Қазақ тіліндегі этнонимдік жүйенің тарихи, тілдік сипаты

Главная » Рефераттар » Қазақ тіліндегі этнонимдік жүйенің тарихи, тілдік сипаты

Ру-тайпа атауларынан, танымал, белгілі адамдар есімінен қалыптасқан тұрақты тіркестерді жинастырудың бірден-бір көзі – жергілікті жер материалдары, соның ішінде əр рудың, оның тармағының тарихын зерделейтін – шежірелік дерек көздер. Бірақ шежірелік деректер тарихтың дəл өзі емес, тарихты генеологиялық, этникалық, тілдік деректермен толассыз толықтырып отыратын оның қайнар бұлақтарының бірі болып саналады. Исі қазақ «қандас туыспыз, бір сүйекпіз» деп бірін-бірі жақын тартатыны – халқымыздың бауырмалдық, бірлік, берекесінің ырысты сипаты.

.

Қазақ этникалық құрылымы атаулары мəселесімен тиянақты түрде айналысқан ғалымдар ретінде С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ə.Қайдар, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, ƏАбдрахманов т.б. сынды есімдерін атауға болады.Қазақтың этнонимдік жүйесі бастау алатын алып рухани арна, ата-бабамыздан сан ғасырлар бойы асқан ұқыптылықпен ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып жеткен мол қазына — ұлтымыздың төл шежіресі. Шежіре əр адамның жоғын тауып береді, ата-бабасының өрлігін, ерлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт мүддесіне қатыстырған жандар екенін көрсетеді. Алаш сөзінің шығу төркінін көптеген деректерге сүйене отырып, қарастырған Б.Серікбайұлы: «Тұранда өткен Абдулла ханның (Абдулəзиз-ханның) алапес ауруына шалдыққан Амина деген ұлын ғайыптан пайда болған жатжұрттық Амии деген дана халық алдында хан көтеріп, Алаша атты ханы, Алаш атты биі бар Үш алаш атты ел құралғаны жайындағы қазақ аңыздарын да баяңдап өтеді», — деген Шоқанның пікірін келтіреді [1. 125]. Жүз сөзінің шығу төркіні жөнінде пікір білдірген профессор Е.Жанпейісов лексеманың кейбір түрік тілдерінде ғана емес, фин-угор тілдерінде де осыған ұқсас мағынада ұшырасатынын тілге тиек етеді. Басқа да зерттеушілердің дені жүз этнотерминнің қалыптасу кезеңін ортағасырлармен байланыстыратыны белгілі. Ата. Қазақ тілінде ата лексемасының қызметі тек туыстық атауды білдірумен шектелмесе керек. Ежелгі қазақ қауымдастығының əлеуметтік құрылымындағы ата бірлігі дала мəдениетінде қалыптасқан қоғамдық қатынаста маңызды роль атқарған. Ру мен жеті атаға дейінгі бөліністі ата, аталас туыстық жүйесінде бірнеше ұрпақтан тұратын туыс отбасылардан тұратын ұсақ бөлініс, ру ішіндегі 3-4 буын, бұтақтан тұратын əлеуметтік кеңістік құрайды, олар бергі атаның баласы деп те аталады. Қазіргі Шығыс Қазақстан аймағында орта жүзге жататын негізгі рулардан басқа, əр қилы себептерге байланысты осы жердің тұрғылықтысы болып саналатын: Үржар, Таскескенде Кіші жүз саналатын – телеулер жəне рамадандар; семіз найман ішінде – қарақалпақтар, ошақтылар; Ақсуатта – алшындар, шанышқылылар; Қайнарда – жағалбайлылар, Аягөзде – қырғыздар, қалмақтар жəне т.б. бар.[2. 198] Арғын этнонимінің тарихи-лингвистикалық сипаты.Кесек ұлыс бола тұра, Арғын атауы көне шығармаларда өзімен əуелде қанаттаса қоныстанған Найман, Керей, Қыпшақ, Қоңырат елдерінің атауысияқтыанықкүйдекөпұшырасабермейді. Арғын этнонимін зерттеуші ғалымдар арасында арғын атауын Ұлық Ергин, Баяғу (Шəкəрім қажы) «Орхон-Енесай» жазбаларында кездесетін «Ұлық — арғун» тайпасымен Қытайдың V ғасыр жазбаларындағы гаугуй (алун) тайпасымен, монғол тобындағы тілдерде бар «он» деген сан есімдібілдіретін «арғын» сөзімен байланыстыратын байыптаулар бар.

.

«Наймантану» проблемасының негізгі де өзекті мəселелерінің бірі – «найман» этнонимінің жəне найман тайпасына қатысты атаулардың (этнонимдердің), төркінін, шығу тегін, мəн-мағынасын, қолданыс аясын айқындау болып саналады. Шығыс Қазақстан аймағындағы найман руына, оның белгілі бір табына, ру-тайпа ішіндегі танымал адам есімдерінен қалыптасқан тұрақты тіркестер басқа ру-тайпалар атуларынан жасалған тілдік бірлікке қарағанда көбірек. М., Байторың дұрыс, ал Ерторың қай торың? Тарбағатайдан ағады мың бұлақ, Күнгейті мен Баянға тимейді бір бұлақ жəне т.б. Жалпы керейлер, олардың тарихи тамыры, шығу тегі туралы жазылған дүниелер баршылық, дегенмен осы уақытқа дейін, шешімін таппай келе жатқан мəселелер де аз емес. « Ертеде жəне қазіргі кезде де қазақтардың керей тайпасының бір бөлігі Батыс Қытайда, бір бөлігі Тарбағатай тауларының маңайында, Алтайдың оңтүстігінде наймандармен көршілес тұрады. Керей (немесе кереиттер) кундровтық татарлар, алтайлықтар, тувалықтар, қарақалпақтар, башқұрт, өзбек, ноғай, крымчактар араларында жəне Бурят-Монголияда бар. Тіпті, тувалықтар арасында убур-керей деген тармақ бар.

.

Уақ этнонимінің тарихи-лингвистикалық сипаты.Уақтардың қонысын Х. Арғынбаев, В. Востров, М. Мұқанов «Қазақ шежіресі хақында» еңбегінде нақты көрсетіп береді: «Өскемен уезінің жерінде, Бұқтырма өзенінің бас жағында жəне Аршаты тауының төңірегінде керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы көшіп жүрген. Семей уезінде уақтардың 5728 қожалығы болған. Төрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бөлігі солардан құралған. Олардың орналасқан жерлері — Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы, Ащыкөл өзенінің төңірегі жəне Ащысу өзенінің бас жағы.[3.250] Шығыс Қазақстан аймағындағы таңбаға қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер. Қазақ ру-тайпа, ұлыстарына тəн тектік қасиетті белгісі – рулық таңбасы, сол арқылы оның этникалык орны мен қызметі айкындалады. Таңбасыз, ұрансыз қазақты елестету мүмкін болмаса, біздің ру таңбаларымыз графика тілінде сақталған баға жетпес құнды ақпарат. Кодталған ақпараттың тілін тауып, сөйлету болашақ ізденістердің басы. Қазақтың ру таңбалары мен ен-таңбаларын идеограмма (идеографиялық жазу нұсқасы) деп түсінсек — мұндағы заттық бейне мен ұғымның, таңба мен оның аталуында байланыс бар екендігін аңғару қиын емес. Фразеологизмдерді құрылымдық тұрғыдан зерттеу кезінде оның құрамындағы сөздердің мағынасын ашу, этимологиялық талдау жасау, варианттарын көрсету, синонимдік қатарын анықтау тəрізді мəселелерді Г. Смағұлова, лексика- фразеологиялық жүйедегі бірліктерді Ж. Манкеева жəне т.б. ғалымдар зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, ғылымға өзіндік жаңалықтарын ала келді. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түспегендіктен: тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жүр.

Онтологиялық топонимикада категориялдау барысында басты назар этнонимдік кеңістіктегі тілдік материалды инвентарлау, жүйелеу, тілдік (лексика-семантикалық, сөзжасамдық, морфологиялық) реттестіру болса, когнитивтік (менталды) топонимикада негізгі ғылыми нəтиже ретінде зерттеліп отырған атау туралы (лингвистикалық жəне экстралингвистикалық) ақпарат жан-жақты қамтылады. Когнитивтік лингвистиканың, лингвоконцептуалдық жүйелердің басты шарты – ұлттық, адами құндылықтар жүйесінің қатысуы болғандықтан, когнитивтік топонимикада да коммуникация барысында немесе этнонимдік мəтін, дискурстардағы этнонимдік бірліктің, топонимдер жүйесінің мəдениеттегі, тілдегі, өзара қатысымдағы құндылығы, аксиологиялық маңызы басым болады. Ұлттық топонимиядағы мəдени кодтардың барлығы дерлік репрезенттелген, бірақ басымдылығы жағынан өзге мəдениеттердегідей, соматикалық код пен кеңістік кодтары бірінші орында тұрады. Қазақ топонимиясындағы соматикалық атаулар адам тəнінің параметрлеріне сай номинацияланып, адамның төбесінен табанына дейін этнонимдік кодта репрезенттеледі. Жұмыста анатомиялық атаулардың топонимдерде репрезенттелуінің соматикалыX картасы берілген. Этнонимдік атауларда вербалданған соматикалық код түгелдей дерлік кеңістік кодында, оның ішінде ландшафттық кодта көрініс тапқан: төбе, бас, ми, маңдай, бет, мойын, көз, мұрын (танау), құлақ, иек, жақ, қабақ, Баскөкше, Ақтөбе, Төбеқұм, Милысай, Аймаңдай, Қарақас, Ақкөзқайнар, Тікқабақ, Бетүйеңкі, Құрбеткөл, Қарашат, Аяққамыс т.б. [4.485] Когнитивтік лингвистиканың түпкі мақсаты — адам санасының тереңде жатқан менталдық құрылымдарды зерттеу, салыстыру, интерпретациялау арқылы тілдік, лингвокогнитологиялық заңдылықтарды көрсетіп қана қоймай, ұлтқа, адамзатқа тəн адами құндылықтар жүйесін айқындау. Нəтижесінде ұлттың, адамзаттың биологиялық түр болып, ұлт болып сақталып қалу үшін тек адами құндылықтарды айқындап тізбектеу үшін ғана емес, оның ар жағында қоғамдық, тұлғааралық қатынастарды, халықтар, ұлттар арасындағы қатынастарды үйлесімді ету, гуманизациялау, өзара түсіністік тудыру, рухани, мəдени интеграциялауға қол жеткізілмек. Ономастика жайлы еңбектердің басым көпшілігінде этнонимдер жалқы есімнің бір бөлшегі ретінде танылып, лингвистикалық тұрғыдан зерттеліп келеді. Ру-тайпа атауларына қатысты жинақталған тілдік материалды саралай, жүйелей қарастыру барысында: атаулық тіркестер, түйдек тіркес, түйін тіркес, мəтел, мақал, тұрақты теңеу, тұрақты метафора, бата, тілекті жəне бойына ақпараттық мəн жинаған тілдік бірліктер құрайтынын көреміз. [5. 135] Ғасырлар тезінен өтіп, халық санасында қалыптасып қалған ру-тайпа, оның табы атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистикалық аспектіде қарастыру – ұлтты өз қалыбында танудың бір жолы. Ру-тайпаға қатысты географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мəлімет алудың бірден-бір дерек көзі. Осы орайда қолданылатын қазақ шешендік сөздері бата-тілектен бастап өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауы, ер құны секілді дау-талап, келіс сөздерді қамтиды. Шешендік сөздерді атадан бала қайталап басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нəтижесінде туған келелі ойдың қортындысы, тоқсан ауыз сөздін тобықтай түйіні мен түйір дəні деуге болады. Ру, тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер құрамындағы сандардың мəні бастапқы мағынасына сай болса да уақыт өте келе тұрақты тіркестік дəрежеге жетіп, сандық мағынадан гөрі ру тармағының, табының шартты көрсеткішіне айналған. Ру- тайпа, тарихи тұлға есімдерінен қалыптасқан тұрақты тіркестер – ресми тарих пен өткен уақыттың табын бойында сақтаған рухани шежіре. Қазақ этнонимдеріне қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер өз бойында, құрамы мен құрылымында сол өңірге тəн экстралингвистикалық деректерді сақтап қалған этномəдени қор.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.