Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі

Главная » Рефераттар » Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі

Жалпы экономикалық аумақтағы Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндет Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістікке және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тұрғысынан ерекше маңызды болып табылады. Сол үшін, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде жұмысты жалғастырып, институционалдық тұрғыда шешім қабылдау маңызды. Ең бастысы, мемлекеттік органдардың негізгі міндеті бизнесті дамыту, оның өнімдерін сыртқы өткізу рыногына шығуы үшін қолайлы жағдай жасау болуы тиіс. Сонымен бірге, мемлекет пен бизнестің барлық жұмысы тұтынушылардың мүддесі, олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту — ол кез–келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсеткендей, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтсақ, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап калыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету ел стратегиясының басым бағытының бірі. Шағын және орта бизнестің объектiсi — адамның белгiлi бір қызметi. Кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы — әрбір кәсiпкер оның өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды немесе жүзеге асырады. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты — өндіріс шығындарын барынша төмендете отырып, өз пайдасын барынша жоғарылатуға ұмтылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiнесе оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын терең зерттеп, дамудың жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi болып саналады.

.

Қысқаша тоқталатын болсақ, шағын және орта бизнес саласында өндірілетін өнім көлемі айтарлықтай артып, 2,8 трлн теңгеге жетті. Дағдарысқа дейінгі жағдаймен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.  Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек ететіндердің саны тұрақтылығын сақтады.

Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындардың елдің ішкі жалпы өніміне үлесін 2020 жылы 40 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды. Бүкіләлемдік банктің бағалау бойынша Қазақстан бизнесті ашу, меншікті тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпорынды тарату тәрізді рейтингі өлшемдері бойынша көшбастаушы елдердің қатарына қосылды. Үкімет жұмысы бүгінде шағын және орта бизнес үшін дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік беретін маңызды үш бағытқа тоғыстырылды. Бұл әкімшілік кедергіні азайту, салық және кеден әкімшілігін жетілдіру және қаржы институттарын кеңейту болып табылады. Жақсы бизнес қоғамдастығын құру үшін бірқатар шараларды қарастыруға болады. Бірінші кезекте, бұл бизнестің қоғамдық ұйымдарын институционалды тұрғыдан күшейту және заңнамалық жұмысты жүйелі жақсарту. Яғни, бизнес қабылданған шешімге байланысты жауапкершілікті өзіне алу керектігін айта кеткен жөн. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден – бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, несиемен қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне :

— Несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды ;

.

— Шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

— Шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника — экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып , несие берілетін іс — шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады .

Осы жағдайдан кейін, шағын бизнестің тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мемлекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы саясатының болғаны тиімді. Шағын бизнестің дамуына еліміздегі инвестициялық климаттың жағдайы тікелей әсер етеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер — өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын тек заңмен тыйым салынбаған  еркін шаруашылықты білдіреді.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырады. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Қорытындылай келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамыту барысында қаржы — несиелік және инвестициялық қолдау саясаты келесідей негізгі бағыттарда жүзеге асыру кезінде:

— Басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;

— Екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту;

— Екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды жалғастыру;

.

— Венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;

— Шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді қатысу. Жалпы еліміздегі қабылданған нормативті — құқықтық актілердің кешені және оларды белсенді жүзеге асыру ҚР — ның шағын кәсіпкерлігінің белгілі нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы.» — Алматы, 2009. 25-31 бет.
  2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан халқына жолдауы.» — Алматы, 2008. 17-28 бет.
  3. zhastar.biz/index
  4. stat.kz

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.