Азаматтардың әрекет қабілеттілігі

Главная » Рефераттар » Азаматтардың әрекет қабілеттілігі

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.  Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие. Жасы кәмелетке толмағанжар келиірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады. Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар. 14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Біздің білуіміз бойынша тұлғаның екі категорисы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, тоып жатқан ұйымдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.