Қазақ жүздерінің құрылуы

Home » Рефераттар » Қазақ жүздерінің құрылуы
Рефераттар Комментариев нет

Жүздік құрылым туралы. Жүздік, ру-тайпалық жүйе — сонау Ғұн, Үйсін дәуірінен келе жатқан құбылыс, қазақ қоғамының негізі. Бұл жүйені қазақтарды билеген моңғолдар да, патша үкіметі мен кеңес билігі де өзгерте алған жоқ. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

Ш. Уэлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған». Н.А. Аристовтың ойынша, «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».

В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғигеографиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», — деп есептейді.

М.П. Вяткин В.В. Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың соңында қалыптасты», — дейді.

С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді», — деп есептейді. Шығыстанушы Т. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: «XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан», — деген болжам айтады.

Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз» — бір нәрсенің «басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмұд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: «Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Бахадұр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады… ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі», — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

М.С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері — этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. «Этноәлеуметтік организм» деп этникалық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.

Қазақ жүздерінің мынадай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық; ә) этникалық туыстық; б) шаруашылық-мәдени бірлік; в) саяси басқару ортақтастығы. Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этникалық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этникалық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.

Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде «мынау бәлен жүздің жері, елі» деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: «… Қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады».

Үштік бөлініс — қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхауда, хаомаварга және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпелілерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.

Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманынан бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аяқталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.

Ұлы жүз тайпалары. Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады: сарыүйсін, шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан, дулат, сіргелі, қаңлы, жалайыр, шанышқылы. Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың соңында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.

Сарыүйсіндер Іле өзенінің сол жағалауын, Іле Алатауының баурайларын, Талас өзенінің оң жағалауын, Қорағаты өзенінің екі бойы мен Шуға құяр сағасына дейінгі жерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр, Байтоқ.

Шапыраштылар Іле бойының сол жағалауындағы тармақтарын мекендеп, Шу өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының бөктерлерінде өмір сүрді. Ұраны — Қарасай.

Ошақтылар Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың оңтүстік-шығыс баурайын жайлаған. Ұраны — Жауатар.

Ыстылар — Балқаш көлінің солтүстік өңірі мен Жамбыл облысы аумағында орналасқан. Ұраны — Жауатар.

Албандар Жетісуда, Алтынемел жонының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Іле Алатауының теріскей бөктерінде, Іленің жоғарғы жағында, Текес, Шарын өзендерінің бойында қоныстанған. Ұраны — Райымбек.

Суандар Жетісудың Алтынемел бөктерінде, Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығыс баурайында, Көктерек өзенінен Қорғасқа дейінгі аралықта орналасқан. Ұраны — Райымбек, Байсуан.

Дулаттар Іле өзенінен бастап, Шу, Талас, Сырдың ортаңғы ағысына дейінгі жерді жайлаған. Ұраны — Бақтияр.

Сіргелілер Шу өзенінің орта ағысының сол жақ жағасын, Таластың төменгі ағысын, Қаратаудың баурайын жайлады. Ұраны — Тоғанас.

Қаңлылар Іле Алатауының баурайын, Іле өзенінің сол жақ жағалауын жайлаған. Қаңлылардың біраз топтары Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның әр аймағында орналасқан. Олар шанышқылы тайпасымен аралас-құралас отырған. Ұраны — Айырылмас.

Жалайырлар Жоңғар Алатауының баурайында, Алтынемел, Арқарлы, Малайсары таулары, Қаратал, Іле өзендерінің аралығы, Балқаштың оңтүстік-шығысын мекендеді.

Шанышқылы — Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шектескен аумағында орналасқан. Ұраны — Айырылмас.

Орта жүз тайпалары. Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды «алты арыс» дейді): арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, Моңғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.

Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталың, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.

Аргындар батыста Торғай қыратынан бастап, шығыста Шыңғыстау мен Балқаштың терістік-батысына дейінгі аралықты жайлаған. Олар бүрынғы Павлодар, Ақмола, Қарқаралы уездерінде, Семей уезінде, Көкшетау уезінде* Торғай уезінде, Атбасар уезінде, Қостанай уезінде, Омбы уезінде орналасты. XIX—XX ғасырлар шегінде арғындардың жалпы саны 500 мыңға жуық болған. Үраны — Ақжол.

Наймандар Шығыс, Оңтүстік-шығыс Қазақстан жерінде, Алтайдан Жоңғар Алатауына дейінгі тау бөктері мен жазықтықтарда, Есілдің жоғарғы ағысында, Үлытауда, Қытай жерінде орналасты. Наймандардың біраз бөлігі Сыр бойында да жайлады. Қазан төңкерісіне дейін наймандар мына уездерде таралды: Лепсі, Қапал, Өскемен, Зайсан, Атбасар, Семей, Павлодар, Перовск, т.б. Үраны — Қаптағай.

Қыпшақтардың жайлаған өлкесі, негізінен, Орталық Қазақстан, оңтүстікте Сырдың орта, төменгі ағысынан Тобыл өзенінің сағасына дейін. Қыпшақтардың уездер бойынша орналасуы мынадай болды: Торғай, Қостанай, Перовск, Павлодар, Омбы уездерінде. Үраны — Ойбас.

Қоңыраттар Оңтүстік Қазақстанды, Сырдария өзенінің ортаңғы ағысы бойын жайлады. Шымкент, Перовск уездерінің әрқайсысында, сонымен қатар қоңыраттардың көпшілігі Ташкент уезінде, Орта Азияның тағы басқа уездерінде өмір сүрді.

Керейлер Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде, Ертіс пен Есіл өзендерінің орта ағысы, Алтайдың батыс баурайында орналасқан. Перовск уезінде, Омбы уезінде, Қарқаралы, Қостанай уезінде, Семей, Зайсан уезінде керейлер мекендеді. Үраны — Ақжол, Қарақожа.

Уақтар Торғай мен Тобыл өзендерінен Шығыс Қазақстанның шекарасына дейінгі әр жерде топ-топ болып шашыранды орналасқан. Семей, Петропавл, Павлодар уезінде уақтар тұрған. Үраны — Жаубасар, Мүкамал.

Орта жүз құрамында осы аталған негізгі тайпалармен қатар төрелер, төлеңгіттер, қырғыздар, шалақазақтар болды.

Кіші жүз тайпалары. Кіші жүз қазақтарына: байүлы, әлімүлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мүғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.

Байұлы 12 атадан түрды. Байұлының тайпалары Жайық пен Жемнің аралығын, Үстірттің біраз жерін, Маңғыстау түбегін, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын жайлаған.

Әлімұлын алты ата әлім дейді. Әлімүлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мүғалжар тауларында көшіп жүрген.

Жетіру аты айтып түрғандай, жеті рудан түрады. Жетіру аталары қыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жаздасолтүстікке қарай жыджьш көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.

1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағының Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшуіне рұқсат берді. Бүл жерде Бөкей Ордасы қүрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандыгы деп, ал 1845 жылы Ішкі Орда деп аталды. Осы Ішкі Ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқүрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары түрды.

XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүз қазақтарының кейбір топтары Моңғолия, Жоңғария, Батыс Сібір және Орталың Азия жерлерінде тұрды. Кіші жүз қазақтары Оңтүстік-Шығыс Еуропажерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда түрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан          Орталық Азия жерлерінде өмір сүріп жатты.