Қазақтың әскери өнері

Главная » Рефераттар » Қазақтың әскери өнері

kazakhtyn-askery-oneriҚазақтың әскери тарихы мен хандығының құрылуы және нығаюы XV- XVII ғ.ғ. кезеңінде болды. Ал Қазақ хандығының Қазақстан жерінде пайда болуы XIV- XV ғғ. Осы кезде қазақ ханының әскери күші күшейе түсті. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбасы бойынша Қасым хан тұсында атты әскер саны 300 мың болған. Қазақ хандығында әскери адамдар қарудың 5 түрін қолданған (найза, садақ, қылыш, сауыт-сайман, қалқан). Қазақ хандығында тұрақты әскерлер төлеңгіттер болған. Төлеңгіттер ханның жасағы болған. Олар жүздіктер, мыңдықтар т.б болып бөлінген. Қазақ хандығының тұрақты әскерлері болмаған. Соғыс кезінде руларына әскерлер жинаған. Соғыс біткен соң әскер тайпаларға тарап кетеді. 1643 ж. Орбұлақ түбінде Жәңгер хан 600 жанкешті атты әскерін шығарып, Жоңғарлардың 70 мың әскерін Самарқан билеушісі Жалаңтөстің 20 мың әскерімен бірігіп тас-талқанын шығарды.
Біздің халқымыз үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. X ғасырда — сақтар (скиф) б.з.д.), IV ғасырда — ғүңдар (хундар). Біздің заманымыздағы V-VI ғасырда түріктер деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, ғұндардың, түріктердің, қыпшақтардың даңқты әскери-тарихының төл мұрагері. Қазақ халқының әскери тарихының кезеңдеріне тоқталсақ:

Бірінші кезеңі — сақтардың (б.з.д) 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі, (б.з.д.) 512 жылы Дарийдің талқандауы, (б.з.д.) 330-328 жылы А. Македонскийдің әскеріне мықтап тойтарыс беруі.
Екінші кезеңі — ғұндар империясы Н.А.Аристовтың айтуы бойынша, ғұндар тайпасына қыпшақ, қаңлы, үйсіндер және Жетісудан ығысқан сақтар жатады екен. Қытай қорғаны ғұндардан қорғану үшін бірнеше жеңілістерден соң (б.з.д.) 207 жылы салына бастағаны тарихтан мәлім. Еуропаға жеткен ғұндар патшасы Атилланың 451 жылы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим империясының құлауы ғұндардың әскери өнердегі қуаттылығын көрсетеді.
Үшінші кезеңі — Түріктер империясы. VІ-VІІІ ғасыр Күлтегіннің ескерткіші арқылы өздерінің ата-бабасы Бумын Қаған, Истеми Қаған туралы мағлұматтар береді.

Төртінші кезеңі – Шыңғыс хан империясының құрамындағы қазақ тайпа, руларының соғыс өнерлері туралы қытай тарихшысы Юань-Шидің айтуы бойынша: Қолбасы Сүбедей 1224 жылы Руске жасаған жорықтан қайтқан соң, меркіттер, наймандар, керейлер, қаңлылар, қыпшақтардан ерекше корпус құруды ұсынған, Шыңғыс хан мұны мақұлдаған. Бесінші кезеңі – Қазақ хандарының XV ғасырда құрылуы, Керей, Жәнібектің қазақ мемлекеттін қалыптастыруы, XVI – XVII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы, жоңғарлармен соғыстағы жеңістерге жеткізген әскери-өнердің жетістіктері.

.

Қазақтың әскери құрылымы, түрлері. Көшпелілердің әскери-ұйымдастыру құрылымдары аңшылық ұжымдық негізінде, тәжірибе жинақтау арқылы құрылған. Мұны тарихшылар мен зерттеушілер әскери құрылымдар қаумалап, аң аулаудан бастау алып, мәдени-шаруашылық топтасу арқылы басшы, аңшы, жинаушы негізінде құрылғанын жазады. Өйткені көшпелілер аңшылық (орманшы көшпелілер), малшылықпен (далалық көшпелілер) айналысып, негізгі асы — ет болды. Сондықтан аңшылық ұжымдық қоғамға әлеуметтік-экономикалық қажеттілік арқылы, соның әсерінен көшпелілердің әскери өнерінің қалыптасуына әсер етті. Яғни, қаумалап аң аулау көшпелілер қоғамында әскери-әлеуметтік шаруашылық аңшылық- институты бола отырып, әскери жүйелер қалыптасты. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегідей мысалдар келтірейік: 1. Аңшылыққа көп адам қатысады. 2. Аңшылықтың қағидасы — негізден әскери негізге ауысуға мүмкіндік береді. Аңшының мақсаты – басып алу, тірі жібермеу, көзін жою. Осы аңшылық ұжымдық – ұйымдастыру формасы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін сақталған. Мысалы, буряттардың аңшылық тобының түрлері: зәкәтә ба — 300 адам, хайдак — 300-ге дейін, хушууто аба — 500 адам, галшата аба -1000 адамдай қатысқан. Осы сөздердің ішіндегі «аба» сөзі – қаумалау, ескі түрікше «аңшылық» деген мағынаны береді. [Қазақстан тарихы (V-XV ғғ.) 1995ж.]

.

Мұның иерархилық сатысы: 1. Негізгі жалпы қатысушы аңшылар – абынзон деп атайды, бұл 20 адамнан құрылған екі топ. Басшысын «малағай» деп атайды. 2. Аң аулау шекарасымен аңшылардың ара қашықтықты қадағалаушы «захул» болады. 3. «Газдарша» оң, сол қапталдардың командирі (Гар-бар-яша). 4. «Топша» аңшылық жүйені бағыттаушы жүйенің командирі. 5. «Галша» — аңшылықтың басшысы. Дәл осылай топтасып ұйымдасу арқылы қаумалап аң аулау арқылы алдын ала басшылық ұйымдастыру шараларымен нәтижеге жетіп отырған. Көшпелілер сияқты қазақтар да осы негізде әскери қоғамы мен өнері, әскери құрылымдарының түрлері қалыптасқан: 10000 – Түменбасы 1000 – Мыңбасы 100 – Жүзбасы 10 – Онбасы Мұндай әскери құрылымдар көктүріктер заманынан бастау алады. Бұл құрылымды көшпелілердің барлығы қолданды десе де болады. Оған көптеп мысал келтіруге болады. Шыңғыс ханның, Әмір-Темірдің әскерінде құрылымдар да осындай болып келеді. Соғыс ісінің нағыз мамандары қазақ батырлары болған. Батырлық әскери институттың негізгі бағыттаушысы болып табылды. Сондықтан батыр, билердің көзқарастарымен хан санасып отырған. Тәуке ханның оң қолы найманның Садыр руынан шыққан Алдияр батыр болған. Батырлар ханның әскери және саяси кеңесшілерінің міндетін атқарды.

.

Қазақтың әскери тактикасы. Көшпенділердің әскери тактикасының негізгі қағидасының бірі — тұтқиылдан шешімді шабуылға шығу. Бұл шабуылды негізінде түнде немесе таң ата қарсыластың күтпеген уақытында жасаған. «Казахи старались нападать на противника ночью или на рассвете, т.е. в такое время, когда они не ожидали атаки» (Н.Рязанов, 1924 жыл). Бұл шабуыл сақтар заманында «тұлғама» (айналдыра қоршау, қарату), жоңғарлармен соғыс кезінде «Ай қорған» және «Қоян қашты» деп аталды. Мұндай ұсақ шабуылдар жау әскерлерін үнемі үрейлендіріп отырған және өздері ұстатпай тез арада ұрыс даласынан кетіп қалатын. Г.Семенюк: «Возможно поэтому казахи-кочевники наиболее эффективно действовали хорошо организованными отрядами. Особенностью казахской военной тактики были быстрота и внезапность атаки, стремительный, короткий бой» деп сипаттайды. Қазақтар ұрысқа шыққанда күндіз-түні өздері арнайы парольдар қолданған, аңның, құстың дыбыстарын салған. Түнде арнайы төбелерге от жағу арқылы жау туралы хабар таратқан. Отты көрген адам ауылға хабарлап, ауыл тез қауіпсіз жерге көшкен, оны қазақтар «ұран от» деп атаған. Сонымен қатар, тактика-психикалық әдістерге айқай, шудан басқа жаудың мысын басатын және рухтандыру мақсатында әр батырдың айқайлап қолданатын, күш алатын ұраны болған. Мысалы, қыпшақтар «Ойбос» (Қобыланды ұрпағы), наймандар «Қаптағаш», Абылай хан (Әбілмәнсұр) Абылай бабасын ұран еткен. Қазақта жау басқанда, қауіп төнген кезде әскерін көтеретін дабылдары болған. Соның ішінде ең көп қолданатыны «Аттан» дабылы. «Крик «Ат-тан» — дейді Фон Герн, — действует на казаха магически. Всякий казах считает себя обязанным немедленно схватить оружие, какое попадается под руку, сесть на коня, всегда находящегося около юрты, и скакать по направлению крика…». Түркі-моңғолдық сенім-нанымдар бойынша «ту» әскери рухты көтеретін әскердің сақтаушысы саналған. Сондықтан қазақтарда рухты көтеру мақсатында Тудың (байрақтың) ролі күшті, күш беруші болған. Жоңғар-қазақ соғысы кезінде Абылай ханның Туын Олжабай батыр ұстаған. Бұл жөнінде Түріктер асарлап аулаған Жауды қоршап,иіріп жаулаған. Ту етіп бөрілі байрақ көтерген «Бөрі басы ұраным – бөрілі менің байрағым», – деп, Сүйінбай жырлаған. Жоғарыда көрсетілген иіріп, қаумалап, қоршау тәсілін қолданған қазақтар көптеген жеңіске жеткен. Мысалы, 1643 жылы қыста Жәңгір хан 600 сарбазын Жоңғар қонтайшысы Батураның 50000 әскеріне қарсы бағыттаған. Қашып келіп тау ішіне кіргізіп алып, қоршауға түскен жоңғар әскері шығынға ұшырып, қашып құтылған. Бұл тарихи оқиға «Орбұлақ шайқасы» деген атпен белгілі. Осы шайқастан кейін Жәңгір ханды ел Салқам Жәңгір, яғни өткір деген мағынада атап кеткен. Осындай әскери тактикалық әдісті Ұлы Отан соғысы кезінде Б.Момышұлы батальоны қолданған. Ол Матренино станциясы үшін шайқаста неміс- фашистерінің 400 әскерінен өзінің 120 солдатымен қашып, орманға жасырып, қайта шабуыл жасап жеңіске жеткен (Б.Момышұлы. II том. 159-164 беттер). [История военного искусства под ред. генерал-лейтенант П.А. Жилин, М.: Воениздат, 1986.]

Қазақтың қару-жарағы. Эпостық жырларда «бес қаруын асынып» деген жолдар жиі кездеседі. Сол бес қаруға садақ-жебе, қылыш, найза-айбалта, күрзі (шоқпар) жатады. Бұл қарулар эпостық жырлардан басқа тарихи қазбалардан табылған заттардан белгілі, зерттеушілер мен шетел саяхатшылардың еңбектерімен дәлелденген. Соның ішінде ағылшын Дж.Кэтли қазақтың садағының өлшемі 120-130 см деп суретін салып қалдырған. Мұны сақтардың қазбаларынан табылған садақтың өлшемі нақтылай түседі. Осындай садақтар ғұндарда – 4, ежелгі түріктерде – 7, енисей қырғыздарында, қимақтарда – 4 түрі болғанын ғалым Ю.С.Хуляков айтады. Жебе – қазақтың оқ-жебелері 4 түрлі болған. Ш.Уәлиханов қазақ жебелерінің ұшы екі,үш, төрт қырлы болатынын айтып, өз еңбектерінде оның суретін салған, екі қырлы аңшылық, төрт қырлы сауыт бұзар деп аталған екен.Осындай 33 жебе (СЭМ) Санк- Петербургте сақтаулы. Эпостық жырларда кездесетін сұр жебе, көк жебе, сары жебелерді ұрыста қорғаныс киіміне байланысты қолданған. Жебе көбіне қайың, адырна, қамыстан жасалған. Найза – эпостық жырлардағы қазақтың найзасының 13 түрі бар екен. XIX ғасырдағы найзаның өлшемі 190-195 см болыпты. Найзамен қазақтың ұрыс жүргізу тәсілдерін саяхатшы Т.Аткинсон Хан Кенесарының көтерілісіне қатысқан бір жауынгердің көрсеткен әдіс-тәсілдерін көріп былай дейді: «Имея хороших офицеров, (казахи) киргизы могли бы составить лучшую кавалерию в мире. Им присущи все качества прославившегося в истории знаменитого полчища Чингис хана». Балта – эпос жырларында ақ балта, айбалта, ала балта, қара балта, Айыр шот, келте шот, балта шот түрлері кездеседі. Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де кездеседі. Ежелгі Египет заманынан бері белгілі. Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының құлантай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып, «олай шаппайды, былай шабады» деп ол алмасын жай түскендей жарқ еткізеді. (М. Қозыбаев, Жауды шаптым ту байлап) [1] Айбалта жаннан шешісіп, басқа балта салысып, Одан жеңіп ала алмай, Күйлеп күрсі алысып, Күшіменен салысып, жайды қолға алысып, күшіген жүнді сұр жебе, кірісіне салысып, екі бөлек тұрысып, мылтық атып ұрысып. [2] Күрзі – алмас күрзі, ағаш күрзі, тас шоқпар, қол шоқпарлар болған. Шынжырлы шар байланған шоқпар 135 см, Санкт-Петербургте сақтаулы. Мұнан басқа қазақтар қамшы, құрық сойылды да қару ретінде қолданған. Қылыш семсер – ақ семсер, көк семсер, алдаспан деген түрлері болады. Семсер екі қырлы, тік болып келеді. Ал қылыштар имек болады. Ерекше сұранысқа ие болған түрі парсылықтар «исфахан» деп атайтын, ал қазақтарда «наркескен» деп атайтын түрі-қылыш. Қалқан – дөңгелектеп ағаштан жасалып, іші киіз, сырты терімен көмкерілген. Қалқанның төрт бұрышты дөңгелек жарты цилиндр тәрізді жүрекше, астауша т.б. түрлерін қолданған. Қазақтарда дөңгелек қалқан кең тараған. Бұларда қалқан көннен, қоладан, ағаштан жасалған [3]. Мылтық – қазақта ату қаруы болмаған, ол тек сырттан алып келінген. Тек қазақ шеберлері өңдеп, жаңаша ыңғайлап өзгертіп отырған. Мылтықтың алғашқы түрлері XVXVII ғасырларда белгілі бола бастады. Оның шитті, бытыралы, білтелі, шүрпілі, опырмалы, қосауыз, жекеауыз, көкберен т.б. түрлері бар. Осындай қазақтың екі мылтығы Санкт- Петербургте сақтаулы [4] Ш.Уәлиханов естеліктерінде қазақтың мылтықтарының түрлерін көзкес, құлдыр, мамай деп жазып кеткен. Қазақтың мылтығы 700 қадамнан атуға арналған. Сонымен, қазақтың жақын ұрыстарға қолданатын қаруларын төмендегідей топқа бөлуге болады. 1. Орташа қашықтыққа – найза; 2. Соққы қаруы – шоқпар, күрзі; 3. Ұрып-шабу қаруы – балта, шот; 4. Шабу-сұғу қаруы – семсер, қылыш; 5. Сұғу-тілу қаруы – пышақ, қанжар; 6. Ішкі-ұрыс қаруы – сойыл, құрық, қамшы. Қазақтың қару-жарақтарының бір бөлігі болып саналатын саут-саймандар біздің дәуірімізге дейінгі XIV-XI ғасырдан бастау алатын археологиялық қазбалардан белгілі. Негізінен, қазақтың сауыт-саймандары басқа көшпелілерімен ұқсас келеді. Олардың үш түрі белгілі: 1.Металл сынықтарынан жасалғандар: көбе жалаңқат (көбе металл сынықтарын елтірі белдеулері арқылы біріктіріп жасайтын сауыт). 2.Дөңгелек темір сынықтарынан жасалғандар: кіреуке, зере сауыт, бадана. 3.Теріден жасалғандар: берен тон, қаттама. Батырлар жырында көп кездесетін түрлері: көбе, торғауыт, жалаңқат, шарайна т.б. Берен – (берен сауыт, жеңсіз берен, берен тон) қалың терінің үстінен металл сынықтары тігіліп жасалған. Сауыттың бұл түрін моңғолдар «құяқ» деп атаған. Жалаңқат қыпшақтардың заманынан белгілі. Кіреуке, зере сауыт, бадана дөңгелек темірдің сынықтарынан тоқылған темір кеудеше десе болады. Қазақтың ең көп пайдаланған сауыты – бадана (бадана көзді ақ сауыт, берік сауыт, бадана көзді кіреуке). П.Винклер: «С начала XIII столетия с появлением и завоеванием татар последние передали нам и свои доспехи. Таким образом явились бадана бабехтерцы, каналантари и кусяки», — деп жазады. Кең тараған ендігі бір сауыт — теріден жасалған қаттама, торғауыт тон (оқ отпес тон, шолақ тон). Бас киімнің де үлкен мәні болған, мысалы – дулыға «алтын қалпақ дулыға, ақ дулыға, құрама болат дулыға). Батыс Қазақстан облысында «Сейсем-Ата» зираттарындағы құлпы тастардағы суреттерден дулығаның түркі-моңғол соғысында болғанын байқаймыз. Белдіктер де қару-жарақты алып жүруге пайдаланылған, оны «кісе»деп атаған. Қазақтың негізгі әскери көлігі жылқы болған. «Ер қанаты — тұлпар»-деп, қазақ жылқысыз жүруді намыс көрген, қор санаған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.