Қазіргі Қазақстандағы діндер

Главная » Рефераттар » Қазіргі Қазақстандағы діндер

XX ғасырдың 90 жылдарында басталған Қазақстанда саяси жүйені демократияландыру үрдісі еліміздегі діни өмір саласын да толықтай қамтып, елде түбегейлі жаңа діни жағдайдың пайда болуына алып келді. Бұрынғы мемлекеттік атеизм саясатының орнына енді дін мәселесін демократиялық жолмен шешу келді. Бұл қазіргі Қазақстандағы діндерге сену еркіндігіне жол ашты және өз діндерін таратуға мүмкіндік берді. Алайда ата-бабаларының өткен мұраларымен таныс емес және ислам туралы аз ғана білімі бар діндарлар қазіргі кезде діндердің ара-жігін ажыратуға қабілетсіз болып шықты. Осымен байланысты еліміздің мұсылмандар арасында ертеде тараған дәстүрлі ислам дінін жандандыру қолға алынып, салт-жораларын, руханилықты құрайтын дүниетаным мен ішкі түйсінуді қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. Әсіресе басқаша көзкараспен ойлайтындарға аса төзімділікпен, шыдамдылыкпен қарайтын, христиандарға және идеяларға байыпты да байсалды карайтын Ханафит мазхабына ерекше көңіл аударылып отыр. Қазіргі кезде біздің елімізде исламның Ханафиттік жолын ұстанушылар халықтың 70 пайызын құрайды. Қазіргі танда Қазақстанда 3088 діни ұйымдар бар және 17 конфессия жұмыс істейді. Діндердің жандануы барысында елімізде бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ислам діні мен православия діні белсенді қызмет аткара бастады. Қазақтар дәстүрлі исламның сунит бағытын ұстаған және ұстап келеді. Елімізде 11 миллионға жуық мұсылман бар, ол 24 ұлт өкілдерін камтыған. Олардың конфессионалдық ұқсастыруларының мынандай негізі елшем-бірліктері болды: — діни дәстүрлер мен салттарды қалпына келтіру, оны өмірде ұстау; — діни мінез-құлык нормаларын орындау; Меккеге қажылыққа бару діндар мұсұлмандар арасында асатаны-мал шараға айналды. Ешбір қиыншылыққа қарамастан жыл сайын жүздеген қазақстандыктар пайғамбардың отанына сапар шегетін болды. Ескі мешіттер ғимараттары жөндеуден өтті және жаңа мешіттер көптеп салынды, сөйтіп олардың саны жыл сайын арта түсті. Жаңа мешіттер салуға ел азаматтары ерікті түрде қаржылай көмек көрсетті және бұл айтулы іске шетел азаматтарының жәрдемдері де оң ықпал етті. Егерде КСРО кезінде мешіт саны шектеулі болса, мысалы бір қалада бір мешіт жұмыс істесе, ал казіргі кезде әрбір елді мекенде мешіт бар десек, артық айткандық емес. Қазакстанда Православия діни бағытын ұстанушылар өздерінің саны жағынан екінші орын алады, оны негізінен орыстар, украиндықтар мен белорустар ұстайды. Бүгінде аталмыш діннің бағытында 3 ирархия, 280 приход, 8 монастрь қызмет атқарып отыр. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде дәстүрлі емес конфессиялар да пайда болды. КСРО тұсында тек екі конфессияның — православия мен ислам дінінің қызмет істеуіне, оның өзінде оларға партия мен мемлекеттік органдардың қатаң бақылауымен рұқсат етілгені белгілі. Елімізде демократиялық қоғам кұру Қазақстанда көптеген діни мекемелердің, ұйымдар мен институттардың құрылуына оң әсерін тигізді. Сонымен қатар осы кезден бастап әлемде кейбір жартылай немесе толықтай тыйым салынған діни мекемелер діни орталықтарға айналып отырғанын айтуымыз қажет. Дәстүрлі емес протестантизм, евангелизм және т.б. дін өкілдерінің саны артуда. Жоғарыда аталған жайттардан шыға отырып дәстүрлі емес діндерді Қазақстанда белгілі бір нәтижелерге жетті деуге болады. Оның бірнеше себептері де бар:
— үгіт-насихат, жарнама-басылым қызметінің жоғарғы деңгейде қойылуы;
— миссионерлердің өз жағына жаңа жақтастарды тартуда көрсеткен белсенділігі;
— түсінікті тілде қызмет ету;
— наным-сенімдерінің қарапайым болуы;
— әртүрлі діни әдебиеттермен қамтамасыз ету;
— шетелдік қаржылай көмектің көрсетілуі және т.б.
Кеңестік кезеңде этноконфессионалдық ұқсастыру мына бағыттарда жүрген еді: орыстар өздерін православиялыкпыз деп санады, қазақтар, қырғыздар, өзбектер — мұсылмандармыз деп есептеді. Қазір бұл көп өзгеріске түсті. Бүгінде славяндар ғана емес, қазақтар және т.б. славян емес халықтар өзге діни идеологияны қабылдауда. Жаңа наным-сенімдер олар үшін аса тиімді деп есептелінеді. Осылайша қоғамда жаңа рухани идеалдарды іздестіру үрдісі белсенді жүрді. Бұл үрдістін барысында аралас діни қауымдастықтар кұрылды. Осы аралас діни қауымдастықтарда әртүрлі этностардың өкілдері (орыстар, немістер, қазақтар, қырғыздар, белорустар және т.б.) ортақ рухани құндылықтары уағыздайды. Солардың арасында Орта Азия елдерінде көп тарағаны Евангель христиан-баптистер қауымы. Ол ел ішінде танымалдылыққа ие болып, әр ұлт тілінде дұға окудың арнайы жиындарын өткізіп тұрады. Әр ұлт тіліне аударылып, шығарылған інжілмен қатар, діни әндер жазылған көптеген буклеттер мен інжілден үзінділер келтірілген открыткалар шығарып, таратады. Осындай жұмыстарының арқасында шіркеу өзінің жаңа этникалық базасын жасады десек болады.

.

Баха ел арасындағы танымал діни кауымның бірі. Оның халықты өзіне тартатыны ешбір кұдайды және пайғамбарларды: Мұхаммедті, Христосты, Кришнаны және т.б. жоққа шығармайды. Баха ілімі өзіне әртүрлі діни ілімдердің бүкіл рухани құндылықтарын жинактаған. Ол адамзат тарихының циклдік идеясына негізделген. Бірінші цикл алғашқы пайғамбар болған Адам — Атадан басталады. Оның ісін Мұса (Моисей), Кришна, Будда, Зороастра, Христос және Мұхаммед жалғастырған. Баха ілімі әртүрлі жалпы адамзаттық құндылыктарды — жақсылықты, ізгілікті, адамгершілікті түсінуді кеңейтуге және тереңдетуге тырысады; бірақ ол ислам мен христиандықтағы құдайға құлшылық ету салт жораларының күрделілігін мойындамайды. Жетінші күн адвенистер қауымы да жүрт арасынан қолдау табуда. Олардың ережесіне сәйкес дінде ұлт ешқандай маңызды емес, сондықтан қауым әркімнің қандай ұлт қажататынына қарамастан барлық тілек білдірушілерді қабылдай береді. Шет елден көмек алатын бұл шіркеу қайырымдылықпен де айналысады: қажетсінгендерге ақысыз-пұлсыз түскі ас берді, киім-кешек және аяқ киімдер таратады, қарттар үйіне, кемтарлар мен балалар үйлеріне көмек көрсетеді.

.

Ваххабизм (Уаххаб) — суннит ағымының бір бағыты. Ол XVIII ғасыр аяғында Арабияда пайда болған. Оны негіздеген Мұхаммед ибн Абдул Уаххаб. «Абдулуаххаб «дінді тазалау», яғни пайғамбар заманына оралу максатымен өз ағымын, қозғалысын ұйымдастырды. Оның ойынша тек бәдәуи арабтар емес, барлық мұсылмандар таза ислам доктринасынан алыстаған болып есептеледі. Олар үшін пайғамбардық, әулиелердің қабірлерін зиярат ету, Аллаға жекізуші құрал (тауассул), Аллаға серік қосу болып есептеледі (ширк). Олар өте кағидашыл. Мысалы, «бас ауыруға анальгин ем» десеңіз, бұл сөз Аллаға серік косу (ширк) болып есептеледі. «Яссауидей әулиенің құрметі үшін мына дұғаны қабыл қыл» десең, діннен безгенің (мушриксің). Бұлар өз дініне жат, алыс қалғандарды тез баурап алатын доктрина. Абдулуаххаб «Құран мен Сунна» басқа да негіздерді қабылдайтын мазхабтарды дінге жаңалық қосу деп (бидғатшылықпен) құстаналайды. Ал, өздерін түсінгісі келмегендерді надан (жахил), олардың сеніміне кірмегендерді «дінсіз» деп қарайды. Абдулаххабаб «біздің ханафи мазхабын кафирлердің мазхабы» деп қарайды. Уаххабистердің басты орталықтары Орта Азияда — Наманған мен Әндіжанда орналасқан.

.

Мұсылман мәдениеті халыктардың этникалық және діни ерекшеліктерін дәріптеуге бағытталған. Қазақстанда бірнеше діни мәдени қоғамдар әрекет етеді. Солардың арасында белгілісі «Мұсұлман әйелдері Лигасы», «Фатима» Ассоциациясы, «Рифах» қозғалысы. Сондай-ак, Орта Азия мен Қазақстанда ¥лы трансцендентальды Медитация, Шри және Чинмог орталықтары, Сатья Саи орталығы, Соңғы Завет шіркеуі, жаңа ғасыр қозғалысы, құдай балалары (құдай отбасы) жөне т.б. бірқатар аз санды дін ізбасарлары да әрекет етуде. Діни бірлестіктер әлеуметтік жағдайға бейімделгісі келеді, саяси оқиғаларға қатысуға тырысады, өздерінің орындарын саяси сахнадан табуға құлшыныс білдіреді. Оған мысал ретінде неохристиандық — «шіркеу бірлестігін», сайентологиялық — «сайентология шіркеуін», неоориенталистік дін «Кришна санасының халықаралық қоғамын», сонымен қатар шайтан топтары — «шайтан шіркеуін» және т.б. айтуға болады. Жоғарыда аталған діни ағымдар кейде секта қозғалысы деп аталған, дәстүрлі діндерден ерекшелігі этноспен байланысының болмауында, олардың әлеуметтік базасын негізінен жастар құрайды. Әрбір дін өзіне тән белгілер мен символдарды қалыптастырған. Белгілер мен символдар ең алдымен қарым-қатынас құралы болды. Оларды адамдар табиғаттан алды немесе қолдан жасады. Олар тусінікті мән-мазмұнды жеткізе білді. Принциптік символдарды игере отырып, біздер олардың негізгі мазмұнын түсінуге жақындаймыз. Христиандықта крест ерекше маңыздылыққа ие болған, ол Исус Христостың ұлы кұрбандық бейнесімен ұштаскан. Жалпы крест қарама қарсылықтарды біріктіруді білдіреді: руханилықпен материалдықты, көктегі мен жердегіні, дүниенің арғы жағы мен бергі жағын және т.б. Крестің көбіне тік тұруы дүниенің осьін, ал көлденең салмасы көкжиекті білдірген. Крест символы жын-перілерден корғайтын ерекше магиялық күшті иемденген деп есептеледі. Исламдағы жарты ай мен жұлдыздар символы аса кеңінен тараған символдар. Олар өз кезінде Византияның (354—1453 жж.) мемлекеттік символдары болған. Осман империясы 1453 ж. Константинополді жаулап алғаннан кейін, бұл символдарды өздерінің соғыстағы жеңісінің символдарына айналдырған. Бұл символдар ислам мемлекеттерінін жалауларында, мешіттерінде, пошта маркаларында бейнеленген.

Мұсылман теологтарының арасында жарты ай мен жұлдыздар символдарына төмендегідей түсініктер берілген, Жарты ай Арабия құмдарында жолаушыға жарық сәулесімен жол көрсетеді, ал жұлдыздар — өзінің тағдырына қарсы қозғалыс жасаудын бағыт-бағдары. Осы символмен ассоциаланған дін Аллахқа апаратын өмірлік жолды көрсетеді. Жарты айдың уақытқа орай толық айға айналатыны сияқты исламда әлемге өзінің ықпалын күшейтеді және ерте ме, кеш пе ол бүкіл адамзаты камтитын болады. Символдың жалпы мәнінде исламның болашакта әлемдік жеңіске жету идеясы жатыр. Аңызға сәйкес ханзада Гаутама (Сиддхорта, Будда) өзі күріш сабақтарынан жерге дөңгелек салған, ол туу мен өлім шеңберін символдаған. Мәңгі космос затының дөңгелегі баяу төмен қозғалады, бұл оқтын-оқтын қозғалыс. Сыни кезеңде дүниеге Кришна, Будда, Христос немесе басқа ағартушы (жарық беруші) келеді де, мейірімділік заңының қозғалысына жаңа серпін береді. Сегіз шабақ нирванға апаратын сегіз жолды білдіреді. Әдеттегі күнәлі адам — дөңгелектің сыртқы жағында болады да шеңберді айналып өтеді, ал көзі ашылған адам дөңгелектің козғалысынсыз-ақ оның ортасына, нирванға сегіз жолмен жетуге мүмкіндігі бар. Сегіз шабақ былайша сипатталады: дұрыс керу, дұрыс шешу, дұрыс айту, өзін дұрыс ұстау, өмірде дұрыс құралдарды пайдалану, дұрыс күш жүмсау, өз санасын ақикатпен толыктыру және дұрыс шоғырлануға үйрену. Дөңгелектің өсі өз төңірегіңде кейде үш сатыдан тұратын кіші шеңберді бейнелейді. Дөңгелектің әрбір секторы ауыру мен бақытсыздықтың себептерін білдіретін белгілерден тұрады. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Бұл дегеніміз барлық діндерге қатысты мемлекеттің бейтараптыкты сақтауы, оның діннен тәуелсіздігі және кез келген теологиялық тұжырымдамалардан еркіндігі. Мемлекеттің зайырлы болуы оның дамуы мен жаңғыруының кепілі. Мемлекеттің зайырлы болуы көп түрлі діндерге кұрмет пен діни сенімге төзімділікті білдіреді, қоғамда зайырлық типтегі гуманизмді жасауға итермелейді, зайырлы азаматты, өз отанын сүйген патриотты қалыптастырады. Зайырлы типтегі гуманизмді қалыптастыру, өз кезегінде жаңа типтегі мәдениетті, дін аралық төзімділікті бекітеді, осылайша халықтың діни ұқсастығын сактайды. Зайырлылық кұрметтеуге тұрмайтын жүріс-тұрысты және адамгершілікке жатпайтын әрекеттерді мойындамайды, сонымен қатар индивидтердің жүріс-тұрысындағы немесе сыртқы түріндегі діни немесе секталық көріністерді қаламайды, оларды ешкім қоғамға тануы тиіс емес деп есептейді. Сонымен бірге секта уағыздаушыларды көп жағдайда сектаға келушілердің жеке өмірлеріне барынша араласуына тырысады және өздерінің ықпалына түскен адамдардың жүріс-тұрыс түрлерін мейлінше өзгертуге күшін салады. Бүл олардың киім-кешектеріне, тағамдарына, салт-жораларына өзгерістер енгізуге мәжбүрлеуден бастап, адамның санасына, ойлауына түзетулермен аяқталатын үрдіс. Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қатынастарынын біздің елдегі моделі адамның кұкығы мен еркіндігін құрметтейтін демократиялық қағидаттардың қоғамдық және діни мүдделердің теңдестігіне, әрекеттік қатынастарға және өзара түсіністікке тырысуға негізделген. Діни сенім саласындағы мемлекеттің саясаты бейтараптық, төзімділік және парапарлық сияқты үш негізгі қағидаттан тұрады. Осылардың арасында діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауды мақсат еткен мемлекеттің бейтараптық қағидатына басты орын беріледі. Төзімділік қағидаты діни сенімдерге құрметпен қарауды білдіреді. Парасаттылық қағидаты барлық бірлестіктердің және әртүрлі діни сенім өкілдерінің заң алдындағы теңдігін көрсетеді. Сондықтан күш қолдануға, Конститутциялық құрылысты құлатуға, билікті алмастыруға жөне т.б. шақыратын, яғни занды бұзатын кез келген діни бірлестік міндетін еркін атқаруға тиісті емес. Сайып келгенде, жалпы әлеуметтанудан дін әлеуметтануының жеке ғылым саласы болып қалыптасуы діннің кұрылымын, қоғамда аткаратын функцияларын, оның ұйымдық типтерін, діңдерді классификациялауға және т.б. мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл ғылым діндердің даму зандылықтарын, қазіргі кездегі үрдістерде айкыңдауға септігін тигізіп отыр.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.