Қазақтың ұлттық оркестрінің құрамы

Главная » Рефераттар » Қазақтың ұлттық оркестрінің құрамы

Қазақтың өзінің ұзақ тарихи тіршілігінде ән мен күйді рухани, ұлттық өмірінің бөлінбес бөлігі етіп, мол халықтық мұралар қалдырып, алуан музыкалық оркестрінің аспаптарын талқылап, сахара музыка мәдениетін жаратып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Міне, бұл ән-күйлер мен музыка аспаптары халқымыздың тіршілік еткен жаратылыстық ортасы мен қоғамдық ортасын, тұрмыс-салтына сай туылып, онымен біте қайнасып жарасым тауып келеді. Сан ғасырлар бойы табиғатпен етене болып келген қазақ халқы да басқа халықтар секілді белгілі ән мен күйді, музыка аспаптарын жасауда өз талғамына бірлестіріле отырып, дәстүрлі музыка мәдениетін жаратты. Аң аулауды негізгі кәсіп еткен алғашқы тайпалық дәуірде, адамдар аң аулағанда немесе жыртқыш аңдардан қорғанғанда, олардың үніне еліктеп шырғалап қолға түсіретін және жыртқыш аңдардың шабуылынан қорғанатын түрлі музыка аспаптарын ойлап тапты. Сондай-ақ сахаралық өмірдегі ұдайы кездесіп отыратын желдің гуілі, судың сылдыры, құстардың сайрауы, тұлпардың шабысы, т.б. бәр-бәрі де қазақ халқының өзіне тән ғажайып музыка тілінің құдыретті негізі болып қалуымен қатар, ән мен күйдің, түрлі музыка аспаптарының да пайда болуының негізі. Қазақ халқының музыка аспаптары сан қатпарлы тарихты басынан өткізіп кемелденіп, өзгеше дыбыс бояуымен, өзгеше жасалу ерекшелігімен қазіргі заманымызға жетті. Ал қазіргі заман Шинжиаң қазақ халық ұлттық оркестірінің даму жағдайына келсек, алғашқы кездерде тек топтық домбырамен акордтастырылмаған ортақ мелодия орындау болды. Бұл кезде басқа ұлттық музыка аспаптары кең көлемде қолданылмаған, тіпті бар болған музыка аспаптарымыз ұмыт бола бастаған, кейін дәуірдің ілгерілеуі мен қоғам дамуының арқасында ұмыт болған ұлттық аспаптарымыз қайта қалпына келіп, көптеген кәсіптік үйірмелер ашылып, арнаулы кәсіптік үйірмелерде симфониялық оркестрге домбыра, прима аспаптарын қосып акордтастырып, арнаулы дирижердің жетегінде жұмыс алып барылды. Осыдан кейін 1990 жылдарға келгенде, Жұңго – Қазақстан екі елдің достық байланысының нығайуы мен Қазақстан елінің дамыған ұлттық оркестірінен үлгі алып, арнаулы ұсыныс етілген дирижер, сазгер және музыканттардың үздіксіз құлшынуымен ұлттық музыка аспаптарымыз толықтанып, кемелді, жүйелі түрде бүгінгі ұлттық оркестрлер арты- артынан құрылды. Қазіргі заман қазақ халық оркестірінің құрамындағы музыка аспабы мен музыканттардың санына қарай шағын, орта және кең көлемді оркестр деп үшке бөлуге болады. Ал оркестрдің құрамындағы музыка аспаптарының түрін ысқылы музыка аспаптары, шертпелі музыка аспаптары, үрлемелі музыка аспаптары деп төрт үлкен топқа бөлуге болады.

kazakhorkestrkura

 

.

Шағын ұлттық оркестр

Шағын ұлттық оркестрдің адам саны тұрақты болмайды. Негізінен 7- 15 адам мөлшерінде болады. Ал, ондағы музыка аспаптары да домбыраны, қобызды негіз ете отырып әр алуан болады. Мұндағы музыканттардың саны мен музыка аспаптарының түрі қажетке әр алуан орналастырылады. Бұл түрдегі шағын оркестрді ұлттық ансамбль деп те атайды. Көбінде көлемі шағын болған музыкаларды және әндерге сүйемел жасау ретінде көбірек қолданылады. Сондай- ақ бұл түрдегі оркестрде дирижер болмайды. Негізінен бас домбырашының жетегінде музыка ойнайды.

Орта ұлттық оркестр

Орта оркестрге келсек, әр түрдегі музыка аспаптарын қамтыған, музыканттардың саны жиырма адамнан отыз адамға дейін баратын біршама кемелді оркестр. Бұл түрдегі оркестрмен әртүрлі көлемді музыкаларға және әндерге сүйемел жасайды. Оған арнаулы дирижер жетекшілік етеді.

Үлкен ұлттық оркестр

Үлкен ұлттық оркестрдің құрамында барлық ұлттық музыка аспаптары қамтылады. Музыканттардың саны елу адамнан жоғары болады. Бұл кемелденген толық оркестр көлемі үлкен ірі шығармаларды орындайды, әрі арнаулы дирижер жетекшілік етеді. Төменде орта дәрежелі ұлттық оркестрдің құрамын қысқаша таныстырып өтейік. Жоғарыда айтқандай, бұл түрдегі оркестр біршама кемелденген болып, кең көлемде істетіледі. Музыка аспаптарының нақтылы құрамына келсек.

1. Ысқылы аспаптар тобы. Ысқылы музыка аспаптар тобында сегізден онға дейін прима қобыз, үш-төрт орта дауысты қобыз, екі төмен дауысты қобыз, бір контрабас болады. Бұл топ төрт бөлімді акордқа ұқсайды. Ысқылы музыкалық аспаптар тобындағы прима қобыз, орта дауысты қобыз, төмен дауысты қобыз және контрабастардың дыбыс бояуы бір-бірімен жақын, үндесіп келеді. Олардың дыбыс аумағы кең, қатаң-ұяңдық дәрежесі еркін, орындау техникасы әр алуан. Бұл топта бірінші прима қобыз, екінші прима қобыз, орта дауысты қобыз, төмен дауысты қобыз, контрабас сынды бес негізгі музыка аспап бөлімі бар. Олардың дыбыс аумағы: бірінші прима қобыз жоғары дыбысқа, екінші прима қобыз орта-жоғары дыбысқа, орта дауыс қобыз орта дыбысқа, төмен дауысты қобыз бен контрабас төмен дыбысқа жатады. Ысқылы музыкалық аспаптар тобындағы жоғары дыбысқа жататын музыка бөлімі мелодия шалумен бірге, ең маңыздысы формония музыкаларын шалуда ерекшеленеді. Ал, төмен дыбыс бөлімі оркестрде акордтың төмен дыбыс бөлімін ұстап, оркестрдің жоғары-төмен дыбыстарының тепе-теңдігін сақтайды. Прима қобыз бен орта дауысты қобыздың музыка орындау қағидасы ұқсас, екеуі де отырып алып қобыздың шанағын екі тізенің арасына тігінен қыса ұстап тартады, әрі екеуінің де пернелерін сол қолдың көбесімен басады.

(1) Прима қобыз. Прима қобыз төрт ішекті, бірінші ішегі кіші әріп екінші тобындағы «ми», екінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы «ля», үшінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы «руай», төртінші ішегі кіші әріп тобындағы «со» ─ кіші скрипканың теңшелуімен ұқсас, дыбыс бояуы ашық, кең болады. Дыбыс бояуы болсын, орындау техника жағы болсын, қобыздың жалпы дене тұлға жағынан болсын кіші скрипкадан бүкілдей парықты. Оркестрде прима қобызды бірінші және екінші деп екіге бөліп істетеді. Шағын, орта, үлкен оркестрдің бәрінде кең қолданылады. (2) Орта дауысты қобыз. Орта дауысты қобыз төрт ішекті, бірінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы «ла», екінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы «руай », үшінші ішегі кіші әріп тобындағы «со», төртінші ішегі кіші әріп тобындағы «до» орта скрипкамен теңшелуі ұқсас. Прима қобыздың денесі сәл үлкен, дыбыс бояуы прима қобыздан қалыңдау әрі төменірек келеді, дыбыс бояуы, орындау техникасы, дене-тұлғасы жағынан орта скрипкадан бүкілдей парықты болады. Орта дәрежелі оркестр мен үлкен оркестрде көп қолданылады. (3) Төмен дыбысты қобыз. Төмен дыбысты қобыз төрт ішекті, бірінші ішекті, бірінші ішегі кіші әріп тобындағы “ла”, екінші ішегі кіші әріп тобындағы “руай”, үшінші ішегі үлкен әріп тобындағы “со” төртінші үлкен әріп тобындағы “до”, теңшеулі, орындау техникасы төмен дыбысты скрипкамен ұқсас, олардың парқы дыбысы қобыздың дыбыс шығару бөлімінің жоғарғы жағы сәл кішірек келеді. Ал, төмен дыбысты скрипка бұған қарама – қарсы , дыбыс шығару бөлімінің жоғары жағы кішкене, төмен жағы сәл үлкенірек келеді, осы дыбыс шығару бөлімінің ұқсамауы олардың ортасындағы дыбыс бояуы жағынан бір – бірінен парықталады, шағын ансамбльде де, орта дәрежелі оркестр де және үлкен оркестрде кеңінен істетіледі. (4)Контрабас. Контрабас симфониялық оркестрдегі әдеттегі контрабас. Бірінші ішегі үлкен әріп тобындағы “со”, екінші ішегі үлкен әріп бірінші тобындағы “руай”, үшінші ішегі үлкен әріп бірінші тобындағы “ла”, төртінші ішегі үлкен әріп бірінші тобындағы “ми”.

.

2.Шертпелі музыка аспаптар тобы. Шертпелі музыка аспаптар тобындағы музыка аспаптарының дыбыс бояуы бір-біріне жақын, үндесіп келеді. Ұлттық оркестрде ұлттық музыкаларды орындауда әр түрлі орындау техникаларына бай болғандықтан, көптеген маңызды мелодия шертпелі музыка тоба лайықтанады, сондай – ақ бұл группаның тағы бір маңызды ерекшелігі мелодия, гармония, формония, интервал орындаумен бірге, әр түрдегі құбылмалы ритмдер бірге жүреді, бұл шертпелі музыка аспаптар тобында бес музыка аспап бөлімі болады, олар прима жоғары дыбысқа, шертер, бірінші домбыра, екінші домбыра және төмен дыбысты шертер, дыбыс көлемі жағынан прима жоғары дыбысқа, шертер орта жоғары дыбысқа, бірінші, екінші домбыра орта дауысқа, төмен дыбысты шертер төмен дыбысқа жатады. Шертпелі музыка аспаптар тобында сегізден онға дейін домбыра, бір шертер, бір прима, бір төмен дыбысты шертер болады. (1) Домбыра. Домбыра екі ішекті, дыбыс теңшеу” екі түрлі болады. Бірі, оң бұрау, енді бірі, теріс бұрау, оң бұрауда бірінші ішегі “со”, екінші ішігі “до”, көп жағдайларда негізінен оң бұрауды қолданады. Музыка орындауда қос ішекпен де, жалаң ішекпен де орындайды. Оркестрде бірінші және екінші домбыра деп екіге бөліп істетеді. Қолдану көлемі өте кең, жеке музыка салуда, жеке ән салуда және оркестрде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ күй домбырасы, ән домбырасы, терме домбырасы деп өз ішінен қанша түрге бөлінеді. Олардың дыбыс бояуы мен жасалуында азды-көпті парық болады. (2) Прима, прима үш ішекті. Бірінші ішегі кіші әріп үшінші тобындағы “руай”, екінші ішегі кіші әріп тобындағы “ла”, үшінші ішегі кіші әріп тобындағы “ми”, ішектері темірден, дыбысы жоғары әрі қатты. Музыка орындауда “бопиар” мен тримола не бір-бір дыбыстан теріп шалуды негізгі шалу қағидасы етеді. Ансамбль, орта дәрежелі оркестрде, үлкен оркестрде де көп істетіледі. (3) Шертер, шертер үш ішекті , бірінші ішегі кіші әріп екінші тобындағы “руай”, екінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы “ла”, үшінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы “ми”, шертердің ішегі сүляу ішек болғандықтан, оның дыбыс бояуы қоңыржай әрі жеңіл келеді. Музыка орындауда “попиар” мен тримола не теріп шалу, не үш ішекпен акорд шалу, не екі ішекпен интервал байланыста шалуды негізгі шалу қағидасы етеді. Шағын ансамбльде, орта және үлкен оркестрде көптеп қолданылады. (4) Төмен дыбысты шертер, төмен дыбысты шерте үш ішекті. Бірінші ішегі кіші әріп бірінші тобындағы “руай”, екінші ішегі кіші әріп тобындағы “ми”, ішектері темірден тағылады. “Бопиар” мен теріп шалуды негіз етеді. Дыбысы төмен әрі әлсіздеу болады.

.

3.Үрлемелі музыка аспаптар тобы. Үрлемелі музыка аспаптар тобы негізінен оркестрге бояу беру ретінде, музыкалардың бөлімше бөліктерін жалғауда көп істетіледі, әр музыка аспаптарының дыбыс бояуы бір-бірінен парықты әрі дара қасиетке ие, оркестрдегі жоғары-төмен дыбыстардың жалғануына дәнекерлік рөл атқарады. Бұл топта да бір саз-сырнай, бір шаңқобыз, бір-екі сыбызғы болады. (1) Саз-сырнай. Саз сырнай құмнан қүйылып жасалады, денесі кішкене, дыбысы әлсіз, дыбыс бояуы қоңыр әрі мұңлы, әрбір қалыпта бірден саз-сырнай болады. Шағын ансамбльде және орта дәрежелі оркестрде көп қолданылады. Дыбыс аралығы бір жарым октава болады. (2) Шаңқобыз. Шаңқобыз денесі өте кішкене, дыбысы әлсіз, негізінен ритм ретінде көбірек қолданылады. Сондай-ақ әрбір қалыпта бірден болады. (3) Сыбызғы . Сыбызғы әдеттегі симфониялық оркестрде істетіледі.

4.Соқпалы музыка аспаптар тобы. Соқпалы музыка аспаптарының істетілуі әр түрлі, нақты музыка аспаптар құрамы болмайды, тек музыканың қажетіне қарай орналастырылады, соқпалы музыка аспаптары дыбыс щығаруына қарай екі түрге бөлуге болады. Бірінші, тұрақты дыбыс аумағы бары, мәселен, теңшемелі дұмбақ, екінші, тұрақты дыбыс аумағы болмағаны, мәселен, сылдырмақ қатарлылар. Соқпалы музыка аспап тобы оркестрде дыбыстың түрін, дыбыстың бояуын көбейтіп қалмастан, қатаң ұяңдығын, ритм жақтарында музыканың бейнелену рөлін күшейте түседі. Бұл топта негізінен бір теңшемелі дұмбақ, бір әскери дұмбақ, бір сылдырмақ, бір тайтұяқ, бір мүйіз, бір қоңырау болады. (1)Теңшемелі төмен дауысты дұмбақ пен әскери дұмбақ симфониялық оркестрдегі дұмбақтар. (2) Тайтұяқ. Тайдың тұяғынан жасалған, тайдың оң, сол екі тұяғын бір-біріне ұру арқылы ритм шығарады. (3) Мүйіз. Сиырдің мүйізі, сиырдің оң-сол екі мүйізін бір-біріне мықтап бекітіп, қуыс болған түп жағын кішкене таяқпен ұру арқылы ритм шығарады. (1) Қоңырау. Мыстан жасалады, дыбысы жіңішке әрі ащы келеді. Жоғарыдағы орта дәрежелі ұлттық оркестрдің төрт үлкен тобын, яғни ысқылы музыка аспаптар тобы, шертпелі музыка аспаптар тобы және соқпалы музыка аспаптар топтарының оркестрде орналасуы төмендегідей: Дирижердың оң жағына ысқылы музыка аспаптар тобы, сол жағына шертпелі музыка аспаптар тобы, орта бөлегіне ысқылы аспаптар тобын орта дыбыс қобыз, шертпелі аспаптар тобын прима, шертер орналасады. Ал, соқпалы аспаптар тобы негізінен барлық музыка аспаптарының еғ артына, дрижордың сол жақ орта бөлегіне орналасады. Орта дәрежелі оркестірде сқылы аспаптар тобда контрабастан басқалартұгелдей орындыққа отырып, музыка тартады. Шертпелі музыка аспаптар тобы, үрлемелі музыка аспаптар тобы орындыққа отырып музыка орындайды. Соқпалы аспаптар тобындағылар түрегеп тұрады. Бұдан сырт шағын ансанбльде не үлкен оркестрде істетілетін тағы қанша музыкалық аспаптар бар. Олар : (1) Қылқобыз. Қылқобыз екі ішекті, ішектері жылқының қылынан тағылады. Жалпы ұлттық оркестрдің ішіндегі дыбыс бояуы ең мұңлы аспап. Оркестрде әрқандай бір күңіренген көңіл- күйді білдіруде кем болса бомайды. Оны ерлер де, әйелдерде тартады. Бұл қазан қобыз қатарлы бірнеше түрге бөлінеді. Ысқылы музыка аспаптар тобы жатады. (2) Сыбызғы. Байырғы сыбызғы және қазіргі сыбызғы болып екіге бөлінеді. Байырғы сыбызғы қурайдан жасалады. Қазіргі сыбызғы мыстан, жезден, күмістен, сүляу түтіктен жасалады. Сарыны дара үрлемелі аспап. Дыбыс көлемі бір октава айналасында болады. Бұл аспаптың әрқандай бір аспапқа ұқсайтын дара сарыны бар. Үрлегенде төмен бір дауыс сақталып тұрады да, жоғары дыбысында мелодия шалынады. Бұндай үрлемелі аспаптарда бір уақытта екі дауыс шығару өте аз ұшырайды. Тіпті, жоқ деуге де болады. Үрлемелі музыка аспаптар тобы жатады. (1) Жетеген. Жетеген жеті ішектен он ішекке дейін құралған. Ішектерінің бәрі сүляу. Бейнесі төрт бұрыш, алдыға қойып шалатын аспап, шағын оркестрде көп қолданылады. Ішектеріне қойдың асығынан тиек орнатылады. Шертпелі музыкалық аспаптар тобына жатады. (2) Адырна. Адырна жиырма бір ішектен құралған. Бейнесі үшбұрыш тәрізді, алдыға тігінен қойып шалатын аспап. Симфониялық оркестрдегі арфаға ұқсайды денесі, одан сәл кішірек, шағын ансанбльде көп қолданылады. Музыканың бөлім бөліктерін жалғауда рөлі ерекше. Шертпелі музыкалық аспаптар тобына жатады. Я, ата-мұрамыз болып бізге жеткен ұлттық музыкалық аспаптарымыз бүгінгі күні өнерсүйер бөрікті ұлдарымыз мен көрікті қыздарымыздың қолында ойнап, ата-бабаның үнін жалғап, оркестрде өз даралығын көрсетуде. Бұл үрдіс мәңгі осылай жалғаса бермек !

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.