Қазтəрізділердің алуантүрлілігі

Главная » Рефераттар » Қазтəрізділердің алуантүрлілігі

Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы (ҚМТҚ) – ерекше қорғалатын аумақ. Құрғақ даланың ортасында Теңіз-Қорғалжын көлі созылып жатыр. 1968 жылы құрылған ҚМТҚ алатын аумағы бойынша Қазақстан Республикасы (ҚР) қорықтарының ішінде (543171 га) үлкендерінің бірі болып табылады. Орта Азия-Үнді жəне Сібір- Шығыс Африка құс жолдарының қиылысында орналасқан жəне халықаралық маңызға ие сулы көлдер жүйесі, яғни екі үлкен Теңіз бен Қорғалжын көлдері жəне дала учаскесі. Жылдың ылғалдылығына байланысты су бетінің ауданы 1130-1590 шаршы шақырымды құрайды, ең терең жері 7 метрге жетеді, ал судың минералдануы Əлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе артық (22-ден 127 г/л-ға дейін). Көл тереңсулы Жалтырдан (Үлкен Теңіз) жəне Солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен шығанақтан (Кіші Теңіз) тұрады. Көлде 70-ке жуық кіші жəне үлкен аралдар бар, оларға құстар ұя салады. Бұл Орта Азиядағы ең ірі ағынсыз тұзды суқойма.

1976 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Халықаралық маңызы бар Рамсар тізіміне қосылды. 2000 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында өткізілген форумда қорық дүниежүзілік “Тірі көлдер” жүйесіне 19-шы болып енгізілді. 2007 жылы ҚМТҚ көлдері ІВА орнитологиялық аумақтардың халықаралық желісіне енгізілді. 2008 жылы ҚМТҚ аумағы ЮНЕСКО ның Бүкілəлемдік Табиғат Мұрасының Тізіміне енгізілді. 2012 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы биосфералық резерват мəртебесін иеленді. Қорық территориясында 374 өсімдіктер мен жер беті жануарларының 1400-ден астам түрі мекендейді.

Қазақстанның Қызыл Кітабына (2010) құстардың 41 түрі жəне ХТҚО тізіміне 27 түр енгізілген, сонымен қатар сүтқоректілердің 5 түрі: ақбөкен, суыр-байбак, дала тышқаны, сұр атжалман, дала шіңкілдегі. Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша қорық территориясында 18 отрядқа жататын құстардың 346 түрі тіркелген: гагаратəрізділер-2, поганкатəрізділер-5, ескекаяқтылар-4, дегелектəрізділер-12, қоқиқазтəрізділер-1, қазтəрізділер-32, сұңқартəрізділер-28, тауықтəрізділер-3, тырнатəрізділер-11, татреңтəрізділер-64, көгершінтəрізділер-10, көкектəрізділер-2, жапалақтəрізділер-7, тентекқұстəрізділер-1, стрижтəрізділер-1, ракшетəрізділер-5, тоқылдақтəрізділер-3, торғайтəрізділер-132. Соның ішінде 16 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына, 12 түр IUСN бойынша қауіп төнген, 5 түр Орталық Қазақстан регионы үшін субэндемикалық болып табылады. Соңғы жылдардағы зерттеу нəтижелері бойынша қорық көлдерінде қоқиқаздың əлемдік популяциясының 10% жəне тағы бір Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін түр – ақбас үйректің 10-20% шоғырланған. Қорғалжын қорығындағы жұмыстар алғашқы кезекте осы түрлерді сақтап қалуға бағытталған. Дүние жүзілік табиғатты қорғау одағының Халықаралық «Қызыл» тізіміне 11 түр, Қазақстанның Қызыл кітабына 15 түр енген жəне 3 түр Қазақстан даласына шартты эндемик деп саналады. Олар: қара бозторғай (Melanocorypha yeltoniensis), аққанат бозторғай (М. Leucoptera), тарғақ (Chettusia gregaria).

.

Мониторинг мəліметтері бойынша сулы-батпақты мекенде сирек кездесетін, жоғалып кету қаупі бар жəне Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне тəн – көптеген жергілікті түрлер жатады. Оларға:

Сұр қаз (Anser anser) -топпен қоныс аударатын, ұя салуға тəн түр. Ұялары Сұлтанкелді көлінің солтүстік бөлігінде, Қызылкөл, Ұзынкөл, Қоқай көлдерінде тіркелді, ал Сұлтанкелді, Есей өзендерінде жеке даралары тіркелген. Табанқаз салалары мен Бозаралда колониясы байқалған. Түлеген сұр қаздардың ерте жинақталуы 2005 жылы тамыздың соңы мен қыркүйекте барлық суаттарда кездесті. Ең ірі колониялары қоректенуге ыңғайлы, дақылдар өсетін далалардағы тұщы сулы аймақтарды мекендейді. Күз мезгілінде қорықтың солтүстік аймақтардағы көлдерінде көп болып жиналып, біраз уақытқа дейін маңайдағы дақылдармен қоректеніп, осы жерді мекендейді. Алайда қаздардың негізгі жинақталуы қорықтан тыс жерлерде, Кұмдыкөл мен Ұялышалқар көлдер жүйесінде тіркелген.

Сыбырлақ аққу (Cygnus olor)- ұя салатын түр. Ірі колониялар құрады. Əуедегі бақылаулар нəтижесі бойынша 1976-1989 жылдары ұя салу кезеңінде қорық аймағында 1100-3080 дарасы, соның ішінде 1989 жылы 470 ұя салатын жұптары тіркелген. Кей жылдары жергілікті популяциясының саны өте аз болған (20-30 жұп).

Сұңқылдақ аққу (Cygnus cygnus) — саны жағынан көп емес, ұшып өтетін құс (Кривицкий жəне т.б., 1985). 1988 жылдан бастап қорықта олардың топтары байқала басталды. 1990 жылы Қорықтың солтүстік шекара маңындағы Взрывкопань көлінде ұя салғандары тіркелген. Жаздың екінші жартысында, күзде басқа да көлдерде түлейді жəне семірген даралары кездеседі. Ал күзгі миграция кезеңінде 100 -астам ұшып өтетін топтары байқалады.

Сарыалақаз (Tadorna ferruginea) — Қазақстанның көл-суларының бəрінде кездеседі. Кейбірі, Сырдария бойының Келес пен Арыс тұсында қыстап шығады. Көктемде ерте, кейде ақпанның ортасында ұшып келіп, қазанның ортасына дейін қоныстанады. 2004 жылы күзде сулы-батпақты территорияның барлық көлдерінде тіркелген. Колониялары Үлкен Теңіздің оңтүстік-шығыс шығанағында (22 мыңға жуық) жəне Жыландышалқар өзеніне (1200 астам) қоныстанған.

Италақаз (Tadorna tadorna)-Батыс Еуропа жағалауларынан бастап Моңғолия, Солтүстік Қытайға дейінгі аралықта, Қазақстанның барлық оңтүстік аймақтарындағы тұзды, сортаңды су айдындарында таралады. Олар республикамыздың далалы, шөлейтті аймақтарда да тіршілік етеді. Кейбір жылдары Келес, Арыс өзендерінің Сырдарияға қосылатын жерлерін қыстап та қалған. Мұнда италақаздардың саны туралы ақпарат көп, кейбір жылдары 100 000-нан 270 000 дейін жеткен (Гаврин жəне т.б., 1974; Андрусенко, 1977; Кривицкий жəне т.б., 1985). Түлеу кезеңінен басқа уақытта италақаздар сулы-батпақты территориясының əртүрлі суаттарында жұптасып немесе кіші топтармен кездеседі. Қазіргі кезде түрдің саны азайып кеткен. 2005-2006 жылдары қорық территориясында жəне маңайдағы көлдерде 3000-нан астам италақаз кездескен. Соңғы онжылдықта ұя салатын мекендері мен ұшып өту кезінде тоқтайтын суаттарында саны күрт азайған (Ерохов, 2005, 2006).

Бізқұйрық үйрек (Anas acuta) -ұя салатын жəне ірі колония құрайтын түр. 1950- 1960 жылдары түлеу кезінде қаздардың саны бірнеше жүз мыңдарға жеткен (В.Ф. Гавриннің, 1964). 1970 жылдары олардың саны қысқарған (Кривицкий жəне т.б., 1985). 2004 жылдың күзінде сулы-батпақты территорияда біркелкі таралғандығы (2300 саны) анықталған. 2005 жылы 308 бізқұйрық үйрек тіркелген.

.

Қызылтұмсық сүңгуір (Netta rufina) — зерттеулер жүргізген кезеңдерде жиі кездескеніне қарамастан саны аз. 1959 жылы 4100 дара, 1970 жылы — 5900 (Гаврин жəне т.б., 1974); ал 1973-1978 жылдары — 3 000 дара шамасында (Кривицкий жəне т.б., 1985). Қазіргі кезде қызылтұмсық сүңгуірлер ұшып өту кезінде жəне түлеу кезінде топ-топ болып кездеседі. Ең ірі колониялары (6000 дара) Қоқай көлінің батыс арналарындағы қамыс өсінкен көлдерде тіркелген.

Көк сүңгуір (Aythyaе ferina) – ұя салу, ұшып өту жəне түлеу кезінде саны көп қаздардың бірі. Негізгі колониялары Үлкен Теңіздің оңтүстік-шығыс шығанағында кездеседі. Басқа да жерлерде оннан бірнеше мыңға дейінгі көк сүңгуірлер байқалған. 2005 жылы 205 дарадан астам сүңгуір саналған. Қорықтың орталығындағы көлдер — Қоқай, Тоқтамыс жəне Абылай бөгетінде, Жұмай-Майшұқыр көлдерінде ірі колониялары тіркелген.

.

Ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) – Сулы-батпақты территорияда сирек ұялайтын үйрек. Дүние жүзілік табиғатты қорғау одағының Халықаралық «Қызыл» Тізіміне, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 1974 жылы В.Ф. Гаврин бірқатар авторлармен бірге Қорғалжын көлдерінде ұялайтын ақбас үйректерге санақ жүргізген. 1959 жылы — 70 жұп, ал 1970 жылы-30 жұп тіркелген. Соңғы уақыттарда ақбас үйректердің саны артуда, əсіресе миграция алдында. 2004 жылдың күзінде 3 000 дараға жуық, 2005 жылдың жазында – 2500 дарадан аса саналған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.