Қазтамақ өсімдігі (гүл) туралы

Главная » Рефераттар » Қазтамақ өсімдігі (гүл) туралы

Көпшіліктің сүйікті гүліне айналған қазтамақ – қазтамақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазтамақ Антарктидадан басқа жер шарының барлық аймақтарында өседі. Отаны – Оңтүстік Африка. Қазіргі таңда қазтамақтың 200-ге жуық түрі белгілі. Көптеген гүлпаздар қазтамақтың əдемі гүлі үшін ғана емес, хош иісті жапырақтары мен шипалық қасиеті үшін де өсіреді. Гүлдері қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті, ал жапырақтары жасыл, көгілдір түсті болып келеді. Қазтамақтың жапырағының өзі гүл сияқты. Алғашқы кезде қазтамақ гүлі өзінің сұлулығымен тек байлардың аулаларында өсірілетін гүлге айналған. Қазтамақты əжелеріміз бұрыннан өсіріп келе жатқандықтан «Əжелер гүлі» аталып кеткен.

Қазтамақтың күтімі. Қазтамақ тез өсетін, ұзақ гүлдейтін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Жарық сүйгіш, жаз айларында аулаға шығарып қоюға болады. Қыста ауа температурасы 100С-ден төмен болмағаны жөн. Топырағының беті құрғағанда суғарып тұру қажет. Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұру қажет. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15 см-дей биіктікте кесіп, бір-біріне кедергі жасап тұрған сабақтарын сиретіп, ай сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет. Ауырғанда немесе зиянкестер пайда болғанда, дəрілік мақсатта қолдану үшін өсірсеңіз, химиялық дəрілер қолданбау керек. Жалпы, ауырып тұрған гүлдерді емдікке қолданбайды. Қазтамақ гүлінің күтімі дұрыс болса, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

Су бүрку арқылы жапырақтарды жуып тазартуға болады, алайда қазтамақтың жапырақтары түкті болып келгендіктен, жапырақтарына су бүркуге болмайды. Су бүріккенде түктерінің арасына су тамшылары тұрып қалады. Ол күн ыстықта кеуіп, қурап, қоңыр даққа айналады да, салқында шіри бастайды. Мұндай гүлдердің шаңын қылшақпен тазалауға немесе жууға болады.

Қазтамақтың емдік қасиеттері. Қазтамақ – ғажайып өсімдік. Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар, күйзелген күйді тыныштандыруға, ұйқысыздықты жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.

Қазтамақтың құрамында аминқышқылдары, дəрумендер, өзектер, микроэлементтер, антибиотиктер бар. Жапырағы бөлетін эфир мен фитонцидтер ауаны зиянды микроағзалардан тазартады. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды.

Халық медицинасында қазтамақтың тұнбасын ішу арқылы асқазан, ішек жəне көз ауруларын емдеуге болады. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды оңай жəне еш қиындықсыз емдеп жазады. Суық, тұмау тигенде қазтамақ жапырақтарының шырынынан 2-3 тамшыдан күніне 2 рет мұрынға тамызып тұру қажет.

ҚРА, ҚРВИ, жөтел ауруларына, бір литр суға 25 грамм қазтамақ жапырағын 10 минут қайнатып, тұндырып, күніне 3-4 рет тамақты шаяды. Кенеттен көтерілген қан қысымында қазтамақ «жедел жəрдем» қызметін атқарады. Ол үшін қазтамақтың жапырағын 20-30 минут сол қолдың тамырына жабыстырып қойса, қан қысымы реттеледі. Құлақ шаншып ауырғанда жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек.

Тіс ауырғанда да жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстаймыз. Бүйректегі тасты түсіру үшін 2 шай қасық кептірілген жəне ұнтақталған қазтамақтың тамырына ыстық су құйып, оны ары қарай баяу отта қайнағанша ұстау керек. Бір сағаттай тұндырып, қайнатпаны сүзіп алады. Қайнатпаны күніне 5 рет тамаққа дейін екі ас қасықпен қабылдайды. Бас ауырған кезде қазтамақтың жапырағын мұрынға салып қойса көмектеседі. Шаш қатты түскенде қазтамақтың қайнатпасымен жуса, қалың, əрі жылтыр, əдемі болады. Жаралардың қанын тоқтату үшін қазтамақтың жапырағын езіп, қоймалжың түрінде дененің сыртына шыққан жараға жағып қояды.

Қорытынды бөлім. Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Елбасымыздың «Əр ауылға 20 мың түп ағаш» атты үндеуіне қолдау ретінде көгалдандыруды өз үйімде тəжірибе жасап, мектебімізден бастағым келеді. Сонда біз, біріншіден, денсаулығымықты,білімді,екіншіден,гүлмəдениетінбілетін,қоршаған ортаны сүйген, үшіншіден, жаны сұлу, əдемілікке бойы құмар, елінің көгалдануына үлес қосатын патриот ұрпақ болып өсеміз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.