Қазақтың музыкалық театрлары

Главная » Рефераттар » Қазақтың музыкалық театрлары

Қазақ халқының бай музыка мәдениеті мазмұны жағынан терең, мелодиялық үні жағынан айқын да әдемі болғанымен, оның орындалу түрі тек әнші-күйшілер өнерімен ғана шектелген еді. Музыка өнері ел арасына есімдері белгілі әншілер мен күйшілер арқылы таралды. Сол сияқты, суырып салма ақындар мен жырау-жыршылар да өздерінің шығарған әндері мен халық эпостарын терме түрінде айтып, ел-жұртқа жеткізіп отырған. Тіпті, сол кезеңдерде Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов бастаған қазақ отрядтарының жанында маман музыканттар басқарған оркестр, хор, театрлық өнерпаздар ұжымдарының бой көтергендері белгілі. Олар әскери өмірдің аса ауыр қиыншылықтарына қарамастан пьесалар қойып, ойын-сауық өнерлерін ортаға салды. Азамат соғысы мен одан кейінгі жылдарда Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда шағын театр труппалары мен музыкалық ұжымдар қалпына келтіріліп, өз жұмыстарын жандандыра түсті. Негізінде, музыкалық мэдениеті дамыған үлкен қалалардың бірі — Алматы қаласы еді. Мұнда ең алғаш халық әндерінің хоры ұйымдастырылды. Қосымша музыкалық ж2не драмалық өнер әуесқойларының үйірмелері құрылып, «Дунайдың ар жағындағы запорождық» деп аталатын музыкалық шығарма мен П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» атты операсы қойылды. Ал, 1920-шы жылы Орынбор қаласында музыка тарихын зерттеу мэселесі қолға алынды. Сол кездегі орынборлық белгілі музыка маманы Третьяков: «Музыка өнерін дамыту үшін жалпы еуропалық музыканың техникасын қабылдаудан басқа жол жоқ, музыкалық мектептер ашып, оның санын көбейту керек. Сонда ғана қазақ музыкасы ұлттық арнада дамиды», — деді. Сол жылдары Қазақстанды зерттеу қоғамы Ташкент қаласында Ұлттық халық ағарту институтын ашты. Институтта өтетін дәстүрлі «Шығыс кештері» талантты жастарды іріктей бастады. Кейіннен қазақ өнерінің көрнекті қайраткері атанған, қазақтың драмалық жэне опералық театрларының негізін салушылардың бірі Қ.Жандарбеков пен халық әндерін шебер орындаушы Жамал Омарова осы институттың түлектері болды.

20-шы жылдардың басында Петропавл қаласында қазақ көркем өнерпаздарының күшімен Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» пьесасы қойылды.
1923-ші жылдан бастап, қазақ эншілері мен музыканттары Мәскеуге жиі барып, басқа туысқан халықтардың өнер шеберлерімен бірге үлкен театрда концерттер беріп т9рды. Сол кезгі бағдарламаларға қарағанда, Мэскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ж.Шанин т.б. халық өнерлерінің шеберлері шақырылып т9рған. Сол кезде концерттің көбінде қазақ әндері мен күйлерін фортепианода орындаушы музыка зерттеушісі А.В.Затаевичтің өзі болған.

1925-ші жылы Париж қаласында өткен сәнді өнері көрмесіне атақты энші Ә.Қашаубаев та қатысады. Ол қазақ халқының бай музыка мэдениетімен таныстырып, бүкіл париждіктерді тэнті етеді. 1927-ші жылы Ә.Қашаубаев Майндегі Франкфурт (Германия) қаласында болған дүниежүзілік музыкалық көрмеге барып, екінші рет табысты өнер көрсетіп қайтады. 1925-ші жылы сәуір айында Қызылорда қаласында Қазақстандағы халық ағарту ісінің жайы және оның алдында тұрған міндеттері туралы мэселе қаралып, арнайы қаулы қабылданады. Ол қаулыда қазақтың ұлттық театрын құру туралы мағыналы сөз болады.

.

1926-шы жылы 13-ші қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың ұлттық театры ашылды. Олардың ішінде сықақ сөздің шебері Қ.Қуанышбаев, ақын-энші, композитор И.Байзақов, эншілер Ә.Қашаубаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбековтер болды. Кейінірек, бұл театрда қазақтың белгілі артистері К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, М.Ержанов, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков, Ш.Жиенкұлова жұмыс істеді. Театрды қазақ музыкасының асқан білгірі, талантты драматург, режиссер жэне актер Ж.Шанин басқарды. Театр өзінің алғашқы 10 жылының ішінде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», Б.Майлиннің «Шаншар молда» сияқты музыкалық көрсетілімдері мен пьесаларын саХнаға шығарды. Театрға қазақ көрермендерін көбірек тарту үшін эрбір спектакльден кейін концерт беріліп отырылды. Мұның бэрі театр жанында хорлық, ансамбльдік, оркестрлік профессионалдық эуен-саздардың тұрақтап қалуына қолайлы жағдай жасады. Болашақ музыкалық театрдың мамандары жинақталып, 20-шы жылдың аяғында профессионал музыка өнерінің түр-түрлері бірте-бірте іргелене түсті. Сонымен, жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқы тарихында түңғыш рет профессионалдық театр ашылуы келешекте үлкен музыкалық жанрлардың тууына себеп болды. Спектакльдерге музыкалық сүйемелдеулер енгізу (Қазақтың музыкалық драма театрының) «Еңлік-Кебек» ойынынан басталды. М.Әуезовтің бұл пьесасына (1933) композитор Мацуцин оннан астам халық әуенін лайықтады. Пьесада Еңлік рөлін ойнаған К.Байсейітова музыкалық қабілеті жағынан өзіне ерекше назар аудартты. 1933-ші жылы «Мемлекеттік музыка студиясы ұйымдастырылсын» деген қаулы шықты. Осы студияға көп ұзамай, музыкалық сахналық дарыны бар жандар жинала бастады. К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова бастаған талантты топ қазақ драма театры ұжымынан бөлініп шықты да олар музыкалық театрымыздың негізін алғаш қалаушылар атанды.
1934-ші жылдың 3-ші қаңтарында М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектакілімен Қазақтың мемлекеттік ұлттық музыкалық театрының пердесі ашылды. «Айман-Шолпан-ды» елдің үнатқаны сонша, ол бірінші маусымның өзінде-ақ 100 реттен аса қойылды. Халықтың құлағына әбден сіңген ерте кездегі әуездері «ария», «дуәт» ретінде хорға айналып, олардың симфониялық оркестрмен орындалуы қазақ тыңдаушылары үшін үлкен мэдени оқиға болды. Музыкалық пьесаны әзірлеуде артистер тобы композиторға ерекше шығармашылық көмек көрсетті. Алдымен, олар өздері бейнелейтін образдарға керекті эндерді таңдады жэне оны орындап та берді. Оларды композитордың өңдеуімен халыққа жеткізді. Музыкалық театрдың екінші спектаклі қазақ әйелдерінің ауыр түрмысын жэне де Қазан төңкерісінен бүрынғы қазақ ауылының өмірін бейнелейтін Б.Майлиннің «Шұға» пьесасы еді. Енді осы опера және балет өнерінің жан-жақты дамып өркендеуіне ерекше үлес қосқан ардагер де атақты композиторларымыздың өмір тарихын аз-мұз сөз ете кетуді жөн көрдік.

Е.Г.Брусиловский (1905-1981). 1934-ші жылдан бастап, мемлекеттік музыкалық театрдың жұмысы бұрынғысынан көп ілгерілей түсті. Театрға Ленинград (Санкт-Петербург) консерваториясын үздік бітірген жас композитор Евгений Григорьевич Брусиловский шақырылды. Е.Г.Брусиловский жалпы қазақ өнерінің алға қадам басуына елеулі еңбек сіңіре отырып, композиторлық жұмыспен қатар түрлі үйымдастыру және музыкалық зерттеу қызметімен шүғылданды. Екі жыл ішінде Е.ГБрусиловский 250-дей әндер мен күйлерді өңдеп шықты. Абай атындағы опера және балет театрының шығармашылық жолы аталмыш композитордың есімімен тығыз байланысты. Қазақтың дәстүрлі музыкалық мұраларымен танысу, оны мүқият жинау, зерттеу, нотаға түсіру арқылы Е.Брусиловский түрлі музыкалық жанрлардың болашағына ерекше мән берді. Көп үзамай, Е.Г.Брусиловский халық арасына кең тараған лирикалық эпос негізінде (Ғ.Мүсіреповтің либреттосы бойынша) жазылған «Қыз Жібек» операсын көрсетті. «Қыз Жібек» жас театрдың алғашқы іздену жолындағы нәтижелі істерінің бірі болды. 1934-ші жылы 7-ші қарашада оның алғашқы премьерасы өтті. Шығармада көз тартарлык әдемі сахналык көріністер, музыкалық жарқын образдар жеткілікті болды. Композитор Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсындағы қазақ әндеріне жаңа мағына берумен бірге, оның философиялық астарын тереңдетуге де көп зер салды. Халық музыкасын молынан пайдаланды. Оның жанрлық дәстүрлерін айтарлықтай меңгерді. Е.Г. Брусиловский либреттомен жұмыс жасау үстінде, оның әуен-сазын әзірлеп өңдеуде, халық шығармашылығын жақсы білетін адамдардан ақыл-кеңес сүрап, К.Байсейітова, К.Байсейітов, Қ.Жандарбековтермен бірге белсенді жүмыс жүргізген. Е.Г.Брусиловский, сондай-ақ, 1945-ші жылы композиторлар М.Төлебаев пен Л.Хамидимен бірге Қазақстанның Мемлекеттік әнұранының музыкасын жазған. Е.Г. Брусиловский — Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

А.Қ.Жұбанов (1906-1968) — өзіндік қолтаңбасы зор, ұлттық санаттағы ірі суреткер. 1928-ші жылы М.И.Глинка атындағы музыкалық техникумға түсіп, тэжірибелі педагог А.А.Этигонның скрипка класында оқиды. Техникум қабырғасында жүріп, ол орыс жэне шетел классиктерінің, сондай-ақ, кеңестік музыканың ірі өкілдері Мясковский, Астафьев сынды композиторлардың туындыларымен таны-сады. Кейіннен дарынды музыкант Римский-Корсаков атындағы Ленинград (Санкт-Петербург) консерваториясы-ның гобой класына қабылданады. А.Жұбановтың бірінші шығармашылық тәжірибесі — қазақ тіліндегі «музыкалық әліппе» еңбегі. Ұйымдастырушылық пен педагогикалық қызметі 30-шы жылдары Қазақстанның түңғыш музыкалық оқу орны — музыкалы драма техникумының (қазіргі П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледж) ашылуынан басталды. А.Жұбанов бастамасымен техникумда ғылыми кабинет пен халық аспаптарын кемелдендіруге арналған тэжірибелік шеберхана ашылды. Мүнда жүмыс істеу үшін Ленинградтан (Санкт-Петербург) Е.Брусиловский, Орал облысынан Л. Мұхитов, музыкалық аспаптарды жасаудың шеберлері — ағайынды Романенколар т.б. шақырылды.
А. Жұбанов техникумның оқу бөлімін меңгере жүріп, музыкалық эксперименттік шеберханамен бірге Қүрманғазы атындағы Қазақ Ұлт аспаптар оркестрін құрды. 1936-шы жылы мамыр айында оркестр Мәскеуде қазақ өнері мен эдебиетінің бірінші онкүндігіне қатысты. Осыдан соң оған, яғни оркестр жетекшісіне «Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі» атағы берілді. А.Жұбанов композиторлық өнермен 1938-ші жылдан бастап мұқият айналысты. Жас композитор халық әндерін өңдеумен ғана шектелмеді. Ол орыс және шетел классиктерінің туындыларын қазақ халық аспаптары оркестріне түсірді. 1943-ші жылы қазақ халық аспаптары оркестрі Глинканың «Руслан мен Людмила» операсынан Черномор маршын, Шуберттің «Музыкалык сэт» деп аталатын шығармасын А.Жүбановтың аспаптық өңдеуінде ойнады. Әрі қарай ол П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» опералары фрагменттерінің оркестровкасын жасады.

.
.

А.Жұбановтың композиторлық қызметі 1938-40-шы жылдары екі бағытта дамыды: ол оркестр үшін халық ән-күйлерін өңдеумен айналысты жэне өзінің төл туындыларын жазды. 1939-ш жылы А.Жүбанов Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» пъесасына музыка жазды. Сол жылы композитор М.Ф.Гнесинмен бірге «Амангелді» фильміне музыка жазумен айналысты. Кейін, М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М.Әуезовтің «Абай» драмалық қойы-лымдарының музыкасын жазды. А.Жүбанов — ¥лттық му-зыка мэдениетіне арналған жүздеген зерттеу еңбектерін, мақала, көркем очерктер жазды. А.Жүбановтың «Ғасырлар пернесі», «Замана бүлбүлдары», «Қүрманғазы», «Қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы», «Қазақ халқының музыка мәдениеті», «Ән-күй сапары» сияқты еңбектерін халық музыкасына қызығушылық танытқан эр зерттеушінің үй кітапханаларынан табуға болады. А.Жүбанов 1936-шы жылы еңбек сіңірген, 1944-ші жылы халық артисі атақтарын алды. Консерватория ректоры, профессоры, Өнертану докторы, Қазақ Ғылым академиясының академигі деген лауазымды да құрметті атақтарга ие болған Ахмет Қуанұлы Жұбанов — ұлттық өнеріміздің мақтанышы.

Л.Хамиди (1906-1983). Л.Хамиди есімі тек қана біздің елдің емес, шетелде де танымал. Оның «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Аққулар», «Отан» т.б. эндерін біл-мейтін адам кемде кем. Л.Хамиди — романс, вальс және хор, опера, оперетта, симфониялық және аспапты туындылар, драматургиялық қойылымдар мен киноларға ән жазған атақты композиторларымыздың бірі. Қ.Бекхожин либреттосы бойынша қойылған бір перделі «Жамбыл және Айкүміс» операсы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында қойылды. Осы жылы Л.Хамиди М.Әуезовтің «Қобыландысына» музыка жазды. Бұл қойылым қазақ академиялық драма театры сахнасында жарық көрді. Бірнеше жылдар бойы ол «Қазақ ұлтгық аспаптарында ойнауды үйрету (профессор А.Жұбановпен бірге) әдістемесін аса білгірлікпен дамытты. Композитор А.Жү_бановпен бірге эйгілі «Абай» операсын жазды.

М.Төлебаев (1913-1960). Қазақ кэсіби композициялық музыкасының аяғынан тік тұруына және оның өркендеуіне Мұқан Төлебаев көп үлес қосқан қайраткер. Еліміздің музыка қоғамы шеңберінде оның үлкен беделі болды. М.Төлебаев 1928-ші жылы бастауыш білімді туған ауылында алады. 1929-шы жылы Қапал педагогикалық техникумына оқуға қабылданады. Сонда жүргенде Алматы қаласында халық өнерпаздарының бүкілқазақстандық 4-ші слеті өтіп, оған республиканың өңшең өрімдей энші-күйші, биші-жыршылары қатысты. Сондай талапты да талантты жастардың бірі М.Төлебаев болды. Слет соңынан Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясына оқуға жіберіліп, онда композитор Р.М.Глиэрден дәріс алады. 1942-44-ші жылдары М.Төлебаев қазақ үлттық аспаптары оркестрінде бас дирижер жэне оның көркемдік жетекшісі болды. Композитордың «Біржан-Сара» операсы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Қазақстан оттары» кантатасы, көптеген ән-романстары бар. «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «Баянауыл вальсі», «Шаңғышылар» әндері — көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әуендері. «Біржан-Сара» операсының қазақ музыка мәдениетіндегі орны ерекше. Бұл опера Абай атындағы қазақ академиялық опера және балет театрында 1946-шы жылы 7-ші қарашада алғаш рет қойылды. Сондай-ақ МТөлебаев — қазақ романс жанрының негізін салушылардың бірі. М.Төлебаевтың ең басты еңбегі — казақтық сазды ауыз эдебиетін жинауы мен өңдеуі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.