай бастаған.

1715 ж. жалпы қазақ ханы болып Қайып сайланады, бірақ сұлтандар тобы арасындағы күрес үдей түседі. Таққа отыруға дәмелілердің қатарында Әбілхайыр мен Тәукенің ұлы Болат болған. 1718 ж. жоңғар шапқыншылығы (шабуылы) Әбілхайыр мен Қайыптың өз ара тіл таба алмауына байланысты, қазақтардың толық жеңілуіне әкеп соғады. Бұл соғыс Аякөз маңайында бол­ған. 1718 ж. аяғында өкімет үшін күресте Қайыпты өлтіреді.

Қысқасы хандық әлсіреді, бір орталықтан басқару мүмкін болмай қалды. Жоғарғы хан болып Болат сайланады, бірақ Түркістан Әбілхайрдың билігіне көшеді. Хандық жеке хандық­тарға бөліне бастайды. Әбілхайрдың қол астына Арал бойы мен Батыс Қазақстан қараған. Ұлы жүздің біраз бөлігі Болат ханның билігін мойындайды, 1720 ж. Ташкентте хан болып Жолбарыс, Сайрамда – Күшік жарияланады. 1723 ж. көктемінде жоңғарлардың қазақ жеріне ірі жорығы басталады. Болат хан қарсылық жасай алмайды, бірнеше бірлестікке бөлінген қазақтар өз күшімен қорғануға тырысады. Мыңдаған көшпенділер Орта Азиямен орыс шекарасына босқындайды. 1724 ж. Әбілхайр Түркістанды ұстап тұра алмады, сөйтіп Сырдария өңірі басқыншылардың қолына көшті.

Тек, 1726 ж. ғана біраз батырлардың еңбегі нәтижесінде Кіші жүз бен Орта жүз ополчениесі ұйымдастырылады да қазақ қолы жоңғарларды Бұланты өзенінің бойында ойсырата жеңеді.

1729 ж. үш жүздің басшы – элитасы бүкіл қазақтық съезд өткізіп жауға тойтарыс беруге уәделеседі. Жоғарғы қолбасшы етіп съезд Кіші жүз ханы Әбілхаирды сайлайды. Оның басшы­лығымен қазақтар жоңғар әскерін Балқаш көлі оңтүстігінде талқандайды. Бірақ бұл жеңістің нәтижесімен пайдалана алмады.

Кіші жүздің Россия протекторатын қабылдауы.  Жоңғар­ларды жеңгеннен кейін жалпы қазақтық съезд жоғарғы ханды сайлай алмады. Билер Әбілхайрдің кандидатурасын қабылдама­ды. Орта жүз Сәмеке Болаттың баласы әліде көзге көрінбей, аты шықпаған Әбілмәмбетті қолдайды.

Мұның барлығы билердің хан өкіметінің нығаюынан қорқатындығын байқатады, екіншіден – билердің хан мен сұлтан­дарға билікті бөлісуге бармайтынын көрсетеді. Осы жіктелудің нәтижесінде Семеке мен Әбілхайр өз адамдарымен, батыр­ларымен съезді тастап өздерінің көші-қонысына бет алған.

Жоғарғы өкімет билігіне ұмтылыстан еш нәрсе шығара алмаған Әбілхайыр қолдауды сыртқы күштен іздейді. 1730 ж. ол Уфаға елшілік жібереді. Ал, мұның алдында 1726 ж. Петербургке елші жіберген, ол протекция (жақтау, қолдау) сұраған. 1730 ж. мамырында Кіші және Орта жүз старшиналары Әбілхайырға Россиямен келіссөздер жүргізуге ұлықсат бергенде, хан өкілеттігін өзінше пайдаланып Россия протекторатын қабылдауға шарт жасасуды ұсынады. Осы арқылы Әбілхайыр ішкі күресте Россиядан қолдау табамын және хан билігін ортақтастастырамын деп ойлаған.

Россия елшісі А. Тевкелев 1732 ж. қантардың 5-дегі хабар­ламасында былай жазған: «Әбілхайыр хан ұлы мәртебелі императордың протекциясы арқылы өзін жеке дара билеуші, балаларын хан бағына мұрагер еткісі келеді». Әбілхайыр, сонымен қоса еділ қалмақтарының, башқұрттардың, орал қазақтарының шапқыншы­лығын болдырмауды ойлаған. 1731 ж. 10 қазанында Кіші және Орта жүз старшиндерінің жиналысында, көптеген таластартыстан, келіспеушілік­тен кейін, орыс императорына адалдық туралы антқа қол қойылады.

1731 ж. 19 желтоқсанында Орта жүз ханы Сәмеке, 28 тамыз 1740 ж. – хан Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан өздерінің про­текциялақты қобылдайтынын мойындап қол қойған. Осының барлығы Әбілхайыр ханға ішкі саяси күресте артықшылық бермеу мақсатында жасалған. Енді бұларға қарсы күресте орыс армиясын Кіші жүз ханы қолдана алмайтын болды.

Россия протектораттығын қабылдаудың шарттары және салдары

Россия мен Қазақстан билеушілері арасындағы шартқа байланысты протектораттық қатынастар қалыптасты. Осыған орай Қазақстан егемендігінің біраз бөлігінен айырылды, мысалы шет елдермен жеке байланыс жасай алмайды. Шарттың Россия мен Әбілхайыр арасындағы нақтылы мәселелері мыналар болды: 1) Қазақстан жері арқылы өтетін Россия керуендерін қорғау; 2) аң терісін беруі; 3) Үшінші елдермен Россия соғыса қалса оған көмек жасау.

Россияның міндеттемесі өзіне алған: қазақ жеріне Россия­ның басқа тұрғындарының шабуылына жол бермеу және Әбіл­хайырға оның сыртқы жауларына қарсы күресіне көмектесу. Тевкелевке берілген құпия нұсқауда қазақтардың вассалдық бағыныштылықтың элементтерін қабылдауын қамтамасыз етуді тапсырған. Қазақ хандары, сұлтандары, белгілі старшиндері, батырлары Россияға адалдыққа ант берді және онымен қоса аманат – заложниктер де берген.

Қазақ хандығының Россия қоластына енуі нәтижесінде Қазақстан халықаралық-құқықтық қатынастардң субъектісі болу­дан қалды, сыртқы саясат мәселесі толығынан патша үкіметінің қолына көшті. Қазақ хандары көрші мемлекеттермен қатынастар жасаған кезеңдері болды, бірақ ол Россияның санкциясынсыз нақтылы нәтиже берген жоқ.

XVIII ғ. аяғына дейін құжаттарда Кіші және Орта жүздер Россия подданствосын қабылдаған деп айтылып келінді. 1782 ж. дейін қазақ хандықтарымен қатынастар сыртқы істер коллегиясы арқылы атқарылады. Юристік жағынан алғанда, вассалдық хан­дық институты, халық жиналысын, хан кеңесіп таратқанға дейін орын алды (XIX ғ. 20-жылдары).

Қазақ хандығының ішкі ісіне араласпағанымен 1748 ж. Әбілхайыр қайтыс болғаннан кейін орыс императорлары қазақ хандарын ресми түрде олардың дәрежесінде бекітетін болған. Мұны конфирмация  деп атайды. Россия протектораттығын қабылдауға байланысты құжат­тарда оның құқықтық дұрыстығына күмән келтіретін жайлар бар. Біріншіден, Әбілхайыр хатында Россия императорының «жоғар­ғы әмірінде болу» айтылған, яғни бұл теңправосыз шарт жаса­лынды деген ұғым береді.

Екіншіден, Әбілхайр өзін барлық қазақтардың ханымын деп Россия жағын адастырған. Сондықтан болу керек, император грамотасы Кіші жүз ханына емес, барлық «қырғыз-қайсақ ордасының ханы Әбілхайырға» деп жазылған. Үшіншіден, Әбілхайыр орыс подданствосын қабылдауды басқа хандардан, старшиналар мен батырлардан жасырын, масли­хаттың келісімінсіз жасаған. Осының барлығы орыс елшісі А. Тевкелевтің хан ставкасына келгенде ғана белгілі болды, оның дипломатиялық талантының арқасында алғашқыда анттың текстісіне қарсы болған старшин­дер мен сұлтандар да қол қойды.

Қысқасы, протекторат туралы шартта алғашқы басынан-ақ құқықтық тұрғыда шикілік болған. Екі жақ протекторат ұғымын өзінше түсінген. Олар қолайлы кезеңде бұл шарттан құтыла аламыз деп ойлады. Мысалы, Әбілхайыр 1737-1738 жж. башқұрттардың Росияға қарсы көтерілісін қолдаған, 1740 ж. Хиваның ханы болған, 40 жылдары Жоңғарлармен одақ құруға бірнеше рет талпынған. 1741 ж. Әбілмамбет Россияның протекто­ратынан шығуды жақтан мәлімдеме жасаған. Барлық қазақ лидерлері Россияның юрисдикциясымен байланыс жасауын тоқтатпаған.

Ал, Россия үкіметі болса, барлық Қазақстан жерін өзінің билігіне көшті, ал оның халқы императордың қол астына қарайтындар деп есептеді. XVIII ғ. Россия регионда бекуге нақтылы жағдайы болма­сада, олар қазақ басшыларының дербес жұмыстарына (істеріне) көз жұмбайлықпен қарады.

XVIII ғ. 30-жылдарынан бастап Қазақстан Россиямен протекторатты – вассалды қатынаста болды деп айтуымыз қажет. Қазақ хандығы өз алдына жеке ммлекет болып қала берді, Россия онымен барлық қатынасты сыртқы істер коллегиясы (кейін Министірлік) арқылы шешетін.

Россия протектораттығын қабылдаудың салдары. Қазақ­тардың Россия протектораттығын формальды қабылдауы Россияға бүкіл аймақта (регионда) әскери-саяси экспансия жасауға юристік тұрғыда негіз берді. Қазақстанда бекудің отарлық үкімет екі жолы бар деп есептеді: біріншіген – әскери гарнизоны бар қала-бекіністерін салу қажет деп санады, екіншіден – қазақ-башқұрт-қалмақ қайышылықтарын Россияға қарсы күресте пайдаланғысы келді.

1717-1745 жж. Ертіс бойында қамалдар пайда болды, XVIII ғ. 40-жылдарында Орынбор линиясы, 50-жылдарында XVIII ғ. – Жаңа Ишим линиясы пайда болды. Каспий теңізінен Жайықтың бойымен, Ертістен Алтай тауларына деінгі аралықта бекітілген линиялардың тізбегі орналасты қазақ даласында.

Осының нәтижесінде Орталық Азияға Россия тарапынан экспансия жасаудың негізі жасалынды. Аймақ халықтарын біріне бірін қарсы қою саясаты XVIII ғ. 30-жылдарында кеңінен орын алған. Мұны Тевкелевтің 1733 ж. сыртқы істер коллегиясына жолдаған запискасынан байқаймыз. Бұл саясатты өлкенің отарлық әкімшілігінің басшысы И. Кириллов, Орынбор генерал-губернаторы И. Неплюев т. б. ылғиынша іске асырып отырған.

Көшпенділердің бағынбайтындығы бірден сезілгенде-ақ өкімет Яик қаласынан, Орынбордан, Орскіден, Тройск линиясы­нан, Сібір линиясынан бес әскери отрядын шығаруға дайындық жасап қойған. Тұрақты үш полктан басқа мещеряктар, татар жасақтары, қалмақтар, қазан татарлары, башқұрттар, дон, жайық, уфа, ноғайлык казактары, екатеринбург, исет және сібір шаруалары пайдаланылатын.

Қысқасы отарлық соғыста И. Неплюев әскери жобасы бойынша тұрақты емес басқа халықтардан тұратын бөлімдерді пайдалану көзделген. Протектораттық шарттың негізгі ережесінің бірі – Россия қоластындағылардың қазақ жеріне шапқыншылығын болдырмау мақсатты түрде бұзылып отырылғанын көреміз Россия үкіметінің тарапынан. Қорғаныстар тізбегіне сүйене отыра, отарлық әкімшілік шекаралық аймақтарда қазақтардың жерді пайдалануына шектеулер қоя бастайды.

XVIII ғ. 50-жылдарынан бастап көшпелі ауылдарға Жайық­тың және Ертістің оң жағалауына мал айдауға тыйым салынады. Кейіннен бүкіл линия (сызық) бойында тыйым салынған, ені 10-нан 30-ға аралықтағы верстыны (шақырымды) қамтитын алқап пайда болады.

Қорытынды. XVIII ғ. басындағы қазақ хандығындағы саяси дағдарыс жіктелуге әкеп соқты, ол өз кезегінде Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігінің россиялық протекторатты формальды қабылдауына себеп болды. Сөйтіп Орталық Азияға Россия экспансиясының басталуының себебіне айналды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.