Қажеттілік және кездейсоқтық

Home » Рефераттар » Қажеттілік және кездейсоқтық
Рефераттар Комментариев нет

Қажеттілік те мәннің дамуындағы оның тағы бір келбеті, айқындылығы. Ол мәннің өмір сүру дәрежесіндегі дамуының келбеті. Яғни мәннің өмір сүру дәрежесінде көптеген қырлары бар. Бұдан бұрын айтылған заң, ішкі мен сыртқы, шындық пен мүмкіндіктер осы кезеңнің әртүрлі сондай сатылары. Дамудың тұрғысынан болмыс белгілі кезеңде немесе оның сатысында мән мен құбылысқа айрылады. Даму процесінде бұрын айтқандай болмыс өзінің қорланған, пайда болған мазмұндарын артқа та стап кетпейді. Ол мазмұндарды, формаларды нығыздалған, қорытындыланған түрде үнемі өзімен бірге алып жүреді. Дәлірек айтсақ, ол тіпті өзінен тыс оның арқалайтын жүгі емес, ол мазмұн немесе формалар, өңделген, өзгерген түрдегі болмыстың өзі. Болмыс, бірақ белгілі бір кезеңде іштей ажырап, өткенжолында құрылған мазмұны немесе формасы бөлініп оның ішкі, негізгі бір жағына және өткінші жеткілікті негізделмеген кезеңдеріне іштей бөлінеді. Болмыс тікелейлік сипаттан өзіне өзі дәнекерленген, өзіне-өзі негізделетін, әрбір болған форманың өзіне қайта оралып (рефлексия), өзіне-өзі екі ұдайлы қатынаста болатын дәрежеге ауысады. Осы өзіне екіұдайлы қатынас — ең алдымен мән мен құбылыс. Яғни болмыста мән, мәнділік және оның құбылыстары айқындалады. Мән әр нәрсеніңнегізгі, анықтаушы жағы, сол нәрсенің не екендігін, оның басқа барлық нәрселерден (тектерден) өзгешелігін айқындайтын жағы. Құбылыстар (тек сол мәннің) оныңсаналуан өзгеру, даму, іске асужолдары десе болады немесе оныңәрбіржеке, уақыт пен кеңістікте аяқталған, белгілі дәрежеде тұйыкталған қалпы. Егер адам баласының нәресте кезінен ересек болғанға дейінгі даму жолын қарасақ, осыны басқа нәрселерден гөрі айқынырақ көруге болады. Қажеттілік мән мен құбылыстың өмір сүрудің, әсіресе, оның шындыққа айналған дәрежесінің белгілі бір қыры. Мән шындыққа айналу дәрежесінде өмір сүруінің негізгі белгілі бір түрлерінің басқа формаларынан гөрі міндетті түрде іске асып отыруына бағыттайды. Әрине, өмір сүрудің ондай формалары мәнді неғұрлым жетілген дәрежеде іске асырады. Бірақ ол толысу, жетілу қандай жағдайлардағы екеніне байланысты.
Егер айқындалған нақты бір жағдайларда мәннің толысып жетілгендігі соларға сай іске асу формаларын неғұрлым мүмкін етсе, неғұрлым міндетті етсе, осы мүмкіндік, осы міндеттілік, осындай бағыттылық — ол қажеттілік. Осындай бағыттылық кейде бұлтартпайтындай сипатқа ие. Осындай міндетті сипаттағы бағыт бұрынғы қалыптасып келген шындықтан, әсіресе өмір сүрудің өз мәнін неғұрлым жетілген, жоғары дамыған дәрежеде іске асырған, болмыстық формаға ие болған жағдайларынан туындайды. Өмірдегі бар шындық, толысқан, ішкі қуатына толық ие болған шындық өзін одан әрі үнемі қайталап, қайта жаңғыртып, негіздейтін бағыттылық туғызады. Іске асқан формалар, яғни шындық, сондай жағдайлардың өзі. Яғни қажеттілік жалпы алғанда мәннен туындайтыны даусыз, бірақ мәннің іске асқан формаларынан туатын мүмкіндіктер. Оның үстіне олардан туындайтын мүмкіндіктердің ішіндегі ең қуатты мүмкіндіктері. Бірақ өмірде, әсіресе, оның күрделі формаларында, алаңсыз бұлтартпайтын (абсолюттік) қажеттіліктер болмайды. Ол өмірдің белгілі бір формада алаңсыз тұйықгалғандығы болар еді. Ол онда өмірдегі өзгерістердің, әсіресе, дамудың аякталғандығы. Яғни бір форманың мәңгі қайталана беруі.
Қажеттілікті ішкімен, ал кездейсоктыкты сыртқымен теңдестіріп сонымен бір нәрсе деп ұғу теріс. Қажеттілік бар нәрсенің, соның ішінде неғұрлым толысқан, неғұрлым іске асқан, өмір сүріп отырған формалардың ішіндегі неғұрлым өктем формалар бағыты деуге болады. Олар іске аспай тұрғанда — көптеген мүмкіндіктердің біреулері ғана. Яғни көптеген мүмкіндіктердің қатарында олардың іске асуы накты жағдайлардың кездейсоқ нәтижесі. Басқаша болуы да мүмкін еді. Бірақ нақты, үнемі өзгеріп жататын жағдайлардың тап осы нәтижені туғызуы — кездейсоктық. Бірақ ол нәтиже мәннің дамуын неғұрлым толық іске асырған форма болып шықса, онда кездейсоқ іске асқан нәрсе қажетті формаға айналады. Ол мәннің тап осы формасының өрістеуі арқылы оны үнемі жаңартып, қайталап отыруға жағдайлар жасайды. Басқа да іске асқан, бірақ мәннің дамуын жеткілікті өрістете, бекіте алмаған формалар екінші қатарда болуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды — қажеттіліктің өзі кездейсоктық, ең алдымен оның шығутегініңөзі кездейсоктық, себебі, ол көп мүмкіндіктердің бірі еді, белгілі бір жағдайларда ғана ол кездейсоктық қажеттілікке айналып өмірге жолдама алды. Алғаш бастан кездейсоқ, жеке бір өмір сүруде ғана іске асқан, сол жалпы мәннің бір басқа өмір сүрулерде жоқ ерекше түрінің өзін неғұрлым қайталай, бекітіп, жаңа көптеген жеке өмірлерін тудырып жатса, ол қайталанбас бір жалқылықтан көптеген өз жеке туындыларына және бір жал-пы мәнге, өктем мәнге айнала алады. Сол сияктыжалпылыктың бір жағдайларда өрісінің азайып, ақырында бір жалқылыққа айналуы да ықгимал. Мұндай жағдайларда олардың туғызатын мүмкіндіктерінің өзі бірде қажетті, міндетті іске асушылық қасиетін үдетіп, ал екіншіде қажеттілік қуаты әлсіреп, жоғалып кездейсоқ өмір сүруге айналуы хақ.
Кездейсоқ оқиға, нәтиже болуы да, болмауы да мүмкін нәрсе. Жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін бір тоғысуынан пайда болған нәтиже іске асқаннан кейін де өзінің кездейсоктық сипатын алаңсыз жоймайды. Ол тап өзінің тууына қолайлы бірақ кездейсоқ жағдайлардың жоғалып кетуіне қарай, тағы да кездейсоқ жоғала салуы мүмкін. Тек қана кездейсоқ өмір өзінің нығаюының, болмыста бекінуінің жағдайларын өзі өркендете алса, сонда ғана сол кездейсоктық өзін қажетті форма ретінде дамыта бастайды. Яғни кездейсоқтық қажеттіліктің тууының, дүниеге келуінің, тіпті дүниеде болуының бірден-бір жолы, тәсілі. Кездейсоқсыз қажеттілік жоқ және өзін қажеттілікте бекітуге, айналдыруға белгілі дәрежеде бағытталмайтын кездейсоктық жоқ. Ол екеуі бір нәрсенің екі жағы ғана емес, сол бір нәрсенің екі түрлі қалпы. Сондықтан да олар біріне-бірі ауысып отырады.
Ғылымдағы белгілі бір көзқарас бойынша жер бетінде тіршіліктің пайда болуының өзі (егер ол пайда болған болса) кездейсоқ нәрсе, бірақ ол өзінің соншалықты өміршеңдігін көрсете алды. Гегель кезінде қажеттілік пен кездейсоктыктың іштей байланысты екенін айткан. Олардың бір нәрсенің қарама-қарсы екі қыры деп қарай келіп, Гегель: Ол екеуінің «… әрқайсысы озінің қарамақарсы ғайыи болу жағы қаншалыкты бар болса, соншалыкты бар» — дейді. Гегельдің түсінуінде қарама-қарсылықтардың бірі екіншісін теріске шығарғандықтан, сол екіншісінің өзіндік жоқтығы (небытие).
Марксизм классиктерінің бірі деп қаралған Ф.Энгельс Гегельдіңосысияқтықағидаларын қолдайотырып кездей-соқтыққа қажеттіліктің көрінужәне оны толықтыру формасы деп анықтама береді. Бұл анықтама, біздіңше, қажеттілік пен кездейсоқгықгы бірінсіз екіншісі болмайтынын мойындағанмен, оларды бәрібір сырт қатынаста көру Олай дейтініміз бұлай түсіндіруде бірінің екіншісіне айналуы жоқ, олардың әрқайсысы бірі-біріне тәуелді болғанмен, өзі өздігінде қала береді: қажеттілік қажеттілік күйінде, ал кездейсоқгық та кездейсоқтық күйінде. Әрбір оқиғаның бір жағы — қажеттілік, ал екінші жағы — кездейсоктық. Кездейсоктық онда түгелімен, барлық болмысымен қажеттілікке айнала алмайды. Сол сиякты қажеттілік те өзінің барлық жағымен түгел кездейсоқтыққа айнала алмайды. Әрине, Энгельс айтқан сырт қатынас өмірде бар, ол, бірақ қажеттілік пен кездейсоқтықгың белгілі бір сәттегі көрінісі, олардың эволюциясындағы қатынасы емес. Керісінше, белгілі бір тектес құбылыстарды тұтастық деп қарап, олардың бүкіл тарихы (шығуы, өрістеуі, кемелденуі, жоғалуы) тұрғысынан алсақ, онда кездейсоктықтың кейде барлық мазмұнымен, тек өзіне ғана тән ерекшелігімен түгел қажетті формаға ұласуын, ал кейдежан-жакты өркендеген қажетті болған өмірдің бірте-бірте өшіп, азайып, болмыстағы кездейсоқ қалыпқа ұшырайтынын да көруге болады. Бұл, әсіресе, адамзат тарихында көзге түседі. Мысалы, А.С.Пушкин орыс халқының әдеби тілін, ал Абай қазақ халқының әдеби тілін қалыптастырды деп мойындалады. Ол әрбір халықтың барлық, адамдарына ортақ әдеби тілініңжалпы нормалары деген сөз. Ал ол нормалар Пушкин мен Абайдың әрқайсысының поэзиясындағы өздеріне ғана тән тіл ерекшеліктері еді. Бір немесе бірнеше адамдар тобының сөйлеу, ерекшелігі дүрыс сөйлеудіңжалпы ережесіне, не үрдісіне айналса, оны жекеліктің жалпылыққа, кезсоктыктың қажеттілікке айналуы демеске амал жоқ. Тарихта кезінде дәуірлеген, бет қаратпайтын, өмірде бірден-бір қажетті болған өмірдің талай формалары, әлеуметтік құрылыстың типтері өтті, ғасырлар бойы үстемдік еткен империялар да жоғалды. Олардың бәрі дерлік өздерін мәңгілік тәртіп, өмір сүрудіңжолы деп жариялаған, құдай орнатқаны, адамның мәңгілік өзгермес табиғатынан туған нәрсе деп негіздеу де жиі ұшырасады. Танымның, философияның тарихында қажеттілік қана бар нәрсе, ал кездейсоктық жоқ, ол адам ойының адасуының туын-дысы деген көзқарас та болды. Ол бұрынғы механистік материализм аталған (XVII ғ.) бағыт өкілдерінің көбісіне тән.
Гоббс, мысалы, адам еркіндігінің мүмкін еместігін бүкіл әлемдегі себеп пен салдарлардың бұлтартпас қатаң байланыс тізбектерінің, ал олардың ар жағындағы ақырғы себеп — құдіретті Жаратушының ырқымен дәлелдеуге тырысты. Қажеттілікті ішкі мен теңдестірмеген сияқты оны ақиқатпен де бірдей деп шатастырмау дұрыс. Олай болса, әсемдікпен де, игілікпен де шатастырмаған да жөн. Оның себебі, қажеттілік барлық уақытта, барлық жағдайда белгілі нәрсенің ішкі табиғатының көрінісі бола бермейді. Сондыктан да ол міндетті түрде ақиқат емес немесе ақиқаттылыктың іске асуға деген міндеттілігі емес. Бұл әсіресе, күрделі құбылыстарға тән.
Қажеттілік пен кездейсоктықтың да адамның дүниеге қатынасының шеңберінде туған формалар екендігі дау туғызбауы тиіс. Олардың алғашқы түпкі мәнінің адам мүктаждыктарының әртүрлі қырлары. Олар болмысты бағалайды, болмыстағы әртүрлі құбылыстарға сол түрғыдан қатынас жасайды. Адамның ойлауын да, іс-әрекеттерін де сыртқы дүниеге қарағанда қауқарсыз, сыртқы дүниенің көлеңкесіндей ғана қарап, оған субъективтік нәрсе деп түсінушілік те сондай бағалаушылық қатынастың белгілі бір типінен туады. Материалистік көз-қарастар, жалпы тоталитаристік әлеуметтік жүйелеу осындай құндылыкты ғана мойындайды, яғни адамды қоршаған ортада барлығы да әлуетті, әсіресе қоғамдық жүйе, оның арғы жағында жалпы басқа дүние, тек адам, әсіресе жеке тұлға өткінші, өзіндік бағасы жоқ нәрсе. Олай болса, қоғамдық жүйе және одан туындайтын барлық талаптар объективтік, алғашқы, шешуші, яғни қажетті, ал әрбіржеке адам солжүйенің болуы тұрғысынан болуы да, болмауы да мүмкін кездейсоқ нәрсе. Олардың әрқайсысы тарихтың дауылы ұшырып жүрген ебелектер. Ұшарын жел, қонарын сай білетіндер. Сай мен жыралардың біріне тұрактай алса, бір сәт тамыр жайып, көгеруі де ыктимал Тоталитарлық жүйеде қалыптасқан ойлау адамдарды сол жүйенің туындысы деп түсінетіндіктен, қажеттілікті алғашқы, яғни кездейсоктыктан уақыт жағынан бұрын туатын нәрсе деп қарайды. Қажеттілік бұрын пайда болады да, сонан кейін өзінің нақты көріну фор-маларын туғыза бастайды. Ендеше олардың қатынастарын метафизикалық түсінудің әлеуметтік негізі бар.
Сонымен адамдар дүниесінде, қоғамда қажеттілік пен кездейсоқтық олардың дүниеге қатынасының негізін құрайтын құндылыктардың көрінісі деуге болады. Белгілі бір құндылыкты қалау әр адамның өз ісі, саналы немесе көбінесе бейсаналық дәрежеде ол белғілі бір нәрселерге ойыстайды, өмірінің мән беретін негізіне айналдырады, барлық іс-әрекеттерінде, ойлау-ында оның рухани ұмтылысы тек соған қарай бағытталған. Егер тарихта адамдардың белгілі бір тобы, қоғамдасқан бірліктері (этнос, халықт.б.) жалпы алғанда бір ортақ құндылыққа ойысса, ол да сол бірлікке кіретін адамдардың көпшілігінің немесе тіпті бәрінің жеке-жеке қалауларынан туады. Сондай қоғамдасып, бірлесудің өзі бір құндылыққа жақын адамдардың бірігуі бо-луы тиіс. Осындай ортақ құндылыктар адамдарды біріктірсе, қоғамдастырса, ал оның тарихи дамуы, орнығуы әлеуметтік белгілі жүйелер жасап, солардан туатын талаптар мен тәртіптер, мұқтаждықтар, тілек, армандар т.т. тұтасымен алғанда тарихи қажеттілік дейтін нәрсені құрайды. Түптеп келгенде, тарихи қажеттілік деген бұрынғы тарихи материализмде айтылатындай адамдарға тәуелсіз, олардың еркінен тыс тарихтың бет қаратпайтын бағыты емес. Тарих дегеніміз адамдардың барлығының күнделікті өз мұқтаждықтарына сай істерінен, қарекеттерінен құралады. Ол барлық жеке ырықтардың тоғысуы. Тарихи қажеттіліктің өзі көптеген адамдардың белгілі бір ортақ құндылыққа ұмтылуының күші. Осындай белгілі бір бағыттағы көптеген ырықтардың ортақ күшіне қарсы, оны тоқтатуға үмтылатын жеке әрекеттер, сөз жоқ жеңіліс табады. Тарихи қажеттілік, яғни алғаш бастан жеке, бо-луы да, болмауы да мүмкін жеке ырыктардың қалауларынан басталған және барлық кейінгі кезендер де сол жеке ырықтардың қалаулары өзінің кездейсоқтық сипатын жоймайды. Олар әр сәтте сол қалауын қайталай ма, әлде басқа бір нәрсені қалауға ауыса ма, оны анықтайтын қажеттілік жоқ.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.