Қазақ терминологиясының қазіргі жайы

Главная » Рефераттар » Қазақ терминологиясының қазіргі жайы

Терминологияның даму деңгейін анықтап, оның қазіргі жайына баға беру оңай мəселе емес. Алайда, бұл саланың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, термин шығармашылығын реттеп отыру үшін ол өте қажет жұмыс болып табылады. Осыны дұрыс түсінген тілші-ғалымдар мен əртүрлі саланың мамандары дəл қазіргі кезеңде терминология мəселесіне айрықша назар аударып отыр. Олардың көпшілігі, термин жасауға, шет тілдерінен қабылдауға жəне халықаралық терминдерге байланысты өз ойларын ортаға салып та жүр. Бұл солай болуға тиіс те. Өйткені терминдерді жасайтын да оларды өздерінің бүкіл жұмыс барысында пайдаланатын да əртүрлі мамандық иелері. Сол себепті термин тағдырына кез келген арнаулы саланың маманы бей- жай қарай алмайды. Термин мəселесін арнайы қарастырып отырғандықтан біз де қазақ терминологиясының бүгінгі жайы туралы сөз етпеуге тиісті емеспіз. Соңғы 7-8 жыл көлемінде, дəлірек айтқанда, 1990 жылдардан бері қарай термин жасау мен қалыптастырудың бұрынғы орныққан дəстүрлері бұзыла бастады. Қоғамның саяси-əлеуметтік, рухани-мəдени өмірінде болған түбегейлі өзгерістер ұлт тілінің ресми мəртебесін өзге деңгейге көтеруімен қатар, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыруда басшылыққа алынып келген қағидаларға да сол ұлт тілінің мүддесі тұрғысынан жаңаша қараудың қажеттілігін туғызды. Термин шығармашылығында 90-жылдарға дейін басшылыққа алынып келген принциптердің біразы ескерілмей, терминологияны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізделген жаңа принциптері əлі орныға қоймағандықтан қазақ терминологиясы күрделі кезеңді өткеріп жатыр. Қалыптасқан жағдайға əркім əртүрлі баға беруде. Терминология мəселесіне бүгінде қайта оралудың себептері туралы айта келіп академик Ə.Қайдаров былай дейді: «Қазақ тілі терминологиясы əртүрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының нəтижесінде əркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыруы тəрізді бейберекет «бұқаралық» əрекетке (анархия) жол беріле бастады». Мұндай жағдайдың қалыптасып отырғандығы дау тудырмайды. Бұл туралы қазір қазақ баспасөзінде үздіксіз жазылып жатқандығы  баршамызға белгілі. Алайда көп жағдайда мəселенің мəнісіне терең үңіліп ғылыми тұрғыдан баға берудің орнына жекелеген терминдер мен жалпы терминология жөнінде ешбір негізсіз үстірт пікірлер айтылып жатады. Соған қарамастан, бұл термин мəселесінің жұртшылық назарын айрықша аударып отырғандығының көрінісі. Жоғарыда айтқанымыздай, терминдерді, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін, əр ұғымның айрықша белгісін жақсы білетін салалық мамандар жасайды. Бірақ əр маман өзінше термин жасап, өз терминін қолдануға тиісті емес екендігі баршамызға түсінікті жайт. Солай бола тұрса да термин жасауда осындай əрекетке жол беріліп отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың белгілі бір салалары бойынша жарық көрген терминологиялық сөздіктерді, оқулықтарды салыстыру арқылы оған анық көз жеткізуге болады. Бір ғана термин түрліше аударылып, əр сөздікте, əртүрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мəселен, мына төмендегі терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дəлелдейді: консенсус – бəтуə, мəміле, келісім, жалпы пікір; баланс – дəргей, теңгерім; скидка – шегерім, шегерме, кеміту, жеңілдік; спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы; вклад – салым, аманат ақша; вкладчик – салымшы, аманатшы, аманат ақша иесі; доход – кіріс, табыс; ценная бумага – құнды қағаз; бағалы қағаз; приоритет – артықшылық, басымдылық, басым бағыт; компетенция – құзыр, құзырет; амнистия – рақым, рақымшылдық, кешірім; юридическое лицо – заңды тұлға, заңды ұйым; клетка – жасуша, торша; бутон – гүлшанақ, бітеугүл; ткань – ұлпа, тін; семья – отбасы, жанұя т. б. Мұндай жарыспалылықты арнаулы салалардың кез келгенінен дерлік кездестіруге болады. Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан бірізді қолданылмай жүргендері де бар. Мəселен, демеуші, гүлшанақ, отбасы сияқты терминдер сол қатарға кіреді. Сондай-ақ, көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұратұрақтықолданылмайды немесебұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы, əлеует (потенциал), мəртебе (статус), көлік (транспорт), мəтін (текст), бағдаршам (светофор), мұрат (идеал), өтем (компенсация), сынып (класс), түйін (резюме) тəрізді терминдерді осы топқа жатқызуға болады. Термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай əр автордың өзінше термин жасап немесе қалаған терминін қолдануы осы үйлестіру жұмысының əлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн. Терминжасам процесін үйлестіріп, ретке келтіріп отыратын ондай органның Мемлекеттік терминология комиссиясы екендігі белгілі. Алайда соңғы жылдары бұл комиссияның атына сынның тым жиі айтылуы оның жұмыс істеу тəртібі мен құрамын белгілеу туралы шындап ойланудың қажеттілігін аңғартады. Жалпы ғылым мен техниканың сан түрлі саласын қамтитын терминдерді реттеп, жүйеге түсіріп отыру өте ауқымды жұмыс. Ондай мəселені айына, жылына санаулы рет қана бірер сағатқа бас қосып, қол көтеріп шешім қабылдайтын лауазымды адамдар тобы ешқашан шеше алмайды. Мемтерминкомның 1933 жылдан бастап, 60-жылдан астам уақыт ішінде бүкіл терминологиялық лексиканың шамамен 10 проценттейін ғана ресми бекітуі соның көрінісі. Ғылыми терминологиясы дамыған тілдердің (ондай тілдердің қатарына дүниежүзінің 60 тілі кіреді) қатарына қосылу үшін бізге терминдерді реттеу, жүйелеу, стандарттау жолында қыруар жұмыстарды атқаруға тура келеді. Сондықтан да бұл жұмыс дұрыс жолға қойылған елдердегідей бізде де тұрақты жұмыс істейтін, терминология мəселелерімен тікелей айналысатын кəсіби мамандары, яғни, терминологтары бар мемлекеттік мекеме болуы керек. Мəселен, Ресейдегідей ғылыми-техникалық терминология комитеті болса, ауқымды жұмысты атқаруға мүмкіндік туындаған болар еді. Əйтпесе, біздегідей жұмыс істеу тəсілімен терминологиямызды жүйеге түсіруге болады дегенге сену қиын. Дəлірек айтқанда, мүмкін емес. Сондықтан, бұл мəселенің мемлекеттік маңызы ескеріле отырып, жұмысы дұрыс жолға қойылмаса, терминологиямыздағы ала-құлалық сақталып қалатыны сөзсіз.

Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны пуризм деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин шығармашылығына шектен тыс көп араласып кетті деуге болмайды. Бұл, түптеп келгенде, онсыз да мүмкіндігі шектеліп келген тілдің ғылым саласындағы қызметінің қалыптасуына жол бермеу болып табылады. Рас, жасалып жатқан терминдердің бəрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындарының да бар екендігі даусыз. Ондай терминдердің қолданылуына жол бермеу дұрыс. Алайда, сəтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дəл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін дəлелдеуге тырысқысы келетіндермен келісуге болмайды. Егер белгілі бір ұлттың тілі қоғамдық өмірдің қандай да бір саласындағы қызметін атқара алмай жатса, ол үшін тілді кіналау мүлде дұрыс емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған қоғамнан іздеу немесе өз тілін қажетті деңгейде дамытып, тиісті салада қолдана алмай отырған ұлттың өзінен көргені жөн. Сондықтан, мемлекеттік мəртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығына тиімді пайдаланып, оны шын мəніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық кадрлардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі айрықша. Ал сəтсіз терминдердің жасалу себебіне келсек, ол термин жасаушының термингеқойылатынталаптардыбілмеуінен, тілдідұрыспайдаланаалмауынан, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін ескермеуден, тəжірибесіздіктен немесе жауапкершілікті сезінбеуден туындайтын əрекет. А.Байтұрсынұлы айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің бірінің қолынан келе беретін жұмыс емес.

Термин жасау үшін ешкімге арнайы құқық берілмейтіні мəлім. Сол себепті термин жасаушылардың терминологиялық лексика мен ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін бірдей ескере отырып, термин мəселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн-ақ. Əйтпесе, ізгі ниетпен жасалған істің пайдасынан зияны көбейіп, оң нəтиже болмауы əбден мүмкін. Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мəселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тəртібінің белгіленбеуі. Бұл мəселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері де əртүрлі. Сондықтан осы мəселені арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың терминология үшін маңызы зор. Бұрын халықаралық терминдер туралы біржақты пікір қалыптасқаны белгілі. Яғни, біртоптілдердеқолданылатынондайсөздерді«орыстіліндеқалай жазса, біз де солай жазайық, олар қалай айтса біз де солай айтайық» деп келдік. Əрине, мұны халықаралық əрі кеңес одағын мекендейтін барлық халықтардың болашақта біржола көшуге тиіс тіліне, яғни, кеңес одағының ортақ тіліне, деген «үлкен құрметіміз» деп түсінейік. Ал енді бүгін біздің тіліміз де халықаралық болмаса да мемлекеттік мəртебеге ие болғаны баршамызға мəлім. Ендеше, оның да өзіндік ерекшелігін ескеріп, биік мəртебесіне лайық құрмет көрсететін кез жетті. Бірақ соған қарамастан «бəрі де бұрынғысынша (одақ кезіндегідей) қалсын, ешнəрсені өзгертпейік» деуіміз өзімізден гөрі өзгені құрметтеуге əбден үйретілгендігімізді, «ұлы билеушіміздің» айтқанының бəрін бұлжымас заң деп қабылдайтын құлдық психологияның құрсауынан əлі де шыға алмай жатқандығымызды көрсетсе керек. Əйтпесе, өзге тілден сөз қабылдағанда оны ұлт тілінің фономорфологиялық заңдарына сəйкестендіріп алудың қажеттігін қазақ зиялылары XX ғасырдың басында-ақ дұрыс атап көрсеткен болатын.

.

Мəселен, 1923 жылы жазылған мақаласында X.Досмұхамедұлының «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады»4, деуі соған дəлел бола алады. Елуінші жылдары бұл мəселеге М.Əуезов те тоқталып, «Орыс тілі мен шетелдер тілінен алынған атаулардың орфографиясы бізде əлі дұрыс жолға қойылып болмаған… Біздің грамматикамызда осы жөнде асыра сілтеу, сыңаржақтық бар сияқты»5, деп өте əділ көрсеткен болатын.

Ондай асыра сілтеудің, сыңаржақтықтың орын алғаны дау тудырмайды. Асыра сілтеуге бұлайша жол берілуі орыс тілінен өзге ұлт тілдерінің ерекшеліктерін  əдейі,  мақсатты  түрде  ескермеуді  көздеген  кеңестік тіл саясатымен тікелей байланысты. Бұл сыңаржақтықты кезінде орыс ғалымдарының ішінен де атап көрсеткендері болған. М.Əуезов аталған мақаласында оған айрықша мəн берген. 1950 жылы «Вопросы философии» журналында жарияланған мақаласында А.Мординов орыс сөздерін ұлттар тілдерінде орыс орфографиясымен жазуды «марршылдықтың бір солақайлығы» деп бағалаған.

Ол академик И.Мещанинов пен профессор Г.Сердюченконың «жасанды əралуандықты жою мақсатымен» деп дəлелдеп отырып, «Орыс сөзі мен халықаралық атаулар орыс орфографиясы бойынша жазылсын. Бұл атаулардың жазылуына бұрмалау кірмесін» деген қағидасын қатты сынайды. Ғалым

.

«Мұндай аса зиянды қағида ұлт тілдерінің заңдарын күйретіп, орфографияда анархиятудырды. Анатіліндехаттанудынелерқиындыққасоқтырды. Жергілікті газеттер мен журналдардың жұмыстарын да ауырлатты»6, деп көрсетеді. Ғалымның бұл пікірін сол кезеңнің шындығы ретінде мойындамау үлкен əділетсіздік.

Біз бүгін кеңестік жүйе кезінде жасалып қалыптасқан жазу қағидаларымызды қорғаштай отырып, баспасөз беттеріндегі кірме сөздерді ұлт тілінің ерекшеліктеріне сəйкестендіріп жазуға ұмтылуды бейберекеттік, анархия деп жүрміз. Ал шын мəнінде, қазіргі ала-құлалықтың туындау себептерін сонау 30-жылдардан іздеген жөн. Нағыз анархия, ұлт тілдерінің ерекшеліктерін белден басу сол кезеңде басталған. Қазіргі орфографиямыздан орын алып, бұлжымас заңға айнала бастаған кейбір қасаң қағидалардың негізі сол кезде жасалған. Кейінгі кезеңдерде олардың

«дұрыстығын» қайта-қайта дəлелдеп, санамызға берік сіңіріп, өмір шындығына айналдыра бастаған өзіміз. Соған қарамастан, ғылыми негізі осал қағидалардың өміршең бола алмайтындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Олардың жасалуына себепкер болып, бұзылуына жол бермей, қатаң қадағалап келген жүйе ыдырағаннан кейін басшылыққа алынбай жатуы соның көрінісі болса керек. Соңғы жылдары халықаралық терминдер туралы бұрынғыша біржақты айтылмай, олардың табиғатына тереңірек үңілу нəтижесінде ескеруге тұрарлық тың пікірлер көрініс беріп жүр.

Сондай пікірлердің бірін біз Ə.Қайдаровтың еңбегінен кездестіреміз. Ғалым халықаралық терминдер туралы сөз ете келіп былай дейді: «Тіл- тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі» деп байбалам салудың бəрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдардың бəрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Демек, ортақ интернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің саяси-əлеуметтік жағдайына, даму дəрежесіне, оларға деген сұраным мен қажеттілікке, əр тілдің өз мүмкіншілігіне байланысты екен» Шындығында да, халықаралық терминдерсіз ғылым дамымай, ғылыми қарым-қатынас əлсірейді деудің негізі жоқ. Біздің халықаралық терминдерге көп жүгінуіміздің ең басты себебі ғылыми ұғымдар жүйесін тілдік тұрғыдан жүйелеп берудің қиындығынан туындайды. Терминология мəселесін арнайы зерттеп жүрген ғалымдар «Егер қандай да бір елдегі ұлттық тілдің ғылыми терминологиясы болмаса жəне ол жасалып жатпаса, онда ғалымдар терминологиясы қалыптасқан өзге тілге жүгінуге мəжбүр» 8, деп көрсетеді.

Əрине, солай болып жататыны рас. Бірақ мəселеге екінші қырынан қарайтын болсақ, біздің тілімізде ғылыми терминология жасалмаған деп үнемі өзге тілдерге жүгіне беруді еш ақтауға болмайды. Өйткені сол ғылыми терминологиясы жақсы дамыған, қалыптасқан тілдің терминдерін ұлт тілінде жасаған сол елдің ғалымдары мен салалық мамандары емес пе? Ендеше біз де неге солай істемейміз? Əлде кейбір ғалымдарымыз дəлелдеуге тырысып жүргеніндей, біздің тіліміз шынымен-ақ термин жасауға икемсіз тіл ме?

Жоқ, ешбір ұлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпейтін тіл деуге болмайды. Мəселе ұлт тілін термин шығармашылығында пайдалануға байланысты. Терминжасам процесінде өз тілімізді пайдаланбай өзге тілдерден дайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек, онда əрине, тіліміз ғылыми ұғымдарды атауға бейімделіп терминологиямыз ұлт тілінде жасалынбайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадрлардың қолындағы іс. Халықаралық терминдер жөнінде соңғы жылдары жазылған еңбектердің ішінде Б.Қалиұлының мақалалары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді9.

Ғалым халықаралық терминдер мəселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды таралуына байланысты 5 аймаққа бөледі. Ол «Егер халықаралық терминдер бүкіл дүниежүзі тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол сөздердің Еуропа тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка; араб, қытай, жапон, үнді, индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді Шығыс Азия (қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, индонезия халықтарының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, белгілі бір аймаққа тəн ортақ сөздер болып шығады»10, дейді.

Жалпы мұндай аймақ құру жəне ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру қытай, жапон тілдерін былай қойғанда еуропа елдерінің тілдерінде  де  анық  байқалып  отырған  құбылыс.  Үстіміздегі ғасырдың

70 — жылдарында еуропаның герман тілді елдерінде «арнаулы мақсаттар тілі» (язык для специальных целей LSР) деген термин пайда болады. Оның туындау себебі Австралия, Бельгия, ГДР, ГФР (қазіргі біртұтас  Германия), Швейцария елдерінің аумағында арнаулы салалардың тілі ретінде неміс тілін сақтау, фонетикалық, орфографиялық, лексикалық сəйкессіздікті жою. Сөйтіп, терминология саласында жұмыс істейтін мамандар ғылым мен техника саласындағы қатынастардың неміс тілінде болуы қажет деп тапты.

Чехословакияда 30-жылдарданбастапнемісжəнелатын-гректерминдерінің орнын алмастыратын терминдер жасап, терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру бағыты үстемдік етіп келеді. Ал француз тілді Канадада ғылым мен техниканың барлық саласындағы ағылшын тілінен алынған терминдерді француз сөздерімен алмастырып, ғылыми терминологияны француз тілі негізінде қалыптастыру бағытын ұстанып отыр. Бұл жұмыс мемлекеттік маңызы бар іс деп саналады. Соңғы жылдары Францияда да ұлт тілінің тазалығын сақтау мəселесіне айрықша мəн беріліп, əсіресе, ағылшын тілінін əсерінен арылу жолында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Түркі тілдес халықтардың арасында мұндай жұмыс тек түрік тілінде жүргізілді  деуге  болады.  1932  жылы  Ататүріктің  тікелей  араласуымен «Түрік тілі» қоғамының өткізген бірінші құрылтайында бірнеше қаулылар қабылданды.

Онда халық тілінің байлығын жинастыру туралы үш түрлі шешім қабылданды: 1) Халық тіліндегі жəне ескі кітаптардағы түрік тілінің байлықтарын жинастырып оны жарыққа шығару; 2) Түрікше жаңа сөз жасау жолдарын іздестіріп, түрік түбірлері негізінде сөз тудыру; 3) Түріктің жазу тілінде өте көп қолданылып жүрген шет тілдерінен кірген сөздердің орнына таза түрік сөздерін алып, оларды жарыққа шығару жəне қалыптастыру11.

Бұл жұмыс одан кейінгі жылдары да қарқынды жүргізілді. Қазір де ғылыми терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға тиісті мəн беріліп отыр. Сондай-ақ түріктер қазіргі түркі тілдерін терминжасамның тұрақты бір көзі деп санайды. Өзіміз шектен тыс көп жүгінетін еуропа тілдерінің терминжасам тəжірибесі тұрғысынан қарағанда да мұны теріске шығарудың негізі жоқ.

Жалпы түркі халықтарының ортақ терминологиялық қор құра алмауына, терминжасам тəжірибелерін бөлісуге мүмкіндіктің берілмеуіне коғамның саяси жүйесі себепкер болып келді. Тəуелсіз түркі тілді мемлекеттердің құрылуына байланысты бұл мəселе көтеріліп жатқанымен түрлі себептерге байланысты əзірше нақты жұмыстар қолға алына қойған жоқ.

.

Біздің «аударуға болмайды» деп жүрген халықаралық терминдерімізді моңғол тілінің игеруі де айрықша назар аудартады. Олар: микро-,  авиа- , аэро-, анти-, контр-, транс-, моно-, гидро-, нео-, граф-, грамма-, гипер-, супер-, ультра-, архи- сияқты грек, латын терминоэлементтерімен келетін халықаралық терминдерді ұлт тілі негізінде игеріп отыр. Мəселен, хэт даралат «гипергония», хэт ихэсгэл «гипербола»; бичил харуур «микроскоп», бичил гадаргуу «микрорельеф»; улэмж урцэг «макроспоры», улэмж бутэц «макроструктура»;  нисэх  зам  «авиатрасса»,  нисэх  шугам   «авиалиния», агаар судлал «аэрология»; агараарын эмчилгээ «аэротерапия», ганц сэдэвт «монография», ганц утгат «моносемия»; шинэ уг хэллэг «неологизм», шин сийвэн «неоплазма» т.б.

Əртүрлі тілдердің термин жасауда ұстанған бағыттары, терминжасам тəжірибелері оларда біздегідей халықаралық терминдер деп аталатын аударуға, ұлт тілінің ерекшелігіне сəйкес өзгертіп жазуға болмайтын айрықша мəртебесі бар «киелі» сөздер тобының қалыптасқанын көрсетпейді.

Ал көпұлтты кеңес одағында терминдерді халықаралықтандыру (интернационализация) үшін көп күш жұмсалғаны белгілі. Бір тілде сөйлеуге ұмтылған елге орыс тілінің үстемдігін орнату үшін солай ету қажет болған да шығар. Ендігі жерде бұл мəселеге біз де ұлт тілінің мүддесі тұрғысынан қарауға тиіспіз. Жалпы халықаралық терминдер мəселесін арнайы зерттеп, оларды қабылдау, аудару жəне жазу тəртібін белгілеу қазақ терминологиясының даму бағытын белгілеу үшін өте қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.