Қазіргі мұсылман философиясы

Главная » Рефераттар » Қазіргі мұсылман философиясы

Қазіргі мұсылман философиясы өзгеруші әлемнің бағыттары мен үрдістеріне сәйкес дамиды, бірақ оның негізгі ережелері өзгеріссіз қалып, өз кезеңінің тірегі болып табылады. Ең алдымен, бұл ғылым мен діннің синтезі. Мұсылман философиясында дайындалған сенім мен зерденің үндескен бірлігі мынадай бағыттардың
— мұсылмандық модернизм
— мұсылмандық экзистенциализм
— мұсылмандық феноменология
— мұсылмандық сұхбаттасу
— мұсылмандық антропология
— мұсылмандық персонализмнің дамуына эсер етті. Қазіргі мұсылман философиясының бастауы фэлсафа
(ортағасырлық мұсылман философиясы) жэне басқа исламдық парадигма негізінде дамыған философиялық-діни ағымдар болып табылады.
Қазіргі заман шындығы жаңа жағдайдағы герменевтика мен компаративистика сияқты бағыттарға жол ашты. Нәтижесінде Шығыс пен Батыс философиясының жалпы мәселелерінің іске аса қоймаған бағыттары пайда болды. Әрқашан басты болып қалатын адам мен Құдайдың байланысы жайлы ислам философиясындағы жағдай мұсылман антропологиясының дамуына әсер етті. Қазіргі мұсылман философиясының барлық бағыттары адамгершілік философиясы арқылы орындалды. Адам-гершіліктің метафизикалық мэнін қайта құру — адамгершілік императивтері мен материалдық қажеттіліктердің арақатынасы мәселесін қарастырған исламдағы аксио-логиялық дискурсты дамытты.
Мұсылмандық философия өзін түрлі философиялық бағыттардаБатыспен сұхбаттасуғатырысушы, бірегей, адам онтологиясы мен экзистенциясының негізгі мэселелерін қарастырушы ретінде көрсетеді. Мұсылман философиясының бағыттылығы философиялық антропология, тіл философиясы, дін философиясы, ғылым философиясы мэселелерін дайындауда жаһанданған әлем жағдайындағы өзінің бірегейлігін сақтай отырып, оның келешегі мен мүмкіншіліктері жайлы айтады. Ашылу мен жаңаруға тырысу, сұхбаттасуға қабілеттілік Ирандағы, Египеттегі, Қазақстандағы, Ресейдегі, АҚШтағы, Германиядағы, Франциядағы, Түркиядағы эртүрлі мұсылмандық дискурстарды дамытты. Мұсылман философтары қазіргі кезде тек мұсылман елдерінде тұрмайтындықтан бұл мэселе одан да қиындай түседі, сол елдің дәстүріне тэн философиялық талдау жасауға қажеттілік туады.
Атақты мүсылман философтары жаңа тарихи жағдайда тарихи-философиялық элемдік процестегі компарати-вистика мен герменевтиканы іске асырады. А.Аффифи И Мадкур, Ф.Рахман, С.Х.Наср, А.Бадави, А.Лахбаби, М.З.Махмуд, О.Амин, М.Байрактар, О.Фаррух, А.К.М.Али, М.Уалиуддин, А.Маудуди, М.Мотаххари, С.М.Хаменеи, М.Айдын, Х.Алтынташ, М.Хамидуллах, С.М.Хатами, М.Фахри, Х.Улкен жэне басқалары классикалық мүраға, Афгани, Абдо, Риданың модернисттік исламдық іліміне сүйене отырып қазіргі философиялық логиканы жэне элеу-меттік-саяси шындықты бейнелейтін түтас философиялық бағыттарды қүрды.
Мүсылмандық философия саласындағы қазақстандық философиялық зерттеушілер теориялық-әдіснамалық мэселелерді дайындауға ғана үлес қосып қойған жоқ, сонымен бірге олардың зерттеулерінің «Дінтану», «Фи-лософиялық антропология», «Исламдық білім беру фи-лософиясы» пэндеріне байланысты оқу қүралдарын дайындаудагы практикалық маңыздылығы зор. Мысалы, Ә.Нысанбаевтың, Д.Кенжетайдың еңбектері Қазақстан жоғарғы оқу орындарындағы «мүсылман философиясы» курсын оқытуда кеңінен қолданылады.
Э.Саидтің «Ориентализм» кітабы шыққаннан кейін көп-теген мүсылман философтары мүсылман философиясын, эсіресе, мүсылман философиясы тарихын оқыту жолдарын қайта қарастырды. Мұсылман философтары өкілдерінің ішінде де мүсылман философиясының дамуы туралы түрлі көзқарастар пайда бола бастады.
Мысалы, атақты египеттік философтар Х.Ханафи және М.А.әл-Алим қазіргі мұсылман философиясының ал-дында да батыс философиясының алдындағыдай: өзіндік теңестіру дағдарысы, жаппай компиляция, бір жақты немесе тым «бұзылып кеткен» герменевтика, ақырында сүхбаттасу кезінде салыстырмалы талдауды іске асыратьш постмодерн компаративистикасы тұр, бұл салыстырмалы философиялық жобалардың артында салыстырмалы ілім мәні шығып кетеді. Бұл мәселелерді шешу үшін, біріншіден, классикалық ислам философия-лық мұрасын қайта құру, екіншіден, батыс-еуропаль қ философиялық мұраны қайта құру керек сияқты. Екі жағдайда да логикалық, тарихи, жүйелі жэне шынайы, терең түсінуге жол ашатын герменевтикалық тэсілдер арқылы объективті, эділ талдау жасау қажет болады.
Осыған байланысты Шығыстың да, Батыстың да өткен кезеңдегі философиялық мүраларын оқытудағы «ескі» көзқарас қайта қарастырылды. Қазір өткен кезеңдегі ойшылдардың философиялық мүрасын логикалық-тарихи шынайылыкта, эділ талдайтын жүмыстар кең таралуда.
И.Мадкурдың, М.Факридің тарихи-философиялық зерттеулері антикалық, исламдық жэне христиандық Ор-тағасырдағы, Жаңа дэуірдегі философиялық ілімдерді, трансцендентальды-сыни идеализмді классика емес пен постклассика еместің жаңа эдіснамалық көзқарастары түрғысынан ашып көрсетті.
Барлық мүсылман философтарының философия тарихы мен тарих философиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын қүрастырғанын айтып кету артық емес.
Қазіргі мүсылман философиясы философиялық мәсе-лелер өрісін дайындай отырып, философиялық-діни антро-пология арнасында дамиды.
Бірсыпыра философтар қойған адамның қүндылықтық парадигманы, діни жэне мэдени бірегейлікті іздеуі жайлы мэселелер экзистенциалды жэне сүхбаттасу филосо-фиясындағы мэселелердің бетін ашты.
Бір кездері басталған философияны жаңартудың модер-нистік жобасы қазір постмодерн тарихы аясында дамуда. Қазіргі мүсылман философтары да батыстағы жаһандық мэселелерге алаңдауда. Мүсылман философтарының модернисттік, экзистенциалдық, ғылыми, сүхбаттық жобалары адамның осы элемдегі Қүдайды, Әлемді, Бас-қаны және өзін түсінуге бағытталған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.