Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер

Главная » Рефераттар » Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды.Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз.

.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Соңғы 20-30 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын – қазақ билингвизм құбылысы деп атап жүр. Бұл мəселені біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық қарым-қатынас пен, ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мəртебесінің өсуімен байланыстыра қараған жөн. Тіл өзі қызмет атқаратын қоғаммен бірге өмір сүріп, сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады, əрі оның ішкі заңдылықтарына сəйкес дамиды.

.

Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Шет тілдерден сөздердің ену сипаты əр түрлі болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Мысалы, ағылшын тілінен қазақ тілдеріне енген сөздерді осы сөздер арқылы белгіленген жаңа ұғымдардан бөліп қарауға болмайды. Бұл жаңа сөздердің жаңа ұғымдармен бірге енгені əркімге аян.

Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады. Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Мұнымен бірге олардың ішінде мəдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге тəн ерекшелік сол – олар қабылдаушы фонетикалық заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сəйкестендіріледі.

Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми–техникалық, əдебиет пен өнер т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай жəне жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, кастинг, шоу, видео клип, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр. Шет тілдерден енген сөздер уақыт озған сайын əбден кірігіп, фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жақтан игеріліп, сіңісіп кетеді. Англицизмдердің қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдарына бағынып игерілуі қабылдаушы тілде олардың грамматикалық формасының мағынасы сақталынбауынан айқын көрінеді. Мысалы, ағылшын тілінің рельс деген сөзі ағылшынша көптік жалғаулы сөз болғанмен ( ағылшын тілінде жекеше түрі – rail, көпше түрі – rails ), қазақ тілінде жекеше түрінде ұғынылып, көпше түрде қолдану қажет болғанда, оған көптік жалғауы жалғанады ( қазақша – рельстер ). Кейде шет тілдік сөздер мен сөз тіркестері тілден тілге аударылғанда, олардың құрылысы сақталып аударылады да, солардың үлгісі бойынша сөздер мен сөз тіркестері жасалады. Шет тілдік сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестері калька деп аталады. Кейбір тұрақты сөз тіркестері де, баламасы болмаған жағдайда, калька жолымен аударылады. Англицизмдердің енуі, сондай-ақ кейде оларды жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы ағылшын тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңейді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тəсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады. Міне, бұл тəсілдер тілдің лексикасының баю жолдарының ең басты тəсілдері болып табылады. Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаiа сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеiіл əрі тез əзірленетін тағам, week end – уик энд – демалыс кcндер, party – парти – сауыX кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес əйелі, юзер – Xолданушы, computer system – компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы т.б.

Фаст – фуд термині жеңіл əрі тез əзірленетін тағамдарға айтылған. «А party is a gathering of people who have been invited by a host for the purposes of socializing, conversation, or recreation» – Парти — қонақ күтушінің шақырған адамдарының əңгімелесіп, демалу үшін жиналатын жері, To sponsor something is to support an event, activity, person, or organization financially or through the provision of products or services – Спонсорлық ету бір ұйым немесе адамдарды материалдық жəне физикалық түрде көмек беру болып табылады.

Англицизмдер сөзжасамдық калькалау (макроұя, кодтану), сондай-ақ синтаксистік-морфологиялық, семантикалық, морфологиялық тəсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Англицизмдер төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамында бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Англицизмдер тілдің лексикалық құрамына ауызша жəне жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген англицизмдер ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс кcндер ), price list – прайслист, hot dog – хот-дог, , computer system — компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б.

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- фаст – фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer – принтер, disk – диск, file – файл, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – миксер, toaster – тостер, blender – блэндер, manager-менеджер, promoter – проумотер, distributor – дистрибьютер, dealer – диллер, mentality — менталитет, stapler – степлер, scotch tape – скотч, computer – компьютер, monitor – монитор, display – дисплей, presentation – презентация, calculator – калькулятор, notebook – ноутбук, жəне т.б. 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мəні зор. Мысалы :briefing – брифинг, candidate – cміткер (кандидат), journalist – тілші(журналист) жəне т.б. Ал А. М. Қызырова «Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі» атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, əр кəсіпке байланысты саралап, талқылап қарастырған: Мысалы: Ақша жəне ақшамен байланысты ұғымдар: банкнот, инвестиция, депозит, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, шиллинг, пенс. Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: кcзетші-секьюрити, басXарма- менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, атXамінер-жокей, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б. Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б.

.

Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворд, аттракцион, крикет т.б. Спорт: аквалангты пайдаланатын адам — дайвер, культуризм -бодибилдинг, jзын XашыXтыXXа жcгіретін адам — стайер, XысXа XашыXтыXXа жcгіретін адам — спринтер, велосипед — байк т.б. Ақпараттық терминдер компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: геймер (компьютерлік ойындарды жаXсы кhретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, т.б. Хат-жазбалар: майл (компьютер арXылы жіберілетін хат), сайт, файл, е- майл т.б. Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б. Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т.б.

Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-əрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышXанныi клавишін басу), Internet-браузер, Internet-магазин, Internet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, гамдеу(game- ойын), виндузда жjмыс істеу (Windowsпен жjмыс істеу) т.б. Қазіргі тіл білімі ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек күніне 300 сөз қазақ тіліне енеді екен. Ол сөздердің басымы ағылшын тілінен енген. Ресей ғалымдарының пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан газет, журнал бетінде кездесетін мəтіндерді оқу үшін алдымен ағылшын тілін оқыту мəселесі өзекті болып келеді. Көптеген тарихи жағдайларға байланысты қазақ тіліне шетел тілінен кірген сөздердің ауысуы дəнекер тіл орыс тілі арқылы жүзеге асады. Шетел тілінен енген сөздер ғылым мен əртүрлі халықаралық деңгейде іске асып жатқан шаралардың негізінде көптеп енуде. Бұл туралы А. Исланова «Шетел сөздердің белгілері мен деректері» атты еңбегінде атап, жұмыс барысында қазақ тіліне енген шетел сөздеріне толық сипат береді. Англицизмдерді дыбыстық құрамдық өзгерістерімен орыс тілі арқылы қабылдаймыз. Қазақ тіліндегі шетел сөздерінің көптеп енуін халықтың ғаламторды кеңінен пайдалануын айтуға болады. Олар орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп тілдік қолданысқа енген ағылшын сөздері. Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сөздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп жүр. Тілдік варианттардың біріне осы шетел сөздерін жатқызуға болады. Н.Уəлиұлы «біршама уақыт бəсекелесе қолданыла келген шеттілдік сөздер, ендігі жерде балама сөзге орын берді. Мысалы көлік (транспорт емес), төрелік сот (арбитраж емес), төреші (арбитр емес), жалға беру (аренда алу емес), жалгер (арендатор емес), мұрағат (архив емес), бос орын (вакансия емес), тізім (ведомость емес), рұқсатнама (виза емес), өмірбаян (автобиография емес), мекенжай (адрес емес), кесте (таблица емес), келісімшарт (контракт емес), құжат (документ емес), төлқұжат (паспорт емес), сынып (класс емес), кеден (таможня емес), ұлықтау (инаугурация емес), керек-жарақ, мүкəммал (инвентарь емес), нұсқаушы (инструктор емес), нұсқау (инструкция емес), ақпарат (информация емес), күнтізбе (календарь емес), хұснихат (каллиграфия емес), біліктілік (квалификация емес), іссапар (командировка емес), сараптау (экспертиза емес), ұжым (коллектив емес), жарғы (устав емес), құзыр (компетенция емес), тəркілеу (конфискация емес), несие (кредит емес), жиһаз (мебель емес), əдіс (метод емес), əдістеме (методика емес), нысана (объект емес), əкімшілік (администрация емес), пайыз (процент емес), шəкіл (шкала емес), зейнетақы (пенсия емес), зейнеткер (пенсионер емес), мердігерлік (подряд емес).

Бұл дегеніміз кейбір терминдердің, шетелдік сөздердің қазақ тіліне аударылып қоолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Керісінше тіліміздің сөзді қоры кеңейіп, кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. Қазақ тілінде кездесетін осы сияқты сөздер тілдердің өзара əсерінен пайда болады. Тəуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тану, сөйлеу мəдениетін көтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті бүгінгі күннің келелі мəселерінің бірі болып отыр. Болашақта жаһандану үдерісінде елдігімізді сақтап қалу үшін ана тіліміздің мəселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан қазақ тіліндегі шетел сөздерінің соның ішінде, əсіресе ағылшын тілінің элементтеріне саралау қажет деп ойлаймыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.