Азия шегірткесі

Home » Рефераттар » Азия шегірткесі
Рефераттар Комментариев нет

Азия шегірткесі — қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі — нағыз шегірткелер; Және де азия шегірткелері тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш , Алакөл , Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста , қарбыз , күнбағыс және тағы басқа қоректеніп , біршама зиян келтіреді.

Шөл даланы шегіртке отамасын

Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200-ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады. Соның ішінде біздің ауданда кездесетін саяқ шегірткелердің 1-2 түріне тоқталып кетейік.

Қуаң далалы және шөлді аудандарда таралған. Қоңыр немесе сұр түсті, жотасында крест тәрізді жолақ болады, оның артқы бөлігі үшбұрышты. Артқы сирақтары қызыл. Ұрғашыларының ұзындығы 23-26 мм, еркектері 16-20 мм. Басқа шегірткелерге қарағанда бұл түрдің личинкалары ерте, оңтүстікте — наурыздың аяғы мен сәуір айының бас кезінде шығады. Личинкалардың дамуы 25-35 күнге созылады.
Ересек шегірткелер толық қанаттанған соң 5-7 күннен кейін жұмыртқалай бастайды. Күбіршелерін тығыз топырақты және өсімдігі селдір, жеңіл құм топырақты жерлерге де салады. Күбіршесі жуан доғаша иілген, ұзындығы 11-15 мм, диаметрі 5-5,6 мм, әрбір күбіршіктің ішіндегі жұмыртқалардың саны 5-тен 16-ға дейін барады. Ұрғашы шегірткенің әрқайсысы өз өмірінде 3-5 күбіршеден салады. Жаппай көбейген жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарына, әсіресе дәнді дақылдарға бірқатар зиян келтіреді. Маңғыстаудың шөлді жайылымдарында атбасарлық шегіртке кейбір жылдары үйірлі шегірткелер сияқты жаппай қаулап өсіп-өніп, ондағы астық тұқымдас өсімдіктерді, әсіресе негізгі жайылым өсімдігін түгелдей дерлік құртып жібереді.
Айқас жолақты саяқ шегіртке. Орманды дала және далалық аймақта таралған. Сарғылт қоңыр немесе сарғылт түсті шегіртке. Үстіңгі қанаттарының алдыңғы бөлімінде сұрғылт дақтар мен сарғылт жолақтар бар. Артқы сандарының ішкі жағы қызғылт, артқы сирақтары ашық қызыл түсті. Ұрғашыларының ұзындығы 16-25 мм, еркектерінікі 12-18 мм.

Личинкалары ерте шығады: оңтүстікте – сәуірде, орталық далалық аудандарда – мамырдың бірінші жартысында. Олардың дамуы 30-35 күнге созылады, бес рет түлейді. Шегірткелер күбіршелерін тығыз топырақты тың жерлерге, кейде жол жағаларына салады. Күбіршесі түзу немесе аздап иілген, ұзындығы 10-12 мм, жоғарғы бөлігінің диаметрі 4,5 мм, төменгі бөлігінікі 8,5 мм. Бір күбіршедегі жұмыртқалардың саны 5-17-ге дейін жетеді. Бұл шегіртке дәнді дақылдар егісіне, жайылым мен пішендікке зиян келтіреді. Сонымен бірге саяқ шегірткелер аса қауіпті зиянкестер тізіміне енгізілмегендіктен, көбейген жылдары химиялық өңдеу жұмыстары облыстық бюджет арқылы жүзеге асырылады. Өңдеу шаралары Қазақстан Республикасы аумағында 2012 жылға дейін пайдалануға рұқсат етілген тізімге енгізілмегендіктен пестицидтер арқылы жүргізіледі. Жалпы биыл саяқ шегірткелерге аудан бойынша 1300 га жерге өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп болжанған

Азия шегірткесі— көк қасқа шегіртке — тік қанаттылар отрядына жататын нағыз шегіртке тұқымдасы. Қазақстанда Сырдария, Іле, Жайық өзендерінің және Балқаш, Алакөл, Сарыкөл, Зайсан көлдері мен Каспий теңізінің қамыс пен құрақ өсетін жағалауларында, сондай-ақ Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде де кездеседі. Олар өсімдіктерді астық тұқымдас дәнді дақылдарды зақымдайды. Азия шегірткесінің түсі қоңыр, жасыл, сарғыш, алдыңғы арқа бөлімі қырлы келеді, ұзындығы 35-55 мм болады. Ал жұмыртқасы — сопақша аздап доғаша иілген, қызғылт немесе сары түсті, ұзындығы 6,5-8,5 мм. Азия шегірткесінің жұмыртқалары қыста күбір ішінде топырақ арасында сақталады. Көктемде одан құрт тәрізді дернәсілдер шығады. Олар 35-45 күннен кейін, 4 рет түлеп, ересек шегірткеге айналады. 30-40 күннен кейін күзге таман шегірткелер 4-5 қатардан 55-115 жұмыртқа салады. Жаппай өсіп-өніп, көбейген жылдары Азия шегірткесі егін жайларға, пішендікке, мал жайылымдарына көп зиян келтіреді. Күрес шаралары: игерілмей жатқан жерлерді игеріп пайдалану; пішендік жерлерді суару және уақытысында шөбін шауып жинап алу; өнімдерге инсектицидтер шашу тағы басқалар.

Азия ұшпа шегірткесі – турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 – 50 мм, аналықтары 45 – 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. Азия шегірткелері Солт. Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 – 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. Азия шегірткенің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. Азия шегіркесінің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш – Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. Азия шегіркенің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 – 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 – 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн. га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы мех., агротех., хим. және биол. күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.