Қазақ жүздерінің пайда болуы

Главная » Рефераттар » Қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазақ жүздерінің пайда болуы және олардың рулық-тайпалық құрамы

XVIII құжаттарында (деректерінде) қазақ хандығын үш жүзге бөлу – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп шектеу айтылады. Алайда бұдан қазақ жүздері тек XVIII ғ. ғана қазақтардың бірынғай саяси және этникалық құрылымы болғандығы туралы ұғым тумайды. Жайылымдарға байланысты көпғасырлық күрес және тайпалық қауымдастықтардың қазақ халқына бірігу ерекшелігі осы процестің саяси формасының қалыптасуына, яғни қазақ хандығының құрылуына әкеп жеткізді. Хандықтың әскери қуатының әлсіреуі, әскери-саяси одақ­тың (тайпалар тарапынан) ең басында-ақ нашар болуы, қазақ хандығының жекелеген бөліктерге бөлінуін-яғни жүздердің құрылуын (пайда болуын), кейінен олардың автономиялы аудан­дарға айналуын, басынан-ақ байқауға болатын еді. Жер көлемі кең, бір орталықтан басқару мүмкін емес болатын. Қазақ хандығында бірнеше хандардың болуын, аға ханның институты болуын, ру басшылары съезінің болуын осымен ғана түсіндіруге болады.

Осы саяси актының негізінде-жүздерге бөлінуде-негізінен экономикалық, этно-саяси және географиялық факторлар жатыр, былайша айтқанда шаруашылықтың көшпелі түрі, қалалардың болмауы және ішкі рыноктың қалыптаспауы бірынғай саяси өкімет билігі­нің қалыптасуына қолайлы жағдай жасай алмады. Қазақ жүздері тиісті тайпалық топтардан қалыптасты, яғни осы тайпалардың жақындық, бір қандылық туысқандығын байқа­татын қиялдан туған. XVIII ғ. дейін жүздердің өзін-өзі қалып­тастыруы аяқталды. Жүздердің тисінде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар, рулар (жүздерді құраған) өз басқару­шылары болды (билер, батырлар), яғни бұлардың барлығында осы рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды.

.

Рулардың ұрандары, таңбалары, сол сияқты әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, аңыз-ертегілері, ата-бабаларын жерлеу орындары ерекшеленгендіктің белгілері болатын. Қазақтың жеке басының бостандығы ру мақсаттарымен шектелетін. Барлық саяси проблемалар және адамдардың бүкіл тұрмыстық қатынастары рудың мәселерімен тығыз байланыста шешілетін. Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін қамтыды. Мұның негізін қалаған рулар: үйсін, қанғлы, дулат, жалайыр, албан, сван, шапрашты т.б. Осы тайпалардың көпшілігі монгол­дарға дейінгі кезеңде белгілі болған, олар өздерінің әскери-саяси одағын құрды, немесе хандығы болды, немесе басқа тайпалармен бірігіп одақ құрған. Ұлы жүзді жинақтап айтқанда үйсіндер деп атайды.

Орта жүз – негізінен Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерін қамтыған. Орта жүздің шекарасы Арал теңізінен, Торғай өзенінен бастап шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай таулары, оңтүстік шекарасы Сырдарья, Шу өзендері, Балқаш көлі, солтүстік Осы күнгі Омбы, Тюмень облыстарына дейін барады. Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоныраттар болды. Керей, найман, қоңырат тайпалары монголдар шапқыншылығына дейін де автономиялы саяси одақтары болған.

Қазақ халқының пайда болуында басты рольдің бірін қыпшақтар атқарды. Осы атпен көптеген ғасырлар бойында Ертіс пен Дон (Дешті-Қыпшақ) аралығында көшіп-қонып жүрген тайпалар пайдаланған. Арғындар басқа тайпаларға қарағанда кеш пайда болған, бірақ олардың аты Орта жүздің синонимына айналды. Қоңырат тайпасы ХІХ ғ. басында Орта жүзден бөлініп Бұқара, Қоқанд хандықтарының әсеріне душар болады, сөйтіп өзбек руларымен көршілес өмір сүрген. Кіші жүз – Қазақстанның батыс облыстарының жерін алып жатыр: олар Сырдарияның төменгі ағысы, Арал теңізінің жағасы, Прикаспий ойпатының солтүстік бөлігін алып жатты. Бұған жататын тайпалар кердері, адай, кереит, шеркеш т.б. монгол шабуылына дейін де белгілі болған. Кейбір тайпалар Орта жүзден қоныс аударған.

.

Кіші жүздің территориясы ерте заманнан бастап Азиядан Европаға баратын коридор болатын, жайық даласы арқылы көптеген басқыншылар өткен. Сондықтан болуы керек рулар құрамында ала-құлалық байқалады. XVIII ғ. дейін Кіші жүздің рулары үш топқа бөлінді: байұлы, әлімұлы және жетіру. Байұлы 13 рудан, әлімұлы – 6 рудан, жетіру – 7 рудан құрылады. Кіші жүз рулары жинақты айтқанда алшын. Жүздерге бөлу тегі тайпаларық қатынастаруы реттеу үшін қажет болған, ағалық-үлкендік принциптерді сақтауға көмектес­кен. Жүздерге бөлу ұлы, орта және кіші жүз деп, тегі рулық-тайпалық қатынастарды ағалық (үлкендік) және кішілік сыйыс­тық, құрмет тұтуға байланысты пайда болуы тиіс. Тұрмыстық және қоғамдық өзара қатынастарда да қазақ рулары осы тәртіп бойынша бөлінген.

Қазақ халқының пайда болуы-кездей соқ уақиға емес, және қысқа мерзімді де уақиға емес, бұл сонау ерте заманнан басталған, терең тамыры бар процесс. Біз жоғарыда атаған әр жүзге жататын тайпалар қазақ халқының этникалық компонентін (құрамын) қалады. Шаруашылықтағы эволюция, қоғамдық қатынастардағы өзгерістер, феодалдық бастаманың нығаюы және басқа фактор­лар тілі ұқсас (туыстас), бір типті шаруашылық-тұрмыстық өмір уклады тайпалардың және тайпалар топтарының феодалдық дәуірдің жаңа этностық қауымдастығы – қазақ халқының қалып­тасуына қолайлы жағдай жасады.

XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар өздерінің үстемдігін салт-дәстүр арқылы, ал артықшылықтарын әдеттегі құқық нормаларымен қамтамасыз етті. Осы үстемдік етуші топ аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, сөйтіп саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді. Жүздердің құрылуы, жүздер тисіндегі рулық қауымдастық формалары осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді. Қазақтардың осы саяси ұйымының формасы (жүз, тайпалар одағы, рулар) экономикалық дамудың төменгі сатысында көшпе­лі шаруашылық формасына негіз болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.