Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Главная » Рефераттар » Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Азаматтык қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялык коғамның жемісі дей келіп, нарыктық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай коғам белгілі бір шамада кашан болмасын болған дейді. Азаматтық коғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық коғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес косқандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтык қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы — Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың максаты коғамның өміршендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-өте шек койылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматгық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі — әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапкырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтык қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін катынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халыкаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: — ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастык, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді; —жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандықтандау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады; — адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді; —азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Қазақстаңда азаматгық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезенде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге “жоғарыдағы” мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметгік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұракты қалыптастыру үшін оған қажетті қүқықтық жағдайлардын негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды жөне біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқыгы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа зандар мен ережелік актілерге таралады. Зандар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетге адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды. Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.