Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы жетістіктері

Главная » Рефераттар » Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы жетістіктері

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды. Қылмыскердің өздері мен пиғылдарын аша отырып, оларды анықтау, қылмыстардың жолын кесу шараларын қолдануға және қылмыскерлерді қылмыс жасаған орында ұстай білуге жұмыс істеуді Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығында  бизнес ортаны жақсарту саласында  «Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің шеңберін белгілей және оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыра отырып, мемлекет төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды аспектілеріне ықпал етуін төмендетуге ұмтылатын болады.»- деп айтылған [2]. Дегенмен, Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, сыбайлас жемқор және адал кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсерін тигізеді, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.

Бұл проблеманың ең қауіптісі Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құруды, инвестиция тарту процесін тежеп, демократиялық мемлекеттің қоғамдық және саяси институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағына елеулі қатер төндіреді [3]. Осы мәселені шешу үшін бірнеше арнайы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер әзірленді және қабылданды. Олар: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексі; «Сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы; Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 — 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы.

Қазіргі таңда «Транспаренси Интернэйшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингіне сәйкес Қазақстан Республикасы салыстырмалы тұрғыдан 2012 жылы  133 оынға иеленсе, 2011 жылы 120 орын, 2010 жылы 105 орынды, 2009 жылы 120-орынды, 2008 жылы 145-орынды иеленген [4].

.
.

Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының қызметін жандандыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау құрамының сапасы біршама төмендеді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ауқымы, оның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне жағымсыз әсері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың дәйекті жалғасын талап етеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясының статистикалық көрсеткештеріне сүйенсек: жалпы 2011 жылғы  8 318 (1-М есебі бойынша) қылмыстар тіркелді, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар– 3 241 және экономикалық қылмыстар – 5 804, өндіріспен аяқталған қылмыстық істер мен бас тарту материалдары бойынша анықталған залалдың мөлшері 190,6 млрд. теңгені құрады, жалпы қылмыстық істер бойынша қайта есептелген сомаларды қоса алғанда, өтелген залалдың сомасы 152,2 млрд. теңгені құрады. Залалдың өтелуі 80% құрады. Демек, бұл жылы ірі және күрделі қылмыстар ашылды және сол келтірілген залалдың көп пайызы орындалғанымен, көрсеткіш толығымен қанағаттандырылған жоқ, себебі жоғарыда айтылған осы жылдың сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингі бойынша  ҚР-сы 15 орынға төмен түсті. 2012 жылдағы қаржы полициясы органдарының жедел–қызмет іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері 9 584 қылмысты тіркеген, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар – 2 629. Есептегі кезеңде барлығы 1 828 сыбайлас жемқорлық қылмыс, экономикалық қылмыстар – 6 202 анықталған, олардың ішінде мынадай фактілер бойынша: сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, жалған ақша шығару, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деген басым  болған. Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту материалдары бойынша келтірілген залал мөлшері 128,18 млрд. теңгені құрады, оның 52,44 млрд. теңгесі өндірілген. Залалдың өндірілуі 41% құрды. Яғни, мұнда қылмыс саны өсті, әсірессе экономикалық қылмыстар едәуір өсті және келтірілген залалдың өтелу пайызы төмендеді, бірақ та жасалған аса ауыр қылмыстар саны азайды. Жүргізілген саясаттың нәтижесінде аталған қылмыс санаттары «көлеңкеден» шығып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғандағы тіркелген қылмыстар санының айтарлықтай өсу серпініне себеп тудырды. 2013 жылғы 7 айда қаржы полициясы органдарында 6 463 қылмыс тіркелген, ауыр және аса ауыр қылмыстар – 1 891, оның ішінде 1 351 сыбайлас жемқорлық қылмыстар, Экономикалық қылмыстар – 3 572, олардың ішінде мынадай фактілер бойынша: жалған кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру оның ішінде ниетінсіз келісім жасау, жалған ақша жасау, салықтық қылмыстар, алаяқтық, сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету деген қылмыстар басым болды. Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту материалдары бойынша келтірілген залалдың мөлшері 103,855 млрд. теңгені құрап, оның 11,314 млрд. теңгесі өндірілген. Залалдың өндірілуі 11% құрады [5]. Бұл жағдайда залалдың өтелуі алдыңғы жылдардан қарағанда дәрежесі әлде-қайда төмен. Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға кері әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға жақсы әлеует болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат жүргізу үшін айрықша мүмкіндіктерге ие Қазақстан Республикасының әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері бар, талдауға сәйкес оларға мыналар жатады: Күшті жақтары: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық базаның болуы. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі. Әлсіз жақтары: 1. Халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі. 2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі. Мүмкіндіктері:

  1. Халық тұрмысының жоғары деңгейі.
  2. Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру.
  3. Инвестициялық ахуалды жақсарту.
  4. Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру.
  5. Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту.

 Қауіптері:

  1. «Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы.
  2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.
  3. Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебінен өсуі.
  4. Экономикалық тиімділіктің төмендеуі.
  5. Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленістің артуы.
  6. Азаматтық қоғам тарапынан қолдау [1]. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданылып жүрген құқықтық жүйесі халықаралық заңнамасы талаптары мен нормаларының бірқатар бағыттарынан кейін қалып отыр, бұл жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігін төмендету қаупін тудырады және қосымша норма шығару жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықтан күрес жолындағы жетістіктері ретінде Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы № 01-30.147 бұйрығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру  туралы Жедел есебін келтіруге болады: 1.Экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен уақтылы жолын кесудің тиімді жүйесінің дамуы мен қалыптасуы. Қылмысты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар шығарылған, аяқталған қылмыстық істердің үлесі жоспар бойынша 39, айғақ 45 артырып орындалған.

  1. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның белсенді қатысуына жәрдемдесу, ел азаматтарының бойында сыбайлас жемқорлыққа деген жеккөру сезімін қалыптастыру. Нысаналы көрсеткіштер: а) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және көлеңкелі экономика және саласында қоғамдық ұйымдармен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер саны жоспар бойынша 13, айғақ 156 арттырып орындалды. ә) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бойынша жүргізілген ауқымды акциялардың саны жоспар бойынша 20, айғақ 707 арттырып орындалды.
  2. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру. Нысаналы көрсеткіштер: а) Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет бойынша халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың саны жоспар 23, айғақ 41 арттырып орындалды. ә) Экономикалық және жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың саны жоспар 43, айғақ 652 арттырып орындалды.
  3. Ақпараттық жүйелер мен жұмыстың талдау әдістерінің дамуы. Нысаналы көрсеткіштер: а) ЭСЖКА (БААТЖ) деректер базасымен кіріктірілген электрондық дерекқордың санының өсуі жоспар 11, айғақ 26 арттырып орындалды. ә) Кіріктірілген деректер қорын пайдаланатын аумақтық қаржы полициясы органдары бөлімшелерінің үлесі жоспар 100%, айғақ 100% нақ орындалды [6]. Негізгі проблемалар, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің үрдістері мен алғышарттары болып отыр.

«Транспаренси Интернэшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің рейтингінде елді бағалаудың белгілі бір деңгейге жеткеніне қарамастан, Қазақстанның 133-орынды иеленуі мемлекет пен қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенін одан әрі қабылдау қажеттілігін растап отыр. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі проблемаларын шешу бойынша шетелдің оң тәжірибесіне шолу. Сыбайлас жемқорлық деңгейі едәуір төмен елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерделеу мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен жазаның болмай қалмайтындығы, мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтық қоғам тарапынан ұйымдастырылған бақылау, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жалақысы, тиімді алдын алу жұмысы олар жүргізетін шаралардың базалық негіздері болып табылатынын көрсетеді. Мәселен, Сингапур мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесін алсақ. Бұнда мемлекет тәуелсіздігін алғанда  алғашқы  кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық проблемасы біздің мемлекетімізбен ұқсас болды. Сингапур мемлекеті сыбайлас жемқорлықты сауатты коррупцияға қарсы заңдар және қайратты, ерікті саяси лидерлер арқасында жеңе білді. Ю Қуан Лидің (Сингапур Республикасының бірінші премьер-министрі) өз естелiктерде тұлғалы шенеуніктерге және өзінің туысқандарына жоғарғы заң қағидаты мен заң алдында баршаның теңдiгiне ерекше көңіл аударта отырып, әрқашанда естеріне салып отырғандығын көреміз. «Биiк моральдық қағида, қатал сенiмдердiң жан сырын ашумен бастасақ сыбайлас жемқорлықты – жеңуге оңай. Ал  осыған сәйкес адал ниеттерімен тұру қиынға соғады. Ол үшiн шын ниетімен барлық құқық бұзушылықтарымен сескенбей, және қандай да болсын  жағыдайға қарамастан батыл күресе алатын лидерлер керек. Саяси басшылық Бюро қызметшілеріне заңға сәйкес үрейсiз әрекет жасасын деп жан-жақтан толық қолдау орналастыруы керек» [7]. Демек, сыбайлас жемқорлықпен күресуде оң нәтижесін алу үшін, біріншіден халықта сыбайлас жемқорлықпен күресу идеологиясын қалыптастыру  керек. Екіншіден, саяси билік тұрғысыда жоғары тұрған шенеуніктердің халыққа адал, әділ қызметі атқарған үшін жалаақысын көтеру керек.

Көп елдерде заңдарда жариялайды сыбайлас жемқорлықпен күресу қажеттiлiгін, бiрақ тек қана кейбiр үкiметтерде және Сингапурде мұндай қатал және жүйелі әрекеттер  қолданылады. Сингапурде атқарушы қызметін атқаратын, әсірессе жоғары лауазымды тұлғалар, сыбайлас жемқорлық ісінде аса қатыгездіепен және қаталдығымен қаралады. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресу бюросының тергеушілері мынандай өкілеттіктігі бар; егер пара алушы тиімді жағыдайда болғанда оны дәлелдеуге міндетті болған жоқ. Бюро тергеушiсі төленген салықтар туралы ақпарат алуға мүмкiншiлiк алды. Шенеунiк өз байлығы туралы хабар-ошар жариялануы керек, (жылжымайтын мүлiк, банктегi шоттар, акциялар пакеттерi туралы және т.б.) сонымен бiрге  олардың жұбайының және балаларының байлығы.Осы ақпараттарды тек қана Бюро қызметшілері ғана қарай алады [8]. Сингапурдың заңға сүйенген жүйесi сыбайлас жемқорлықтың профилактикасына жүйелендірілген. Жыл сайын осындай зерттеулерді жүргізуге едәуір қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, осы зерттеулерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін уәкілетті органдар жүргізеді. Шет елдер тәжірибесін зерделеу бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның айрықша рөлін көрсетеді. Бұқаралық ақпарат құралдары тәуелсіз түрде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша өз тергеулерін жүргізеді. Тергеу нәтижелері елдің барлық беделді басылымдарында кеңінен жарияланады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша уәкілетті органдардың қызметінде пайдаланылады. Бұдан басқа, көрсетілген елдерде бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлық дау-жанжалдар көпшіліктің қоғамдық дүрбелеңін тудыратын азаматтық қоғамға ерекше әсер етеді [1].   Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың барлық қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етудегі күшін одан әрі үйлестірудің маңызы ерекше зор.

.

Мемлекеттік институттар қызметінің айқындылығын одан әрі күшейту үшін халықты хабардар ету қағидаттарына негізделген нормалардың заңмен бекітілуі, Үкіметтің азаматтық қоғам институтына есеп беруі, Үкімет қызметінің айқындылығын насихаттау қажет. Атап айтқанда, Финляндияда және басқа да елдерде Үкімет қызметінің ашықтығы туралы арнайы Заң қолданылады [1]. Осындай заңнамалық нормаларды қабылдау атқарушы билік адал қызмет ететінің растап халық сенімін білдіреді. Үлгі ретінде министрліктердің, әкімдіктердің, басқа да мемлекеттік ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын даму институттарының қызметін жариялау айқындылығын регламенттеуге мүмкіндік береді. Шетелдік оң тәжірибені зерделеу сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде мемлекеттік қызметтің еңбекақы төлеу жүйелерінің екі (карьералық және позициялық) нұсқасының позициялық жүйесі барынша икемді болып келетінін көрсетті. Егер карьералық жүйеде бірыңғай лауазымдық еңбекақы мөлшерін заң шығарушы белгілесе, позициялық жүйеде мемлекеттік органға бөлінген бюджет қаражатының мүмкіндігіне сүйене отырып, көп жағдайда ведомстволардың өздері белгілейді. Мәселен, Швецияда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 90%-ында жеке еңбекақы мөлшері бар. [9].

Қорытындылай келе, елімізде атқарылып жатқан игі шараларға қарамастан нақты іс жүзіндегі деректерге назар аударсақ сөз бен істің бір-бірімен үйлеспей қалатынын күнделікті деректер анық байқатады. Мәселен, балабақша, білім, мәдениет, медицина, қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» кеңістігіндегі келеңсіздіктер, кеден саласындағы, құқық қорғау органдары саласында, Сот билігі саласындағы, атқарушы билік саласындағы сыбайлас жемқорлық деректерін айтып тауыса алмайсың. Бұл тектес қылмыстар күннен-күнге азайғаны сол түрлене түсуі алаңдатарлық жағдай екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл жерде айтайық дегеніміз жасалып жатқан қаншама игі шаралар мен қабылданып жатқан заңдардың қауқарсыздығы, немесе халыққа жеткілікті насихатталмауы және әрбір азаматтың ұлты үшін жаны ашымай жеке бастың қамын ойлап, «Отан» ұғымына немқұрайды қараушылыққа салынып кету аңғарылады. Бұның нәтижесі қоғам мен билік арасындағы алшақтық, сайлау жүйесіне деген енжарлық, мемлекеттің қаржысын есепсіз жұмсау немесе қасақана қол салу, қаржыны ұрлап шетелге қашу, тіпті әділетсіз әрі негізсіз сот шешімдеріне әкеліп жатқаны өтірік емес. Заңдарды қабылдауда ұлттық ерекшелікті ескере отырып ең әуелі мемлекеттік тілде даярлауды, екіншіден жиі өзгертулерді қажет етпейтін, солқылдақ емес түбегейлі  әрі тұрақты етіп қабылдауды және БАҚ арқылы халыққа жеткілікті насихатталғандығын ұсынар едім. Сонда ғана әрбір қабылданған заң өз беделін сақтай отырып, халыққа қызмет етер еді, және халық өз құқықтары мен жауапкершіліктерін толық сезінері өзінен өзі қалыптасар еді. Осындай жетістіктер арқасында мемлекетіміздің қылмыспен күресте, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша еліміздің беделі жақсы деңгейге көтерілерін анық сезінеміз. Бір сөзбен айтқанда: семіз сөйлеп — арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шыққан әлде қайда тиімді боларын түсінер кезіміз жеткенін сезіне білу уақыты жетті. Бұл дегеніміз – «санды» емес, «сапаны»  мақтан ету дегенді білдіреді. Сапа тұрған жерде қылмыс өмір сүре алмайды деген тұжырым жасауға болады.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 — 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысы //ИС. ПАРАГРАФ
  2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы//ИС. ПАРАГРАФ
  3. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) 2011-2015 жылдарға арналған  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
  4. «Транспаренси Интернэйшнл» сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің дүниежүзілік рейтингі http://www.transparency.org/cpi2012/results
  5. Қаржы полициясы органдарының жедел–қызмет іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері туралы http://finpol.gov.kz/kaz/about/analiz/
  6. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы № 01-30.147 бұйрығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы Жедел есебі Есеп кезеңі:  2012 жылдың қорытындысы http://finpol.gov.kz
  7. Ли Куан Ю. Сингапурская история: из третьего мира — в первый Москва: МГИМО (У) МИД России, 2005. — 420 с. www.bookz.ru

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.